Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет105/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153
suraganova turizm inf

Қорытынды:
11-тақырып бойынша келесідей қорытынды жасауға болады. Туризм 
экономиканың ең маңызды бөлігі болып табылады. Туристік кешен-
де туристік емес сала үлкен рөл алады. Сөйтіп, туристік емес саланың 
объектілері көліктік коммуникация, орналастыру құралдары, қоғамдық 
тамақтанудың муниципалдық обьектілері, тұрмыстық қызмет кешендері 
болып табылады. 
Көптеген елдің экономикасында туризм индустриясы үлкен рөл 
атқарады. Оның құрамына əлемдік ұлттық тағамның 10%-ы кіреді, 
əлемдік қолданушы шығынның 11%-ы. Бүкіл ғаламшар бойынша туристік 
саяхаттың саны 600 млн-ға жақындап келеді, жəне Бүкілəлемдік туристік 
ұйымның (БТҰ) болжамы бойынша 2010 жылға таман 937 млн-ға жетеді. 
Туризм индустриясында үлкен материалдық база бар, ол миллиондаған 
адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді жəне бүкіл шаруашылық сала-
лармен қарым-қатынаста болады. Жаңа замандағы Қазақстан экономи-
касында туризм үлкен орын алады. Қазақстанның маңызды «Қазақстан 
Республикасындағы туризмнің дамуы» бағдарламасы біздің мемлекеттегі 
бəсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда. 
Туристік қызмет көрсету көптеген сұраныстар кешенін қанағаттандырады: 
тасымал, тамақтандыру, түнеу, экскурсия, спорттық жəне ойын-сауық жəне т.б.
Уақыт өтеді, менталитет өзгереді, саяхаттарға да көзқарас өзгереді. Ту-
ризм əрқашан да дамып, жетіліп басқа қызметтерді толықтырып отырады. 
Соның бəріне қарамастан, туризм адамзаттың мəңгілік ажырамас бөлігі бо-
лып қалады.
Əдістемелік нұсқаулар:
Берілген материалдың тақырыбын түсіну үшін туризм жəне туристік 
объект түсініктеріне назар аудару керек, себебі олар бұл тақырыптың негізі 
болып келеді. Бұл баяндамамен жұмыс жасағанда, жаңағы жоғарыда ата-
лып кеткен түсініктерге назарларыңызды салып, мұқият оқып, түсіну керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет