Көпжасушалы организмдердегі дифференциаланбаған, немесе ішінара дифференциаланған жасушалар болып, олар жасушалардың әртүріне өзгере алады, немесе өзі секілді бағыналы жасаушаларға бөлініп көбейе алады.Дифференциациялану потенциалына байланысты:
1.Тоттипотентті – әртүрлі типтегі жасушаларды түзей алады;
2.Плюрипотентті- барлық түрлерін емес тек кейбір түрлерін (эмбр. Бағаналы клетка, біріншілік жыныс клеткасы және эмбр. Карцинома клеткасы);
3.Мультипотентті – бірнеше типті клеткаларды түзейді (қан клеткасы, бауыр және бас миының клеткасы);
4.Унипотентті – тек 1 типтегі клеткаға дифференциацияланады.
Ең алғаш рет 1908 жылы ғылымға «бағаналы жасуша» терминін Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академиясының профессоры, гистолог Александр Максимов (1874—1928) енгізген болатын.
1. Эмбриональды БЖ(ЭБЖ)- негізгі көзі болып ұрықтану процесінің 5- күні түзілетін Бластоциста болып табылады. Бұл жасушалар ересек ағзаның барлық жасуша типтеріне дифференцияланады.
ЭБЖ сипаттамалары:
•теломераза белсенділігінің жоғарылауы;
• қалыпты кариотип;
•қарқынды пролиферация қабілеті;
•рецепторлардың ең аз саны;
•кез келгенге саралау мүмкіндігі бар тотипатенттілік
•жасуша сызығы;
•клондардың өсуі.
2. Фетальді бағаналық жасушалар
Негізгі көзі – жүктіліктің 9-12 аптасындағы аборт жасалған ұрықтан алынатын анайы жасуша типі. Ол ұрықтың дамуында дененің түрлі мүшесіне айналып кетуі мүмкін. Фетальді бағаналы жасушалар-бұл мультипотентті және унипотентті бағаналы жасушалар қоспасы.
3. Ересек бағаналық жасушалар -дифференцияланбаған жасушалар. Олар ағзаның бүкіл өмірінде денеде жаңарып отырады немесе өздері тұрған тіндер типіне маманданады.Ересектердің бағаналық жасушаларының көздері-сүйек кемігі,қан,көз,бас миы,қаңқа бұлшықеттері,тіс тіні,бауыр,тері,асқазан-ішек жолы қабырғасының ішкі қабаты және ұйқы безі болып табылады. Соның ішінде сүйек миында максимальды концентрацияда болады.
БЖ культивирлеу:
•Тіннің фрагменттін коллагеназамен 6-8 мин өңдеу;
•Центрифуга арқылы жасушалық фракциялардан 5 мин 1000 айн. бөліп алу;
•Антибиотик қосылған DMEM тектес қоректік орталары бар флакондарда культивирлеу;
•Басқа жасуша популяцияларынан БЖ идентификациялау және бөліп алу;
•БЖ қарқынды пролиферациясынын қамтамасыз ететін өсу факторларын қоректік ортаға енгізу арқылы жаңа қоректік ортаға бірнеше рет ауыстыру арқылы БЖ популяциясын байыту;
•БЖ бөлініп алынатын биоматерила ИФА, ПЦР әдістерімен инфекцияға тексерілуі қажет.