Бағдарлама 20 ж бекітілген пәннің жұмыс оқу-бағдарламасы негізінде жасалды



бет5/21
Дата27.09.2023
өлшемі122.48 Kb.
#478806
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (2)

Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

Индустриялды социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық — әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.


Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.

Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.


Мейоның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптері жатыр:



    1. адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді;

    2. бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді;

    3. өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.

Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.




Тақырып 6 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер.
Жоспар



    1. Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілер.

    2. Әлеуметтік жұмыстың қалыптасқан жүйесінің елдік типтеріне байланысты, тұрғындардың әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің рөлі.

Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар. Осы тұрғыдан, ғылыми білім аумағында еңбек сіңірген адамдардың әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихының нақты кейіпкері болмай қалу қаупі туындауы мүмкін. Осы сияқты мәселелерді шешудің қиындауының себебі мынаған байланысты: әлеуметтік жұмыс аумағындағы кез келген үлкен теоретик пен практиктің базалық білімі әлеуметтік жұмыскер болмауы мүмкін, бұған мысал ретінде Колумбия университетінің әлеуметтік жұмыс факультетінің бұрынғы деканы Рональд Фельдманды немесе Канаданың Калгари қаласының ірі университеттің әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы Рей Томлиссонды бөліп көрсетуге болады. Осылайша, Гетеборг университетіндегі әлеуметтік жұмыс институты бағдарламасын ұзақ уақыт бойы басқарған, Швециядағы әлеуметтік жұмыс аумағндағы ғылыми зерттеулердің негізін салушы Харольд Сиднер философия ғылымдарының докторы болып табылады, мәдениеттану әлеуметтік философиялық зерттеулерде үлкен тәжірибесі бар, социология аумағында мамандалған (Ол Лунд университетінің социология бөлімін аяқтаған) Швецияда Сведнердің зерттеу қызметінің ықпалынан 80 жылдары құрылымды әлеуметтік жұмыстық ғылыми дәстүрі, оның қазіргі кездегі адамның даму контесіндегі жүйелі– функционалдық көрінісі күшейді.


Ерекше атап өтетін жайт, Х.Сведнер КСРО-ның әлеуметтік-мәдени дамуының философиялық-гуманистік дәстүрін жоғары бағалаған және бағалайды да, ол әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік этникалық негіздерін зерттеуде орыс ойшылдарының әлеуметтік қызметінің идеялары мен тәжірибелріне сүйенген. Олар: Л.Толстой, И.Бунин, А.Чехов, Ф.Достоевский және т.б.


Х.Сведнер С.Г.Струмилин, А.С.Макаренко, В.И.Ленин, А.Колонтай, И.И.Павлов және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін жоғары бағалады.Әлеуметтік жұмыс теориясы ұғымының негізін салушылар Ализе Соломон, Мария Гахери, Элизаветта Фрай, Джеймс Адамс, Мери Ричмонд.Бұл кезеңде әлеуметтік жұмыста фрейдизм мектебі бағыттары қалыптасты.Яғни ХХ-ғасырдың I-ші жартысында әлеуметтік жұмыстағы психодиагностикалық басымдылықпен қамтамасыз ететін Зигмунд Фрейд және оның шәкірттерінің психоанализді жақтаушылардың теориялық нәтижелерінің әсері.Фрейдизм бағыты әлеуметтік жұмыстың теориялық негізінің дамуына өз ықпалын тигізді.Қазігі күнде Фрейдизм өзгере отырып,әлеуметтік жұмыстың теориясында жоғарғы деңгейде қолданылады.Әлуеметтік жұмыстың теорияларын қалыптастыруда педагогтардың қосқан үлес зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет