Бағдарлама эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты



бет1/4
Дата01.02.2023
өлшемі22.33 Kb.
#469001
  1   2   3   4
Бағдарлама-1


Бағдарлама - эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты.
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.
Контент-талдау – маркетингтік зерттеуде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Контент-талдау арқылы ақпараттың әлеуметтік мазмұнын сандық әдіспен зерттеу жүзеге асады. Контент-талдау жасау кезінде үрдіс немесе құбылыстың өзіндік қасиеті, белгілері, жағымды, жағымсыз жақтары анықталады. Сондай-ақ оның барлық болмысы белгілі бір әлеуметтік ақпаратта айқындалады.
Социологиялық бақылау -өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді
Фокустоптар - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Соңғысы оларды мақсат - белгілі бір көзқарастың жеңісі болып табылатын ғылыми немесе саяси пікір алысулардан өзгеше етеді.
Нарративтік сұхбат - сұхбат алушының ешқандай араласпауынсыз респонденттің еркін әңгімесі.
Социологиялық зерттеудің объектісі проблемалық жағдай орын алған әлеуметтік шындықтың бөлігі болып саналады.
Пошталық сұрау (жауабы төленген сауалнамаларды пошта арқылы жіберу) бүгінде, көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады
Фокустық сұхбат әңгіме барысында зерттеу мақсаттары тұрғысынан ең маңызды проблемаға әрдайым назар аударып отыруды білдіреді
Формализмге негізделген сұрауға қарағанда жартылай құрылымдық сұхбат респондентке ыңғайлы әңгіме барысын бұзбау үшін кейбір сұрақтар реті мен жорамалданған жауаптар көлемінен ауытқуға жол береді.

  • Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу;

  • Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы;

  • Деликвенттілік заң бұзушылық, қылмыс жасау;

  • Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылына қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тиым салу механизмі.

  • Эктоморф- экто сырттай дегенді білдіреді,арық денелі,заңды бұзуға негізделмеген адам

  • Эндоморф- іштей дегенді білдіреді,толық денелі,адамдармен тіл табыса білетін тұлға,бірақ кездейсоқ қылмыскер атануы мүмкін

  • Мезоморф – орташа,аралық деген мағынаны білдіреді.Шымыр денелі,қылмысқа бір табан жақын адам

  • Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.

  • Инноватор – қоғамдық құндылықтарды мойындайтын,бірақ өзіндік мақсатына қол жеткізбеген адам

  • Конформист – көрсетілген девияциялық мінез-құлықтарға жатпайтын,өзіндік нақты алға қойған мақсаты бар адам



Отбасы - туыстық қарым-қатынасқа негізделген, ұдайы топ мүшелерін өндіріп отыру қызметін атқарушы, адамгершілік және экономикалық жауапкершілікті біріге атқарушы шағын әлеуметтік топ
Неке - ер мен әйелдің арасындағы адамгершіліктік және меншіктік жауапкершіліктің әлеуметтік және заңды тұрғыдан негізделуі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет