ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.45/03-2014
|
ПОӘК
«Кәсіпорындардағы технологиялық есеп беру» пәнінің оқытушыға арналған
бағдарламасы
|
№1 басылым
«___» қыркүйек
2014 ж.
|
««Кәсіпорындардағы технологиялық есеп беру»» пәнінің
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072800 - «Өндеу өндірістерінің технологиясы» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей
2014
Мазмұны :
1. Әдебиеттер
3. Дәрістер
4. Практикалық сабақтар
5. Студенттердің өздік-жұмысы
Дәріс №1
Шаруашылық есептің мақсаты мен міндеттері
Жоспар:
-
Жедел есеп
-
Статистикалық есеп
-
Бухгалтерлік есеп.
-
Жедел есеп.
Экономикалық басқарудың жетіле түсуі нарықтық қатынастардың қалыптасуына меншіктің әртүрлі нысандарын пайдалануда, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарын құруда, халықаралық стандартқа қарай бағыт алуда шаруашылық есептің атқаратын ролі мен мәні қазіргі уақытта өте зор және арта түсуде, әсіресе бухгалтерлік есептің ролі орасан.
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен:
1) жедел; 2) бухгалтерлік; 3) статистикалық есептерден тұрады.
Жедел (немесе жедел техникалық) есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі – басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдылығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп- жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т.б. ақпараттар келіп тусуі. Бұл есептің басқаларға қарағанда (техникалық жағынан) ең қарапайым түрі. Жедел есеп әртүрлі процестер мен құбылыстарды әртүрлі өлшеуіштердің – натуральді, ақшалай және еңбектік өлшеуіштердің көмегімен көрсетеді. Жедел есепті цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді. Оның деректері міндетті түрде құжаттарда тіркелмейді; оларды ауызша, телефонмен, телеграфпен және т.б. түрде беруге болады. Жекелеген жағдайда жедел есеп үшін арнайы құжат нысандары жасалады: мысалы жұмысқа шығу(табель) мен жұмыс уақытын пайдалану табелі, т.б. (тіркеу журналы, t0 уақыт, қысым т.б). Жедел – техникалық есеп уақыты бойынша бөлінуі мүмкін және оған деген сұраныс қажеттілігіне қарай туындайды.
Сонымен, қорыта келгенде, жедел есеп шаруашылық операциялары мен процестерін олар жасалып жатқан кезде қадағалауға және бақылауға арналған.
-
Статистикалық есеп.
Статистикалық есеп немесе статистика- экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттарды құбылыстарды зерттейді.
Статистика –экономиканың жағдайы, оның дамуының үрдістері, жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы (туу, өлім, миграция, эмиграция, т.б) туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік –экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды. Халық шаруашылығы есебінің жүйесіндегі статистика –бухгалтерлік есеп пен жедел есепті біріктіретін қорытынды есеп болып табылады.
-
Бухгалтерлік есеп.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай –ақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
Шаруашылық қызыметін жалпылама көрсету деп барлық мүлікті, өндірістік қорлардың барлық түрін, шығындарды, өнімдерді, ақша қаражаттарын, қорларды, кәсіпорындардың берешектерін және т.с.с. міндетті түрде есепке алуды түсінуге болады.
Уақыты жағынан үздіксіз материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының, есеп айырысулардың, қорлардың, несиелердің және т.б. қозғалысы туралы кәсіпорында жасалып жатқан фактілерді қадағалауды және құжаттарды жазуды талап етеді.
Әрбір шаруашылық фактісі құжатпен немесе бастапқы қағаз құжатпен немесе құқықтық негізі бар ақпараттық машиналық тасығыштармен рәсімделеді, яғни соған сәйкес орындалатын шаруашылық операциясы үшін жауапкершілік белгіленеді, демек құжат заңдық күшке ие болады. Бухгалтерлік есептің аталып өткен ерекшеліктері оны есептің жедел –техникалық және статистикалық түрлерінен айырықшаландырады. Бірақ есептің барлық үш түрінің ақпараттарын, яғни шаруашылық есепті бүтін бір жүйе ретінде пайдалану ғана кәсіпорындарға шаруашылық қызметін неғұрлым тиімді басқаруға, өнімді тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға, жұмыстар орындауға және қызыметтер көрсетуге, кәсіпорынның нарықтық жағдайын бағалауға мүмкіндік бермек. Есептің әрбір түрі бірін –бірі толықтырып отырады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға кәсіпорынның нарықты тәртібін анықтауға және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын айқындауға және т.с.с. қажетті кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат қалыптастыру шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Дәріс №2
Есепте қолданылатын өлшеулер
Жоспар:
-
Натуралды өлшеуіштер
-
Еңбектік өлшеуіштер
-
Ақшалай өлшеуіштер
1.Натуралды өлшеуіштер
Шаруашылық есеп – бұл ең алдымен бақылау мақсатында шаруашылық процестерін сан жағынан көрсету және өлшеу. Алайда, шаруашылық қызметтің өзінің сипаты мен мағынасы бойынша алуан түрлі болатыны соншалық, тіпті оны сан жағынан көрсет у және бақылау үшін әртүрлі көрсеткіштер қажет. Ол үшін өлшеуіштердің үш түрі қолданылады: натуралды, еңбектік, ақшалай өлшеуіштер.
Натуралды өлшеуіштер есепте біртектес обьектілерді көрсету үшін пайдаланылады. Олар санымен (дана), салмағымен (кг,т), ұзындығымен (м, см), көлемімен (л,м) және т.б. белгіленеді. өлшеу бірлігін таңдау ескерілетін заттардың қажетіне тәуелді. Натуралды өлшеуіштер материалдық құндылық (шикізаттар мен материалдар, негізгі құралдар, дайын өнімдер) обьектілерінің қозғалысын, сондай – ақ орындалған құрылыс жұмыстарын шаршы және текше метрлермен, автокөлікпен (тонна, км) есепке алу үшін қажет. Бұл өлшеуіштерді материалдық құндылықтарды әртүрлі сұрыптар мен атаулар бойынша есепке алуды қолдану, осы құндылықтардың сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттарын бір мезгілде алуға мүмкіндік береді. Алайда натуралды өлшеуіштерді пайдалану шектелген, өйткені оларды біріктіру мүмкін емес.
2. Еңбектік өлшеуіштер.
Еңбектік өлшеуіштерді уақыт бірлігінде жұмсалған еңбек санын өлшеу үшін пайдаланылады. Бұл әдетте жұмыс уақытының бірлігі (жұмыс күні, сағат, минут). Бірақ көп жағдайларда еңбектік өлшеулерді өндірім нормаларын, еңбек өнімділігін есепке алу үшін натуралды өлшеуіштермен ұштастыра қолданады. Жалақыны дұрыс есептеу үшін бұлардың маңызы өте зор.
3. Ақшалай өлшеуіштер.
Ақшалай өлшеуіш ескерілетін обьектілерді бірыңғай құндық бағада (ақшалай өлшемде – теңгемен немесе басқа да волютамен) көрсетуге және жинақтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен кәсіпорынның мүліктік құқықтарының көлемі, бұрын натуралды және еңбектік өлшеуіштермен өлшенген шығындары өлшеніп, анықталады, сметалар, өндірістік тапсырмалар мен қаржы есептемесі жасалады.
Өлшеуіштерлі әртүрлі үйлесімдермен де алады: натуралды өлшеуіштерді құндылықпен (санды – салмақ есептеледі; ақшалай еңбекпен біріктіру және т.с.с.).
Дәріс №3
Бухгалтерлік есептің міндеті және оған қойылатын талаптар.
Жоспар:
-
Бухгалтерлік есептің міндеті.
-
Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.
-
Бухгалтерлік есептің міндеті.
Бухгалтерлік есеп –басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің кәсіпкерліктің тілі деп санайды. Бухгалтерлік есеп оның алдына қойған міндеттерді орындай алатындай болып ұйымдастырылуы керек.
Қазақстан Министрлер кабинетінің 22 желтоқсан айында 1999ж. №1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы Ережеге сәкес:
- жедел басшылық ету мен басқаруға сондай –ақ инвесторлардың, жеткізушілердің, сатып алушылардың, кредиторлардың, салық және банк орындарының пайдалануына қажетті шаруашылық процестері мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
- мүліктердің қолда бары мен қозғалысына материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмысалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- қаржы шаруашылық қызыметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескертулер жасау ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылады.
-
Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.
Бухгалтерлік есептің алдына қойылатын міндеттерді орындау үшін ол мынандай талаптарға сай болуы тиіс:
1) Ақпаратты берудің мерзімділігі шаруашылық қызыметіне жедел басшылық етуге, міндеттерді орындауға, ағымдағы жұмыстың кемшіліктерін, ресурстар шығынының нормадан ауытқуын анықтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. үшін қажет. Бұл талапты жүзеге асырған кезде есептік ақпаратты өңдеу және алу үшін есептегіш техниканы пайдаланудың маңызы зор.
2) Есептік (нарықты) көрсеткіштердің жоспар (тапсырма) көрсеткіштерімен саластырымдылығы белгіленген көрсеткіштердің есеп деректерімен байланысын қамтамасыз етеді және осы көрсеткіштердің орындалуына мерзімді бақылау жасауды қамтамасыз етеді.
3) Дәлдік, объективтілік және қатаң негізді болу ескерілген барлық деректер дұрыс, дәл есептелген, тиісті құжаттармен негізделген болу керектігін аңғартады. Олар жұмыстағы жетістіктерді ғана емес, сондай –ақ кемшіліктерді де дұрыс көрсетіп беруге тиіс.
4) Толықтық. Есеп кәсіпорнының шаруашылық қызметіне толық сипат беруге тиісті. Сонда ғана шаруашылықты басқару кезінде оның деректерін қолданудан пайда болмақ.
5) Үнемділік. Бухгалтерлік есеп басқару мен басшылық етуге қажетті барлық көрсеткіштерді аз шығын жұмысау жолымен алуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұған есептің қарапайымдылығы, оның үнемі жетілуі, қол еңбегін машиналық жұмысқа ауыстыру және есеп қызыметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы басқару аппараттарын қысқартуға бағытталған.
6) Есептің қарапайымдылығы мен қолайлы болуы алынған ақпараттың мәнін ұжымның әрбір мүшесінің түсінуіне, басқару үшін есептің деректерін пайдалану мүмкіндігіне, резервтерді іздеуге, қаржы жағдайын нығайту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге себепкер болады.
Дәріс №4
Бухгалтерлік есеп және олардың әдісі
Жоспар:
-
Бухгалтерлік есеп.
-
Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері.
-
Бухгалтерлік есеп.
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі участкелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызыметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызымет етеді. Сонымен қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызыметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік есептің құрамы, оның объектілері халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты. Кәсіпорындарындағы есептің маңызды объектілеріне материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар,еңбек ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен айырысулар, қаржы нәтижелері және т.б. жатады.
-
Шаруашылық процестері мен олардың нәтижелері.
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады. Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорнының мүлкіне ғана емес (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана емес бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де (баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
Шаруашылық операциялары жеткізушілерден тауарлы –материалдық құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығындарды анықтаудан және т.с.с тұрады.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы –шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорнының шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады.
-
өндірістік қорларын дайындау
-
өнім өндіру
-
сату (өткізу)
Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорнының оларды басқа кәсіпорындардан сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.
Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқаның алдында борышкер (дебитор) ролін, ал басқасы –несие берушінің ролін (кредитор) атқарады. Дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептері –бұл құндылықтарды алу, қызымет көрсету және т.с.с. мерзімдерінің оларды төлеу мерзімдерімен сәйкес келмеуі.
Өндіріс процесінің мәні –жұмысшылар машиналармен еңбектің басқа құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнімге айналдырады. Бұл жерде материалдық және еңбектік шығындар ескеріледі. Өнім өндіруге жұмысалып ақшалай нысанда көрсетілген шығындар оның өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді. Олар натуралды және еңбектік өлшеуіштермен де көрсетілуі мүмкін.
Өнімдерді өткізу және сату процесінде кәсіпорындар немесе фирмалар оны сатып алушыларға жөнелтеді және сол үшін ақша қаражаттарын алады. Бұл жерде дайын өнім өсіңкі (жоғары) сомадағы ақшалай нысанға айналады. Өйткені өнім сатылатын нарықтық (келісімді) бағалар әдетте осы өнімнің нақты өзіндік құнынан жоғары болады. Сату процесі өнімді өткізу жөніндегі шығындармен (буып –түю, тиеу, түсіру және т.б) байланысты. Сонымен шаруашылық процестерінде құралдар қозғалады және өзгереді. Бұл орайда ақша материалға, ал материал дайын өнімге айналады, содан кейін өнім қайтадан ақша қаражатына айналады. Өндіріс процесін жалғастыру үшін ақша қаражатының көмегімен шикізаттар мен материалдардың жаңа топтамасын сатып алу керек. Сөйтіп құралдардың бір нысаннан басқа нысанға біртіндеп айналуы және бір процестен басқа процеске ауысуы жүзеге асады.
Дәріс № 5
Негізгі құралдардың есебі.
Жоспар.
-
Негізгі ұғымдар
-
Жалдау түрлері
-
Ағымдағы жал бойынша операция есебі
-
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай – ақ заңды және жеке тұлғалар жалға юеруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар біріккен кәсіпорындаршетелдік заңды тұлғалар халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер болуы мүмкін.
Жалдау шарты – бұл тараптардың өркенділігі мен толық тең құқықтылығы негізінде жасалатын жалдау шартының талаптарға сай мүлікті жалға беру меншік құқығын беруге әкеп соқтырмайды.
-
Жалдау түрлері
Халықаралық практикада жалдаудың 3 түрі бар:
-
Ұзақ мерзімді жал (лизинг) – бұл мүлікті 3 жылдан артық мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық болып бөлінеді.
Жай лизинг – жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді.
Қаржылық (қаржыландыратын) лизинг – жалды ұзақ мерзімге несиелендірудің нысаны.
Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы төлейді. Қаржылық лизингтің үш нысаны бар:
а) Стандарт лизинг – мұндай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы қоғамға береді. Ол өзінің лизингтік фирмасы арқылы оны тұтынушыға жалға береді.
б) «Лиз – бек» лизингі – мұндайда жабдық иесі оны лизингтік фирмаға сатады және сонымен бірге одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту әдісі).
в) «Жеткізушіге лизингі» - мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы «Лиз – бек» лизингіндегі сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес, басқа жалгерлер пайдаланады.
Қазақстанда жәй лизинг кең таралған.
-
Орташа мерзімді жал (хайринг) – бұл жалгердің мүлікке меншік құқынсыз 1 жылдан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.
-
Қысқа мерзімді жал (рейтинг, чартер) – мүлікті жалгердің кейінгі сатып алу құқынсыз жалдау; жалдау мерзімі – 1 жылға дейін.
Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда төмендеу. Чартер әдетте рейсті, кезекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге (тайм – чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын –ала немесе шұғыл тәртіппен (промчартер) және тіпті кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы мүмкін.
Дәрiс №6
Негiзгi құрал-жабдықтар есебi.
Жоспар:
1) Негiзгi құрал жабдықтар жiктемесi және экономикалық мәнi
2) есептiң мiндетi
1) Өндiрiс процесi өндiрiс құралдарының құтысуымен жүзеге асырылады. Олар:
1) Еңбек заттары (шекiзат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлiнедi.
Негiзгi құралдарға мыналар жатады:
Жылжымайтын мүлiктер (жер участоктлерi, үйлер, ғимараттарғ көпжылдық өсiмдiктер, және жермен тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтiрмеуi мүмкiн емес басқа да объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-сайтмандар, үлкен және өнiм беретiн малдар, арнайы құралдар мен басқа да негiзгi қорлар (кәтапхана қорлары, мұражай құндылықтары, автомобиль жолдары т.б.).
Негiзгi құралдар көптеген өндiрiс құралдар бойына пайдаланылады, қасиетi мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзiнiң құнын жаңадан жасалған өнiмге бiртiндеп көшiредi. Айналым құралдары бiр ғана өндiрiстiк процесте тұтынылады және өзiнiң құнын жаңадан жасалған өнiмге толықтай көшiрiледi.
2. Негiзгi құралдар есебiнiң мiндетi.
1. Расталған есептiк мәлiметтердiң, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналадарының негiзiнде еңбек құралдарының барлық түрлерiнiң сақталуына жүйелiк бақылау ұйымдастыру.
2) Негiзгi құралдардың келiп түсуiн, шығарылуы, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетiлуiн қамтамасызету.
3) Негiзгi құралдардың тозуын дұрыс қадағалау, тиiмдi пайдалануын бақылау.
4) Күрделi және ағымды жөндеу шығындарын дұрыс есепте алу.
5) Моральды және физикалық турғыдан ескiрген негiзгi құралдарды жедел анықтау.
6) Дұрыс есеп жасау.
3) Өндiрiс процесiне қатысу сипатына қарай негiзгi құралдар былайша бөлiнедi:
- өндiрiстiк және өндiрiстiк емес
Өндiрiстiк – бұл өндiрiстiк процеске тiкелей қатынасатын немесе өндiрiстiң негiзiн құрайтын негiзгi құралдар. Олар өндiрiстiк үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеушi және реттеушi аспаптар, көлiк құралдары; өнiм беретiн, жұмысшы малдар; көпжылдық өсiмдiктер, т.б. етедi.
Өндiрiстiк емес –бұл тутыну мақсатындағы негiзгi құралдар. Олар өндiрiс процесiне қатыспайды, ол ұжымның мәденитұрмыстық қажетiлiгiн қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керекөжарақтар , денсаулық сақтау, спорт т.б.).
Тиiстiлiгi бойынша негiзгi құралдар былайша бөлiнедi:
-
Меншiктi – бұл субъектiге тиесiлi және оның баласында көрiнiс табатын негiзгi құралдар.
-
Жалданған - жалдау шарты бойынша, анда белгiленген мерзiмге басқа субъектiлерден алынған негiзгi құралдар.
Қысқа мерзiмге жалға алынған негiзгi құралдар баланыстан тыс 001-щотта ескерiледi.
Ұзақ мерзiмдi жалға алынған негiзгi құралдар жалдау мерзiмi аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейiн жалгер шартта келiсiлген отемiн төлеу бағасын түгелдей енгiзген болса, негiзгi құралдар жалгердiң меншiгiне өтедi. Олар тиiсiнше 121-125 шоттардағы «Ұзақ мерзiмдi жалға алынған негiзгi құралдар» субшотында ескiрiледi. Пайдалану сипатына қарай негiзгi құралдар былайша бөлiнедi:
-
қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы, қолданылмаған (тоқтатылған) – конференцияға немесе басқа да себептермен уақытша қолданылмай турған негiзгi құралдар.
-
Запаста турған – қолданып жүрген негiзгi құралдардың жөнделуi, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшiн запас құрайтын негiзгi құралдар.
Заттың құрамы бойынша негiзгi құралдар былайша бөләнедi:
-
Инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектiлерi (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар).
-
Инвентарлық емес – бұл жер, орман, су, яғни заттың нысаны жоқ шығындар (жер участкаларын жоспарлау, егiстiк алаңдарды өндеу т.б.)
Мақсаттың бағаты мен орындайтын функцияларына байланысты негiзгi қорлар мынандай түрлерге бөлiнедi:
Негiзгi қорлар тобына кiретiндер: үйлер, ғимараттарғ берiлiс құрылғылары (ТЭЦ, компрессор, трансформатор т.б.), машиналар мен жабдықтар. – Бұлар инвентарлық объектiлер.
Дәріс № 7
Шаруашылық құралдары мен оның көздері
Жоспар.
-
Құрамы бойынша құралдар.
-
Пайда болу көздері бойынша құралдар.
-
Құрамы бойынша құралдар:
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:
-
құрамы(функциональдік ролі) бойынша
-
олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі.
Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді.
Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, оның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.
Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер участкаларын пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, нау-хау, тауар таңбалары және т.с.с. жатады. Материалдық емес активтер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіріледі.
Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өздерінің құнын өнім құнына көшіреді. Өндірістің бір кезінде оған шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.
Айналым саласындағы құралдар дайын өнімге, ақша қаражатына және есеп айырысудағы қаражаттарға бөлінеді. Өңделуі толық аяқталған, сынақтан өткен, стандартқа сәйкес келетін дайын өнім қоймаға өткізіледі.
Ақша қаражаты – бұл кәсіпорнының кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы, банктегі есеп айырысу шотындағы, валюталы шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, жинау ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорнының өзге де ақша қаражаттары.
Есеп айырысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін, алынған вексельдер бойынша, дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.
Оқшауландырылған қаражат – бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс пайда сомасы мен кәсіпорнының арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.
-
Алу көздері (пайда болу) бойынша құралдар.
Алу көздері мен мақсаттың бағыттарына сәйкес шаруашылық құралдары меншікті және тартылған қаражат көздеріне бөлінеді.
Меншікті қаражат болып табылатындар:
-
жарғылық қор – кәсіпорынды құрған кезде оның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде құрылтайшылар (меншік иелері) мүлік түрінде (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құны, ақша қаражаты) енгізген салымдарының ақшалай түрдегі жиынтығы.
-
Пайда - өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді, материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды және т.б. сатудан кәсіпорын алған табыстың шығындардан асу сомасы.
-
Резервтік қор – мақсаттық бағыты бойынша жұмсалмаған резервтердің сомалары және басқалар.
Банк несиелері – банктен алынған (өтелмеген) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді саудалардың сомалары қарыз қаражатының көзі болып табылады.
Басқалай қарыз қаражаттары – кәсіпорнының еңбек ұжымы шығарған және сатқан акциялардың сомасы, кәсіпорнының акциялары мен облигациялары, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |