Коммерциялық қызметтің алуан түрлі әдістері мен түрлері бар, алайда әуе көлігіндегі коммерциялық қызметтің негізгі бағыты шарттық жұмыс пен баға саясаты болып табылады. Әуе кәсіпорнының тиімді қызмет атқаруын нақ осы коммерциялық келісімдер шарты мен әуе тасымалына ұсынылатан тарифтер анықтайды. Әрбір әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өзіндік сипатта болады. Табысқа жетудің ортақ формуласы жоқ. Әрбір кәсіпорын әуе тасымалы рыногын мұқият маркетингтік зерттеу арқылы және оның конъюнктурасын болжай отырып, өз басымдықтарын айқындайды. Әуе кәсіпорнының коммерциялық саясаты өте икемді болуға тиіс. Әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі бола отырып, әуе көлігі конъюнктуралық ауытқуларға шалдыққыш келеді. Икемді коммерциялық саясат жүргізу әуе кәсіпорнына іс жүзінде рыноктағы жағдайға лезде жауап қатуға мүмкіндік береді. Азаматтық авиацияның жай-күйі қоғамға байланысты. Әуе тасымалы индустриясы оның ұдайы өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тиіс: тасымалдау құнын кеміту, қызмет көрсетуді жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, экологиялық талаптарға сай болу, сондай-ақ басқа көлік жүйелерімен бірлесе әрекет ете алатын әуе көлігі жүйесін құру. Әуе көлігіндегі коммерциялық қызмет көбіне әуе компаниясының аз қызметіне байланысты болады. Әрбір әуе компаниясының коммерциялық саясатының тактикасы мен стратегиясы өзіне ғана тән болса да, әуе көлігіндегі коммерциялық қызметке тән негізгі жалпы бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Ондай бағыттар мыналар: -
әуе бостандығын барынша пайдалану;
-
коммерциялық ынтымақтастық мәселелер;
-
баға саясаты;
-
тасымалдауды сату жүйесін жетілдіру.
Әуенің коммерциялық құқықтары немесе бостандықтары
Мемлекеттің өз әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендігі принципі халықаралық әуе құқығының іргелі принципі болып табылады. Осыған байланысты белгілі бір мемлекеттің айқын білдірілген келісімінсіз халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сол мемлекеттің аумағына немесе аумағы арқылы ұшу сапарын жасау мүмкін емес. Чикаго конвенциясы мен әрбір елдің ұлттық заңнамалары да осы қағиданы көздейді.
Халықаралық әуе қатынасын жүзеге асыру үшін ұшу сапарына, сондай-ақ осындай сапар барысында тасымалдауды атқару үшін тиісті мемлекеттің рұқсатын алу қажет.
Бұл жағдайда ұшу сапарын жүзеге асыру осыған сәйкес тасымалдауды жүзеге асыру құқығын береді деген сөз емес. Мұндай құқықтардың дербес маңызы бар, сондықтан олардың өзара ұштасуы тиісті мемлекеттердің арасында қандай уағдаластыққа қол жететініне байланысты.
Осы заманғы халықаралық құқық коммерциялық құқықтарды “әуе бостандықтары” деп аталатын құқықтарға бөледі.
Коммерциялық құқықтар олардың пайдаланылуын оңайлату үшін көлеміне қарай шартты түрде бірнеше санатқа (класқа) бөлінеді және “әуе бостандықтары” деп аталады. Олардың бесеуі 1944 жылы Чикаго конференциясында транзит туралы және Халықаралық әуе көлігі туралы келісімдерді жасауда тұжырымдалды. Алтыншы және жетінші бостандықтар кейінірек пайда болды. Олардың шығу төркіні өмір болғанымен, ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған ғалымдар еді.
Қазіргі кезде оларды жіктеу және пайдалану мақсатында барлық коммерциялық құқықтарды жеті “әуе бостандықтарына” бөледі. Бұл жеті “әуе бостандықтарын” өз кезегінде үш топқа бөлуге болады. Біріншісі – қосалқы “әуе бостандықтары” үшінші елге ұшып өту жолындағы мемелекет аумағынан ұшып өтуді қамтамасыз етеді (I және II “әуе бостандықтары”). Екіншісі – келісім бойынша серіктес елдер арасындағы тасымалды қамтамасыз ететін бастапқы (негізгі) “әуе бостандықтары” ( III және IV “әуе бостандықтары”). Үшіншісі – келісім бойынша серіктес елдердің үшінші елдерге тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екінші “әуе бостандықтары” (V, VI және VII “әуе бостандықтары”).
Бірінші “әуе бостандығы” – осы құқықты беретін мемелекеттің аумағына қонбастан транзиттік ұшуды қамтамасыз ету құқығы.
Екінші “әуе бостандығы” – осы құқықты беретін мемлекет аумағына коммерциялық емес мақсатпен қонып, шетелдік аумақ арқылы транзиттік ұшуды жүзеге асыру құқығы.
Үшінші “әуе бостандығы” – өз мемлекетінің аумағында тасымалдауға алған жолаушыларды, жүк пен поштаны шетелдік аумақта түсіру құқығы. Мысалы, қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағында Алматы-Мәскеу рейсімен ұшып келген жолаушыларды, жүк пен поштаны Мәскеуде түсіру.
Төртінші “әуе бостандығы” – әуе кемесі меншігі болып табылатын мемлекет аумағына баратын жолаушыларды және сол аумаққа арналған жүк пен поштаны шетелдік аумақта қабылдау құқығы. Мысалы, қазақстандық “Эйр Астана” әуе компаниясының ұшағымен жасалатын Мәскеу-Алматы кері рейсіне Мәскеуде жолаушыларды, жүк пен поштаны алу.
Әдетте, мұндай бостандықтар жекелей берілмейді.
Бесінші “әуе бостандығы” – келісім бойынша үшінші мемлекеттің аумағына бара жатқан жолаушыларды, сол аумаққа арналған жүк пен поштаны серіктес елдің аумағынан қабылдау құқығы және келісім бойынша серіктес елдегі кез келген осындай аумақтан шығатын жолаушыларды, жұк пен поштаны түсіру құқығы.
Алтыншы әуе бостандығы – келісім бойынша серіктес ел мен үшінші ел арасында оның аумағы жолаушылар, жүк пен пошта тасымалын жүзеге асыру құқығы. Бұл “әуе бостандығы” 1970 жылдан бері Аэрофлот кеңінен пайдалана бастады. Бірінші мұндай желі Париж-Мәскеу-Токио желісі болды.
Алтыншы бостандықта негізгі жүк – бұл келісім бойынша серіктес елден үшінші елге тасымалдау, халықаралық тасымалдың негізгі рыноктары арасындағы тасымалдауға қатысу, ал үшінші және төртінші бостандықтар бойынша тасымалдау қосымша сипатта болады.
Жетінші “әуе бостандығы” – келісім бойынша серіктес ел мен үшінші ел арасында өз аумағына соқпай өтіп, жолаушылар, жүк және пошта тасымалын жүзеге асыру құқығы.
Коммерциялық құқықтардың тағы бір түрі – каботаж өмір сүруде. Бұл белгі бір мемлекеттің аумағындағы пункттер арасындағы тасымал. Шетелдік тасымалдаушыларға мұндай тасымалдау жүргізу құқығы сирек білдіреді. Келісім каботажды төмендегіше бөледі:
“Жүйелі каботаж” (сегізінші “әуе бостандығы”) – халықаралық әуе желісінің тиісті учаскесінде ішкі тасымалды жүзеге асыру құқығы;
“Дербес каботаж” (тоғызыншы “әуе бостандығы”) – толығымен шетелдік мемлекеттің аумағы арқылы өтетін маршрут бойынша ішкі тасымалды жүзеге асыру құқығы.
Жолаушыларды, жүк пен поштаны әуемен тасымалдауды, яғни коммерциялық құқықтарды пайдалануды әуе кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Әуе кәсіпорындарының қызметі әуе қатынасы туралы келісімдермен, сол елдің заңнамаларымен, сондай-ақ олардың басқа әуе кәсіпорындарымен, туристік фирмалармен, агенттіктермен және басқа қызмет көрсетуші ұйымдармен жасасқан коммерциялық келісімдерімен реттеледі.
Мұндай коммерциялық келісімдер:
– біріншіден, ұшуды жүзеге асыру үшін қажет болатын барлық техникалық және коммерциялық қызмет көрсету түрлерін;
– екіншіден, әуе қатынасы туралы келісімдерге көзделген коммерциялық құқықтарды, шарттағы желілерді пайдалану кірістері мен шығындарын бөлу тәртібі нақтылайды.
Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімдер тиісті елдер арасындағы әуе қатынасын реттейтін негізгі принциптер мен нормаларды ғана анықтаумен шектеледі. Олар коммерциялық келісімдермен нақтыланады.
Әуе қатынасы туралы келісімдер, әдетте, шартты желілер бойынша ұшуды бастау шарты ретінде коммерциялық келісімдер жасауды қажет етеді. Мұндай келісімдер ұшақтар мен олар тасымалдайтын жолаушыларға, жүк пен поштада техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осымен қатар, тарифтерді, кестені үйлестіру шарттық желілерді пайдаланудағы ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін шешу қажет. Шарттық желі бойынша ұшуға белгіленген екі тараптың әуе кәсіпорындары арасында осындай барлық мәселелер бойынша жан-жақты келісім жасау – ең қарапайым шешім болады. 50-60 жылдары бұл мәселе осылайша шешілген болатын. Кейін ынтымақтастық пен қызмет көрсетудің жеке түрлері бойынша келісімдер барған сайын кеңінен қолданыла бастады.
Қосымшалардың саны және олардың атауы басқаша да болуы мүмкін.
Әуе кәсіпорындарының арасында жасалатын коммерциялық келісімдердің ең көп таралған түрі – Коммерциялық ынтымақтастық туралы келісім (Интерлайн – Interline Agreement).
Дәріс№13
Флоттың жұмысын ұйымдастыру. Көлiк кемелерiнiң жұмысын техникалық мөлшерлеу
Қазақстан Республикасындағы су көлігінің қазіргі жағдайы
Өзен көлігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда, шың мәнінде, кеме жүзетін екі өзен бар, олар Ертіс және Жайық өзендері.
Ертіс өзенінің бойындағы Павлодар, Семей және Өскемен қалаларында орналасқан кемежайлардың (порттардың) аса ірісі “Павлодар өзен кемежайы” ААҚ-ы. Мұнда жолаушылар мен жүк тасымалдау жұмыстарын бұрынғы жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығының акционерлендірілген бөлімшелері атқарады.
Бүгінде Шульба шлюзі құрылысының аяқталуына байланысы Ертіс өзенінен толаcсыз кеме жүзу кестесі бұзылған. Келесі кілтипан шекаралық Іле және Қара Ертіс өзендерін пайдалану жөніндегі Қытай Халық Республикасымен үкіметаралық келісімге тіреліп тұр. Қытайдан басталатын Қара Ертіс өзенінде суландыру (ирригация) жүйесін салу жұмысы Ертіс өзенінің өң бойында кеме жүзуінің тоқтатылуына ғана емес, сондай-ақ бүкіл Ертіс бойына айтарлықтай экологиялық зардаптар келтіреді деген қауіптер де бар.
Жайық өзені арқылы Ресей федерациясының Орынбор қаласына дейін кеме жүзе алады. Өзеннің Қазақтанның бөлігінде Атырау қаласында (“Атырау өзен кемежайы” ААҚ-ы) және Орал қаласында (“Орал өзен флоты” ААҚ-ы) екі өзен кемежайы жұмыс істейді.
Жайық-Каспий каналының жұмыс істеуі және қолданыстағы кемежай базаларын қайта құру қажеттігі осы көлік артериясын дамытудағы түйінді мәселелер болып отыр.
Теңіз көлігі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Каспий теңізінің көлік қуаты барған сайын ұлғайып келеді. Бұған Каспий теңізі маңайындағы мемлекеттермен теңіз байланысының дамуы ғана емес, сондай-ақ Ресей федерациясының кеме жүзе алатын өзендері мен каналдары арқылы Қара және Балтық теңіздерінің алаптарына шығу мүмкіндіктері де себепші болуда.
Каспий теңізінде мынадай негізгі кемежайлар орналасқан:
-
Астрахань - өзен кемежайы, Оля - салынып жатқан теңіз кемежайы және Махачкала (Ресей Федерациясы);
-
Баку және Дюбенди - мұнай құятын терминал (Әзербайжан);
-
Бандар - Азали (Иран Ислам Республикасы);
-
Түркіменбашы (Түркменстан Республикасы);
-
Ақтау - теңіз сауда кемежайы, Баутино - теңіз базасы және Атырау - өзен кемежайы (Қазақстан Республикасы).
Бұлар Каспий маңайы аймағында экономикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Су көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру негіздері
Теңіз көлігі келесі үш негізгі элеметтерден тұрады:
-
флот, яғни жүк тасымалдайтын кемелер;
-
тауарларды теңіз кемелерінен басқа көлік құралдарына тиейтін және керісінше ауыстырып тиейтін кемежайлар;
-
флотты тиісті техникалық күйде ұсынуға қажетті кеме жөндеу зауыттары.
Теңіз кемежайлары теңізіндегі көлік жүйесінің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Осы заманғы кемежай дегеніміз - бұл кемелердің сенімді тұрағын, құрлық немесе ішкі су көлігінің жүктері мен жолаушыларын теңіз кемелеріне немесе теңіз кемелерінен көліктердің басқа түрлеріне тапсыуды, жүктердің сақталуын, дайындалуын мен жинақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ кемежайда тұрған кемелерге барлық қажетті қызмет түрлерін көрсететін ғимарттар мен құрылғылар кешені бар ірі көлік торабы.
Теңіз кемежайында кемелерге қажетті қызмет түрлері (агенттік, тексеру, шипгандерлік, техникалық және навигациялық, жанармаймен қамтамасыз ету сүңгурлік тексеру жұмыстарды, лоцмандардың және кемелер жүрісін басқару қызметінің кемелерді шығарып салуы, кемелерді шыңжырлау операциялары кемелердегі льяльді және мұнайлы суды жинап, тазарту), сондай-ақ көлік-экспедициялық қызмет көрсетіледі, жүк түиеу-түсіру жұмыстары мен қоймадағы опнрациялар жүргізіледі, жолаушыларды күту және тасымалдау, жүк тасымалдау, кеме сүйрету, балық өңімдерін өңдеу, балық аулау кәсібі флоты кемелерінің рейстер арасында балық аулау маусым арасында тұруы теңізде жүзу садасымен байланысы кемелерді жөндеу және басқа да қызмет түрлері атқарылады.
Теңіз кемежайында, сонымен қатар теңіздн жүзу қауіпсіздігін жүзеге асыруға және теңіз кемежайында тәртіптің сақталуына бағытталған мемлекеттік кемежай бақылауы жүргізіледі.
Әрқайсысының өзіндік ерекшелігіне қарамастан әрбір кемежайдың барлық кемежайларға ортақ негізгі элементтері бар. Оларға кемежайдың аумағы мен су айдыны, кемежайға су және құрлық жағынан кіреберістер, гидротехникалық құрылыстар (айлақтар, қорғау және жағалауды бекіту құрылыстары, навигациялық құрамды және т. с. с.) жатады.
Жүк және жолаушылар тасымалын жіктеу
Тасымалданатын жүктердің қасиеттеріне ол үшін пайдаланылатын кемелердің түрлеріне оларды пайдалану жағдайларына және басқа бір қатар фонттарға байланысты көлік флотының жұмысын басқару тасымалдаудың айқын жіктелуін талап етеді.
Негізгі жіктеу белгілеріне сәйкес өзен көлігімен тасымалдау мынадай белгілері бойынша бөлінеді:
-
тасымалдау құрамы бойынша- жолаушылар және жүк тасымалы;
-
жүктің тегіне қарай – құйылатын және үйілме жүк тасымалы;
-
жүрісі әдісіне қарай- өзі жүретін кемемен өзі жүрмейтін кемемен және ағынмен тасымалдау;
-
жүзу әдісіне қарай- өзен, көл, теңіз тазалық және шетелдік жүзу тасымалы;
-
қызмет көрсету ауданына қарай – транзиттік және жергілікті;
-
қатынас түріне бойынша – тікелей су және тікелей аралас қатынас тасымалы;
-
жүріс бағыты бойынша – жоғары (ағысқа қарсы) және төмен (ағысты бойлай) қарай немесе тік (жүк) және кері (аз тиелген бос) бағытта тасымалдау.
Жолаушылар тасымалы негізіінде арнаулы өзі жүретін жайлы жолаушылар кемесімен атқарылады;
Суасты канаты бар кемелер кеңінен таралуда ауа жастығындағы кемелер экранопландар пайдаланыла бастады.
Ірі су көліктері тораптарында үлкен қалалар мен өнеркәсіп арлықтраында ”қарбалас” шақта – демалыс және мереке күндерінде – серуендеу жобаланды.
Қызмет көрсету ауданына қарай жолаушылар тасымалының құрамында транзиттік, жергілікті, қала маңындағы және қала ішіндегі болады. Алыс қашықтыққа жолааушылар тасымалы транзиттік тасымалға жатады; мұндай тасымал түрлерін атқаратын кемелердің жұмысына тікелей кеме шаруашылығының өндірістік қызметі басшылық жасайды. Бір пайдалану немесе ірі кемежайыдың қызмті шекаркссында атқарылатын тасымалы жергілікті тасымалға жатады; мұндай телімдердегі кемелердің жұмысына осы бөлімшенің (телімнің кемежайы) диспетчерлік қызметі басшылық жасайды. Ірі елді мекен мен қала маңы саяжайлар серіктес мекендер демалыс орындары арасындағы жолаушылар тасымалы қала маңындағы тасымалға жатады. Ірі су көлігі тораптарының шекарасында ірі өнеркәсіп арлығының жеке тұрғын аудандары арасындағы жолаушылар тасымалы қала ішіндегі тасымалға жатады.
Көлікке тиелетін барлық жүктер құйылатын және үйілме жүктер болып екі топқа бөлінеді. Арнаулы көлік құралдарына құйылып тасымалданатын сұйық жүктер құйылатын жүктерге оларға басқа кез келген жүктер – үйілме (құрғақ) жүктерге жатады.
Кемежай – айлақтарда жүктерді тасымалдау және қайыра тиеу технологиялық үрдістерін жобалау мақсатында барлық жүктерді құйылатын үйілетін және дара (“негізгі”) жүктер ден үш топқа бөлген жөн. Бұлардың ең соңғысы көлікке қатысты сипаттамасы әрекеті алуан түрлі жүктерді қаамтиды өйткені олардың алатын орны массасы пішіні ыдысы қаптамасы өндірілуі және тұтыну сынағы өзара мүлде өзгеше болып келеді.
Жүктер өзі жүретін және жүрмейтін жүк кемелерімен тасымалданады. Солмен тасымалдаудың біраз ерекшеліктері бар. Сол дегеніміз- бұл өзара жалғастырылған бөренелерден құбырлар мен басқада нәрселерден тұратын құрал.
Қызмет көрсететін ауданына қарай ішкі су жолымен жүк тасымалдау транзиттік және жергілікті тасымалға бөлінеді. Кеме шаруашылығының қарамағындағы (немесе жалға алынған) флотпен атқарылатын жұмыс транзиттік тасымалға жатады; оның жұмысына тікелей кеме шаруашылығы басшылық жасайды. Аудандық басқарудың кемежайдың немесе айлақтың қараманыңдағы (немесе жалға алынған) флот олардың қызет ету шекарасында жергілікті тасымалдауды жүзеге асырады. Оның жұмысына тікелей осы кәсіпорын басшылық жасайды.
Берілген телімде жүк ең көп тиелген яғни ол арқылы көп жүк массасы жөнлтілетін бағыт тік бағыт ретінде қабылданады. Оның өзен ағысының бағытына қатысс жоқ: ол бір телімде жоғары (ағысқа қарсы ) келесісінде – төмен (ағыс бойымен) қарай бағытталуы мүмкін.
Жоғарыда қарастырылған көрсеткіштер есептелген телімдегі жүктер және жолаушылар тасымалының сандық сипаттамасын береді. Алайда олар жеткізілікті көрнекілікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл үшін оларды бейнелеудің көптеген түрлері бар. Мәселен, жүк ағындарын бейнелеу үшін оларды көрнекі түрде көрсетудің мынада й түрлері қабылданған:
- жүк тасымалының қатынас қағаздары;
- жүк тасымалының шахмат кестесі;
- жүк ағындарының орналасуы (сызбасы);
- жүк ағындарын күнтізбелік бөлу картограммасы;
- тасымалдау немесе жүк айналымы массасы өзгеруінің қисық сызығы.
Жүк ағындарының картограммасын жасау ережелері жүк ағындарын орналастыру ережелеріне ұқсайды. Әдеттегі географикалық карта оның негізі болып табылады. Мұнда жүк ағындарының масштабы көрнекілік бұзылмайтындай тәртіппен, бірақ телімдер бойынша тасымалдау жиілігін көруге болатындай етіп таңдап алынады.
Жүк тасымалын күнтізбелік бөлу диаграммасында уақыт масштабында абсциссалар осінде кейбір навигация айларының ұзақтығы – тәуліктер (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларының ұзақтығы бірге алынады), ал ординаталар осінде тиісті масштабта – жүк тасымалы, т. салынады.
мәліметтеріне жасалған талдау түрлі бағыттар (жоғары және төмен қарай – табиғи жол жол телімінде; бір жағадан екінші жағаға – өзенде немесе бөгенде; көлдегі осы қосыннан және осы қосынға) бойынша өзен көлігінің қызметін пайдаланатын жолаушылар санының болмашы ғана айырмашылығы бар екенін көрсетті. Сондықтан жоспарлы материалдарды әзірлеуде жоғары және төмен қарай жөнелтілген жолаушылар саны бірдей деп қабылданады, ал жолаушылар ағынының орналасуында олар оның айнадағыдай көрінісін беретін болады.
Бұл диаграмма наивгация кезеңіндегі айлар бойынша жүк тасымалының қаншалықты әркелкі бөлінетінін көрсетеді, ал оның максимум ординатасына қатынасы (3.6-формуланы қараңыз) уақыт аралығындағы жүк тасымалының әркелкі коэффициентін береді (3.5-формуланы қараңыз).
Және, ең ақырында, навигациялық кезеңнің бесжылдығы, жылдары немесе айлары бойындағы белгілі бір көрсеткішінің (мысалы, тасымалдау массасының, жүк айналымының) өзгеру қарқындылығын көрсету үшін жүк және жолаушылар тасымалдау массасының өзгеру қисық сызығы пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, жолаушылар ағынын көрнекі бейнелеу түрлері ұсынылады. Жолаушылар ағынының орналасуы ғана кейбір ерекшеліктерімен өзгешеленуі мүмкін.
Дәріс№14
Көлiк флотының жұмысының пайдалану көрсеткiштерi. Жүк флотының жұмысын жоспарлау
Жүк және жолаушылар тасымалының көрсеткіштері
Флот жұмысының сандық көрсеткіштері
Флот жұмысының сандық көрсеткіштері мыналарды қамтиды:
- бірлікпен көрсетілген көліктік рейдтік және қосалқы (түрлері бойынша) кемелердің болуын сондай –ақ тоннамен көрсетілген жүк көтерімділігінің (жүк флотында) және киловатпен (от күшімен) көрсетілген қуатының күрделі жөндеуде тұрған пайдалануға жарамды және пайдалануға жарамсыз кемелер бөліп көрсетілген тарту құралдарының болуын көздейді;
- жұмыс түрлері бойынша (тасымалдауға рейдтік және ақылы жұмыстарға жалға) бөлінген пайдаланудағы өз флотының болуы жұмыспен қамтылу түрлері бойынша (жөндеуде, көтеруде, техникалық күтіп-баптауда) бөлінген пайдалынбайтын, пайдалануға берілмеген кемелердің, сондай-ақ қуат (жүк көтерімділік) бірлігімен – күш (тоннаж) – тәулікпен және жолаушылар сыйымдылығын орын – тәулікпен өлшейтін жалға алынған кемелердің болуы кемелерді тасымалдау операцияларына (стастикалық есептер бағытта жүкпен және бос жүрісі, қосалқы жұмыстарды атқаруы, тиеу – түсіруде және басқа операцияларда болуы ) күш-тәулікпен, тоннаж-тәулікпен, орын-тәулікпен пайдалану; атқарылған көлік өнімдерінің (жүк айналымының, тасымалданған жүк мөлшерінің) көрсеткіштері, флоттың кеме-километр және тоннаж (күш)-километр шығындары.
Флот жұмысының сапалық көрсеткіштері
Флот жұмысының сапалық көрсеткіштерін 1т жүк көтерімділікке (тарту құрамының 1ат күшіне 1 жолаушы орнына) келетін пайдаланылатын тәулік ішінде атқарылатын жұмыстың (тасымалдау, жүк айналымы, кіріс) меншікті шамасы сипаттайды.
Флоттың сапалық пайдалану көрсеткіштері мыналарды қамтиды:
-
кемелердің жүктемесін және жүк көтерімділігін пайдалану коэффициентін (жөнелту сәтіндегі жүктемесін). Жүгі бар рейстердегі жүктемесін, сондай-ақ жүгі бар және бос рейстердегі (олардың жиынтығындағы) жүктемесін ажыратады. Іс жүзінде қысқартып жүктеме деп атайтын “жүгі бар рейстердегі жүктеме” көрсеткіші кең таралған.
-
жүрген жолы және жылдамдығы;
-
кеме айналымының ұзақтығы;
-
флоттың (кеменің, тарту құралының, жолаушы құнының) өнімділігі;
-
флоттың аударып тиеу жұмыстарының өнімділігі және жүкті өңдеу қарқындылығы;
-
кемелердің қуаты және жүк көтерімділігі;
-
кемелерді тасымалдауға пайдалану уақыты;
-
тасымалдау операцияларына жұмсалатын жалпы уақытты пайдалану коэффициенттері және кемелердің жүкпен және бос жүрген жолының (жалпы жүрістен) коэффициенттнрі.
Флот жұмысындағы пайдалану көрсеткіштерінің толып жатқан элементтері арасыннан жолаушылар мен жүк тасымалымен байланысы бар тасымалдау кемелері жұмысының басты жақтарын ескеретін негізгі көрсеткіштер тобын бөліп көрсетуге болады. Олар:
Жүріс жүктемесі (ал жолаушылар кемесі үшін – жолаушылардың орналасуы), жүгі бар кеменің, салдың техникалық жылдамдығы, жүк тиелген кеменің, салдың жүріс уақытын пайдалану коэффициенті және жалпы тәуліктегі (пайдалану тәулігіндегі) еңбек өнімділігі.
Флот жұмысының пайдалану көрсеткіштерін есептеп шығару үшін алдын ала мыналар анықталуы тиіс:
а) кеменің (кемелердің) есептелген кезең ішінде орындауға тиісті (егер жоспарлы көрсетіштер есептелетін болса) немесе орындаған (есеп беру көрсеткіштерін есептеуге) тасымалдау өнімдерінің мөлшері;
ә) флоттың жоғарыда белгіленген тасымалдау өнімінің көлемін орындауына байланысты сол уақыт ішіндегі жұмсаған шығындары.
Жүріс жүктемесі дегеніміз – бұл жолаушылар және жүк тасымалдайтын кемелердің пайдаланылу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш:
- жолаушылар кемесі үшін
, (3.32)
- тоннажы (жүк кемесінің)
, (3.33)
- тартуы (тіркеп сүйрейтін кеменің)
, (3.34)
мұндағы - есептік кезең ішінде орындалуға тиісті (немесе орындалған, егер есеп берілетін – нақты көрсеткіш анықталатын болса) жолаушы-километр мөлшері, жолкм; - есептік кезең ішінде орындалуға тиісті (немесе орындалған) тонна-километр мөлшері, ткм; - кеменің (кемелер тобының) есептік кезең ішінде орындаған орын-километрінің мөлшері, орын-км; - осындай уақыт аралығында жүкпен жүрудегі тоннаж-километр мөлшері, тнж-км; - осындай уақыт аралығында жүк тиелген кемелермен, салдармен жүрудегі күш-километр мөлшері, күш-км.
Техникалық жылдамдық дегеніміз – бұл жолаушылары, жүгі немесе жүк тиелген салы бар кеменің жағалауға қатысты орташа жүру жылдамдығы:
- жолаушылар кемесі үшін
, (3.35)
- тоннажы (жүк кемесінің)
, (3.36)
- тартуы (тіркеп сүйрейтін кеменің)
, (3.37)
мұндағы - жолаушылар флотының жүріс шығындары (жүрістегі жолаушылар-орын мөлшері), орын-тәулік жүр.; - жүкпен жүрістегі тоннаж-тәулік, тнж-тәулік жүр.ж; - жүк тиелген кеменің немесе салдың жүріс күш-тәулігі, күш-тәулік жүр.ж.
Жүріс уақытын пайдалану коэффициенті (жүкпен, жүк тиелген кемемен немесе салмен) мынаған тең
- жолаушылар кемесі үшін
, (3.38)
- тоннаж (жүк кемесінің)
, (3.39)
- тартуы (тіркеп сүйрейтін кеменің)
, (3.40)
мұндағы - жолаушылар флотының есептік кезең ішіндегі (пайдаланудағы) жалпы шығындары, орын-тәу. вал.; - жүк флотының есептік кезең ішіндегі (пайдаланудағы) жалпы шығындары, әдеттегі жағдайда айналма рейс үшін, тнж-тәу. вал.; - тіркеп сүйрейтін флоттың есептік кезең ішіндегі (пайдаланудағы) жалпы шығындары, күш-тәу. вал. (кВт-тәу.).
Жалпы тәуліктегі еңбек өнімділігі (пайдалану тәулігіндегі):
- жолаушылар кемесі үшін:
, (3.41)
- тоннаж (жүк кемесінің):
, (3.42)
- тартуы (тіркеп сүйрейтін кеменің):
, (3.43)
Флоттың әрбір тобындағы жұмыстың пайдалану көрсеткіштері арасында тығыз байланыс бар, оны есептік формулалардан көруге болады. Екіншіден, әрбір көрсеткіш нақты өндірістік жағдайлардағы нақты кеменің жұмыс ерекшелігін, тасымалдау флоты қвзметінің ақырғы нәтижесіне әсер ететін белгілі бір факторды ескереді.
Жөнелту жүктемесі осы қосыннан кеме жөнелтілген сәтте орта есеппен алғанда бір жлолаушы орнына неше жолаушы келетінін көрсетеді.
Тоннажды жөнелту жүктемесі жүк тиеу, қосымша тиеу, жөнелту операциялары жүргізілген қосыннан жүк кемесі жөнелтілген сәтте тіркелген бір тонна жүк көтерімділікке қандай жүк массасы (тоннамен) келетінін көрсетеді.
Тартуды жөнелту жүктемесі - құрамды өзі құрастырылған қосыннан, құрамның өздігінен жүре алмайтын кемелеріне қосымша жүк тиелген қосыннан жөнелту сәтінде тіркеп сүйрейтін кеменің тіркелетін қуат бірлігіне (1 л.с-ге немесе 1 кВт-қа) келетін жүк массасы (тоннамен).
Осылайша, жөнелту жүктемесі оның орын ауыстыруы барысында кездесетін өзгерістерді статикада ескерместен, кемені пайдалану дәрежесі сипаттайды. Бұл көрсеткішті кейде (теміржол көлігінің мысалы бойынша) «статикалық» жүктеме деп те атайды.
Жөнелту жүктемесі (орналастыруы) кемелердің жүгін өңдейтін кемежай-айлақтардың жұмысын бағалау үшін өрсеткіш бола алады, бірақ тасымалдау кемесінің өзінің пайдаланылуын бағалау үшін жеткіліксіз болады.
Көлік флотына тән нақты жұмыс жағдайларында тоннаждың бос жүрісін туғызатын бағыттарда жүктің әркелкі тасымалдануы, жоғарыда қарастырылған жүктеме көрсеткіштері тоннажды пайдаланудың толық көрінісін бере алмайды. Мұны жүк көтерімділікті пайдалану коэффициентінің көмегімен жүзеге асыруға болады. Жолаушылар кемесі үшін мұндай көрсеткіш жоқ, өйткені олардың жұмыс тәжірибесінде кемелердің «бос» (жолаушыларсыз) сапар шегуі болмайды.
Кемелер жақын аралықтарда жұмыс істейтін кездерде, яғни жүкті шағын қашықтыққа тасымалдайтын реттерде жүктер айтарлықтай жиі ауысады, аралық қосындарда жүктердің бір тобы түсірілетін болса, олардың орнына басқа жүктер тиеледі. Жүктің бұлайша ауысып отыруын жүктердің ауысым коэффициенті ескереді, ол бір рейсте тасымалданған жүктің жалпы массасының кеменің тіркелімдік жүк көтерімділігіне қатынасымен анықталады (3.1-кестені қараңыз). Сонымен, бұл коэффициент кеменің тіркелімдік жүк көтерімділігінің бір тоннасына бір рейсте орта есеппен қаншалықты жүк тасымалданғанын көрсетеді.
Жолаушылар кемесі үшін де осындай көрсеткіш – жолаушылар ауысымының коэффициенті белгіленеді (бір рейсте тасымалданған жолаушылар санының кеменің жолаушылар сыйымдылығына қатынасы ретінде). Жолаушылар кемесі үшін жүктер ауысымының коэффициенті есептеп шығарылуы (бір рейсте тасымалданған жүктің жалпы массасының кеменің «таза» жүк көтерімділігіне қатынасы ретінде). Тоннаждың жүктемесі жөнінідегі барлық көрсеткіштердің ішінде жүктер немесе жолаушылар ауысымының коэффициенті ғана бірден астам мәнге ие бола алатынына назар аудару керек. Жоғарыда айтылғандардан жүк көтерімділікті пайдалану коэффициенті жүк флотын пайдалану сапасы жөнінде барынша толық түсінік беретіні түсінікті болады, өйткені ол мыналарды ескереді:
- кемеге бастапқы қосыннан жөнелтілу сәтінде жүк тиелуін (бұл ақырында кемежай жұмысының сапасын да сипаттайды);
- кеменің сапары барысында оған жүк тиеуде кездесетін өзгерістерді;
- кемелердің бос жүріп қалуын.
Жолаушылар кемесінің техникалық жылдамдығы , жүк тиеген жүк кемесінің , тиелген баржа мен салды тіркеп сүйрейтін кеменің техникалық жылдамдығы жылдамдық бойынша көрсеткіштер тобына кіреді, бұл жағалауға қатысты алығнған жылдамдық, яғни кеменің жүріс жолында жылдамдықтың жойылу-өсу үрдісін ескереді.
Кеме жүрісінің барысында жолда нормадағы және нормадан тыс кідірулердің болу-болмауын жол жылдамдығының көрсеткіші , , ескереді. Демек, ол құрамның шлюзден өтуіне, қайта рәсімделуіне, тартымды ауыстыруға, құрамды жабдықтауға, метеорогиялық және басқа себептерге байланысты тоқтап тұруға, аралық қосындардағы жүк операцияларына, ал жолаушылар кемесі үшін – оларды түсіру-отырғызу операцияларына жұмсалатын барлық уақыт шығындарын ескереді.
Жүк кемелері үшін маршруттық жылдамдық есептеледі, ол жоғарыда атйылғандарға қосымша бастапқы қосындағы, жөнелту қосынындағы және кеменің баратын қосынындағы жүк операцияларының ұзақтығын ескереді. Басқаш айқанда, машруттық жылдамдық бастапқы қосында кемеге жүк тиеудің басталу сәтінен барлық жүкті ақырғы қосында түсіруді аяқтау сәтіне дейнігі барлық уақыт шығындарын ескереді. Бұл көрсеткіш жүк кемесінің жұмыс сапасын ғана емес, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл тасымалдау үрдісінің ұйымдастырылу сапасын және жүктің тасымалдау үрдісінде болған жалпы уақытын да сипаттайды.
Жалпы тәуліктік еңбек өнімділігінің мынадай екі әдіспен есептеп шығаруға болады: өнім мөлшері арқылы, яғни жоспарланған (немесе іс жүзінде орындалған) тонна-километр (жолаушы-километр) арқылы немесе негізгі үш элементтік пайдалану көрсеткіштерінің көбейтіндісі ретінде, атап айтқанда, жүктемесі (жүріс жүктемесі) бойынша, жылыдамдығы (жүк тиелген техникалық жылдамдығы) бойынша және уақыты (жүк тиелеген жүрістегі уақытты пайдалану коэффициенті) бойынша анықтауға болады:
- жолаушылар кемесі үшін:
, (3.44)
- тоннаж (жүк кемесінің):
, (3.45)
- тартуы (тіркеп сүйрейтін кеменің):
, (3.46)
Флоттың тасымалдау қабілеті жекеленген кемелер, кемелер тобы, жүк бағыты жұмысының ғана емес, сондай-ақ бүкіл тасымалдау үрдісінің маңызды сапалық сипаттамасы, демек едәуір дәрежеде оның мүмкіндіктерін айқындайтын тасымалдау кәсіпорнн жұмысының экономикалық сипаттамаларынының бірі болып табылады.
Жолаушылар сыйымдылығының, жүк көтерімділіктің немесе қуат бірлігінің тасымалдау қабілеті кемені немесе осы кемелер тобын жалпы пайдалану тәуліктеріндегі өніммен анықталады.
Флоттың тасымалдау қабілетін жоспарланатын тасымалдау көлемімен салыстыру кеме шаруашылығына жоспарланатын тасымалдың флотпен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтауға және қажет болатын жағдайда флот тапшылығын алдын ала жою шараларын қабылдауға, ең алдымен қолда бар резервтерді барынша толық пайдалану есебінен немесе жаңа кемелер жасау, басқа көлік ұйымдарынан жалдау арқылы оны толықтыру мәселесін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Техникалық нормалау жұмысының мазмұны
Өзен көлігі жұмысының техникалық нормалары, тұтас алғанда, флот жұмысын жоспарлауды ұйымдастырудың негізі болып табылады, олар жүзу сапарына шығатын жағалауда еңбек ететін қызметкерлер контингентінің жоғары өнімді еңбек етуін ұйымдастыру, саладағы еңбек және материалдық ресурстар шығынын жоспарлау үшін қажет болады. Жалпы алғанда, пайдалануға, белгілі бір мақсатқа жұмсауға арналған белгілі бір қорлардың ең аз немесе шекті мөлшерін норма деп түсінуіміз керек.
Техникалық норма дегеніміз – бұл өнім бірлігін өндіруге жұмсалатын еңбек, уақыт, материалдар шығынының өлшемі немесе белгілі бір техникалық құралдарды пайдалану, өндірістің энергиямен жарақтануын ұйымдастыру жағдайында өндірілетін өнім мөлшерінің өлшемі болып табылады.
Көлік флотын пайдалану саласында жүк кемелері жүктемесінің, тіркеп сүйрейтін (буксирлеп) кемелер салдарының (плот) құрамы мен көлемдері массасының, кейбір көлік операцияларын атқару жылдамдығы мен уақытының нормалы белгіленеді.
Техникалық нормалар үдемелі болуы, өндіріс озаттарының, ең алдымен, кеме экипаждарының, кемежай-айлақ қызметкерлерінің жетістіктерін ескере отырып, жаңа техника мен озық технологияларды пайдалануы тиіс.
Пайдалану жұмыстары тәжірибесінде техникалық нормалар пайдаланылатын техникалық құралдарға, еңбектің ұйымдастырылуына, оның энергиямен жарақтануына, қызметкерлердің мәдени және біліктілік деңгейіне сәйкес өндірілетін өнім бірлігіне жұмысалатын уақыт, жанар-жағармай, материалдар мен шикізат шығынын айқындайды.
Флот жұмысын техникалық нормалау оның жұмысын басқару негізін құрайды, еңбек және сала шығындарын жоспарлау үшін қажетті алғышарттар түзеді. Ол сондай-ақ жүзу сапарындағы құрам мен кемежай-айлақтар қызметкерлерінің барынша өнімді жұмыс істеуі, ұтымды технологиялық процестерді негіздеу, озат тәжірибе мен ғылыми-техникалық прогресті енгіру үшін қахет болады.
Техникалық нормалау кеме шаруашылығының пайдалану жұмыстарының жоспарын жасау үшін бастапқы негіз болып табылады.
Техникалық нормалар флоттың түрлеріне (жүк-жолаушылар тасымалдайтын және өздігінен жүре алмайтын, құрғақ және үйілген жүк тасымалдайтын, мұнай құятын; тіркеп-сүйретіп – құрғақ және үйілген жүк тасымалдайтын, мұнай құятын және салмен тасымалдайтын); кемелердің түрлеріне (жүк көтерімділігі мен қуаты жөнінен белгілі бір аралықта жұмыс істейтін жобалар мен топтардың нормалары бойынша); жүзу маусымы – навигация кезеңдеріне (су тасқыны, көктем, қайырлау, күз, ал ауа жастығындағы кемелер пайда болатын және мұзжарғыштар кеңінен пайдаланатын – қысқы кезеңде); жүк тасымалының құрамына (транзиттік, жергілікті, ал жолаушылар кемелері үшін – қаламаңындағы және қала ішіндегі) және т.с.с, қарай белгіленеді.
Жоспарлы құжаттарды (кеме шаруашылығын пайдалану жұмысының жоспарын, флот жүрісінің графигін, кеменің өндірістік-қаржы жоспарын, кемежай-айлақтың техникалық жұмыс процесін және т.с.с.) жасау негізіне алынған техникалық нормаларды орындау өзен көлігінің барлық бөлімшелері, пайдалану аппаратының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.
Орындалған жұмыстарды талдау көлік конвейерінің жұмысындағы кемшіліктерді, оның ішкі резервтерін анықтауға, анықталған резервтерді тиімід пайдалану жолдарын енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Флотты пайдалану жөніндегі нормаларды белгілеудің әдістері
Талдау жүргізу әдісі флотты пайдалану жөніндегі нормаларды белгілеудің негізгі әдісі болып есептеледі. Бұл әдісті қолдануда нормалар нормаланатын операцияларды орындау тәсілдерін, элементтер бойынша есеп жүргізу жолымен техникалық құралдарды пайдалану тиімділігін зерттеу және талдау негізінде жобаланады.
Есеп беру құжаттарынан алынған нормаланатын шаманың әлде неше рет қайтанаған іс жүзіндегі мәнін пайдалануға негізделген тәжірибелік-статистикалық әдіс флотты пайдалану жөніндегі нормаларды негіздеудің келесі әдісі болып есептеледі.
Әр түрлі нормаларды дәлелдеу үшін сонымен қатар тікелей бақылау жүргізу әдісі қолданылады. Осының негізінде зерттелетін шаманың орташа мәні (нормасы) туралы нанамды пікір айтуға болады, 0,95 ықтималдықпен 5%-дан аспайтын қателік жіберу мүмкін белгілі бір шаманы тікелей бақылауға қажетті сан мынадай болады:
, (3.20)
мұндағы - бақыланатын шаманың өзгеру коэффициенті.
Талдап нормалау әдісі
Талдап нормалау әдісінде техникалық норма есептеу формуласы арқылы белгіленеді, бұл формула жобаланатын норманың деңгейі мен сан арқылы өқрнектелетін сыртқы факторлар арасындағы тәуелсіздік болып табылады. Нормалаудың сапасы қызмет байланыстарын анықтаудың дұрыстығы мен олардың тасымалдау үрдісінің шындығына сәйкес келуіне байланысты болады. Талдау әдісі айтарлықтай қарапайым болып келеді, негізінен көп уақыт жұмсауды қажет етпейді және өндіріс жағдайында қолдануға қолайлы болатындықтан, компьютерлік техниканы кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Талдау әдісін пайдалануда белгілі бір шектеулердің болуын былайша түсіндірген жөн: тасымалдау үрдісінің барлық операцияларын флоттың жұмыс жағдайларын айқындайтын көптеген факторлар мен ішкі байланыстарды дәлме-дәл көрсететін талдау формулаларынының көмегімен сипаттай аламыз.
Тәжірибелік-статистикалық нормалау әдісі флот жұмысының барысында алынған есеп беру материалдарының (атқарылған жүріс графигінің, кемелердегі жол журналдарының, кемежай-айлақтарда флоттың өңделуін есепке алу статистикалық формаларының (мысалы, №15-өзен формуласының) негізінде техникалық норма белгілеуді көздейді. Мұнда мынадай жағдайды есте сақтау керек: мұндай ретте нормаларды белгілеу нақты ахуалды көрсететін және көбіне жұмыстағы барлық кемшіліктерді ескеретін және керісінше, кез келген көлік кәсіпорнының пайдалану қызмет жағдайында ұдайы туындап, жетіле беретін еңбек етудің озат әдістерін толығымен ескере алмайтын бұрынғы материалдарға сүйенеді.
Тікелей бақылау әдісі
Тікелей бақылау әдісі өзен көлігінде нормалау тәжірибесінде айтарлықтай кеңінен пайдаланылады. Ол ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына барынша сай келетін, өндірістің ішкі резервтерін пайдалану жолдарын тауып, анықтауға септілігн тигізетін жаңа техниканы, озық технологияны, өндіріс озаттарының жаңашылдық тәжірибелерін енгізу нәтижелерін ескеретін техникалық нормалар түзуге мүмкіндік туғызады.
Тікелей бақылаулар әр түрлі әдістермен жүргізіледі, олардың негізгі түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: хронометраж (үздіксіз және ішінара), бір сәттік бақылау, жұмыс күнінің немесе жұмыс үрдісінің фотосуреті, фотохронометраж және т.б.
Хронометраж жекеленген тәсілдердің (әрқайсысының басталу және аяқталу сәтінің) уақытша шекараларын тіркеп отырудан тұрады, олардан жекеленген операциялар пайда болады және одан әрі – жұмыс үрдістері мен технологиялық үрдіс жинақталады хронометражды қолдану флоттың (немесе жүк тиеу-түсіру механизмжерінің, мысалы, кеменің жүгін өңдеуде көтеру краны жұмыс циклінің) технологиялық жұмыс үрдісіндегі тиісті операциялардың циклді қайталанып отыратын тәсілдерінің уақытын нормалаумен шектеледі.
Үздіксіз хронометражда бақылау жұмысы барлық тәсілдерді немесе операцияларды қамтитын бүкіл технологиялық үрдіс бойында үздіксіз жүргізіледі. Ішінара хронометраж жүргізуде алдын ала белгіленген белгілі бір тәсілдердің немесе операциялардың орындалуына бақылау жасалады.
Бір сәттік бақылау жүргізу әдісін ішінара хронометраждың бір түрі деп есептеуге болады: ол кездексоқ таңдалған уақыт сәтінде кейбір тәсілдердің (операциялардың) орындалуына жұмсалатын уақыт шығынын зерттеуді көздейді. Оның көмегімен жұмыс үрдісінің орындалуы кезінде белгілі бір тәсілдің (операцияның) қайталануы мүмкіндігі анықталады.
Жұмыс барысының фотосуретін алу бүкіл зерттелетін жұмыс үрдісі бойында барлық тәсілдер мен операцияларды (технологиялық үрдістің әрбір элементінің басталуы мен аяқталуын) «түсіру нүктелерін» зерттеу мен тіркеп отыруды көздейді. Мұндай бақылау үздіксіз жүргізіледі. Жұмыс күнінің немесе жұмыс ауысымының фотосуретін алу бүкіл ауысым немесе тәулік бойында үздіксіз бақылау жүргізуді білдіреді.
Мұндай суреттерді түсіру жекелеген тәсілдер мен перациялардың ұзақтығын анықтауды ғана емес, сондай-ақ тұтас алғанда, жұмыс үрдісінің құрамын, оның жеке бөліктерінің орындалу реттілігі мен ұзақтығын да анықтауға септігін тигізеді.
Фотохронометраж – бұл хронометраж бен суреттер түсіру тәсілдерінің өзара ұштасуы. Ол кейбір тәсілдердің немесе операциялардың құрамы менорындалу реттілігі тұрақсыз болып, технологиялық үрдістің әрбір келесі кезеңінде өзгеріп отыруы мүмкін болатын жағдайларда пайдаланылады. Мысалы, бастапқы немесе ақырғы қосындарда кеменің жүк тиеу-түсіру және техникалық операцияларға жұмсайтын уақыт шығынын нормалауда хронометраж, ол осы үрдістің барлық басқа құрамдары үшін – суретке түсіру пайдалануы мүмкін.
Қазіргі кезде тікелей бақылау жүргізудің жоғарыда аталған барлық әдістері флотты пайдаланудың ғылыми негізделген нормаларын анықтау үшін жаппай қолданылып келеді.
Дәріс№15
Флоттың жұмысын шұғыл басқарудың мақсаты мен функциялары. Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау. Флоттың жұмысын шұғыл есептеу және талдау. Жолаушылар флоты мен жолаушы қатынастарының желiлерi
Флоттың жұмысын шұғыл басқарудың мақсаты мен функциялары. Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау
Флот жұмысына диспетчерлік басшылық жасау
Флот жұмысына диспетчерлік басшылық жасау дегеніміз тасымалдау флотының бүкіл жұмысына орталықтандырылған шұғыл басқаруды ұйымдастыру және, сайып келгенде, осы тасымалдау кәсіпорнының көлеміндегі тасымалдауды басқару болып табылады. Диспетчерлік басшылық жасау өзінің орталықтандырылған шұғыл басқару болатындығымен белгілі.
Диспетчерлік басшылық жасауды орталықтандыру дегеніміз бұл оның шұғылдігі жөнінен бүкіл тасымалдау флотының бірыңғай диспетчерлік аппаратқа бағынатынын білдіреді, ал аппарат флот жұмысын шұғыл басқару және реттеу жөнінідегі барлық міндеттерді, сондай-ақ оларды флотқа қызмет көрсететін және оның қызмет етуіне қажетті қалыпты жағдайларды қамтамасыз ететін басқа бөлімшелердің жұмысымен үйлестіру қызметін атқарады.
Диспетчерлік аппараттың құрылымы
Кеме шаруашылығының диспетчерлік аппарат флот жұмысын шұғыл басқаруды жүзеге асырады. Диспетчерлік аппараттың флот жұмысын басқару жөнінідегі негізгі міндеттері мыналарды атқарудан тұрады:
- жүк тасымалдау жоспарының және жүкті дер кезінде жеткізу жөнінідегі шарттық міндеттемелердің орындалуы, яғни халыққа және экономика салаларына өзен, каботаж және сыртқы сауда тасымалымен көлік қызметін көрсетудің сенімді жүйесін қамтамасыз ету;
-флот жүріс графигіне сәйкес жұмыс істеуі негізінде тасымалдау көлігінің тиімді пайдаланылуы;
- өзен көлігінің техникалық қайта жабдықталуы мен қайта жаңғыртылуына мүмкіндік беретін мүлде жаңа техника мен ең соңғы технологияның, флоттың жаңа түрлері мен оны пайдалану әдістерінің енгізілуі;
- реттеліп отыратын нарықтық экономика жағдайларында шаруашылықты жүргізу түрлері мен әдістерін жетілдіруге белсене қатысу.
Диспетчерлік аппараттың құрылымы тасымалдау жұмысы операциясының барлық түрлерінің орындалуына орталықтандырылған үздіксіз басқару мен бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді, ол диспетчерлік қосындар мен операторлық қосындарды, аудандық басқармалар мен кемежай-айлақтардың диспетчерлік қосындарын қоса алғанда кеме шаруашылығының диспетчерлік қосындарын қамтиды.
Кеме шаруашылығының бастығы тасымалдаудың көлемі мен сипатына, пайдаланылатын флоттың санына қарай диспетчерлік аппараттың құрылымын белгілейді.
Транзиттік флоттың жүрісін орталықтандырылған басқаруды және өңделуін бақылауды жүзеге асыратын кеме шаруашылығының диспетчерлік жүйесі аумақтық, қызметтік немесе аралас (аумақтық-қызметтік) белгі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.
Аумақтық белгі бойынша ұйымдастырылған диспетчерлік басқару жүйесі бассейннің жекелеген аудандарында, мысалы, «жоғарғы» және «төменгі айналым», «солтүстік аудан» (әдетте жолдың теңіз телімдерін қамтитын) және т.с.с. диспетчерлік қосындар ұйымдастыра алады.
Диспетчерлік қосындар қызметтік белгілеріне қарай флоттың түрлері (жолаушылар, жүк теплоходтары, тартым, өздігінен жүре алмайтын тоннаж) немесе тасымалдау сипаты (салдармен тасымалдау, мұнай тасымалы, шетелдік тасымал, Солтүстік жүк тасымалы, шағын өзендерге жеткізу және т.с.с.) бойынша ұйымдастырылады.
Кеме шаруашылығының диспетчерлік басқаруын ұйымдастыру құрылымында көбіне аралас белгі пайдаланылады.
Кеме шаруашылығының әрбір диспетчерлік қосынын аға диспетчер басқарады, ол осымен бірге тиісті қызмет көрсету ауданы немесе флоттың түрі бойынша бас диспетчердің орынбасары болып есептеледі, ол шұғылдік қызмет жөнінен кеме шаруашылығының бас диспетчеріне бағынады.
Кемежай-айлақтар мен аудандық басқармалардың диспетчерлік қосындары өздеріне белгіленген шекарада транзиттік флоттың жүрісіне, өңделуіне және оларға қызмет көрсетуге, сондай-ақ жергілікті жүк пен жолаушылар тасымалына шұғыл басшылық жасауды жүзеге асырады.
Жүк айналымына, тиеу-түсіру жұмыстарының көлеміне және жергілікті тасымалдың көлеміне қарай кемежайда мынадай диспетчерлік қосындар ұйымдастырылуы мүмкін: транзиттік флоттың жүрісі мен өңделуі, оған кешенді қызмет көрсету қосыны, рейдтік жұмыстар (командасыз жұмыс істейтін өздігінен жүре алмайтын флотқа қызмет көрсетуді қоса алғанда), жергілікті жүк тасымалы, жергілікті, қала маңындағы және қала ішіндегі жолаушылар тасымалы қосындары. Шлюз болатын жағдайда – шлюздеу диспетчерлік қосыны ұйымдастырылады. Кеме шаруашылығындағыдай, бұл қосындарды да кемежайдың бас диспетчерінің орынбасарлары болып табылатын аға диспетчерлер басқарады.
Диспетчерлік аппараттың атқаратын қызметі
Кез келген басқару деңгейіндегі диспетчерлік аппарат мынадай жұмыс түрлерін атқарады:
- жалпы алғанда және негізгі номенклатура бойынша тасымалдау жоспары мен шарттық міндеттемелердің біркелкі орындалу шарттарын басшылыққа ала отырып, тасымалдау флотының жұмысын ұйымдастырады;
- тасымалдау кемелерінің жүріс графигімен белгіленген жүктеме, жылдамдық, уақыт нормативтерін және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларды орындауы үшін жағдайлар туғызады;
- жүріс графигінің нормативтеріне сәйкес жолда, кемежайларда, кеме жөндеу кәсіпорындарында флоттың жүрісіне, өңделуіне және оған қызмет көрсетуге шұғыл бақылау жасауды жүзеге асырады;
- жүк баратын кемежайлар мен жүк қабылдаушыларды жүктің түрі мен мөлшерін, оның келу уақытын көрсете отырып, олардың атына жүк тиелген кемелердің (немесе жүк тиеу үшін бос кемелердің) жөнелтілгені туралы хабардар етеді;
- жүк жөнелтудің, тоннажды берудің және флотқа кешенді қызмет көрсетудің шұғыл (онкүндік, тәуліктік) және ауысымдық-тәуліктік жоспарларын жасап, орындалуын қамтамасыз етеді;
- рейдтерде, тоқтап тұру қосындарында, шлюздерде салдардың, құрамдар мен жекелеген кемелердің қауіпсіз орналасуын қоса алғанда, флоттың авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды;
- рейстік тапсырмаларды орындау жөнінідегі диспетчерлік жарлықтарды түзеп, оларды кемелерге жеткізеді, тәуліктік және ұзақ мерзімдік ауа райы (Гидрометеоқызмет) болжамдарын және жол габариттері болжамдарын қоса алғанда, оларды қажетті навигациялық аппараттармен қамтамасыз етеді;
- өзінің жұмысын өзінің және сабақтас кеме шаруашылығындағы басқа телімдердің жиспетчерлерімен үйлестіреді;
- диспетчерлік тәулік ішіндегі өз жұмысының нәтижелерін көрсететін есеп беру-атқару құжаттамаларын жүргізеді;
- флот пен кемежайларда озық еңбек әдістерінің енгізілуін зерттеп, ұйымдастырады, жаңа техника мен озық технологияны дамыту және енгізу жоспарының орындалуына көмектеседі;
- нақты жағдайларда, кемелерді өңделу үшін кемежайларға ырғақты беріліп отыратын және кемежайлардың өздері ырғақты жұмыс істейтін жағдайларда тасымалдау үрдісін реттеу есебінен жүріс графигінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кейбір пайдалану міндеттерін тиімді шешу нұсқаларын таңдайды.
Флоттың жұмысын шұғыл жоспарлау
Шұғыл (онкүндік және тәуліктік) жоспарлау, ал кемежайларда, бұған қоса, ауысымдық-тәуліктік жоспарлау флот жұмысының жоспарларын одан әрі тереңдету және нақтылау болып табылады. Шұғыл жоспарлар кеме шаруашылығының пайдалану жұмысының жоспарына (жыл), ФЖГ (навигация), Техжоспарға (ай) қарағанда жеке кемежай-айлақтар, тасымалдау кемелері үшін айтарлықтай қысқа мерзімге – уақыт аралығына – онкүндікке, тәулікке (одан әрі – ауысым, сағатқа) арналған нақты міндеттерді белгілейді.
Онкүндік кезеңі үшін тиелуге берілетін тоннаждың онкүндік жоспары жасалады. Оның міндеті – жүк жөнелтушілердің онкүндік өтінімдеріне қосылған барлық жүктердің жөнелтілуін қамтамасыз ету. Басқаша айтқанда, мұндай онкүндік жоспар онкүндік ішінде әрбір кемежайдың бос жөнелтілетін барлық жүкті тиеуге жеткілікті болатындай бос тоннаж мөлшерін қабылдай алуын көздейді.
Кеме шаруашылығының диспетчерлігі флоттың жұмысы мен жүк тасымалына қатысы бар басқа да қызмет пен бөлімдердің қатысуымен тоннаж тиеудің онкүндік жоспарын жасап, бас диспетчердің бекітуіне ұсынады. Мұнда мыналар бастапқы құжаттарға жатады:
- алдағы айда жүк жөнелту жоспары (Техжоспардың Т-1 формасы);
- жүк жөнелтушілердің онкүндік (жауапты) өтінімдері;
- ФЖГ-не енгізіліп, Техжоспарда нақтыланған жүктеме, жылдамдық және уақыт нормалары;
- флоттың онкүндік жоспарды жасау сәтіндегі нақты орналасуы және жоспарлау алдындағы онкүндіктің соңындағы болжам;
- алда тұрған онкүндікке қысқа мерзімдік ауа райы болжамы және жол жағдайларының өзгеру ықтималдығы;
- ағымдағы онкүндікте жөнелтілген жүк есебінің шұғыл мағлұматтары және олардың кемежайлары мен жүк жөнелтушілердің айлақтарындағы мөлшері.
Онкүндік жоспар жасаудың үлгі тәртібі мынадай. Жүк жөнелтушілердің алда тұрған онкүндікке берген жауапты өтінімдерін (олардың өткен кезеңде жинақталған орындалмау шамасын қоса алғанда) және Техжоспарда белгіленген жүктеме нормаларын басшылыққа ала отырып, әрбір кемежай-айлақ, жүк жөнелтушінің айлағы және әрбір жүк түрі бойынша бос тоннаждың мөлшері анықталады. Онкүндік жоспардың жасауы сәтінде флоттың орналасуы және оның орналасқан орнын болжау және ағымдағы онкүндіктің соңындағы жұмыстың сипаты туралы шұғыл мағлұматтарды пайдаланып, Техжоспар белгілеген жылдамдық және уақыт нормаларының негізінде бос кемелердің болжамды жүк тиеу қосындарына және жүк тиелген кемелердің – жүк түсіру қосындарына келуінің, жүк түсіруді аяқтау уақытының және кемені болжамды жүк тиеуге қою уақытының болжамы жасалады.
Қабылданған және Техжоспармен бекітілген әрбір бағыт бойынша бірінші кезекте жөнелтілетін аса маңызды жүк тиелген кемелер мен құрамдарды жөнелту жиілігіне сәйкес бос кемелерді оларға жүк тиелетін қосындарға жекелей бөлу реті белгіленеді. Осының нәтижесінде онкүндік жоспарда әрбір тәулікте әрбір қосынға жүк тиеуге берілуге тиісті кемелер (аталып), жалпы және номенклатура бойынша жөнелтілген жүктердің тонна мөлшері көрсетіледі.
Кеме шаруашылығы бастығының талқылауы мен бекітуінен өткен онкүндік жоспар осы шаруашылықтағы диспетчерлікаппараттың, кемежай-айлақтардың және басқа флотты өңдеу мен оған қызмет көрсетуге қатысы бар басқа бөлімдер мен қызметтің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті жауапты құжатқа айналады.
Тоннаж тиеудің онкүндік жоспары тәуліктік жоспарлаудың негізгі болып табылады, ал оның өзі мыналардан тұрады:
- жүк жөнелтудің тәуліктік жоспары (әрбір кемежай және тұтас алғанда кеме шаруашылығы бойынша);
- кемелер мен салдарды шлюзден өткізудің тәуліктік жоспары;
- әрбір кемежайдың ауысымдық-тәуліктік жұмыс жоспары.
Тәуліктік жоспар онкүндік жоспардың көрсеткіштерін талдап, нақтылайды. Тәуліктік жүк жөнелту жоспарында әрбір жүк тиелген кемені немесе құрамды жөнелту, оларға жүк тиеу мерзімдері (айы, күні, сағаты), баратын қосыны, график желісінің нөмірі, тіркеп сүйрейтін кеменің атауы көрсетіледі. Шлюздің тәуліктік жұмыс жоспарында әрбір кемені, құрамды немесе салды шлюзден өткізу уақытының басталуы мен аяқталуы көрсетіледі. Тәуліктік жоспар жасауда диспетчерлік тәуліктік басталуы ретінде Астана уақытының 18.00 сағаты қабылданады.
Тәуліктік жоспар тасымалдау және флотты пайдалану қызметінің бастығы жанындағы диспетчерлік кеңесте талқыланып, сағат 17.00-ге дейін оны орындаушыларға жеткізіледі.
Су көлігімен тасымалдау үрдісін жоспарлау
Кеме кәсіпорын пайдалану жұмысының жоспары дегеніміз – бұл мол пайда табу жолында еңбек және материалдық ресурстар шығынын барынша азайта отырып, жүк тасымалдау жоспарын орындауға бағытталған жоспарлау-ұйымдастыру шараларының жиынтығы.
Жүк тасымалын жоспарлауда мына бөлімдер қамтылады:
I – жоспар жасауға қажетті бастапқы мағлұматтар;
2 – жүк тасымалы мен флот жұмысын ұйымдастыру;
3 – жоспарды орындаудың ұйымдастыру-техникалық шаралары;
4 – кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімділігі.
Бастапқы мағлұматтардың құрамынан екі бөлім бөлініп көрсетіледі:
- физикалық және пайдалану навигация жағдайлары;
- жүк тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарының жоспары.
Әрбір кеме кәсіпорнының жүзу маусымына белгіленетін жоспарлы жүк мөлшері мынадай көздерден тұрады:
1) мемлекеттік тасымалдау тапсырысы;
2) дәстүрлі жүк жөнелтушілер мен кеме кәсіпорны арасында жасалған жүк тасымалдау шарты;
3) өзен көлігіне жүк тапсыратын қосымша көздер.
Тасымалдау флоты кемежайлар мен флот жұмысының технологиялық үрдісіндегі негізгі буын болып саналады. Пайдалану жұмысының жоспарын жасауда ең алдымен, жоспарланатын кезеңге кеме кәсіпорнының балансында флоттың болуы анықталады және жүк тасымалдау жоспарын орындау үшін қажеттігі айқындалады.
Кемелердің саны, олардың жиынтық қуаты және өздігінен жүретін, өздігінен жүре алмайтын флоттың әрбір түрі бойынша жеке алғандағы олардың жүк көтерімділігі флоттың бар екендігін дәлелдейтін көрсеткіштер болады.
Ағымдағы (яғни жоспарлау алдындағы) жылдық 1 қаңтары қарсаңындағы флоттың тізімдік құрамы, сондай-ақ жоспарланатын жыл ішінде келіп-кететін кемелердің жоспары кемелердің бар-жоқтығын анықтау үшін негіз болады.
Кемелердің келіп-кетуі ескерілетін флоттың тізімдік құрамы жұмыс тобы мен жарамсыздар тобына бөлінеді. Жұмыс тобына пайдалануға жарамды кемелер, ал жарамсыздар тобына – күрделі жөндеуде, «авариялық» жағдайда тұрған, тозуына байланысты пайдалануға болмайтын кемелер енгізіледі.
Флот құрамы түрліше жолдармен толықтырылады: жаңа кемелер алу, өзге кеме шаруашылығынан қабылдау, күрделі жөндеуден өткен кемелердің келуі, кемелерді жетілдіру есебінен олардың қуаты мен жүк көтерімділігін арттыру.
Флот құрамының кемуі мынадай баптармен анықталады: олардың басқа кеме шаруашылығының немесе тасымалдау саласына жатпайтын ұйымдардың балансына беру, белгіленген тәртіппен бұзуға тапсыру, техникалық күйінің нашарлауы себепті олардың қуаты мен жүк көтерімділігінің кемуі.
Флоттың бар-жоқтығы абсолюттік және орташа навигациялық (тоқсандық орташа, айлық орташа) есептеу арқылы анықталады.
Жүріс графигі және техникалық жоспар
Флоттың жүріс графигі (ФЖГ) дегеніміз – бұл жүзу маусымы – навигация бойында кеме шаруашылығының (сабақтас шаруашылықтар тобының) флотын пайдалану жоспары. ФЖГ-нің негізгі мақсаты – еңбек шығындары мен флоттың техникалық құралдарын барынша аз жұмсай отырып, навигациялық тасымалдау жоспарын орындау. Бұған жүк кемелерін телімдерге тиімді орналастыру, өздігінен жүре алмайтын кемелер мен тартым құралдарының жүрісін, кемежайларда өңдеуден өтетін флоттың жүрісін үйлестіру, оларды шлюз арқылы өткізу, зауыттарда (РЭБ-терде) техникалық қызмет көрсету және жөндеу арқылы қол жеткізуге болады.
ФЖГ-ні тұрғызуға қажетті бастапқы мағлұматтар:
-
жергілікті, бассейн ішіндегі және бассейн арасындағы транзиттік тасымалдауды бөлім көрсете отырып, алдағы жүзу маусымындағы жүк ағындарының қағаздары;
-
флоттың балансы және оның техникалық-экономикалық сипаттамалары;
-
жалпы және ерекше пайдаланылатын айлақтардың сипаттамасы мен мамандануы;
-
бассейндердегі жол жағдайларының сипаттамасы;
-
жөндеу-пайдалану базаларының сипаттамасы, олардың мамандануы және бассейнде орналасуы;
-
флотқа кемежайлар мен жолда жүк тиеу, жылдамдық сақтау, өңдеу және қызмет көрсету нормативтері.
ТЖ-нің негізгі құжаттарына мыналар жатады:
-
жүктерді жөнелту мен флоттың түрлері бойынша тасымалды бөлудің жиынтық жоспары;
-
флоттың жұмысының жоспары;
-
сабақтас кеме шаруашылықтары арасында флот алмасу жоспары;
-
пайдалануда болатын флоттың орташа тәуліктік нормалары.
Флот жұмысының жоспары айдың уақытша шекараларындағы жүк айналымы бойынша тапсырманы белгілейді (айдың бірінші күнінің 0 сағатынан соңғы күніндегі 24 сағатқа дейін). Флот жұмысының жоспарын жөнелту бойынша жүк айналымын , жоспарлау алдындағы айдан «кіретін» және жоспарлаудан кейінгі айға «өтетін» жүк айналымын ескере отырып есептейді:
, (3.55)
Флоттың жұмысын шұғыл есептеу
Шұғыл жоспарлау мен реттеудің нақтылығы мен тиімділігі шұғыл бақылаудың алға қойылуына, флоттың жұмысын және тұтас алғанда, бүкіл тасымалдау үрдісінің барысын есепке алу мен талдап отыруға байланысты болады.
Шұғыл бақылау жұмысы мыналарды сипаттайтын негізгі параметрлерге бақылау жүргізуден тұрады: кеме жұмысындағы технологиялық үрдістің жеке элементтерінің – ең алдымен, айналма рейстің басталуы мен аяқталуы, бастапқы қосыннан жөнелту және ақырғы қосынға келу, аралық қосындардан жүріп өту, сондай-ақ белгілі бір сәттегі (тәуліктің соңындағы) кеменің тұрған орны мен жұмысының сипаты; жүктеме, жылдамдық, уақыт нормаларының орындалуы және т.с.с.
Шұғыл есепке алу жұмысы дегеніміз, тұтас алғанда, әрбір жеке кеме мен флоттың, сондай-ақ кемежайлардың белгілі уақыт аралығында – тәулік, онкүндік, ай, тоқсан, жүзу маусымы ішінде атқаратын жұмысын сипаттайтын ақпараттарды жинау, қорыту және өңдеу болып табылады.
Кеме шаруашылығының бас диспетчерлігінде тұтас алғанда осы шаруашылық бойынша тәуліктік және онкүндік жоспарлардың орындалу қорытындысы шығарылады. Диспетчерлік қосынға «бағыттардан» келіп түсетін және төмендегідей есеп беру-атқару құжаттамасы түрінде толтырылатын жедел ақпарат жедел есепке алу көзі болып табылады:
- флот жүрісінің атқарылған тәуліктік графигі;
- диспетчерлік тәуліктердің соңында флоттың (кемелердің, құрамдардың, салдардың) жүріс және жүкті өңдеу алаңында орналасуы;
- есепке алу журналдары: жүріс графигінің орындалуын; кемелердің жөнелтілуін, жүріп өтуін және келуін; өңдеу және қызмет көрсету (кемежайлардың диспетчерлігі); жөнелтілетін жүктердің мөлшерін; кемелерге қызмет көрсету өтінімдерін;
- авариялар мен оқиғалар, кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналдары;
- диспетчерлік жарлықтардың көшірмелері.
Есеп беру-атқару құжаттамасы диспетчерлік ауысымның өз кезекшілігі тұсындағы флот пен кемежайлардың қызметін басқару жөнінідегі жұмыс нәтижелерін көрсетеді.
Кемелерді пайдалану уақытының және тасымалдау операцияларына кемелерді пайдаланудың есебін алу тоқтаусыз жүргізіледі.
Кеменің берілген есептік кезеңдегі (тәулік, онкүндік, ай, навигация) бүкіл жұмыс істейтін уақыты пайдалану уақыты мен пайдаланудан тыс уақытқа бөлінеді. Кеменің жүк, жолаушылар тасымалына, рейдтегі және ақылы жұмысқа, жалға пайдаланылған уақытыпайдалану уақыты деп есептеледі. Кеменің резервте, яғни бос тұруы, аяқталмаған қысқы жөндеуде, шлюзде (докта), жөндеуде тұру уақыты пайдаланудан тыс уақытқа жатады (егер олардың ұзақтығы жоспарлы кезеңнің бес тәулігінен кем болмаса). Мұнда кеме үстінде оның командасы болмауы тиіс, өйтпейінше кеме пайдалануда тұрған болып есептеледі. Есеп беруде мыналар пайдалану уақытына қосылмайды: кемені қарусыздандыру және қаруландыру уақыты, флоттың қысқы тоқтау қосындарында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оны күзетуге және құтқаруға жұмсалған уақыт, мұз жару жұмыстары, шығанақтағы кезекшілік, осндай-ақ жүк кемелерінің іс жүзіндегі рейске шығу сәтіне дейінгі қысқы жұмсалған уақыт.
Шұғыл талдау жүргізу тасымалдау жұмысының жоспарлы мерзімінен ауытқуын анықтап, оның себептерін түсіндіруді, жалпы және жекелеген элементтері бойынша мұндай ауытқушылыққа сандық баға беруді, сондай-ақ тасымалдау жұмысы барысында анықталатын жасырын резервтерді тауып, бағалауды көздейді. Шұғыл талдау нормалау мен болжау жасаудың негізі болып табылады.
Жолаушылар флоты
Жолаушылар кемелерінің атқаратын жұмысы тасымалданған жолаушылар санымен және жолаушылар айналымымен өлшенеді.
Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны олардың нақты санымен және жүріп-тұруымен анықталады. Халықтың жүріп-тұруы дегеніміз – бұл орта есеппен жылына бір адамға келетін сапар саны.
Жалпы алғанда, жолаушылар тасымалын жоспарлау әр түрлі уақытша полигондағы жүк тасымалын жоспарлауға ұқсас жүргізіледі. Алайда жоспарлаудың жеке мәселелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда стратегиялық және ағымдағы жоспарларды жасау міндеттерінің зор маңызы бар.
Стратегиялық жоспарлау кезеңінде халықтың жүріп-тұруына әр түрлі факторлардың әсері анықталады.
Әдетте стратегиялық жоспарлау алдында жекелеген аудандардағы халықтың санын, оның құрылымын (жұмысшылар, шаруалар, қызметшілер, оқушылар), тұрғылықты орнын (қала, жұмысшылар поселкесі, ауылшаруашылық кәсіпорындары және т.с.с.) анықтау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізіледі.
Болжау әдістерін қолдану арқылы таяу болашақтағы жолаушылар санын анықтауға болады. Қазіргі уақытта мұндай бірнеше әдісті атауға болады, алайда олардың кез келгенін қолданудан жуықтатылған нәтижелер алынады. Олардың негізгілері мыналар:
1) қарапайымдатылған («аңғал») болжам;
2) өзгермелі орташа мәнді әдіс;
3) сараланған орташа мәнді әдіс;
4) болжамданатын көрсеткіштің өзгеру үрдісінің желілік теңдеуін пайдалану.
Жолаушылар тасымалын жоспарлауда кеме шаруашылығында қалыптасқан желінің сызбасы негізге алынады.
Жолаушылар қатынасы желісін жіктеу
Тасымалдау бағыты мен қашықтығына, ұсынылатын қызмет түрлері мен олардың қолайлығына қарай жолаушылар желісі тасымалдау, туристік және экскурсиялық-серуендеу желілеріне бөлінеді.
Тасымалдау желісі белгілі бір қосындар арасында, көбінесе – ірі әкімшілік, мәдени, өнеркәсіп орталықтары арасында кемелерді кесте бойынша уақтылы (жүйелі) жөнелту арқылы жолаушылар тасымалдау үшін ұйымдастырылады. Туристік желілерде демалыстағы жолаушылар тамақтану, мәдени және экскурсиялық қызметті пайдалану арқылы арнайы туристік маршруттар бойынша тасымалданады. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан астам.
Экскурсиялық-серуендеу желілері: тынығатын, тарихи ескерткіштермен және басқа көрікті орындармен танысуды мақсат ететін ұжымдарды немесе жекелеген азаматтарды тасымалдауға арналған. Сапардың ұзақтығы – 24 сағаттан аспайды.
Тасымалдау желілері өздерінің жұмыс сипаты мен ұзақтығына қарай былайша бөлінеді:
- кеме шаруашылығына тіркелген флот қызмет көрсететін транзиттік желілер;
- бір кемежай немесе жолаушылар басқармасы қызмет істейтін аудандағы сабақтас кемежайларды немесе басқа қосындарды өзара байланыстыратын жергілікті желілер;
- қала мен ең жақын ұсақ елді мекендер немесе 100 км-ден астам қашықтықта, ал жүрдек флот қызмет көрсететін жағдайда – 150 км-ден астам қашықтықта орналасқан халықтың жаппай демалу аймағы арасында қатынайтын қала маңындағы желілер;
- ірі қаланың жекелеген аудандарын байланыстыратын қала ішіндегі желілер;
- өтпелі көпірлері жоқ автомобиль жолдарымен қиылысу ауданындағы өзендердің қарама-қарсы жағасында орналасқан қосындарды немесе қала аудандарын байланыстыратын өткізу желілері.
Жолаушылар желілерінің негізгі сипаттамаларына мыналар жатады: оның қызметін пайдаланаын бастапқы, ақырғы және аралық қосындар; ұзындығы; кемелерді жөнелту аралығы (интервал), олардың айналма рейс жасау уақыты; жолаушылар сыйымдылығын пайдалану коэффициенті және кеменің тасымалдау мүмкіндігі; желіге бекітілген кемелер саны; желінің кіріс, шығысы және қаржылай нәтижесі.
Өзендегі жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның құрамына мыналар кіреді: су жолы, флот, жолаушылар бекеті, айлақ, кеме жөндеу кәсіпорны, кеме жасайтын орын және байланыс.
-
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ №1 (2 cағ.)
Көлік объектілерінде атқарылатын технологиялық операциялардың нормативтік мөлшерін анықтау
1. Аралық станцияда құрама поездарды өңдеу
|
Практикалық сабақ №2 (4 cағ.)
Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау
1. Темір жол телімінің өткізгіштік қабілеті
2. Темір жол телімінің тасымалдау қабілеті
|
Практикалық сабақ №3 (4 cағ.)
Тасымалдаудың реттеуші құжаттарының элементтерін анықтау
1. Поездар жүріс графигінің элементтерін есептеу
|
Практикалық сабақ №4 (2 cағ.)
Көлік қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
1. Жол қозғалысын зерттеу тәсiлдерiнiң классификациясы мен сипаттамасы
|
Практикалық сабақ №5 (2 cағ.)
Көлік желiлерiнің өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетiн анықтау
1. Жолдың өткізгіштік қабілетін есептеу
|
Практикалық сабақ №6 (2 cағ.)
Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру шараларды бағалауды жүргізу
1. Тиiмдiлiк коэффициентiн пайдалану арқылы шараларды бағалау
|
Практикалық сабақ №7 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау
1. Автоколонналардың тасымалдау көлемін және жүкайналымын анықтау
|
Практикалық сабақ №8 (2 cағ.)
Көлік жүрісінің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау
1. Жүрістің орташа қашықтығы мен тасымалданатын жолаушылардың жалпы мөлшерін анықтау
|
Практикалық сабақ №9 (2 cағ.)
Көлік өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау
1. Автомобильдің өнімділігін, жалпы жүрісі мен айналымын анықтау
|
Практикалық сабақ №10 (2 cағ.)
Көлік терминдері мен анықтамалары
1. Терминдер мен анықтамалар
|
Практикалық сабақ №11 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
1. Әуе көлігінде тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
|
Практикалық сабақ №12 (2 cағ.)
Көліктің тасымалдау құжаттарын рәсімдеу
1. Коносамент түрлері
|
Практикалық сабақ №13 (2 cағ.)
Көлік жолдарының классификациясы
1. Ішкі су жолдарының классификациясы
|
3. студенттің өздік жұмысы
3.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
3.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
-
Темір жол көлігінің жұмысын реттеуші құжаттар.
-
Пойыз туралы түсінік. Жүк пойыздарының классификациясы, нөмірленуі және индексикациясы
-
Станцияның түрлері
-
Аралық станцияның қызметі.
-
Телімдік станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы
-
Сұрыптау станцияның қызметі мен техникалық жабдықталуы
-
Станциялар жұмысын реттеуші негізгі заңнамалық құжаттар
-
Темір жол көлігіндегі маневрлық жұмыс
-
Маневрлық жұмыс элементтері
-
Тартым жолдарда маневрларды жүргізу тәсілдері
-
Дөңес құрылғылары мен пойыздарды тарқату мен құрастыруды басқару жүйелері
-
Пойыздарды дөңестен тарқату мен құрастыру технологиясы
-
Пойыздар жүріс графигі
-
Пойыздар жүріс графигінің эелеметтері
-
Темір жол көлігінде шұғыл басқару
-
Жолаушы тасымалдау сапасын бағалау
-
Автомобиль көлігінде лицензия беру тәртібі
-
Тасымалдау циклдерінінің көлік жұмысы
-
Халықтың көлікпен қозғалуы.
-
Жылжымалы құрамды таңдауды негіздеу.
-
Тасымалдауды ұйымдастыру негізі.
-
Қозғалғыш құрамды таңдаудың негізгі ережелері.
-
Автобустар қозғалысымен жүргізушілер еңбегін ұйымдастыру.
-
Тиеу көліктерінің өнімділігі.
-
Аэропорттарды жетiлдiру және олардың жұмыс технологиясы. Әуе көлiгiнiң қозғалысын автоматты басқару мәселелерi
-
Әуе жол көлiгiнде қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз ету
-
Аэропорттардың жұмысын ұйымдастыру
-
Әуе кемесін ұщуға дайындау технологиялық графигі
-
Әуе көлігіндегі диспетчерлік басқару
-
Өзен порттары және оның жұмыс технологиясы
-
Коносамент түрлері
-
Су көлігіндегі диспетчерлік басқару
-
ЖКО талдау
-
Халықаралық автомобиль жолдары мен негiзгi автокөлiк коридорлары
Достарыңызбен бөлісу: |