БАҒдарламасы астана 2015 Бағдарламаны әзірлеушілер



Дата04.07.2016
өлшемі303.17 Kb.
#175873
түріБағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы
«6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» (екі жылдық оқу)

мамандығы бойынша магистратураға түсушілер үшін

кешенді қабылдау емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ




Астана – 2015

Бағдарламаны әзірлеушілер:

Федотова З.Л., з.ғ.к., профессор; Нұрышева Т.С., з.ғ.к., доцент;

Примашев Н.М., з.ғ.к., доцент (1-бөлім).

Майдырова А.Б., э.ғ.д., профессор (2-бөлім).

Дёмушкина Л.О., э.ғ.к., доцент (3-бөлім).


Жалпы ережелер
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы «Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің негіздері», «Менеджмент негіздері», «Экономика негіздері» пәндерінің үш блогын қамтиды.

«6М051000 - «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (екіжылдық оқу) мамандығы бойынша магистерлік бағдарлама үміткерлерінің жоғары кәсіптік білім берудің жұмыс жоспары шеңберінде оқытылатын базалық пәндердің іргелі негіздерін білуі, сонымен қатар осы білімді теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдана алатындығы пайымдалады.

Бағдарламаға:

а) жоғары кәсіби білім берудің оқу жоспарының негізгі пәндер бағдарламасының мазмұнына;

б) ұсынылатын оқу және әдістемелік әдебиетке, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мәселелер енгізілген.
1-бөлім. «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ

Мазмұны

1-тақырып. Мемлекеттік басқарудың түсінігі және ерекшелігі

2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының негіздері

3-тақырып. Мемлекеттік басқару нысандары және басқарушылық қызметтің әдістері

4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

5-тақырып. Мемлекеттік саясатты қалыптастырудың және іске асырудың негіздері

6-тақырып. Мемлекеттік басқару процесіндегі мемлекет және қоғамның өзара әрекеті

7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеудің және іске саырудың негіздері

8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің түсінігі, принциптері, функциялары және ерекшеліктері

9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу

10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: түсінігі, мәртебесі, жауаптылығы, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1-тақырып. Мемлекеттік басқару түсінігі және оның ерекшелігі

Әлеуметтік басқарудың түрі ретінде мемлекеттік басқарудың түсінігі және ерекшелігі. Мемлекет қоғамдық үдерістерді басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттер типологиясы. Мемлекеттің нысандары (форма). Мемлекет нысанының (формасы) мелекеттік басқаруға әсері.


2-тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының негіздері

Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымының түсінігі. Мемлекеттік басқарудың мақсаты. Мемлекеттік басқару мақсаттарының «ағашы». Мемлекеттік басқарудың функциялары.


3-тақырып. Мемлекеттік басқарудың нысандары (формалары) және басқарушылық қызметтің әдістері

Басқарушылық қызметтің нысандары және әдістері. Мемлекеттік басқарудың құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Мемлекеттік билік органдарын функцияландыру әдістері. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістер. Мемлекеттік басқарудың құралдары.


4-тақырып. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары

Мемлекеттік басқару қағидаттарының түсінігі. Мемлекеттік басқару қағидаттарын жүйелеу. Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттарының сипаттамасы. Мемлекеттік басқарудың конституциялық (негізгі) және салааралық қағидаттары.


5-тақырып. Мемлекттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру негіздері

Мемлекеттің негізгі функцияларының өзгеруі. Қоғамды реформалаудың міндеттері мен бағыттары. Мемлекеттік саясатты құру негіздері. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдаулары мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы. Мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы тұжырымдамалар. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға әсер ететін факторлар.


6-тақырып. Мемлекет пен қоғамның мемлекеттік басқару процесіндегі өзара әрекеті

Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігі. Өкілдік нысандары (формалары). Өкілдік түрлері. Басқарудағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделердің өзара әрекеті. Қоғаммен байланыс және ақпарат.


7-тақырып. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру негіздері

Басқарушылық шешімдерді қабылдау субъектілері. Мемлекеттік шешімдерді әзірлеу негіздері. Басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру технологиясы.


8-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет түсінігі, оның қағидаттары, функциялары және ерекшеліктері

Мемлекеттік қызмет түсінігі, оның мақсаты және міндеттері. Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбекті бөлудегі рөлі мен алатын орны. Мемлекеттік қызметтің айрықша белгілері. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары мен функциялары. Мемлекеттік қызметтің классификациясы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті басқару.


9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті құқықтық реттеу

Мемлекеттік қызметтің конституциялық негіздері. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет бойынша жарлықтары. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.


10-тақырып. Мемлекеттік қызметші: түсінігі, мәртебесі, жауаптылығы, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау

Мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесі. Мемлекттік қызметшіге берілетін кепілдіктер және оның экономикалық қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі. Мемлекеттік қызметшілерді құқықтық қорғау. Әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілерді құқықтық қорғау. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау.


«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет негіздері» пәні бойынша үлгілі сұрақтар

  1. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік басқару түрі ретіндегі түсінігі және ерекшелігі.

  2. Басқару субъектісі мен объектісі – әлеуметтік-басқарушылық құбылыс тасушылары.

  3. Мемлекет қоғамдық процестерді басқару субъектісі ретінде.

  4. Мемлекеттік басқарудың объективтік негіздері.

  5. Мемлекеттік басқарудағы субъективтік фактор.

  6. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

  7. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара әрекет ету тетігі.

  8. Адамдардың арнайы еңбек түрі ретіндегі басқару қызметінің ерекшеліктері.

  9. Мемлекеттік басқарудың түсінігі және түрлері.

  10. Басқару нысаны және мемлекеттік басқару.

  11. Мемлекеттік құрылыс нысаны және мемлекеттік басқару.

  12. Саяси режим және мемлекеттік басқару.

  13. Қоғамдық процестерге мемлекеттің қатысуының сұранымы және қажеттілігі.

  14. Мемлекеттер типологиясы және мемлекеттік басқару.

  15. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы ұғымы.

  16. Қазіргі заманғы мемлекеттердің функциялары.

  17. Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қағидаттары.

  18. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «ағашы» (древо).

  19. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттарды саралау, олардың шарттылығы және негізділігі.

  20. Басқарушылық қызметтің әдістері.

  21. Мемлекеттік басқару әдістерін қолдану мәселелері.

  22. Мемлекеттік басқарудың құралдары мен ресурстары.

  23. Мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүзеге асырудың кезеңдері.

  24. Мемлекеттік саясатқа әсер ететін факторлар.

  25. Мемлекеттік саясатты әзірлеудің модельдері.

  26. Мемлекеттік саясаттың түрлері мен бағыттары.

  27. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындау.

  28. Мемлекеттік басқару шешімдерін әзірлеу процесі.

  29. Мемлекеттік басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы.

  30. Мемлекеттік басқару шешімдерін жүзеге асырудың мәселелері.

  31. Мемлекеттік басқарудағы қоғаммен байланыс және ақпарат.

  32. Мемлекет және қоғамның мемлекеттік басқару процесіндегі өзара әрекеттері.

  33. Мемлекеттік басқарудағы мүдделер өкілдігі.

  34. Салааралық мемлекеттік басқарудың мәні және түрлері.

  35. Салааралық мемлекеттік басқарудың міндеттері.

  36. Салааралық мемлекеттік басқару әдістері.

  37. Салық салу және кедендік бақылау саласындағы мемлекеттік басқару.

  38. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруын жаңғыртудың нормативтік құқықтық тұғыры.

  39. Мемлекеттік басқаруды демократизациялау – Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформаның бір бағыты.

  40. Мемлекеттік басқаруды дебюрократизациялау – Қазақстан Республикасы әкімшілік реформасының бір бағыты.

  41. Әкімшілік реформа – мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізі.

  42. Мемлекеттік қызметтің қазіргі кездегі жағдайы.

  43. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамасы және мемлекеттік басқару.

  44. Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жетілдіру негіздері (Қазақстан Республикасының 2010-2020 жж. арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасы).

  45. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқаруды жаңғырту туралы (2006 ж. 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясындағы баяндама).

  46. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі (ҚР Президентінің 2010 ж. 19 наурызындағы № 954 Жарлығы).

  47. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.

  48. Мемлекеттік қызметті реформалаудың құқықтық негіздері.

  49. Мемлекеттік қызметті құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

  50. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.



Ұсынылатын әдебиет

  1. Нұрышева Т.С. Мемлекеттік басқарудың теориясы және практикасы. Оқу құралы. – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2013. – 171 б.

  2. Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. – М.: Омега-Л, 2005.

  3. Пикулькин А.В. Система государственного управления: учебник. – М.: Юнити-Дана, 2010.

  4. Байменов А.М. Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель. – 2-е издание. – Астана: Академия государственного управления при Президенте РК, 2013. – 150 с.

  5. Государственное управление: основы теории и практики / Под ред. Козбаненко В.А. – М.: Статут, 2002.

  6. Шамхалов Ф.И. Теория государственного управления. – М., 2003.


Нормативтік құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2013.

  2. Әкімшілік рәсімдер туралы : Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы.

  3. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы : Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы.

  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі Заңы.

  5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы : Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы.

  6. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы : Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы.

  7. Нормативтік құқықтық актілер туралы : Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы.

  8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы : Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы.

  9. Мемлекеттік қызмет туралы : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы.

  10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 898 Жарлығы.

  11. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 874 Жарлығы.

  12. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.

  13. Қазақстан Республикасы мемлекетінің жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығы.

  14. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы.
  15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы.

  16. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту жөнiндегi шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығы.

  17. Әкiмшiлiк реформаны одан әрi жүргiзу жөнiндегi кейбiр шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы.

  18. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығы.

  19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығы.

  20. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы.

  21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығы.

  22. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы.

  23. Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы.

  24. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелерін бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығы.

  25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығы.


  26. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы : Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығы.


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // Егемен Қазақстан. 2014. 18 қаңтар.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.

  6. Назарбаев Н.Ә. «Мемлекеттік қызметтің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі» тақырыбындағы халықаралық конференциядағы баяндама // Человек и закон. 2008. 20 июня.

  7. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту : Қазақстан республикасы Парламентінің жалпы отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006. 2 қыркүйек.



2-бөлім. «МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ
Мазмұны

1-тақырып. Менеджмент мәні мен қағидаттары

2-тақырып. Менеджмент тұжырымдамасы және оның шетелде даму үрдістері

3-тақырып. Ұйым басқару объектісі ретінде

4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

6-тақырып. Сапа менеджменті жүйесі. Процестік тәсіл

7-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

8-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі функциялары

9-тақырып. Басқарушылық еңбек және оның ерекшеліктері

10-тақырып. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процесі

11-тақырып. Ұйым мәдениеті және басшылық стилі

12-тақырып. Қақтығыстарды басқару
1-тақырып. Менеджмент мәні мен қағидаттары

Басқару ұғымы. Нарықтық экономикадағы басқару объектілері мен субъектілері. Басқару ғылым және мәдениет ретінде. «Менеджмент» ұғымының мәні мен маңызы. Менеджмент ғылыми тәсілдер жүйесі және экономика, психология, құқық, социология және басқа да ғылымдар саласындағы білімге негізделетін күрделі пәнаралық ғылым ретінде. Менеджмент қағидаттары. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менеджмент және оның қазақстандық қоғамдағы рөлі. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік менеджмент: ортақтығы мен айырмашылықтары. Мемлекеттік органдардағы менеджменттің ерекшелігі.


2-тақырып. Мектептердің дамуы және менеджмент тұжырымдамасы мен оның шетелде даму үрдістері

Басқару модельдері басқарушылық ой эволюциясының нысаны ретінде. Негізгі басқарушылық тұжырымдамаларды қалыптастыру және оны дамыту. Менеджментке ғылыми көзқарас: процестік, жүйелік, ситуациялық. Басқару мектептері. Классикалық мектеп. Адами қатынастар мектебі және оны дамыту. Математикалық мектеп. Менеджмент теориясындағы жүйелік және ситуациялық тәсіл. Басқарудың қазақстандық моделін қалыптастыру шарттары. Басқару моделін таңдау.


3-тақырып. Ұйым басқару объектісі ретінде

Ұйым түсінігі. Ұйымның негізгі белгілері мен түрлері. Ұйымның жалпы сипаттамасы. Еңбектің көлбеу және тік бөлінісі. Ұйымды басқару деңгейлері. Ұйым сипаттамасы басқару объектісі ретінде. Біртекті ұйымдарды топтау және олардың жалпы белгілерін айқындау. Ұйымның ел экономикасын басқарудағы рөлі. Ұйымды жобалау элементтері. Ұйымды тиімді басқару өлшемдері.


4-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Басқару ортасының құрылымы. Ұйымдық элементтер мен сипаттамалар. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының негізгі құраушылары. Мақсаттар мен ұйымдық құрылымның өзара байланысы. Күрделі және қарапайым іскерлік орта. Тұрақты және тұрақты емес іскерлік орта. Іскерлік ортаның белгісіздігі және оның бағасы. Мемлекеттік органдардың іскерлік ортамен өзара іс-қимылы. Қоршаған іскерлік ортаға әсер ету тәсілдері.


5-тақырып. Басқарудың ұйымдық құрылымы

Басқарудың ұйымдық құрылымының негізгі элементтері. Ұйымдық құрылымды қалыптастыру және өзгерту процесі. Ұйымдық құрылым типтері мен түрлері және оларды құру қағидаттары. Басқарудың иерархиялық (қағазбастылық) құрылымы: линиялық, функционалдық, линиялық-функционалдық, линиялық-штабтық, штабтық, дивизоналдық. Басқарудың бейімдік (органикалық) құрылымы: матрицалық, желілік, виртуалдық.


6-тақырып. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ). Процестік тәсіл

СМЖ мәні. Басқару процесін құжаттау. Процестік модельді құру қағидаттары. Сапа менеджментіндегі процестік тәсіл.


7-тақырып. Менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

Ақпараттардың басқарудағы рөлі. Ақпараттар, оның сипаты, ақпараттың басқару тиімділігіне әсері. Ақпараттың ішкі фирмалық жүйесіндегі негізгі қағидаттары, міндеттері мен функциялары.


8-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі функциялары

Талдау және басқару тиімділігі. Басқару жүйесіндегі болжамдау және жоспарлау. Жоспарлау басқару функциясы ретінде. Басқару ұғымы және функцияларының құрамы. Жоспарлау түсінігі мен мәні. Жоспарлау функциялары, қағидаттары. Жоспарлау процесінің кезеңдері. Стратегиялық жоспарлау ұғымы мен мәні. Қазақстан экономикасын басқару стратегиясы.

Ұйымдастыру және үйлестіру басқару функциялары ретінде. Коммуникация басқару функциясы ретінде. Басқарудағы уәждеме және ынталандыру модельдері. Бақылау басқару функциясы ретінде. Бақылаудың даму үрдістері, қазіргі заманғы мәселелері мен келешегі. Стратегия және стратегиялық басқару. Өкілеттілік және ұйымдағы басшылықтың жеке ықпалы, билік түрлері мен әсер ету. Көшбасшылық теориясына шолу. Басқару тиімділігін арттыру факторлары және бағалау. Басқару тиімділігінің өлшемдері мен көрсеткіштері.
9-тақырып. Басқарушылық еңбек және оның ерекшеліктері

Басқарушылық еңбек және оның ерекшеліктері. Басқарушы қызметкерлердің санаттары. Менеджер типтері. Менеджер функциялары. Менеджердің мемлекеттік органдардағы рөлі. Мемлекеттік мекеме басшыларының кәсібилігі мен құзыреттігіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар. Мемлекеттік органды ұйымдастыруды өзгерту мақсатындағы менеджер қызметінің негізгі түрлері.


10-тақырып. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процесі

Шешімдер қабылдау процесінің кезеңдері. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу және іске асыру технологиялары. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процесіне қойылатын талаптар. Шешімдер сапасы мен процесс сапасы.


11-тақырып. Ұйым мәдениеті және басшылық стилі

Ұйымдық мәдениет түсінігі, құрылымы мен мәні. «Күшті» және «әлсіз» ұйымдық мәдениетті айқындау. Ұйым мәдениеті тиімділік факторы ретінде. Ұйымдық мәдениеттің экономикалық функциясы. Ұйымның инновациялық мәдениеті. Ұйымдық мәдениетті басқару. Ұйым мәдениеті мен басшылық стилінің өзара әсері. Мемлекеттік органдардағы коммуникациялық мәдениет.


12-тақырып. Қақтығыстарды басқару

Қақтығыстар: түсінігі мен мәні. Қақтығыс типтері. Ұйымдағы қақтығыстардың себептері. Қақтығыстарды шешу стилі.


«Менеджмент негіздері» пәні бойынша үлгілі сұрақтар

  1. Менеджмент және оның қазіргі заманғы білім жүйесіндегі рөлі.

  2. Менеджмент: негізгі ұғымдары, қағидаттары, мақсаттары мен қызметтері.

  3. Мемлекеттік басқару және менеджмент: ортақтығы мен айырмашылығы.

  4. Мемлекеттік органдардағы менеджмент: ерекшеліктері мен қызметтері.
  5. Менеджмент әдістері мен технологиясы
  6. Басқару тиімділігін бағалау мен оны арттыру факторлары
  7. Басқарушылық ойдың дамуы
  8. Ғылыми басқару мектебі.
  9. Әкімшілік басқару мектебі.
  10. Адами қатынастар мен мінез-құлық ғылымдар тұрғысынан басқару
  11. Басқарудағы математикалық үлгілер
  12. Басқарудың ғылыми әдістері: процестік, жүйелік және ситуациялық
  13. Көшбасшылық: стиль, ситуация мен тиімділік
  14. Ұйым басқару обьектісі ретінде.
  15. Ұйымның сыртқы және ішкі ортасы.

  16. Ұйымның ішкі ортасының ерекшеліктері мен негізгі элементтері.

  17. Ұйымның сыртқы ортасының ерекшеліктері мен негізгі элементтері.

  18. Тұрақты және тұрақсыз іскерлік орта.

  19. Мемлекеттік органдардың іскерлік ортамен өзара іс-әрекеті.
  20. Ұйымның миссиясы
  21. Ұйымның мақсаттары мен міндеттері
  22. Мемлекеттік ұйымның мақсаттар ағашы.
  23. Ұйымның өмірлік циклы мен оның негізгі кезеңдері.

  24. Мемлекеттік қызмет менеджерінің перспективалық үлгісі.

  25. Мемлекеттік қызмет менеджерлеріне қойылатын кәсіби және жеке тұлғалық талаптар.

  26. Мемлекеттік қызметшінің басқарушылық еңбегі және оның ерекшелігі.

  27. Менеджердің мемлекеттік органдардағы рөлі

  28. Басқару қызметтері.

  29. Басқару тиімділігін талдау

  30. Ұйым стратегиясы

  31. Ұйымдастыру мен үйлестіру басқару функциясы ретінде

  32. Менеджменттегі ақпарат және коммуникация.

  33. Басқарудағы ақпараттың рөлі

  34. Ақпарат, оның белгілері, ақпараттың басқару шешімдерін қабылдау тиімділігіне ықпалы

  35. Басқарудағы мотивация және ынталандыру.

  36. Бақылау басқару қызметі ретінде

  37. Басқарудың ұйымдық құрылымы: түсінігі, типтері мен түрлері.

  38. Ұйымды басқарудың ұйымдық құрылымының жіктемесі.

  39. Басқарудың иерархиялық (бюрократиялық) құрылымдары мен бейімдік (органикалық) құрылымдары.

  40. Басқару шешімдерін қабылдау процесі мен әдістері

  41. Шешімдер қабылдау процесінің кезеңдері.

  42. Басқару шешімдерін әзірлеу мен іске асыру технологиясы

  43. Ұйымдық мәдениеттің ұғымы, құрылымы мен мәні.

  44. Ұйымдық мәдениеттің обьективті және субъективті элементтері

  45. «Күшті» және «әлсіз» ұйымдық мәдениеттің белгілері.

  46. Ұйымдық мәдениетті басқару.



Ұсынылатын әдебиет

  1. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері. Оқулық. – Ақтөбе; Орал: А-Полиграфия 2005. - 518 б.

  2. Ибраимова С.Ж. Менеджмент негіздері. Оқу құралы. 1 бөлім. – Семей: Семей мемлекеттік ун-ті, 2001.– 50 б.

  3. Армстронг М. Основы менеджмента. Ростов-на-Дону, 1998.

  4. Валовой Д.В. История менеджмента. М., 2004.

  5. Глухов В.В. Менеджмент.М., 2004 .

  6. Дафт Р.Л. Менеджмент. СПб.: Питер, 2010. - 400 с.

  7. Дункан Джек У. Основополагающие идеи в менеджменте. Уроки основоположников менеджмента и управленческой практики / Пер. с англ. М.: Дело, 1996.

  8. Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: Дело, 1998.

  9. Семенов А.К. Этика менеджмента. Ростов-на-Дону.- 2004.

  10. Хеккаузен X. Мотивация и деятельность. В 2-х тт. М., 1986.

  11. Эффективность государственного управления / Под ред. С. А. Батчикова и С. Ю. Глазьева. М.: «Консалтбанкир», 1998.


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // www.akorda.kz.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан // www.akorda.kz.

  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012. 10 шілде.

  6. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту : Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының пленарлық отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006. 2 қыркүйек.



3-бөлім. «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ
Мазмұны
1-тақырып. Экономиканың базалық түсінігі

2-тақырып. Сұраным және ұсыным. Нарықтың қызмет етуінің тетігі

3-тақырып. Тұтынушы қылығының теориясы

4-тақырып. Бәсекелес нарықтық құрылым

5-тақырып. Нарықтық экономикадағы фирма (кәсіпорын)

6-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

7-тақырып. Қоғамдық игілік және тиімділік

8-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Ұлттық есептер жүйесі.

9-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік және ұлттық кіріс деңгейін анықтау

10-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: нарықтық экономиканың даму айналмалығы, жұмыссыздық және инфляция

11-тақырып. Экономикалық өсу

12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты

13-тақырып. Ақша-несиелік жүйе және ақша-несиелік саясат
1-тақырып. Экономиканың базалық түсінігі

Адам және экономика. Адамның экономикалық қызметі. Экономикалық мүдделер және экономикалық мінез-құлықтың өзге де уәждемесі. Экономикалық қажеттілік және игіліктер. Экономикалық игіліктер және таңдау мәселесі. Құны және пайдалығы.

Өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық ресурстар мәні және олардың түрлері. Өндіріс факторлары. Ресурстардың шектеулігі. Қоғамның өндірістік мүмкіндіктері. Экономиканың қызмет етуінің негізгі мәселелері.

Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономика жүйелерінің типтері: дәстүрлі, командалық, нарықтық, аралас экономика (салыстырмалы сипаттама).

Меншіктің экономикалық мазмұны және оның нысандары. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.



2-тақырып. Сұраным және ұсыным. Нарықтың қызмет етуінің тетігі

Нарық мәні және оның қызметі. Нарық түрлері және оның сыныптамасы. Нарықтың инфрақұрылымы. Нарық тетігінің негізгі элементтері. Сұраным және сұраным факторлары. Сұраным ауытқымасы. Сұраным заңы. Ұсыным және ұсыным факторлары. Ұсыным ауытқымасы. Ұсыным заңы. Нарықтық тетік: сұраным мен ұсынымның өзара іс-әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік.

Сұранымның баға мен кірісі бойынша икемділігі. Тоғыспалы икемділік.Ұсынымның баға бойынша икемділігі.



3-тақырып. Тұтынушы қылығының теориясы

Тұтынушы нарық экономикасында. Пайданы максималдандырудың кардиналистік және ординалистік баяндалуы. Азаймалы шекті пайдалылық принципі. Тұтынушының басымдық беруі. Пайдалылық функциясы және қисық талғаусыздық. Тұтынуда орнын басудың шекті мөлшері. Бюджеттік шектеу. Тұтынушының тепе-теңдігі. Қисық «кіріс – тұтыну», «баға – тұтыну». Кіріс әсері және орналастыру әсері.


4-тақырып. Бәсекелес нарықтық құрылым

Нарықтық бәсекелес мәні және мағынасы. Бәсекелес түрлері мен әдістері.

Мүлтіксіз немесе таза бәсеке және оның сипаттамасы. Фирманың мүлтіксіз бәсеке жағдайындағы сұранымы және ұсынымы.

Шалағай бәсеке: монополистік бәсеке, олигополия, таза монополия. Монополистік бәсеке және оның сипаттамасы. Өнімді саралау. Монополистік бәсеке кезіндегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу шарты. Олигополия және оның басты ерекшеліктері. Олигополистік баға белгілеу үлгісі. Таза монополия және оның сипаттамасы. Монополиялық билік факторлары. Фирма-монополист тепе-теңдігі. Бағамен кемсітушілік.

Фирма нарық билігінің көрсеткіштері.
5-тақырып. Нарықтық экономикадағы фирма (кәсіпорын)

Кәсіпкерліктің мәні және оның сипаттамасы. ҚР-дағы кәсіпкерліктің ұйымдастырушы-құқықтық нысандары.

Фирма (кәсіпорын) мәні. Іскерлік кәсіпорын типтері. Фирманың нысаналы функциясы және нарықтық стратегия.

Кәсіпорында өндіріс процесін ұйымдастыру. Кәсіпорын капиталының айналымы және айналуы. Негізгі және айналым капиталы. Негізгі капиталдың табиғи және моральдық тозуы. Амортизация.

Өндірістік атқарым және техникалық өрлеу. Өндіріс факторының жалпы, орташа және шекті өнімдері. Изокванта. Техникалық орнын басудың шекті мөлшері және орнын басу икемділігі. Изокоста. Азаймалы қайырым заңы. Өндірістік мүмкіндіктердің ауытқымасы.

Фирманың экономикалық және бухгалтерлік шығыны. Фирманың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі шығындары. Жалпы, орташа және шекті шығындар. Тұрақты және өзгермелі шығын.

Фирманың жалпы кірісі. Кәсіпорын пайдасы және оның түрлері. Пайда максималдығы кәсіпорын қызметінің нарықтық қатынас шартындағы мақсаты ретінде.
6-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы

Өндіріс факторларының нарығында сұранымның қалыптасу ерекшеліктері. Шекті өнім және өндіріс факторының шекті кірісі. Сұранымның бағадан тыс факторлары. Өндіріс факторының ұсынымы.

Еңбек нарығы және оның ерекшелігі. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі еңбекке сұраным. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

Жалақы мәні. Атаулы және нақтылы жалақы. Жалақының нысандары мен жүйелері. Жалақы деңгейлерін саралау.

Капитал нарығы. Нақты және ақшалай капитал. Қарыз пайызы капиталдың факторлы кірісі. Қарыз қаражаттың сұранымы мен ұсынымы. Қаржы активтері мен пайыздық мөлшерлеме. Атаулы және нақты пайыздық мөлшерлеме. Дисконттау қағидаты.

Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаз түрлері. Құнды қағаз иегерлерінің кірістері және олардың нысандары.

Жер өндіріс факторы ретінде. Табиғи ресурстар нарығы. Табиғи ресурстар нарығындағы сұраным мен ұсыным. Рента өндірістің тіркелген факторынан түскен кіріс. Абсолюттік және сараланбалы рента. Жер құны.



7-тақырып. Қоғамдық игілік және тиімділік

Жеке игілік және қоғамдық игілік. Игіліктің бәсекелігі мен бөлінбеушілігі. игіліктің шекті пайдалылығы және игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығы. Шекті қоғамдық шығындар. Қоғамдық игіліктің сұраным ауытқымасы және ұсыным ауытқымасы. Тепе-теңдік шарты.

Қоғамдық әл-ауқаттылық және бөлу тиімділігі. Парето бойынша тиімділік.

Жалпы және ішінара тепе-теңдік. Жалпы тепе-теңдікке қол жеткізу шарты. Өндірістегі, ауысу және шығару құрылымындағы тиімділік.

Қоғамдық әл-ауқат функциялары. Тиімділік және әділдік.
8-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Ұлттық есептер жүйесі.

Ұлттық экономиканың құрылымы. Ұлттық есептер жүйесі: негізгі көрсеткіштері мен олардың өзара байланысы. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ): экономиканың нәтижелік өлшемдері. Түпкілікті және аралық өнім. Жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі таза ұлттық өнім, ұлттық кіріс, жеке кіріс, қолдағы кіріс.

Атаулы және нақты ЖІӨ/ЖҰО. Бағалар индексі. ЖІӨ дефляторы және тұтыну бағасының индексі.
9-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік және ұлттық кіріс деңгейін анықтау

Жиынтық сұраным және жиынтық ұсыным. Жиынтық сұраным және оған әсер етуші факторлар. Жиынтық ұсыным және оған әсер етуші факторлар. Макроэкономикалық тепе-теңдік шарты.

Кейнсшіл үлгідегі тұтыну және сақтау функциясы. Инвестиция функциясы. Инвестиция және кіріс: мультипликатор әсері.

Макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі: классикалық және кейнсшілдік.


10-тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: нарықтық экономиканың даму айналмалығы, жұмыссыздық және инфляция

Айналмалылық экономикалық дамудың жалпыға ортақ нысаны ретінде. Өндірістік цикл және оның фазалары. Нарықтық экономиканың даму айналмалығының себептері. Экономикалық цикл түрлері.

Жұмыссыздық мәні және оның пайда болу нысандары. «Толық» жұмыспен қамтылу түсінігі және табиғи жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтан болатын ысырап (Оукен заңы). Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары.

Инфляция және оның пайда болу себептері. Инфляция көрсеткіштері мен түрлері. Инфляциялық болжал және инфляциялық бұралым. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филипс қисығы.
11-тақырып. Экономикалық өсу

Экономикалық өсу ұғымы және мақсаттары. Экономикалық өсу көрсеткіштері. Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар. Кобб-Дугластың өндірістік функциясы. Экономикалық өсу үлгілері. Тұрақты экономикалық өсу тұжырымдамасы.

Индустриалдық-инновациялық даму және оның экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі рөлі.
12-тақырып. Мемлекеттің макроэкономикалық саясаты

Мемлекеттің экономикадағы рөлі және функциясы. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері. Экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.

Бюджеттік-салықтық (қазыналық) саясат түсінігі, мақсаты және құралдары. Салық мәні, функциясы және түрлері. Салық салу принциптері. Қаржы жүйесі және қаржы қатынасы. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің шығындар мен кірістер балансы ретінде. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік борыш. Қазыналық саясат түрлері. Лаффер қисығы.

Нарықтық экономикадағы кірістер. Кірістерді бөлу барысындағы теңсіздікті өлшеу (Лоренц қисығы, Джини коэффициенті). Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсаттары мен негізгі бағыттары.


13-тақырып. Ақша-несиелік жүйе және ақша-несиелік саясат

Ақша: табиғатын, мәнін, функциясы мен нысандарын дәстүрлі және қазіргі түсіну. Ақша жиыны және құрылымы, ақша агрегаттары. Ақша нарығы. Ақшаға сұраным. Банктік жүйенің ақшаны ұсынуы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік және оны бұзу факторлары.

Монетарлық (ақша-несиелік) саясат: мақсаты мен негізгі құралдары.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік. Ақша нарығындағы қысқар мерзімді тепе-теңдік. Ақша нарығының ұзақ мерзімді тепе-теңдігі. М. Фридменнің монетарлық ережесі.



Банктік жүйе. ҚР Ұлттық банкінің ақша айналысы мен инфляцияны реттеудегі рөлі. Коммерциялық банктер мен олардың қызметі.
«Экономика негіздері» пәні бойынша үлгілі сұрақтар

  1. Адамның экономикалық қызметі. Экономикалық қажеттілік және игілік. Қоғамдық өндіріс және ұдайы өндіріс. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

  2. Қор тапшылығы және экономикада таңдау мәселесі. Экономиканың өндірістік мүмкіндіктері. Экономиканың негізгі мәселелері.

  3. Қоғамның экономикалық жүйесі: түсінігі және құрылымы. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері.

  4. Меншіктің экономикалық мазмұны және оның нарықтық экономикадағы нысандары. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.

  5. Меншіктің объектілері мен субъектілері.

  6. Нарық мәні, құрылымы және функциясы. Нарық түрлері. Нарықтық тетіктің негізгі элементтері.

  7. Сұраным: түсінігі және факторлары. Сұраным ауытқымасы. Сұраным заңы.

  8. Сұраным икемділігі және оның түрлері. Икемділік теориясын қолдану.

  9. Ұсыным: түсінігі және факторлары. Ұсыным ауытқымасы. Ұсыным заңы.

  10. Ұсыным икемділігі. Ұсыным икемділігіне уақыт факторының әсері. Икемділік теориясының практикалық мәні.

  11. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті.

  12. Тұтынушы қылығының теориясы, оның негізгі жағдайы.

  13. Нарықтық бәсекелес: мәні, типтері. Бәсекенің экономиканы дамытудағы рөлі. Бәсекелес күрестің әдістері.

  14. Мүлтіксіз бәсекелес. Фирманың мүлтіксіз бәсекелес шартындағы сұранымы мен ұсынымы.

  15. Монополистік бәсеке және оның сипаттамасы. Монополистік бәсеке кезіндегі экономикалық тиімділікке қол жеткізу шарты.

  16. Олигополия және оның басты ерекшеліктері. Нарықтың олигополистік үлгісіндегі ортақ өзара тәуелділік. Олигополия жағдайында баға белгілеу.

  17. Таза монополия және оның сипаттамасы. Фирма-монополист тепе-теңдігі. Бағамен кемсітушілік.

  18. Кәсіпкерлік мәні және мағынасы, оның нысандары мен түрлері. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастырушы-құқықтық нысандары. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік мәселелері.

  19. Фирма (кәсіпорын) мәні. Фирманың нысаналы функциясы және нарықтық стратегия.

  20. Фирма капиталының айналымы және айналуы. Айналым уақыты.

  21. Негізгі және айналым капиталы. Капиталдың тозуы, оның түрлері. Амортизация.

  22. Өндірістік атқарым және техникалық өрлеу. Өндіріс факторының шекті өнімі. Азаймалы қайырым заңы.

  23. Фирманың шығыны, оның сыныптамасы.

  24. Фирманың жиынтық кірісі. Пайда және оның түрлері.

  25. Еңбек нарығындағы сұраным және ұсыным. Жалақы мәні. Жалақының қазіргі нысандары және жүйесі.

  26. Капитал нарығындағы сұраным және ұсыным. Пайыз капитал меншігінің факторлық кірісі ретінде.

  27. Табиғи қорлар нарығындағы сұраным мен ұсыным. Жер рентасы факторлық кіріс ретінде.

  28. Қоғамдық әл-ауқаттылық және бөлу тиімділігі. Парето бойынша тиімділік.

  29. Нарықтық экономикадағы кірістер және оның көздері. Нарықтық экономикада кірістерді бөлу.

  30. Ұлттық есеп жүйесі және оның мәні. ЖҰӨ және ЖІӨ маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде. ЖІӨ есептеу әдістері.

  31. ЖҰӨ (ЖІӨ) базасында анықталатын макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың мәні.

  32. Жиынтық сұраным және оған әсер етуші факторлар. Жиынтық сұраным ауытқымасы.

  33. Жиынтық ұсыным және оған әсер етуші факторлар. Жиынтық ұсыным ауытқымасы.

  34. Макроэкономикалық тепе-теңдік, оның үлгілері.

  35. Инвестициялар және олардың экономикадағы рөлі. Инвестицияның негізгі түрлері. Инвестиция көлеміне әсер етуші факторлар. Мультипликатор.

  36. Экономикалық цикл, оның фазалары. Нарықтық экономиканың даму айналмалығының себептері. Экономикалық цикл түрлері.

  37. Жұмыссыздық себептері және типтері. Табиғи жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтан болатын ысырап (Оукен заңы).

  38. Инфляция мәні, себептері және нысандары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.

  39. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филипс қисығы.

  40. Экономикалық өсу, оның мәні және негізгі мақсаты. Экономикалық өсу факторлары және типтері. Экономикалық өсу үлгілері.

  41. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі және мәні. Экономиканы мемлекеттік реттеу типтері және үлгілері.

  42. Салық жүйесі, оның құрылымы. Салық мәні, қызметі және түрлері. Лаффер қисығы.

  43. Бюджеттік жүйе, оның құрылымы және қызметі. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік борыш.

  44. Ақша табиғатын, мәнін және функциясын классикалық және қазіргі түсіну. Ақша жиыны және ақша агрегаттары. Ақша нарығындағы сұраным және ұсыным.

  45. Мемлекеттің ақша-несиелік саясаты және оның құралдары.

  46. Халықаралық валюталық жүйе: мәні, құрылымы және эволюциясы.


Ұсынылатын әдебиет

  1. Базылев Н.И., Гурко С.П., Базылев М.Н. Экономическая теория: Учебник.- – Минск.: Экоперспектива, 2005. - 637 с.

  2. Вечканов Г.С. Экономическая теория: Учебник для вузов. – СПб: Питер, 2011. – 512 с.

  3. Лобачева Е.Н. Экономическая теория. – Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2012.

  4. Макконнелл К., Брю С. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. М.:ИНФРА-М, 1999, 2010. – 972 с.

  5. Экономика: Учебное пособие. /Под ред. Журавлевой Г.П. – М.: Юрист, 2006.

  6. Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: Экономистъ, 2010. – 831 с.

  7. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича – М.: ИНФРА-М, 2007, 2010. – 672 с.


Ресми құжаттар

  1. Назарбаев Н.Ә. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа : «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі баяндама // Егемен Қазақстан. 2015. 12 наурыз.

  2. Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол : Қазақстан

Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы

11қараша // Егемен Қазақстан. 2014. 12 қараша.



  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір

болашақ : Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына

Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар // www.akorda.kz.



  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан

мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан



// www.akorda.kz.

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға

Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам // Егемен Қазақстан. 2012.

10 шілде.



  1. Назарбаев Н.Ә. Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару,

транспаренттік және қоғам алдында есептілік қағидаттары негізінде

жаңғырту : Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының

пленарлық отырысындағы баяндама // Егемен Қазақстан. 2006.

2 қыркүйек.



ОӘжҒК отырысында

бекітілді

9 хаттама



24.04. 2015 жыл
ҒК отырысында

бекітілді

15 хаттама



05.05. 2015 жыл




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет