Бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі,



Дата12.06.2016
өлшемі158.21 Kb.
#129777


Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы

2015-2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын),

Екі ел арасындағы дәстүрлі достастық қарым-қатынастарды қуаттауға, экономика және сауда, мәдениет, қауіпсіздік, салаларындағы екі ел арасындағы ұзақ мерзімді өзара пайдалы ынтымақтастықты тереңдетуге жағдай жасауға, шекара маңындағы өңірлердің жан-жақты координацияланған әлеуметтік-экономикалық дамытуға көмектесуне ынтыланудан сүйене отырып,

2002 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Pecпубликасы мен Қытай Халық Pecпубликасы арасындағы Тату көршiлік, достық және ынтымақтастық туралы шартты, 2012 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Бірлескен декларациясын басшылыққа ала отырып,

ҚР мен ҚХР арасындағы 2015-2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасын бірлесіп жасасты (бұдан әрі – Бағдарлама)


I-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, принциптері және салалары
1.1. Болашақта ынтамақтастық саласын нығайту және деңгейін арттыру мақсатымен Бағдарлама шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша Тараптардың өзара қарым-қатынасының басым бағыттарын белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылулары ынтымақтастығының, оның ішінде мемлекеттік, өңірлік және жергілікті деңгейлерде жүйелі қолдау көрсету мақсаттарында қазақстан-қытай шекара маңындағы ынтымақтастығын Жібек жолының Экономикалық белдеуі маңындағы ынтымақтастық үлгіне өзгертуді себепті.

1.2. Бағдарлама іс-қимылы саласына Қазақстан Республикасының Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы (бұдан әрі – ШҰАА) кіреді.

1.4. Бағдарламаның бағыттары:

- екі жақты сауда айналымының көлемін ұлғайту;

- өзара инвестициялардың ауқымын ұлғайту;

- трансшекаралық көліктік инфрақұрылымды дамыту;

- «Қорғас» Шекара маңындағы ынтымақтастық орталығын (бұдан әрі – «Қорғас» ШЫХО) шекара аймағындағы экономикалық ынтымақтастықтың үлгісіне өзгерту;

- шекара маңындағы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын ұлғайту;

- шекара маңы өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық өсуін ынталандыру;

- шекара маңы қалалары арасындағы өзара іс-қимыл мен достастық қарым-қатынасты нығайту;

- денсаулық сақтау, білім, ғылым, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет және т.б. салалардағы жобаларды іске асыру;

- шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

- дүлей зілзалалардың, өнеркәсіптік апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою болып табылады.

2. Негізгі принциптер
2.1. Тарапатар шекара маңы аудандарында орналасқан екі елдің кәсіпорындарын олардың коммерциялық принциптерге және Тарапатардың мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес көтермелеуге ниетті.

2.2. Тараптар инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударады, өзара сауда, құрылыс мердігерлері, кластерлер құрылысы, трансшекаралық туризмді, техникалық білімді, мәдени алмасуды дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастыруға ниетті.

2.3. Тараптар шекара маңы аймақтарда екі жақтың мүдделерін қарастырады және шекара маңы аймақтарындағы артықшылықты нығайту, өзара пайдалы байланыстар мен мүдделерді тереңдету, ынтымақтастықтың ауқымы мен деңгейін арттыру, Тараптар шекара маңы аумақтарында тұратын азаматтардың әл-ауқатын ұлғайту мақсатында екі жақты ынтымақтастықты ынталардыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге ниетті.
II-тарау. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және оған іргелес аумақтардың инфрақұрылымын құруын қуаттандыру
Тараптар шекара маңы өңірлерінің көліктік инфрақұрылымын жетілдіруге, шекаралық өту инфрақұрылымын дамытуға және сол арқылы ынтымақтастықты тереңдету үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін түрлі жабдықтарды қолдану.
3. Өзара байланысты бағдарлар құру
3.1. «Достық-Алашанькоу», «Алтынкөл – Қорғас» темір жол өту орындарының өткізу қабылетін үлкейтуге; ҚХР ШҰАА-ның Алтай және Тачен өңірлерін ҚР Шығыс Қазақстан облысын қосатын («Ұтыбұлақ – Зимұнай – Зайсан – Жаңғызтөбе», «Қарамай – Шығұшақ (Тачэн) – Аягөз» темір жолы) темір жолын құрастыру мүмкіндігін зерделеуге;

3.2. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автомагистралінің және басқа трансшекаралық автомагистральдер жобаларының құрылысын ілгерілетуге;

3.3. Қазақстан-қытай газ құбырының 1-учаскесінің 3-желісінің, қазақстан-қытай газ құбырының 2-учаскесінің құрылысын және пайдалануын және «Қазақстан-Қытай» құрылысын қамтамасыз етуге; мұнай құбырының өткізу мүмкіндігіне сәйкес мұнай құбырының 2-кезеңінің 2-кезегінің құрылысын қамтамасыз етуге;

3.4. Қазақстан және Қытайдың транзиттік-тасымалдау саласындағы әлеуетін тұтастай пайдалануға, шекара маңындағы тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуға, «Достық-Алашанькоу» және «Қорғас» негізгі өту бекеттердің өткізу қабілетін арттыруға және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, шекара маңындағы тасымалдау көлемін ұлғайтуға және көліктік дәліз бойынша жүк тасымалдарының сервисі мен шарттарын жақсартуға;

3.5. авиация саласындағы шекара маңы өңірлерінің ынтымақтастықты ұлғайтуға, «Алматы-Үрімші», «Астана-Үрімші» бағыттары бойынша тікелей рейстерді ұлғайтуға, және жаңа жаңа рейстер ашу мүмкіндігін зерделеуге;

3.6. мультимодальдық (аралас) тасымалдарды дамытуға, сондай-ақ «Азия-Еуропа» бағытындағы тұрақты контейнерлі пойыздардың жеделдетілген өтуін дамыту үшін жағдайлар жасауға;

3.7. Ляньюньган портында логистикалық терминал құру бойынша екі жақты ынтымақтастығын ескере отырып, Тараптар Еуразиялық бағыттағы «Ляньюньган-Алашанькоу-Достық», «Ляньюньган-Қорғас-Алтынкөл» көліктік қатынастарын дамытуға ниетті.
4. Негізгі шекаралық өткелдерінің және тиісті объектілерді жаңғыртуды жеделдету
Тараптар:

4.1. «Достық-Алашанькоу», «Қорғас» және «Бахты» өту бекеттерінің инфрақұрылымының құрылысын жалғастыруға, кедендiк ресiмдеудің қызмет көрсетудің деңгейін көтеру, адам жосқыны және жүк айналымының едәуір арттыру, кеден қоймалар және халықаралық логистикалық паркттерді құрылысқа ағайыншылық жасауға;

4.2. Өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігін «Дулаттар-Қалжат» және «Майқапшағай-Зимұнай» мемлекеттік шекаралары арқылы арттыруға, олардың инфрақұрылымын көмек беруге;

4.3. Инспекциялық бақылау орындарының құрылысын және жабдықталуын, карантиндік, шекаралық және кедендік қызмет және шекарадағы уәкілетті органдарға қайталанған ақпарат беруді болдырмайтын жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы карантиндік және кедендік қызметтің техникалық деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.


III тарау. Өнеркәсіптің жетекші салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету
Шекара маңындағы аймақтардың табиғи ресурстарының айрықша ерекшеліктеріне, экономикалық өзара толықтыруды және әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне, сондай-ақ ынтымақтастықты іске асырудың шарттары мен мүмкіндіктеріне сәйкес Тараптар ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстарды дамыту және өңдеу, қоршаған ортаны қорғау және құрылыс, энергетика, жоғары технологиялар салалардағы өзара іс-қимылды белсенді ілгерілетуге ниетті.
5. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту
5.1.Ауыл шаруашылығы ҚР және ҚХР-ның шекара маңындағы аймақтарының негізгі саласы болып табылады. Тараптар ауыл шаруашылығы ғылымы және технологиясы, ауыл шаруашылығы өнімдері және басқа бағыттардағы салалардағы қажеттіліктердің елеулі өзара толықтыруына ие болады. Қытай тарапы егін ирригациясы инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығы индустриясындағы технологиялар және өндірудің деңгейін жоғарылату, ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеуді дамыту, ауыл шаруашылығы өнімінің экспортына сұранысты арттыру бойынша Қазақстандағы бар сұранысқа назарын аударады. Тараптар жоғарыда айтылған ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында белсенді және тиімді шаралар қолданады.

5.2. Тараптар мына салардағы ынтымақтастықты белсенді ілгерілетуге ниетті:

1. ауылшаруашылық дақылдарын өсіру саласындағы ынтымақтастықты ынталандыру, Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық үлгілі базаларын бірлескен құру үшін екі елдің кәсіпорындарын ынталандыру және көтермелеу;

2. ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару салаларындағы ынтымақтастықты нығайту;

3. элиталық, жоғары сапалы тұқым таратылу, жануарлар мен өсімдіктер санитариялық бақылау және қорғау, батпақтанған жерлерді қалпына келтіру және қорғау, суды үнемдеу әдісімен жер қыртысын суландыру мен мелиорациялау және және ауыл және орман шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық алмасу саласындағы басқа бағыттар;

4. ауылшаруашылығы өнімдерінің логистикасы және сақтау, егін суару үшін инфрақұрылым құрылысына ынтымақтастықты іске асыру;

5. ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық сауда үшін неғұрлым қолайлы орта қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерімен сауда ілгерілемелі кеңейту. «Бақты-Покиту» шекара шекарадан өту бекетте жасыл дәліз бойынша ауылшаруашылық өнімдерін жедел өткізу үшін инфрақұрылымын кейінгі жаңғырту. «Алтынкөл-Қорғас» шекара өткелінде жасыл дәліз бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өтуіне жедел бекетті құру жөнділікті зерттеу.

5.3. Тараптар Тараптардың өндірістік мал шаруашылығының және егіншілік өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін экспорты мен импорты қауіпті аурулардың таралуының болдырмау бойынша күш салады.


6. Су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты нығайту
6.1. Су ресурстарын басқару, тасқындарға қарсы сақтандыратын шаралар мен дүлей апаттарының салдарын төмендету, судың тиімді үнемдеу салаларында ынтымақтастықты нығайту және технологиялармен алмасу, сонымен қатар өңірдің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.

6.2. Өзара сыйластық пен бір-бірінің мүдделерін сақтау қағидаларының негізінде Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі қазақстан-қытай бірлескен комиссиясының шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту.


7. Шөлге айналумен қүресуді нығайту
7.1. Жердің шөлге айналуы шекара маңындағы өңірлерінің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуына қатты кедергі жасайды. Тараптар белсенді шараларды қолдауға, шөлге айналумен қарсы күресуге ынтымақтастықты нығайтуға, шекара маңындағы аудандарда қорғауды ынтыландыру мен қолайлы ортаны жасауға, сонымен қатар тиісті ресурстарды тұрақты пайдалануға дайын.

7.2. Тараптар келесі салаларда ынтымақтастықты белсенді жылжытуға ниеттеніп тұр:

1. құмды (тұзды) дауылдарды алдын ала жою және шаңның тиісті көздерін экологиялық реттеудің шараларын нығайту;

2. жасыл қорғау екпе ағаштар мен басқа да объектілерді құру саласында ынтымақтастықты дамыту;

3. темір және автокөлік жолдары бойындағы шөлге айналуды алдын ала жою бойынша шараларды арттыру;

4. кеніштерді өндіру орны мен қазып шығарудың игеру мен топырақ құнарлылығын қалпына келтіру саласында және басқа да салаларда ынтымақтастық пен алмасуды дамыту.


8. Кен өндіруші өнеркәсібі мен өндіру саласында ынтымақстастықты дамыту
8.1. Шекара маңындағы өңірлерінде табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастықтың үлкен келешектері бар. Тараптар белсенді шараларды қолдауға және өз артықшылықтарын көрсетуге, кен өндіруші өнеркәсібі, қайта өндеу мен өндіруде практикалық және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын.

8.2. Тараптар келесі салаларда ынтымақтастықты белсенді ынталандыруға ниеттіп тұр:

1. мыс, мырыш, титан, алтынның және басқа да пайдалы қазбалардың бірлесіп барлау және өндіру; балқыту құрылыстарды құрғанда зерттеу ынтымақтастығы және қайта өндеу кәсіпорындардың өнімдерін сату және т.б.;

2. электротехникалық жабдықтау мен ауыл шаруашылық техниканы өндеу саласында, сонымен қатар металлургия, құрылыс заттар, тоқыма және басқа да салаларда мультимодальдық ынтымақтастықты дамыту;

3. халал өнімін және күнделікті мұсылмандық тауарларын өндіру салаларында ынтымақтастықтың мүмкіндігін белсенді зерттеу, өңірдің шегінен тыс нарықтарды бірлесіп игеру.
9. Энергетика саласында ынтымақтастықты ңығайту

9.1. Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аймақтары энерегетика саласында өзара толықтыратын басымдықтарға ие. Энергетика саласындағы жан-жақты ынтымақтастық екі ел арасындағы оңтайлы қарым-қатынас есебінен болшақта тереңдейді және кеңейтілетін болады.

9.2. Тараптар келесі салаларда ынтымақтастықты ілгерілететін болады:

1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Хылық Республикасының құбыр салу жобаларын қоса алғанда, инфрақұрылымдық жобалары;

2. барлау, өндіру және тас көмір пайдалану, сондай-ақ қажетті инфрақұрылыммен жабдықтау;

3. жаңармалы энергия көздері;

4. Қазақстандық тарап қытайлық тараппен көмір қабаттарынан метан өндіру, көмірден ситетикалық табиғи газ алу мен көмірді сұйылту салаларында ынтымақтастық жасау мүмкіндігін және тәжірибесін зерделейді .
10. Басқа да салаларда ынтымақастықты кеңейту
10.1. Тараптар өндіріс құрылымын оптимизациялау, салалық жүйені модернизациялау, өндіріс сұранысын және бәсекеге қабілеттілікті ұлғайту, жоғары технологиялы өндіріс саласында және өндірістік қызмет көрсету салаларында ынтымақастықты нығайтады.

10.2. Тараптар келесі салаларда ынтымақтастықты белсенді ілгерілетуге ынталы:

1. биомедицина, коммуникациялар, жаңа материалдар, энергия үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау салаларында сарапшылармен және технологиялармен алмасу, ынтымақтастықты арттыру;

2. өткізілімнің негізгі пункттерінде хылықаралық логистикалық парктердің құрылысы, заманауй логистикалық жүйелерді құру;

3. жоғары технологиялық қызметтерді және коммерциялық қызметтерді көрсету.
IV-тарау. Сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін жоғарлату
Қазақстан мен Қытайдың шекаралас өңірлерінің өндірістік және географиялық басымдықтарына сүйене отырып, Тараптар ынтымақтастықтың кластерлік аймағын құруға, құрылыс жұмыстарына арналған шарттарды және жұмыс күші нарығын, сауда ауқымын кеңейту, қызмет көрсету және сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін жан-жақты жоғарылату саласындағы сауданы дамытуды жеделдетуге ынталы.
11. Кластерлі аймақтар ынтымақтастығын құруды тездету
11.1. Тараптар Хоргостағы арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға сүйе отырып, «Хоргос» шекара маңындағы ынтымақтастықтың қазақстан-қытай халықаралық орталығын пайдалануды енгізуге және құрылысты ынталандыруға, инвестициялық ахуалға қолайлы жағдайлар және даму жағдайларын қалыптастыруға, сондай-ақ оны шекара маңындағы аймақтардың арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тірегіне айналдыруға ерекше ниет білдіреді. Инфрақұрылымдық ғимараттар, қоғамдық инфрақұрылымдық нысандар, әлеуметтік қызмет көрсететін алаңдар, өндірістік және басқа бағыттағы нысандар дайындау, өндірістік салалар мен сауда-коммерциялық логистиканы, коммерциялық көрмелерді, қаржылық қызметтерді, туризмді дамытуға күш салуды шоғырландыру.

11.2. Тараптар инвестицияларды ынталандыруда, өнеркәсіпті шоғырландыруда кластерлі парктердің жетекші рөлін белсенді дамытуға ниетті, тәжірибемен алмасу саласы бойынша және кластерлі парктерді басқаруда екіжақты ынтымақтастықты нығайту, кластерлі парктерді тиімді басқарудың механизімін жасауды оқыту, шекара маңындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазақстан-қытай аймағын, шекара маңындағы көліктік-логистикалық сауда аймағын және басқа да арнайы индустриялы парктерді құруда барлық күш-жігермен ынтымақтастықты күшейту, тікелей инвестицияларды жүзеге асыру кезінде үлкен кәсіпорындарды ынталандыру.


12. Құрылыс саласындағы ынтымақтастықты кеңейту
Тараптар:

12.1. құрылыс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік инфрақұрылымы саласында, қалалық құрылыста, энергетика нысандары құрылысында, телекоммуникацияларда, азаматтық білімде, егіс алқабын суландыруда ынтымақтастықты кеңейтуге;

12.2. инженерлік кеңес сұрақтары, инженерлік құрылыста және жобалық менеджмент бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.
12. Тауар айналымын дамыту деңгейін көтеру
Тараптар:

12.1. көлік жабдықтары саласындағы, машина жасауда, баламалы энергия саласындағы жабдықтардағы, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі, сондай-ақ басқа да жоғары техникалы өнімдердегі және жоғары үстеме бағасдағы тауарлардағы тауарлар көлемін кеңейтуге;

12.2. шекара маңындағы сауданы жылдамдату, шекара маңы аймағындағы тұрғындардың сауда орталығы құрылысын жақсарту; шекара маңындағы сауданы өңдеу жағына, инвестициялауға, сауда интеграциясына ауысуға көмектесуге;

12.3. Халықаралық тасымалдау саласында, тауарлар мен адамдардың кеден арқылы өтуіне, инспекция мен карантинге, ақпаратпен алмасуды ынтымақтастықты нығайтуға, сауданың қолайлы тәртіптемесіне көмектесуге, сауда тосқауылын азайтуға және жоюға;

12.4. Техникалық, медицина және денсаулық сақтау, ақпарат алмасу және де басқа да қызметтер туралы кеңес беруді дамыту.

12.5. Кеден істері саласында алмасу және серіктестікті нығайту, ақпарат алмасу саласында серіктестікті кеңейту, кедендік рәсімдеуді жеңілдету және қолайлы жағдай жасау. Екіжақты сауда статистикасы саласында серіктестікті жалғастыру, интеллектуалдық меншікті қорғау, кадрларды даярлау, екіжақты сауданы ынталандыру үшін тиісінше қолайлы жағдай туғызу.

12.6. Инспекция және карантин, санитарлық және фитосанитарлық (SPS), саудадағы техникалық барьер (ТВТ) және санитарлық инспекция саласында серіктестікті нығайту, індет, эпизотий, эпифотий, паразиттер, зиянды және улы заттардың шекарадан ары таралуын және талаптарға сай емес контрафактілік өнімдерді тасымалдаудың алдын алу. Радиоактивтік заттарды, биологиялық қаруларды, улағыш заттарды тасымалдамауға бақылауды күшейте отырып, өткізу пунктінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
V-тарау. Гуманитарлық салада серіктестік пен алмасуды кеңейту
Тараптар шакаралық аумақтарда трансшегаралық туризм және ғылыми-техникалық білім беру, мәдени алмасу және басқа да гуманитарлық салаларда серіктестікті нығайтуға ниетті; өзара түсіністікті күшейту, өзара мойындайды алға жылжыту және дамыту мақсатында бірлесе отырып үйлесімді және достық ниеттегі аумақтық жағдай құру.
13. Туризм саласындағы серіктестікті нығайту
Тараптар:

13.1. Шекара аумағындағы мекендердің туристік қорын ескере отырып, арнайы туристік маршруттарды құру, көрікті жерлерді аралау, демалу, шипажай, тауар сатып алу, сауық құру секілді туристік бағыттарды дамытуға.

13.2. Туризмге қолайлы жағдай тудыру үшін серіктестікті нығайту, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс оқиғалардың орын алмауын қадағалауға.

13.3.Туристік өнімдер маркетингі саласында серіктестікті нығайту, арнайы туристік кадрларды даярлау және туристік ақпарат алмасуға ниетті.


14. Білім мен ғылым беру саласындағы ынтымақтастықты жеделдету
Тараптар:

14.1. Мүдделі мемлекеттік құрылымдар арасында шекара аумағындағы елді-мекендердің екіжақты қызығушылықтарын көрсететін, ғылыми-зерттеу институттары мен білім беру ұйымдарының білім және ғылым саласындағы серіктестігін дамытуға ықпал етуге.

14.2. Ғылыми-зерттеу ынтымақтастығының дамуына қолдау көрсетуге.

14.3. Кәсіби дайындық пен адами ресурстарды игеру салаларындағы ынтымақтастық пен алмасуды жан-жақты нығайту, тілдік, коммерциялық, техникалық және әкімшіліктік пәнаралық мамандарды бірлесе дамытуға.

14.5. Ғылым, технологиялар мен инновациялар, сондай-ақ, технологияларды трансферттеу мен коммерциялау, технологиялық даму бойынша тәжірибе алмасу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына атсалысуға ниетті.
15. Мәдени алмасуға ынталандыру
Тараптар:

15.1. Екі елдің шекаралық аудандарын мекендейтін халықтардың өзара мәдени байланысының артықшылығын барынша таныту, олардың мәдени алмасуына жол ашуға.

15.2. Кино мен телефизия, баспа ісі, баспасөздер, театр өнері, мәдени көрсетілетін қызметтер және мәдениет индустриясының басқа салалары сияқты салалардағы Тараптардың ынтымақтастығын нығайтуға.

15.3. Қазақстан-Қытай «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын негіз ете отырып, көрмелік индустрияның дамуына барынша күш салу. Халықаралық алаңда әсерге ие көрмелерді бірлесе ұйымдастыруға ниетті.


VI-тарау. Қаржылық ынтымақтастық
16. Тараптар, шекара маңындағы аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету үшін қаржылық ынтымақтастықтың маңыздылығын атай отырып, екіжақты қаржылық ынтымақтастықты тереңдету бойынша белсенді және тиімді шаралар қабылдауға ниетті.

16.1. Тараптар екі елдің капитал нарығын қаржыландырудың және тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге ниетті. Тараптар, негізгі рөл – коммерциялық қаржылық құрылымдарға, ал, қосымшасы – мемлекеттік қаржылық институттарға берілетін әралуан инвестициялық субъектілер қатысатын екіжақты қаржылық ынтымақтастық үлгілерін әзірлеуге ниетті.

16.2. Тараптар шекара маңындағы аймақтарды инвестициялау үшін кәсіпорындарды қолайлы қаржыландырумен қамтамасыз ету бойынша қаржы ұйымдарын әртүрлі нысанда көтермелеуге ниетті.

16.3. Тараптар шекара маңындағы аймақтарды ынталандыруға және Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес ұлттық валюталардағы өзара есеп айырысуды қолдануға ниетті.

16.3. Тараптар қаржылық құрылымдарының екіжақты алмасуы мен ынтымақтастығын ілгерілетуге, Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес қаржылық құрылымдардың филиалдарын өзара құруды көтермелеуге ниетті.
VII-тарау. Қамтамасыз ету шаралары
17. Тараптар инвестициялық ортаны жақсарту екіжақты ынтымақтастықты ынталандыруға маңызды деген бір пікірде.

17.1. Тараптар келісімдеу үрдісін қысқарту, жоспарлауды және басшылықты күшейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды нығайту, өз кәсіпорындарын бір-бірімен ынтымақтастықты орнату үшін және бірлескен немесе дербес жеке кәсіпорындарды ашу үшін ынталандыру жолымен өзара инвестициялауды, инвесторлардың мүдделерін сақтауды ынталандыруға ниетті.

17.2. Тараптар инвестициялық ақпараттармен алмасуды, инвестициялық саясат бойынша, инвестициялық мүмкіндіктер бойынша, негізгі салалар бойынша, сондай-ақ жобалар және т.б. бойынша ақпарат беруді нығайтуға ниетті.

17.3. Тараптар шекара маңында талаптарға сай келетін және құқықтық консультациялар беру бойынша кәсіпорындардың филиалдарын, сондай-ақ қаржылық құрылымдарды ашуды көтермелеуге және қолдауға, немесе жергілікті құрылымдармен ынтымақтастықты дұрыстауға ниетті.


18. Тараптар шекара маңындағы аймақтардың ашықтығын қолдау үшін бірлесе күш салуға, Тараптардың ұлттық заңнамаларына сәйкес кіру мен шығу бойынша ыңғайлырақ әкімшілік бақылауды іске асыруға ниетті.
19. Аталған Бағдарламаның іске асырылуын бұдан әрі үйлестіретін уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі және Қытай Халық Республикасының Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті болып табылады.
20. Тараптардың екіжақты келісімімен, ынтымақтастық қызметінің нәтижесіне сәйкес осы Бағдарламаға қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Енгізіліп отырған түзетулер мен толықтырулар осы Бағдарламаның ажырамас бөлігі ретінде дербес Хаттамада жасалуы мүмкін.
Осы Бағдарлама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

2015 жылғы «__»__________ ____________ қаласында, екі данада, қазақ, қытай және орыс тілдерінде қол қойылды.





Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет