Сақталмай тасымалдаудың ретімен тексеру мерзімі.
Бірінші группадағы сақталмау жағдайын – 5 мыңнан 10 мың рубльге дейін контейнерлік тасымалдаудың және коммерциялық жұмыстың бастығы тексереді. Оның орынбасары және коммерциялық ревизор да тексере алады. 10 мың рубльден көп болса, онда сақталмауды жол бастығы тексереді. 500-ден 5 мың рубльға дейін контейнерге тасымалдау және коммерциялық жұмыс жол бөлімшесі, оның орынбасары немесе аға коммерциялық ревизор тексереді. Басқа барлық жол оқиғасын станция бастығы тексереді. Жүкті ұрлату және сақталмаудың басқа түрлері болса, оның бәрі жиналыста ішкі істер органдарымен бірге отырып қарастырылады. Жол және станция жауапкершілігін анықтағаннан кейін, станция жауапкершілік бастығына тексеруге жіберіледі. Ал басқа жол жауапкершілігі бар болса контейнерлік тасу және коммерциялық жұмыс жауапкершілік жол қызметіне жібереді. Коммерциялық акттар жауапкершілік жолға 25 күндік мерзімінен кешіктірілмей жіберілуі керек.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тасымалданатын жүктің амандығы мен түгелдігі қамтамасыз етілмей қалған жағдайда тергеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері.
2. Тасымалданатын жүк амандығы мен түгелдігіне темір жолдың жауапкершілігі.
13,14-дәріс. Жүктің түгелдігі мен амандығын қамтамасыз ету жауапкершілігі.
Дәріс мазмұны:
-
Жүкке іздеу салу тәртібі.
-
Іздеу жеделхаттары. Арыздар мен талаптар беру құқығы.
-
Талаптар жазу және қарастыру. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
Темір жол жүк түгелдігі мен амандығына оны тасымалдауға қабылдаған уақыттан бастап, қабылдаушыға тапсырғанша, немесе жүкті орнатылған тәртіппен басқа кәсіпорын немесе ұйымға бергенше, жауапкершілік атқарады. Темір жолдар, жүкті жіберушілер мен жүк қабылдаушылар жүк тасымалдауға жалпы азаматтық заңнамаға емес, Жарғыға сәйкес (VII бөлім) материалдық жауапкершілік атқарады.
Темір жолдар, жүкті жіберушілер мен жүк қабылдаушыларына жүктелген жауапкершілікті алып тастау, немесе жол жоспарын өзгерту мақсатымен жасалған жүкті жіберушілер, қабылдаушылар немесе жолаушылармен жасалған келісімдер жарамсыз болып саналады, ал бұл жөніндегі Жарғы, немесе Ережеде қарастырылмаған жүкқұжаттағы белгілеулердің, Жарғының 143-бабына сәйкес, заңдық күші жоқ.
Азаматтық заңнаманың жалпы ережелеріне сәйкес, шығындарды толық көлемде төлеу міндеттелсе, Жарғыда түспей қалған табыс шығынын төлеу қажет емес деп көрсетілген, және жүктің жоғалуы немесе жетіспеушілігі, оған зақым келуі үшін төлемдер шектеледі.
Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуы темір жол кінәсінан емес, жүкті қабылдаушылар мен жіберушілерге байланысты себептерден немесе объективті себептерден (кездейсоқ зақым) болса, темір жол жүк иелеріне шығындарды төлей алмайды. Осыған байланысты Жарғыда жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдалуына темір жолдың жауапты болмайтын жағдайлары қарастырылған. Бұл жағдайлар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа темір жол алдын ала алмаған және олардың алдын алу темір жолға байланыссыз болатын жағдайлар жатады:
-
жүкті жіберуші мен қабылдаушының кінәсі;
-
тасымалданатын жүктің ерекше табиғи қасиеттері, мысалы өзінен-өзі жану, тым ылғалдылықтан болатын жүктің бүлінуі, тоттан болатын зақым, т. б.;
-
жүкті тасымалдауға алған кезде сыртқы қарау кезінде жүкті сақтайтын ыдыс пен орауыштардың жетіспеушілігі, немесе жолда ыдыс пен қораптардың зақымдалмаған жағдайында жүктің қасиеттеріне немесе бекітілген стандарттарға сәйкес келмейтін ыдыс пен орауыш қолдану.
Екінші топқа ерекше жағдайлар жатады:
-
жүк тыңғылықты вагонда (контейнер), жүк жіберушінің пломбалары дұрыс, жөнделген жүріп тұрған жылжымалы составта, артық шамадан тиемей, қорғаныс белгілері немесе орап матау дұрыс жасалған жағдайда жетті, сонымен қатар, жүктің амандығы мен түгелдігін дәлелдейтін басқа да белгілері бар болған жағдайда;
-
жүкті ашық жылжымалы составта тасымалдауымен байланысты, жүктің бүлінуі, зақымдалуы немесе жетіспеушілігі табиғи қасиеттерінің себебінен болған жағдайда;
-
жүк оны жіберуші немесе қабылдаушының жолсеріктерінің қадағалауымен жеткен жағдайда;
-
жүк жетіспеушілігі әдетте шығатын шығын нормаларынан аспаған жағдайда.
Жүкке іздеу салу тәртібі. Іздеу жеделхаттары.
Егер жүк бағытталған жеріне уақытында жетпесе, немесе оның бөлігі ғана жетсе, тасымалдау құжаттары жоқ жүк, немесе жүксіз құжаттар табылса, жүкке іздеу салынады.
Қабылдаушының (жіберушінің) талап етуімен, станция жүкті іздестіруге кіріседі. Ол үшін талап етуші жүктің тасымалдауға алынғаны туралы шынайы түбіртекті көрсетуі қажет, түбіртек жоқ болған жағдайда, келесі құжаттардың бірін көрсетуіне болады: жабдықтаушының есеп-фактурасы (немесе көшірмесі), есеп-фактураны алмастыратын жабдықтаушы құжаты, жүк тиелген станцияның (кемежайдың) жүкті жібергені туралы анықтама. Іздестіру барысында жүктің қайда екенін анықтау үшін, пайдасы тиетін барлық құжаттар қолданылуы қажет: зат парақтары, вагон парақтары, жүк орналасқан жерлердегі немесе жылжымалы составтардағы пломбалар, жабыстырмалар, биркалар, белгілер, жүкпен бірге жүрген құжаттар, т. б.
Жетпей қалған жүкті бағытталған станция іздестіреді, ол жүкті жылдам табуға уақтылы шара қолдануға жауапты. Осыған қарамастан, жүкті жіберген, немесе жоғалтқан станция да іздестіруге ат салысуы қажет. Егер жол басқармасына жетпей қалған жүктің құнын төлеуді талап ететін арыз берілсе, іздестіруді контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметі атқарады. Егер жекелеген азаматтардан шағым немесе өтініш түссе, жүкті бағытталған станция немесе контейнерлік тасымалдау қызметі іздейді. Жүкті іздестіру туралы сұрау салуды дайындап, жіберуге, сондай-ақ, жүктің жіберілуі, жүріп өтуі немесе тапсырылуы туралы жауапқа бір тәуліктен аспайтын мерзім беріледі.
Уақтылы келмеген жүкті іздестіруге кіріспестен бұрын, жүк бағытталған станция келесілерді істеуі қажет: жүк негізгі немесе қосымша артынан жіберілетін құжаттар бойынша келген-келмегенін анықтау; іздеу салынған жүкті құжаттары жоқ жүктің және артық орын арасынан іздеу мақсатымен, құжаттары жоқ жүктер кітабының жазбаларын, қоймаларда сақталатын ұсталып қалынған жүктер арасынан іздестіру; егер жүктің бағытталған станциясы бекетке жататын болса, онда жүк бекеттің басқа да станцияларына келген-келмегенін анықтау; басқа станциялардан артық немесе құжаттары жоқ, сыртқы сипаттары жоғалған жүкке ұқсас жүктер табылғаны туралы хат алысудың бар-жоқтығын анықтау.
Егер осының бәрін анықтағаннан кейін, жүк табылмаса, станция іздестіру ісін бастауы қажет және дереу іздестіру жеделхатын жіберуі қажет (жіберген станцияларға, өз жолына түскен станцияларға). Жүкті жіберген станция бір тәулік мерзімінде жүктің жіберілген күнін, вагон, контейнер мен поезд номерін, ұсақ жүктер жоғалса, жоғарыдағы мәліметтермен қатар, іріктеу станциясын да анықтап, осы мәліметтерді жүктің бағытталған станциясына жібереді. Жүктің орта жолда өткен станциясы зат парақтарына қарап, жүктің жүріп өткен уақытын анықтайды да, жүктің бағытталған станциясына бір тәулік мерзімінде жүктің жүріп өткен уақытын, вагон мен поезд номерін, поездің таратылу станциясын хабарлайды.
Кейде іздестіріліп жүрген жүк станциядан жіберіліп, бағытталған станцияның жолына түспей қалады. Мұндай жағдайда жүктің бағытталған станциясына, егер вагондарға тиелген жүк жоғалған болса, жүктің жол бойындағы келесі ауысу станциясына жеделхат жіберуі қажет. Егер ұсақ жүк немесе контейнердегі жүкті табу қажет болса, жеделхат жүктің іріктелген станциясына жіберіледі. Жүктің ауысқан станциясы бағытталған станцияға тексеру нәтижелерін хабарлайды. Ұсақ жүкті іздестіру туралы жеделхатты алған іріктеу станциясы құрама вагонның келген-келмегенін анықтайды. Егер келген болса, жүктің бағытталған станциясына жүктің келген күнін, вагон мен поезд номерін, келесі іріктеу станциясын хабарлайды.
Егер іздестіріліп отырған вагондық жүк көрші жолға берілгені туралы, немесе құрама вагон таратылып, бағытталған жеріне жіберілгені туралы белгілі болса, жүктің бағытталған станциясы вагондық жүктің ауысу станциясына немесе құрама вагонды сұрыптау станциясына ары қарай іздестіру жеделхатын жібереді.
Егер іздестіріліп отырған жүк бірнеше жолдан өтуі қажет болса, жүктің бағытталған станциясы жүктің мүмкін өткен станцияларына жеделхат жібереді. Егер жүктің ауысу станциясында басқа жолға өтпегені анықталса, іздестіру жеделхаты жүкті ұстап қалған жолдың контейнерлік тасымалдау немесе коммерциялық жұмыс қызметіне тапсырылады. Бұл қызмет жұмыскерлері бір тәулік мерзімінде жүктің келесі жолға ауысқанын дәлелдеуі қажет, немесе оны өз жолынан тауып, жүктің бағытталған станциясына хабарлауы тиіс. Егер іздестіріліп отырған жүк іздестіру туралы сұрауға берілген жауаптан бұрын келсе, онда жүктің бағытталған станциясы сұрау жіберілген станция мен жолға іздестірудің тоқтатылатыны жөнінде дереу хабарлауы тиіс.
Құжаттары жоқ жүк тиелген вагонды көрген станция белгілер мен пломбалары бойынша оның келу уақыты мен бағытталған станциясын анықтауы тиіс. Жүксіз құжаттарды тапқан станция коммерциялық акт жасап, құжаттармен бірге пошта арқылы бағытталған станцияға жібереді және поезді құрау сатнциясына, немесе жүксіз құжаттарды алып келген құрама вагонға пломба қойған станцияға, сонымен қатар, жүкті жіберген станцияға хабарлайды.
Жүкті іздестіруді тездету үшін, МПС контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметінің Басты басқармасында орталықтандырылған іздестіру тобы ұйымдастырылған. Темір жолдың барлық станциялары, құжаттары жоқ жүк немесе жүксіз құжаттар тауып алса, табылған жердегі сәйкес тексеруден кейін, керекті мәліметтерді осы топқа береді. Бұл топ жүктің бағытталған станциясын анықтап, баратын жеріне жіберуді бұйырады. Қазіргі уақытта жүктерді ЭЕМ арқылы іздестіру жүйесі қарастырылуда.
Арыздар мен талаптар беру құқығы.
Талап (претензия) – жіберуші немесе қабылдаушының темір жолға тасымалдау міндеттерінің орындамалғаны үшін ақшалай сомаларды төлеуді талап ететін жазбаша құжат. Жарғыда қарастырылғандай, тасымалдау жөнінде темір жолға талап немесе арызды тек қана жүкті жіберуші немесе жүкті қабылдаушы жібере алады, және талап ету түріне байланысты, Жарғы олардың өкілеттіліктеріне шек қояды. Жүкті жоғалтқанда бұл құқыққа жіберуші де, қабылдаушы да ие бола алады, ал жүктің жетіспеушілік, бүлінуі немесе зақымдалуы жағдайында, сондай-ақ жүкті жеткізуді және беруді кешіктірсе, қабылдаушы ғана арыз беруге құқылы. Тасымалдаушыға арыз немесе талап жариялау құқығын алу үшін, Жарғы белгілі бір дәлелдердің болуын талап етеді. Темір жолға талап етудің құқықтылығын растайтын құжаттарсыз арыз немесе талап жазу – талап тәртібінің бұзылуы болып саналады. Міндетті құжаттар – жүкқұжат, жүк түбіртегі және коммерциялық акт.
Жүктің жоғалуы жөнінде талап қою үшін, жүктің бағытталған станциясының белгілеуі бар жүк түбіртегін көрсету қажет. Бұл мүмкін емес болса, қабылдаушы түбіртектің орнына жүк құнының төленгені туралы құжат және жүктің бағытталған станциясының жүктің келмегенін растайтын белгісі бар темір жол анықтамасын көрсетуге болады. Жүктің жетіспеушілік, бүлінуі, зақымдалуы немесе кешіктірілуі жағдайында арызбен қоса жүкқұжат, сонымен қатар коммерциялық акт берілуі тиіс; жүк жеткізілуінің кешіктірілуі жағдайында – тек қана жүкқұжат.
Арыз жазу құқығын басқа ұйымдар мен адамдарға беруге болмайды, жіберушінің қабылдаушыға немесе қабылдаушының жіберушіге, сонымен қатар жіберуші немесе қабылдаушының жоғары тұрған немесе транспорттық-экспедициялық ұйымға беру жағдайынан басқа. Арыз жазу құқығын басқа біреуге беру құқығының шектелуі тасымалдау үрдісінің ерекшеліктерімен және көптігімен түсіндіріледі.
Талаптар жазу және қарастыру.
Жүк тасымалдауымен байланысты талаптарды жіберуші немесе қабылдаушы тек қана жүктің бағытталған жолына ғана бере алады. Жүктің жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі, зақымдалуы жағдайында арызды контейнерлік тасымалдау және коммерциялық жұмыс қызметіне бағыттайды; жүк пен қол жүгінің кешіктірілуі, сонымен қатар вагондардың жүкті тиеген кезде тұрып қалуы, немесе контейнерлердің тиелу жерлерінде кешіктірілуі, вагондарға жүктің толығымен тиелмей қалған жағдайларында айыппұл төлеуді талап ететін талаптар жіберуші жолдың бухгалтерлік есеп пен қаржы бөлімімен бағытталады; тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін және маршруттардың ұйымдаспағаны үшін айыппұл төлеу жөніндегі талап – жіберуші жолға жіберіледі.
Әр жүкқұжаты бойынша 10 руб.-ден аспайтын арыз жазуға рұқсат етілмейді, жүк жеткізілуінің кешіктірілуіне айыппұл немесе азаматтардан түскен арыздарда басқа.
Талаптарды 6 айдың ішінде беруге болады; жүктің жеткізілуінің кешіктірілуіне және вагондардың тұрып қалуына айыппұл төлеуді талап ететін арыздар – 45 күн ішінде.
Жол талапты қарастыруға және талап етуші адамға оның қанағаттандырылуы немесе қайырып тасталуы жөнінде хабарлауы тиіс: темір жолдың жүкті тасымалдауына байланысты талаптар бойынша – 3 ай, аралас қызметке байланысты талаптар бойынша – 6 ай, айыппұл төлеуді талап ететін талаптар – 45 күн.
Талаптың бөлшектей қанағаттандырылған немесе қайырып тасталған жағдайында, хабарламада бұл шешімнің Жарғыға сілтеме жасай отырып, себебі түсіндірілуі тиіс.
Арыз ескілігінің мерзімдері.
Жарғының 177-бабына сәйкес, темір жолға арыз тек қана жолдың арызды қанағаттандыруға толықтай немесе бөлшектей бас тартқан, немесе бекітілген мерзім ішінде жауап алмаған жағдайында беріледі. Арызды жол жауабын алғаннан кейін, немесе жауап келмеген жағдайда, мерзім біткен күннен бастап 2 ай ішінде, жол басқармасының орналасқан ауданының арбитражды немесе халықтық сотына береді. Жарғы жіберуші немесе қабылдаушының темір жолға арыз жазуына 2 ай уақыт береді. Арыз ескілігі дегеніміз – соттық-арбитражды органдарға арыз жазу құқығының уақыты бітетін мерзім. 100 руб.-ге дейінгі арыздарды жол бастығы қарастырады. Оның шешімін өзгертуге, оған шағымдануға болмайды.
Жолдың жіберушіге немесе қабылдаушыға арызы 6 айдың ішінде сот органдарына немесе арбитражға беріледі: тасымалдау жоспарының орындалмағаны үшін – айыппұл төленетін мерзімі біткенде 5 күннен кейін, басқа жағдайлардың барлығында – арыз жазуға себеп болған оқиға күнінен бастап.
Жол талаптарын қарастыру мен берілуінің тәртібін Жарғы емес, азаматтық арбитражды процестің жалпы нормалары қарастырады.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы тауар кеңсесінде, жіберушілер мен қабылдаушылар үшін оңай жерге қойылады; оның орналасқан жері жазылған хабарландыру ілінеді. Кітап азаматтардың талап етуімен дереу берілуі тиіс. Шағымдарды 3 күннің ішінде өкілетті адам қарастырып, шағымданушы адамға нәтижелерін хабарлайды. Егер шағымданушы нәтижелермен келіспесе, ол темір жол көлігінің жоғары тұрған органдарына шағымдануға құқылы. Олар шағымды қарастырып, қолданылған шаралар жөнінде шағымданушыға 1 айдан кешіктірмей хабарлауы тиіс.
Шағымдар мен ұсыныстар кітабына шағым жазған адамның қажетті жағдайларда арыз жазуына да құқығы бар (Жарғының 17-бабы).
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүктерді іздестіру және іздестіру жеделхаттарын, оларға жауапты жіберу тәртібі.
2. Темір жолға арыз беру құқығы.
15-дәріс. Коммерциялық және жүктік есептеу станцияны тексеру.
Дәріс мазмұны:
-
Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.
-
Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.
Алғашқы санақтық құжат және есептеу көліктің және экономикалық нәтижелерді қаржылық біріктіруде мағлұмат берудің негізгі көзі болып табылады.
Барлық санақ операциялары қатаң және қатаң емес санақ бланкаларында толтырылады. Қатаң санақ бланкаларына жатады:
- жол ведомостілері
- қайта жіберілетін ведомость
- қайта жіберілетін құжат
- түрлі жиынның квитанциялары
- коммерциялық акт және т.б.
Бүкіл осы бланкалар мәрмен номерленген және қорғаушы торы бар. Оларды жасау темір жол тапсырысымен орталықтандыра отырып жасайды. Арнайы қоймаларды катал санақ бланкасымен станциялар толықтырады. Қайта жіберу, шығындау және олардың болуын құжат типіне, сериясына және номеріне қарай есептейді. Қатал есептеу бланкаларын (форма –ЛУ) талап ету бойынша алады. Бұл форма 3 бөліктен тұрады: талап ету, құжат, түбіршек.
Талап етуді станция бастығы немесе оның орынбасары мөрін қоя отырып қол қояды. Станцияда төтрайлық қатаң есепідегі бланк қоры болуы керек. Қор үшайлыққа мөлшерге төмендеген кезде бухгалтерлік есептеуге және жол қаржысына бланколарды жаңадан талап ету керектігі жіберіледі. Бухгалтерлік санақ және қаржы қызметі станцияға бланкаларды сала отырып, оның сериясын бірініші және соңғы номерін көрсетеді. Накладнойды бланкамен бірге қорапқа орналастырады. Станцияда бланкаларды накладнойға байланысты қабылдайды, одан кейін станция басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылған және қабылдау уақыты көрсетілген қолқатты жолдың қаржы қызметіне жібереді. Барлық қатаң санақтағы бланкалар қатаң санақтағы бланкалардың келу кітабына енгізіледі (Форма – ЛУ - 7). Қатаң санақ бланкалар қорын қоймада құлып пен мөр қоя отырып бөтен адамдардан аулақ жерде сақтайды. Бланктардың сақтау жауапкершілігі станция бастығы және соны жүргізетін адамға жүктеледі. Әр қатаң санақ бланкасының жоғалуының әр жағдайында да ізделінеді, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Қатаң санақ бланкасының жоғалуы туралы станция басшысы шұғыл түрде жол қаржы қызметіне және милиция органдарына ескертуге міндетті.
Қатаң санақ бланкасының қолданыстағы қоры кезекшілік ауысуы кезінде өткізуші мен қабылдаушы арасында қолқат арқылы қатаң санақ бланкасы жіберіледі. Бір кассадан екінші кассаға жіберу, үш көшірмеден тұратын актпен толтырады, біреуін бухгалтерлік санақ және жолдың қаржы қызметіне беріледі.
Қатаң емес санақтағы бланкалар темір жол тапсырысы бойынша орталықтандыра отырып жасалынады және станциялар мен тауарды есептеу кантораларына склад арқылы таратады.
Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізудің нұсқауы.
Станцияның коммерциялық есептеуін жүргізу нұсқауын станцияның коммерциялық есептеулерінің бланк тиүрі орнатылады, сонымен қатар жолаушы тасымалының санағы (Форма – ЛУ), жүк тасымалы (Форма – ГУ), сонымен қатар есептеулер (Форма – ГО).
Әрбір жеке форманы толтыру ретін қарастырады, олар: жолаушыларды, багажды, жүк тасығыш, әртүрлі жинақ және кассалық есептеулер; станцияларды бланктармен қамтамасыз ету реті; станцияларға есептеулерді өткізудің мерзімі мен кезеңі.
Жүкті тасымалдау есебін өткізу мерзімі және кезеңі бухгалтерлік санақ және қаржы қызметімен жетілдіріледі, әрине жолмашинасы есептік станциясымен ақылдасу арқылы және жол бастығымен қойылады, сол саладағы жұмысшылар есептеу, құрастыру уақыты басталғанға дейін оған дайындалулары керек.
Есептеуді мерзімінде өткізу станция жетекшісінің және станция жұмысшыларының басты міндеті болып табылады.
Вагонға тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер.
Вагонда тиеулі және жіберілуге алынған жүк туралы есептер(Форма – ФО - 4), оперативті және статистикалық есептеудің (тиеу жоспарын орындау) ең негізгі көзі болып табылады. Соған байланысты станция бір күндік декадалық және айлық есептеу құрайды (жүкті тиеу жоспарын орындау). Жолдың құжат түбіршегі есепті құрауды барлық формалық түрлері жатады, ГУ – 41 тапсыру құжаты, ГУ – 40 форманың өткізетін тізімі, вагон қағазының көшірмесі, ИНУ – 3 форманы өткізетін құжаты. Есептеулер тауарлы канторада тауарлық кассирмен құрастырылады: станцияның өзіндік тиеуі; вагоннан тиеу– түсіру шетелдік жолға арналған; теңіз көлігінің қабылдауы; жаңа құрылыстан қабылдау; жұмыс істемейтін парк вагондарына тиеу.
Тауарлық кассирдің есепті құрастырғаннан кейін сол вагонға тиелген бір күндік есептердің барлығын бір беттен есептейді, жүктің вагонға арналған салмағын және бағасын жіберудің алдында төлету. Жақсылап толтырылған есептеуге тауарлық кассир және станция бастығы қол қояды. Жол машинасын санау станциясына жібереді. Есептеудің екінші көшірмесі станция ішінде қалады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:
-
Талап беру және қарастыру тәртібі.
-
Арыз берудің тәртібі және ескілік мерзімдері.
-
Шағымдар мен ұсыныстар кітабы.
2. МАШЫҚТАНУ САБАҚТАРЫ
Машықтану(семинар) сабақтарының құрылымы:
№1 машықтану(семинар) сабағы: Әрбір жүк үшін тиімді вагон типін таңдау және олар үшін жүктелудің техникалық нормасын орнату.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
1. Вагон жүктемесінің орта техникалық нормасын анықтау
2. Контейнерлер жүктемесінің техникалық нормасын анықтау
Пәннің мақсаты: Вагон және контейнерлерді тиеуде тиімді типті таңдауда студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
1. Вагон жүктемесінің орта техникалық нормасын анықтау формуласы
2. Контейнерлер жүктемесінің техникалық нормасын есептеуге арналған формулалар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№2 машықтану(семинар) сабағы: Станция жұмысының тәуліктік көлемін есептеу.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
-
Жылдық жіберу және әкелуді есептеу.
-
Вагондарды тиеудің жоспарын құру
Пәннің мақсаты: Вагондарды тиеу жоспарын құруда студенттердің білімін тексеру. Ауызша сұрау. Вагон және контейнерлерді тиеуде тиімді типті таңдауда студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
-
Жылдық жіберу және әкелуді есептеудің формулалары
-
Вагондарды тиеу жоспарын құру
-
Вагондарағымының балансы
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№3 машықтану(семинар) сабағы: Тарифтік арақашықтықты анықтау және жеткізу уақытын есептеу.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
-
Жүкті жеткізу уақытын есептеу.
-
Жүкті жеткізу уақытының стандартты нормалары
Пәннің мақсаты: Өткізілген тақырып бойынша студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары: Анықтамаларын беру керек
1.Жүкті жеткізу уақытын есептеу.
-
Маршрутпен жіберу
-
Вагонаралық жіберу
-
Ұсақтап жіберу
2.Жүкті жеткізудің уақытының стандартты нормалары
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№4 машықтану(семинар) сабағы: Тауарлық және вагондық өлшеуіштердің өткізу мүмкіндіктерін есептеу.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
-
Жүкті қабылдауда және өткізуде салмағын өлшеу.
-
Тауарлық өлшеуіштердің қайтаөңдеушілік мүмкіндігі
-
Тауарлық өлшеуіштердің жүккөтерімділігі
-
Тауарлық өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндігі
Пәннің мақсаты: Өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндіктері формулалары бойынша студенттердің білімін тексеру
Бақылау сұрақтары:
Формулаларын көрсету керек
-
Жүкті қабылдауда және өткізуде салмағын өлшеу.
-
Тауарлық өлшеуіштердің қайтаөңдеушілік мүмкіндігі
-
Тауарлық өлшеуіштердің жүккөтерімділігі
-
Тауарлық өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндігі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№5 машықтану(семинар) сабағы: Маршруттар санын есептеу, маршруттаудың календарлық жоспарын құру және маршруттық тасымалдаудың эффектілігін анықтау.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
-
Маршрут ұғымы.
-
Маршруттаудың календарлық жоспарын құру.
Пәннің мақсаты: Маршруттаудың календарлық жоспарын құруда студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
1. Маршруттаудың календарлық жоспарын құру.
2. Жүкті жеткізуді жылдамдату есебінен экономдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№6 машықтану(семинар) сабағы: Эксплуатациялық көрсеткіштерді анықтау
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
1. Вагондардың статистикалық жүктемесі.
2. Динамикалық жүктемесі.
3. Вагондардың толық рейсі түсінігі.
Сабақ мақсаты: Эксплуатациялық көрсеткіштерді анықтауда студентердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
Формулаларын көрсет
1. Вагондардың статистикалық жүктемесі.
2. Динамикалық жүктемесі.
3. Вагондардың толық рейсі түсінігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№7 машықтану(семинар) сабағы: Өткізу төлемақысын және қосымша жинақтарды анықтау.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
-
Теміржолдық тариф түсінігі.
-
Жүкті тасымалдауға, жинақтар.
-
Штраф.
Сабақ мақсаты: теміржолдық тарифтар жайлы студенттердің білімін тексеру.
Тексеру сұрақтары:
-
Теміржолдық тариф түсінігі.
-
Жүкті тасымалдауға, жинақтар.
-
Штраф.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
№8 машықтану(семинар) сабағы: Тасымалдау құжатарының комплектісі және оларды толтыру реті.
Машықтану(семинар) сабақтарының мазмұны:
1. Республикааралық тасымалдауда жасалатын құжаттар.
2. Халықаралық тасымалдауда жасалатын құжаттар
3. Тасымалданатын құжатар комплектісі
Сабақ мақсаты: Тасымалданатын құжаттар комплектісін толтыру.
Бақылау сұрақтары:
Тізіп шығу керек
1. Республикааралық тасымалдауда жасалатын құжаттар.
2. Халықаралық тасымалдауда жасалатын құжаттар
3. Тасымалданатын құжатар комплектісі
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Галабурда В.Г. Единая транспортная система. М: Транспорт, 2004. 470 с.
2. Железные дороги России. Общий курс. СПб: Информационный центр «Выбор», 2004. 310 с.
3. Лецкий Э.К. Информационные технологии на железнодорожном транспорте. М: 2005. 350 с.
3. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
3.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.
Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;
– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.
Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.
Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
3.2.Өздік жұмыс тақырыптары:
1.Тасымалдау құжаттары
2.Жүктің салмағын өлшеуге арналған техникалық құрылғылар
3.Жүк аулаларында жүкті тиеу және түсіру кезіндегі еңбек қауіпсіздік ережелері
4.Жүкті сақтау және жүк қоймалары
5.Құжатайналымы
6.Кіру жолдарындағы коммерциялық операциялардың орындалуының ерекшеліктері
7.Кіру жолдары және қиылысу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процесс ұғымы.
8. Талап қою және қарастыру
9. Шағым және алғыс кітабы
10.Станцияларды ревизиялау реті
11.Ревизия материалдарын өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |