4.3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
4.3.1. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.
Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту үшін өсімдіктер карантині және аумақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және қалыптасқан практикасын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды (бұдан әрі – ФТТ) жүргізу қажет. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында ФТТ жүргізу функциялары тапсырыс негізінде жүзеге асырылады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің (Республикалық карантиндік зертхана, Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі және Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі) бар болуын ескере отырып, осы ұйымдарды біріктіру және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыра және еңбекақы төлеуді тиісінше көтере отырып, осы мемлекеттік мекемеге ғылыми-әдістемелік мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Зиянкестерді, арамшөптерді және өсімдіктер ауруларын зерттеу зертханаларын заманауи, мысалға, амплификатор сияқты жабдықтармен жарақтау жөніндегі нормативтер әзірленетін болады.
«Е-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пысықталып, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен толықтырылатын болады.
Ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу мақсатында мақта, көкөніс, жеміс, жүзім мен басқа дақылдардың қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күресу әдісін енгізуге арналған нормативтер әзірленетін болады.
2014 жылдан бастап АШТӨ-ге мақтаны өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жоспарлануда.
АШТӨ, өсімдіктердің биологиялық алуан түрлілігі және табиғи мекендеу орындары, сондай-ақ экожүйелер үшін карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерден төніп тұрған көптеген жерлердегі және күшейіп келе жатқан қатерлер республиканың өсімдіктерді қорғау және карантині қызметі үшін басты проблема болып қалуда. Жаңа зиянды организмдер тұрақты түрде өзгеруде немесе белгілі зиянды организмдер климаттағы өзгерістерге байланысты неғұрлым көп таралуда және залал келтіруде, сондықтан да карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы күресу жалғастырылатын болады.
Елдің фитосанитариялық салауаттылығының күтілетін өзгерісін сипаттайтын негізгі индикативтік көрсеткіш карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ауданының көрсеткіштері, химиялық өңдеулерді жүргізу ауданы және оның тиімділігі болып табылады.
Химиялық өңдеу тиімділігін жыл сайын 0,2 %-ға арттыру кезінде карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88-ді құрайды.
24-кесте. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қаупінің коэффициенті
|
1,02
|
1,00
|
0,98
|
0,96
|
0,94
|
0,92
|
0,90
|
0,88
|
4.3.2. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің негізгі басы жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және кооперативтік шаруашылықтарда шоғырланған қазіргі заманғы республиканың мал шаруашылығын дамыту жағдайларында инфекциялық және инвазивтік ауруларды жою проблемасының өзектілігі едәуір өсті.
Ветеринариялық саланың проблемаларын толыққанды шешуге республика, өңірлер (соның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар) ауқымында жануарлардың инфекциялық және жаппай жұқпалы емес ауруларының алдын алу, профилактикасы және жою, сондай-ақ осы саладағы ветеринариялық бақылау мен қадағалауды күшейту жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу ықпал етеді.
Мемлекеттегі тұрақты эпизоотиялық ахуал республиканың ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамытудың негізі болып табылады. Сондықтан да ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамытудың негізгі мақсаты ел аумағының орнықты ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету және түпкі тұтынушы, яғни адам үшін тамақ өнімінің қауіпсіздігі болып табылады.
25-кесте. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Өндірісі халықаралық стандарт бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып, жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер үлесі, %
|
7
|
20
|
65
|
80
|
80
|
80
|
80
|
80
|
2
|
Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарты) бойынша сертификатталған жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы қолданылатын иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттар үлесі, %
|
25
|
30
|
40
|
67
|
70
|
70
|
70
|
70
|
3
|
Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі, %
|
|
0,13
|
0,18
|
0,22
|
0,27
|
0,32
|
0,36
|
0,40
|
Осы көрсеткіштерге қол жеткізуді жүйелі диагностикалық, емдеу-профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу есебінен, сол сияқты осы іс-шараларды жүргізу тиімділігін жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар және жалпы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Халықаралық эпизоотиялық бюро (бұдан әрі – ХЭБ) мақұлдаған және келіскен ҚР ветеринариялық қызметін ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы әзірленді, оның шеңберінде ХЭБ ұсынымдарын ескере отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу стратегиясын қайта қарауға бағытталған іс-шаралар көзделген. Бұл үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, жануарлардың аса қауіпті ауруларын (аусыл, бруцеллез, құтыру, эхинококкоз және басқалары) бақылау, алдын алу, жою жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленетін болады. Бұдан басқа, осы іс-шараларды жоспарлау ел аумағын аймақтауды ескере отырып, эпизоотиялық қадағалау жүйесін енгізумен, енжар және белсенді бақылауды, математикалық модельдеу мен болжауды (бұдан әрі – ГАЖ-бағдарлама) қосумен қатерлерді талдау, бағалау және басқару қағидаттарына негізделетін болады. Бұдан басқа, жануарлардың аса қауіпті ауруларына, соның ішінде бруцеллезге қарсы ерекше иммунитеттік алдын алуды пайдалану мүмкіндігі көзделетін болады. Аусылға қарсы вакцинациялау алдын алу шарасы ретінде іске асырылады және осы ауру таралған немесе көршілес қолайсыз елдерден әкелу қаупі болған жағдайда буферлік аймақты айқындау жолымен одан әрі таралуын алдын алуға бағытталатын болады. Сондай-ақ аумақ бойынша инфекция қоздырғышының айналымын айқындау үшін жалпы ел бойынша аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының болуына серологиялық мониторинг көзделген. Қажет болған жағдайда, вакцинациялаумен осы әкелуден бос аумақ мәртебесін алу үшін республиканың барлық өңірлерінде сезімтал жануарларды вакцинациялау жүргізілетін болады. Сондай-ақ осы стратегияның шеңберінде Орталық Азия өңірінде аусылды бақылау жөніндегі ХЭБ үйлестіру орталығы және елдің бенефициарларына арналған вакциналар банкі құрылады.
Зертханалық жүйеде ХЭБ ұсынатын зерттеу әдістеріне көше отырып, сынамаларды математикалық дұрыс іріктеу жүйесін енгізу және диагностикалық зерттеулерді жарақтандыруды және мамандарының біліктілігін ескере отырып аудандық деңгейде жүргізу есебінен диагностикалық зерттеулер санын оңтайландыру жүргізіледі.
Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып, халықаралық, соның ішінде GMP/GLP стандарттарына сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын пайдалану жүйесі қаланады, оған әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілері қатысатын болады.
Сондай-ақ, мамандандырылған инсинераторларды жергілікті деңгейде, әрбір аудан орталығында және ауылдық округте пайдалана отырып, биологиялық қалдықтарды, жануарлардың өлекселерін, ветеринариялық препараттарды және диагностикумдарды жоюдың халықаралық практикасы енгізіледі.
Ветеринариялық-санитариялық алдын алу, диагностикалық және жою шараларын сәтті жүргізу үшін ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханалар, эпизоотияға қарсы отряд, ветеринариялық станциялар және пункттер) материалдық-техникалық жарақтауды жүргізу қосымша жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жолға қою, жануарлардан алынатын өнімнің мониторингін және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның жоқ болуына жануар иесінің жауапкершілігін арттыра отырып, мал иесіне рәсімді мемлекеттік қаражат есебінен ақысыз негізде жүргізу көзделеді. Бұдан басқа, бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдар мен атрибуттарды ICAR тіркелген АШТӨ-ден орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру жолымен процессингтік орталықтың рөлі күшейтіледі. Ақпараттық жүйелерді енгізумен ветеринариядағы процестерді тиімді басқару, өнімді «фермадан үстелге дейін» қағидатының негізінде өмірлік циклінің жалпы тізбегі бойынша бақылау және байқау мүмкін болады.
ҚР Мемлекеттік шекарасында инспекциялық бақылауды күшейту
үшін мамандандырылған өткізу пункттерін (жануарларға арналған өткізу пункттері, жануарлардан алынған өнім мен шикізатқа арналған пункттер) айқындау және оларды материалдық-техникалық жарақтау талап етіледі.
Тамақ өнімдерін өндіру объектілерінде, мал шаруашылығы объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды қатерлерді айқындау тәсілдері мен әдістерін ескере отырып жүргізу талап етіледі. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалдық заттардың болуына тамақ өнімдерінің мониторингі жүргізілетін болады, бұл түпкі тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.
Ветеринариялық ғылымдағы проблемаларды шешу үшін ХЭБ, ФАО және жалпы әлем бойынша жетекші ғылыми-зерттеу ветеринариялық орталықтарымен ынтымақтастық жөнге келтіріледі және ветеринариялық ғылыми ұйымдарды заманауи жабдықпен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізіледі.
Бұдан басқа, осы бағдарлама шеңберінде ұлттық тізілімді құру, біліктікті жоғарылату курстарын, соның ішінде шетелде ұйымдастыру мүмкіндігімен ветеринариялық мамандарды даярлауға, халықаралық тәжірибені ескере отырып, оқыту бағдарламаларын қайта қарауға және тренингтер мен экстенши-курстар үшін халықаралық сарапшыларды тартуға ерекше назар аударылады. Ветеринариялық қызметтің тартымдылығын арттыру үшін жалақы деңгейін көбейту және ветеринариялық қызметкердің әлеуметтік мәртебесін көтеру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ұлттық нормативтік блокты халықаралық талаптармен үйлестіру үшін ветеринариялық заңнаманы ХЭБ және ФАО ұсынымдарын ескере отырып жетілдіруге ерекше назар аударылады, онда өткізілетін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігі үшін кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін арттыру көзделеді. Осы жұмыс шеңберінде «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылау белгіленеді.
Сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілердің орнын ауыстыру, зооантропозоондық аурулардың пайда болуы туралы және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы уақытылы ақпараттандыруды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен үйлестіру күшейтіледі.
4.4. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
2) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін
дамыту;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
4.4.1. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың құнарлылығын арттыру жолдарының бірі олардың агрохимиялық жай-күйін нақты бақылау болып табылады.
Топырақты агрохимиялық байқап тексеру 2000 жылдан бастап жүргізілуде. 2000 – 2011 жылдары 19,1 млн. гектар немесе республиканың егістік жерлерінің ауданынан 78 % байқап тексерілді.
Топырақтар құнарлылығының агрохимиялық жай-күйін бақылау үшін топырақты агрохимиялық байқап тексеруді белгілі циклмен жүргізу қажет, ол ҚР үшін суармалы егіншілік жағдайларында бес жылда бір рет және бағара (суарылмайтын) егіншілік жағдайларында жеті жылда бір рет жүргізуді құрайды.
Мұндай циклдік байқап тексерудің бірінші турын аяқтауды жеделдетуге және құнарлылық деңгейі бойынша базалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, агрохимиялық байқап тексерудің 1,5 млн. гектардан артық емес аудандағы қолданыстағы жыл сайынғы көлемі мұндай циклділікті сақтауға мүмкіндік бермейді.
Көрсетілген циклділікке қол жеткізу үшін 3,5 млн. гектардан кем емес аудандағы топырақты жыл сайын агрохимиялық байқап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
26-кесте. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Егістік жерлерін агрохимиялық байқап тексеру ауданы, млн. га
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
3,5
|
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық мониторингін жүргізу критерийлерінің бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық дерекқорды жүргізу және егістік жерлердің гумуспен, қоректі заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуінің агрохимиялық картограммаларын құру болып табылады. Картограммалар негізінде минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және топырақ құнарлылығын сақтау жөніндегі ұсынымдар әзірленеді.
Дерекқор және агрохимиялық картограммалар топырақ құнарлылығының сақталуын 5-7 жылдан кейін қайталама тексеру кезінде бақылау негізі болып табылады.
Алдағы уақытта топырақты агрохимиялық байқап тексеру жөніндегі қорытындыларды жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға беру жоспарлануда, олардың негізінде инспекторлар жер учаскесін топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуін туындайтындай пайдаланған жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюға дейінгі әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайтын болады.
4.4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
Қарқынды мал шаруашылығы салдарынан шөлейттену және ауыл шаруашылығы өндірісінің климаттық жағдайлардың әсеріне тәуелділігі сияқты ауыл шаруашылығы саласындағы ішкі міндеттерді шешу ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру әдістерін тұрақты іздестіруді ынталандырады.
Осындай әдістердің бірі дәлме-дәл егіншілік технологиясы болып табылады. Бұл өнімділік пен өнім сапасын өсіруге бағытталған іс жүзіндегі деректер негізіндегі егжей-тегжейлі бақылауды көздейтін егіншілік типі.
Ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша (топырақтың ылғалдығы, өсімдіктердің өсуі және аурулары, метеодеректер) ақпарат жинау және деректерді өңдеу процесі мақсатында дәлме-дәл егіншілік үшін талдау және болжау жүйесін енгізу жоспарлануда.
27-кесте. Ауыл шаруашылығын ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Дәлме-дәл егіншілікті қолдану, облыстар саны
|
|
3
|
9
|
4
|
|
|
|
|
4.4.3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) басты міндеті ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттерінің кешені бойынша ең жақсы сорттарын анықтай отырып, жаңа отандық және шетелдік селекция сорттарының шаруашылық пайдалығына мемлекеттік сынауды және патент қабілеттілігіне сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.
Қазіргі сәтте республикада Мемлекеттік комиссияның құрамында 12 облыстық, 3 өңірлік инспектура, 3 мемлекеттік сорт станциясы және 73 сорт сынау учаскесі жұмыс істейді.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің зертханалық, ауыл шаруашылығы (соның ішінде арнайы) техникасымен және жабдықтарымен жарақтануы проблема болып қалуда, ол қазіргі уақытта қажеттіліктен 46 % құрайды.
Мемлекеттік сорт сынау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтауды және зертханалық жабдықты жақсарту сыналатын сорттарды шаруашылық пайдалыққа және патент қабілеттілікке сапалы бағалауды жүргізуге, жүргізілетін талдаулар бойынша шынайы деректер алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет. Сорт сынау процесінің техникалық жарақтануы оны тиімді дамытудың басты факторы болып табылады, аймақтық ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі ұсынған барлық агротехникалық жұмыстарды толық көлемде уақытылы орындау есебінен сорт сынауды жүргізу сапасын арттырады. Бұл өндіріске енгізу үшін жоғары өнімді сорттарды анықтауға мүмкіндік береді, ол өсімдік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
28-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Неғұрлым өнімді және құнды сорттарды анықтау жөніндегі сорттық тәжірибелер саны, бірлік
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
6725
|
4.4.4. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер көрсету бойынша қызметін жандандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру
Қазіргі заманда мемлекеттік билік органдары әлемде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кеңінен пайдалануда.
Қазақстан аумағының үлкен екенін және ауылдық елді мекендер арасы қашық екенін ескере отырып, онда жаңа компьютерлік технологияларды қолдану АШТӨ-нің және ауыл тұрғындарының еңбек шығындарын төмендету үшін қажетті болып табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласында тек екі қызмет ішінара автоматтандырылған, бұл ҚР АШМ көрсететін барлық мемлекеттік қызметтерден 4 %-ды құрайды.
Тиісінше, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету аясын кеңейтуді дамытудың Қазақстанда үлкен әлеуеті бар.
29-кесте. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі, %
|
55 (20 қызмет)
|
28 (10 қызмет)
|
17 (6 қызмет)
|
|
|
|
|
|
Мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі неғұрлым маңызды міндеттердің бірі билік өкілдерінің қызметтер алушылармен байланыстарын жою, сондай-ақ «жалғыз терезе» қағидатын пайдалана отырып, тұтынушы үшін қызметті алу процесін жеңілдету болып табылады.
30-кесте. Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілген мемлекеттік қызметтердің үлесі, %
|
22 (8 қызмет)
|
14 (5 қызмет)
|
|
|
|
|
|
|
4.4.5. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту
Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімнің қауіпсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бизнеске қысымды төмендету, нарыққа импорттық өнімнің түсуін шектеу мақсатында техникалық регламенттер қабылданған.
Техникалық регламенттер тұтынушылар үшін тұтынылатын өнім қауіпсіздігінің кепілі, ал өндірушілер, импорттаушылар мен өткізушілер үшін біріншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің талаптарын толық қамтитын құжат болып табылады.
Қазіргі таңда АӨК саласында ҚР-ның 19 техникалық регламенті қабылданған.
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру және КО-да ықпалдастыру процестерін тереңдету және жеделдету мақсатында АӨК саласында КО 6 техникалық регламенті бекітілді, қосымша КО-ның тағы 6 техникалық регламентін әзірлеу қажет.
КО техникалық регламенттері кеден аумағында тікелей қолданылады және олар барлық үш ел үшін бірыңғай талаптар белгілейді. КО техникалық регламенттерін қабылдаумен осы техникалық регламенттің талаптарын сақтай отырып өндірілген өнімнің КО аумағы бойынша қандай да бір шектеулерсіз, қосымша растамаларсыз және құжаттарды қайта ресімдеусіз орны ауыстырылуы мүмкін.
Техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін АӨК өнімдерінің барлық түрлері үшін халықаралық немесе еуропалық стандарттармен үйлестірілген Бірыңғай экономикалық кеңістік стандарттарының бірыңғай тізбелері қалыптастырылды, олар алдағы уақытта мемлекетаралық стандарттар болып қайта пысықталатын болады.
Сондай-ақ республикалық ветеринариялық зертханалардың сынау зертханаларын АӨК өнімдерін бірдейлендіру үшін қажетті жабдықтармен және қосалқы материалдармен жарақтауды жүргізу қажет.
31-кесте. Ауыл шаруашылығында техникалық реттеу жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
АӨК өнімдерін
КО-ның техникалық регламенттеу жүйесімен қамту үлесі, %
|
58,3
|
75
|
83,3
|
91,7
|
100
|
-
|
-
|
-
|
4.4.6. Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру
Мемлекет басшысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлерге АӨК-дегі мемлекеттік органдар тарапынан тексерулерді жоспарлауды жүйелендіру және олардың санын азайту бөлігінде әкімшілік қысымды төмендету мақсатында ҚР АШМ мыналарды жоспарлап отыр:
Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру:
1. алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру бұзушылықтарды анықтаған кезде бақылау – қадағалау жүйесінің акценттерін әкімшілік жазаларды салудан нұсқамалар беруге көшіруді көздейді.
2. нұсқамаларды қолдану бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды нұсқамада белгіленген мерзімдерде уақытылы жоюға және тиісінше әкімшілік жаза салудан құтылуға мүмкіндік береді.
32-кесте. Алдын алу-профилактикалық сипаттағы шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
85
|
87
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
95
|
2
|
ҚР ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін берілген нұсқамалардың орындалу үлесі
|
86
|
88
|
89
|
90
|
91
|
92
|
93
|
96
|
тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру
Қазіргі уақытта тексерулер жоспары тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып жасалады, яғни тексерулерді жүргізу критерийлері айқындалған, бақылау және қадағалау субъектілері тәуекел топтары бойынша бөлінген, әрбір тәуекел тобы үшін тексерулер жүргізу кезеңділігі айқындалған.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта тексерулер жоспарларын қалыптастыру кезінде субъективті тәсілді қолдану ықтималдылығы бар. Жоспарларды қалыптастыру кезінде субъективизмді барынша болдырмау үшін бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізуді тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып автоматтандыру ұсынылады.
33-кесте. Тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, бақылау-қадағалау субъектілерін тексерулер жоспарына енгізу процесін автоматтандыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Іске асыру жылдары
|
2013
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
2020
|
1
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, өсімдік шаруашылығы және фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
60
|
70
|
80
|
90
|
100
|
2
|
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы тексерулер жоспарына енгізілген субъектілерді қамту үлесі, %
|
|
|
50
|
70
|
80
|
90
|
100
|
100
|
4.4.7 Органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау
Республикада органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту, сондай-ақ органикалық өнімнің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін органикалық өнімді өндіру және сертификаттау жүйесінің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау қажет.
Органикалық өнімді өндіру мен өткізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мәселесін зерделеу бірінші кезектегі мәселе болып табылады.
Органикалық ретінде таңбаланған тауарлар мен шикізатқа тұтынушылардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында органикалық өнімді өндірудің барлық кезеңдерінде бақылау жүйесін, органикалық өнім өндіруді, қайта өңдеуді инспекциялау және сертификаттау, өндіріс субъектілерін тіркеу рәсімдерін енгізу қажет.
Органикалық өнімдер өндіруді мемлекеттік қолдау тетіктерін әзірлеу талап етіледі.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
АӨК-ні дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы екі кезеңде іске асырылатын болады.
5.1. Бірінші кезең: 2013 – 2015 жылдар
Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың берік іргетасын қалау қажет:
1) Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттер мен іс-шараларды шешу үшін заңнамалық базаны қалыптастыру;
2) төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, АӨК субъектілерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру,
сондай-ақ қаржыландыру арқылы АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;
3) өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
4) ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен қарқынды әдістеріне көшу;
5) өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;
6) қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат жасау;
7) инвестициялық және пилоттық жобалар пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;
8) аграрлық ғылымда технологияларды трансферттеу, бейімдеу және коммерцияландыру пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;
9) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
10) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
11) маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;
12) көліктік-логистикалық қуаттарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;
13) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
14) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
15) мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;
16) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
17) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдай жасау.
Нәтижесінде саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар қалыптастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |