Жұмбақ
Үстінде екі тауы бар, Кезікті бір жануар.
Ол не?
Сөздік жұмыс: жайылу.
Көптілділік: түйе – верблюд –camel, қозы – ягнёнок –goats, лақ – козлёнок– kids ,құлын – жеребёнок –foals, бота – верблюжёнок–verbluten. –Балалар, сендер түйенің сүтінен қандай сусын жасайтынын білесіңдер ме?Түйенің сүтінен шұбат дайындайды. Шұбат адам денсаулығына өте пайдалы.
Ал, балалар, дәптерлеріңде не бейнеленіпті, қараңдаршы (шағын әңгімежүргізеді). Балалар, сендер мүсіндеуге дайынсыңдар ма?
Балалар, түйенің түсі қандай болады?
Түйені қандай түсті ермексазбен жасаймыз?
Педагог жасалу жолын көрсете отырып түсіндіреді:
Ермексазды 4 бөлікке бөліп дайындаймыз. Алдымен түйенің денесін, мойнын жасаймыз.Ермексазды алақан арасына салып,сопақша пішінге келтіреміз. Осы бөліктен мойнын, өркешін шымшып созу арқылы шығарамыз.
Басы, мүрнын, құлағын жасаймыз. Ермексазды шар тәрізді домалақтап, бастың пішініне келтіріп, мұрнын, құлағын шымшып созу арқылышығарамыз.
Ақ және қара ермексаздан көзін жасаймыз.
Дайын болған бөліктерді шымшып жапсыру арқылы түйенің мүсінін толықтырамыз.
– Енді бәріміз сергіту сәтін жасап, сергіп алайық.
Педагог балалармен бірге лақ болып секіріп, қозы болып ойнақтап, бұзауболып ары-бері секіреді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды. Ата-аналарға арналған көрме ұйымдастырылады.
–Үйден ата-аналарыңның көмегімен мынадай өлең жолдарын жаттап келіңдер (өлең мәтінін таратып береді). Ең зор түлік – түйемін, Тікенді шөпті сүйемін. Пайдалансаң, сүтім – шұбат, Дертке – дауа, жанға – қуат.
Қу тышқанға алдандым Жыл басынан құр қалдым.
(Қ.Қайым)
№12 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Достарыңызбен бөлісу: |