КӨКЕБАЕВ Бахыт Керімбайұлының
сайлауалды бағдарламасы
Егер мен сайлаушылар сеніміне ие болып, депутат болып сайлансам, мынадай өзекті мәселелерді алдыма нақты мақсат етіп кояр едім:
1. Жұмыссыздықпен күрес.
1.1. Жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету. Өзім басшылық ететін металлургия комбинатына лайықты мамандар даярлау арқылы жұмысқа тартылатын аудан тұрғындарының санын 200-ге дейін жеткіземін.
1.2. Қайта мамандандыру. Ол үшін: үйлерінен алыстап, бала-шаға асырау үшін Алматы, Атырау, Астана секілді үлкен қалаларда құрылыс тағы басқа жұмыстар істеп жүрген аудан тұрғындарын тізімге алып, сараптама жасау. Сосын білімі мен мамандығына қарай әр адамға жаңа мамандыққа қайта оқу туралы жеке ұсыныстар жасау. Қайта оқу өкімет тарапынан бөлінетін қаржымен іске асырылады.
1.3. Жасөспірімдерді еңбекке баулу. Ауданымыздағы кәсіби мамандар даярлайтын орта оқу орындарында металлургия комбинатына және басқа да жанадан ашылған кәсіпорындарға қажетті мамандықтар ашуға, өкімет тарапынан грант бөлуге, олардың сапалы білім алулары үшін арнайы мамандандырылған оқытушылармен қамтамасыз етуге күш саламын.
2. Тұрғын үй мәселелері:
2.1. 6 шағын ауданындағы 8,9,11,12,12,14,15,16,22,23,25,26,27,28,29,30,34-ші үйлердің жертөлелері мен шатырларын жөндеу үшін кондоминиумға іліктіру:
2.2. Көпқабатты үйлердегі су құбырларын жаңартуға күш салу.
2.3. Әр подъезге темір есік салып, үлкен қалалардағыдай әр тұрғынға кілт үлестіріп, тұрғылықты жерге деген жауапкершілікті сезіндіру.
2.4. Көпқабатты үй тұрғындарын қысы – жазы үздіксіз салқын сумен қамтамасыз етуге ықпал етемін.
2.5. Шанхай аталып кеткен №5 «а» шағынауданына барар жаяу жүргіншілер жолын жақсартуға, ыстық су құбырын тарқызуға күш саламын.
3. Қаланың көгалдандыру, көгеріштендіру және тазалық жұмыстарынан туындайтын мәселелер:
3.1. Абылайхан атындағы орта мектептің қажеттіліктеріне баса назар аударып, айналасына гүл шоқтарын егу, тазалық, көгаландыру- көгеріштендіру жұмыстарын жүргізу.
3.2. 6 шағынаудандағы вулканизация айналасын қоршап, жаныннан көлік қоюға ыңғайлы жер қарастырып, автотұрақ жасауға ықпал ету:
3.3. 5 шағынаудандағы 3,9,10,33,17,18,19 үйлердің айналасындағы қираған үйлердің орнын тазалау.
3.4. 1 шағынаудандағы 3 және 60 үйлердің айналасын таза ұстауға және жертөлелерді жылына екі рет маса т.б. зиянкес жәндіктерден залалсыздандыру жұмыстарын өкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерге іліктіру.
3.5. 6 шағынаудандағы 3-ші үй жанындағы, қазіргі күні тұрғындар жасайтын балабақша ғимаратының бос жатқан орнын, үй иелерімен келісе отырып, тұрғындар қажеттіліктеріне жасау және Абылайхан атындағы орта мектеп айналасындағы бос жатқан жерлерді дене шынықтыру және мектепішілік балабақша балаларына арналған ойын алаңдары, автотұрақ секілді нысандар ашу.
4. Әлеуметтік қолдау.
4.1. Салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды қастерлеп, қасиеттеген халықпыз, «Қартың-қазынаң» деген мәтелді ұстана отырып ардагер, көп балалы ана, зейнеткерлеріміздің жеңілдікпен емделіп, демалулары үшін жағдайлар қарастыру.
4.2. Аз қамтылған (көп балалы) жанүялар мен ардагерлерге ғана қызмет көрсететін төмен бағалы әлеуметтік дүкеннің ашылуына ат салысамын.
4.3. Өзіме қарасты округімдегі көшелердің жарықтандырылуын, түнгі көше тәртібінің бірқалыпты сақталуын бақылап, ұдайы қолқабысымды тигізіп отырамын.
Құрметті сайлаушылар!
Мені қолдап дауыстарыңызды берер болсаңыздар нақты бағдарламамның орындалуына куә боласыздар. Уәдені орындау азаматтық борышым. Бұл саяси науқан, салғырт қарайтын жәй жиын емес екендігін ескере отырып, дауыс берер алдында терең ойланып, жеті өлшеп бір кесетіндеріңізге сенемін. Өйткені, еңбек еткеннің ертеңі жарқын. Мен бар мүмкіндігімді өзімнің азаматтық парызымды өтеуге жұмсаймын. Жаңатастың өркендеуі перзенттеріміздің, немерелеріміз бен ұрпақтарымыздың қала берді сіз бен біздің жарқын болашағымызды меңзейді. Сондықтан, бір кісідей ат салысып, мені қолдап дауыс берсеңіздер, мен сіздердің сенімдеріңізді ақтайтыныма уәде беремін!
Достарыңызбен бөлісу: |