2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Атауы: 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
Әзірлеудің негіздемесі: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы
Негізгі әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Негізгі қоса орындаушылар: Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың және Алматы мен Астана қалаларының әкімдері
Бағдарламаның мақсаты: Халықты қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету
Бағдарламаның міндеттері: Сумен жабдықтайтын жаңа объектілер салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік әдісті енгізу.
Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін тиімді пайдалануды қамтамассыз ету.
Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту.
Халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;
Сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру.
Су шаруашылығы секторының жағдайына мониторинг жасау жүйесін құру.
Су шаруашылығы ұйымдарын тиімді жұмыспен қамтамасыз ету үшін тариф құру.
Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ мерзімді тарифтер белгілеу.
Тұтынушыға жеткізуде өнімсіз су жоғалту деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету.
Бағдарламаның іске асырылу мерзімі мен кезеңдері 2011 – 2020 жылдар
I кезең – 2011 – 2015 жылдар
II кезең – 2016 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар: Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, кіші қалаларда 100 %-ға қол жеткізу;
әр аудан орталығында сумен жабдықтау объектілерінің мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;
жеке капиталдың қатысуымен, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде жасалған су шаруашылығы ұйымдарының санын 15 бірлікке дейін арттыру;
суды есептеу аспаптарымен қамту: қалаларда - 100 % және ауылдық елді мекендерде - 80%;
3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету;
қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су арнасы үшін 15 кен орнын қайта барлау;
86 қала мен 7002 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;
Халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтау.
Қаржы көзі мен қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қаржыландыру 2011 – 2020 жылдар аралығында даму институттарының қаражаты, су шаруашылығы ұйымдарының жеке қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялардың және мемлекеттік бюджетте көзделетін 951 490,3 млн. теңге қаражат есебінен жүзеге асырылады, оның ішінде:
республикалық бюджет есебінен – 631 940,3 млн. теңге сомасында;
жергілікті бюджеттер есебінен – 319 550 млн. теңге сомасында.
Кіріспе
Халықты сумен қамтамасыз етудің 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының басым бөлігі толық көлемде ауыз сумен жабдықталмаған.
Осыған байланысты, Бағдарлама пайдаланудағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, су шаруашылығы секторын дамытуды, су шаруашылығы саласына жеке капиталды тартуды, халықты ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласына жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды қарастырады.
Бағдарламаны іске асырудағы жүйелі әдістердің біріне орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдардың тиісінше өзара іс-қимыл жасауы мен олардың арасындағы іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру жатады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын талдау
Ауылдық жердегі жағдай
2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.
Осы бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:
жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20 – 25 %-ға арттыру;
жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға арттыру.
Бағдарлама шеңберінде барлығы 13 288 км-ден астам су құбыры мен сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңғыртылды және күрделі жөнделді. Халқының жалпы саны 3,5 млн. адамды құрайтын 3 153 елді мекенді сумен жабдықтау жақсартылды.
Ауыз суға бірдей үнемді деңгейде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ауыл халқы үшін субсидиялаудың сараланған нормативтері енгізілген, олар ауылдық жерлердің тұрғындарына суды жеткізу қызметтеріне бірыңғай тариф бойынша төлеуге мүмкіндік берді.
Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 5 есе қысқарып, 82,9 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.
Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелеріне қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздеріне қол жеткізуі 12 %-ға ғана артып, 41 %-ды құрады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-дің жалпы санынан 7 002 – ауыз сумен жабдықталғандарына (проблемалық) барлық ауыл халқының 40 %-ын құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 849 АЕМ жатады.
Бұл ретте, осы АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.
1-кесте
Ауыз сумен жабдықталған АЕМ санаттары
Р/с №
|
АЕМ санаттары
|
АЕМ саны
|
Үлес салмағы, %
|
1.
|
Тасымалданатын суды пайдаланатындар
|
143
|
4
|
2.
|
Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер
|
386
|
10
|
3.
|
Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)
|
114
|
3
|
4.
|
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары
|
3 206
|
83
|
|
Барлығы
|
3 849
|
100
|
Жалпы, 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асырған уақытта бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, су құбырларын салу мен жаңартудың сапасыздығы, жөндеу-салу жұмыстары мерзімдерінің бұзылуы және ауыз судың сапасын қамтамасыз етпеу жағдайлары орын алған.
Оның басты себебі сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жаңарту жұмыстарын жоспарлау кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жүйелі тәсілі мен тиісті өзара іс-әрекетінің болмауы болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру басымдақтарға сәйкес жүргізілмеді. Нәтижесінде, кейбір жағдайларда ауқымды бюджеттік қаржыға салынған объектілер тұрып қалып, керісінше басқалары қаржыландырудың жетіспеуі салдарынан аздаған учаскемен қайта жаңарылып жатты.
Сонымен қатар, 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижелеріне жасалған талдау бойынша, ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау мәселесіндегі тежеуші факторлардың бірі жабдықтаушы кәсіпорындар санының болмауы немесе олардың жеткілікті дәрежеде материалдық-техникалық жабдықталмауы болды.
Қалалық жердегі жағдай
Бүгінгі таңда республиканың қалаларын да сумен жабдықтау проблемасы орын алуда.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы 72 %-ды құрайды.
Халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жүйелеріне қол жеткізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы дамыған елдерден артта қалады, бұл көрсеткіш 90 – 95 %-ды құрайды.
Республика бойынша қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 км-ды құрайды, оның ішінде, таратушы су құбыры желілері – 18 173,7 км, бұл ретте, қазіргі уақытта республика бойынша «иесіз» 2 188 км желі бар.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық қалыпты мерзімін ескере келе, жұмыс жағдайында36 % желі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе толығымен алмастыру қажет болып отыр.
Негізінен су құбыры желілері 25 – 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, апаттардың артуына, судың жоғалуы мен ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.
Осының салдарынан сумен жабдықтау желілерінде шығындардың жыл сайын артуы тіркелуде, мысалы, 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда шығындардың саны 10,9 %-ға артты.
Бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижесінде республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 5,3 %-ға артты, жалпы республика бойынша сумен жабдықтау желілеріндегі апаттардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды.
Қазіргі уақытта қалалық жүйелердің ағымдағы жағдайы туралы толық және нақты ақпараттың болмауы қалалық жерде сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстарының қажетті көлемін нақты бағалауға мүмкіндік бермейді.
Сумен жабдықтау жүйелерін жобалаудың сапасы
Сапасыз құрылыс себептерінің бірі сумен жабдықтау жүйелерінің жобалау-сметалық құжаттамасының әзірлену деңгейінің төмендігі болып табылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, бүгінгі таңда сараптамаға ұсынылатын жобалардың жартысы мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес келмей, пысықтауға қайтарылуда.
Тек 2009 жылдың өзінде жобаларда 326 мыңнан астам әр түрлі кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқу анықталған. Негізінен, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеумен сумен жабдықтау және суды тарату объектілерін жобалау тәжірибесі жоқ ұйымдар айналысады.
Қазіргі уақытта «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес субъектілерді, оның ішінде сумен жабдықтау субъектілерін лицензиялау облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар жобалау жұмыстарын өткізуге 12 мың лицензия берген. Бұл ретте, көп дегенде 50 кәсіпорын сумен жабдықтау объектілерін жобалауға маманданған және жақсы өндірістік базасы мен білікті мамандары бар.
Жобалау-іздестіру жұмыстары деңгейінің төмендігі құрылыс жұмыстарының қымбаттауына, ал кейде мүлдем өткізілмеуіне алып келеді. Сумен жабдықтау объектілерін салу немесе жаңғырту жұмыстары сапасыз жасалған жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) негізінде жүргізіледі.
Нәтижесінде жаңадан салынған желілер 1 – 2 жыл істеп, пайдаланудан шығады. Сумен жабдықтау объектілерін жер бөлінісінің мәселелері және электр энергиясымен жабдықтайтын техникалық жағдайлар ескерілмей аудандық әкімдіктер әзірлеген ЖСҚ бойынша салу орын алған жағдайлары болды.
Жер асты суларын пайдалануға байланысты жағдай
Жер асты су объектілері суының сапасы жер асты суынан әлдеқайда жоғары, сондықтан оларды ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланған тиімдірек. Соған қарамастан, елді мекендердің маңызды бөлігі жер асты суларын ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мақсатта пайдаланбайды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша елімізде 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекет теңгерімінде тұрған жер асты суларының 1282 кен орындары барланған.
Барланған ауыз судың пайдалануға берілетін қоры республиканың жиынтық қажеттілігінен 2 есе артады және тәулігіне адам басына 1,12 м3 құрайды.
Сонымен қатар, жер асты суларының барланған қорларын игеру баяу қарқынмен жүргізіліп жатыр, ал соңғы жылдары республиканың бірқатар аудандарында мүлдем дерлік тоқтатылған. Көптеген жер асты суларының кен орындары 10 – 15 жыл қатарынан пайдаланылмай келеді, ал жекелеген жағдайларда олардың пайдалануға берілу мерзімінін кешіктірілуі 25 – 30 жылды құрайды.
Сондықтан, барланған қорлар халықтың ауыз суға деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта барланған кен орындарының жалпы санынан (1282) 402 кен орны ғана пайдаланылуда (алынатын судың көлемі тәулігіне 2,0 млн. текше метрді құрайды), ол халықтың ауыз суды пайдалануының жалпы теңгерімінде 56 %-ды құрайды.
Келтірілген фактілер жер асты су көздерінің қолда бар әлеуетін толық көлемде пайдаланбауының куәсі болуда.
Сумен жабдықтау жүйесіндегі тарифтік саясат
Бұрын атап көрсетілгендей, су шаруашылығы секторына сумен жабдықтау желілерінің тозуы мен су шаруашылығы секторы кәсіпорындарының активтерін жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жетіспеушілігі туралы мәлімдейтін нормативтік техникалық шығындардың жоғары деңгейі тән.
Осыған байланысты, сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметтеріне тариф белгілеумен байланысты мәселелерге басты назар аудару қажет. Сумен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтердің алдыңғы жылдардағы деңгейі су шаруашылығы саласы субъектілеріне толық көлемде жөндеу және қайта жаңарту жөніндегі бағдарламаларды орындауға мүмкіндік бермейді, ол түпкі нәтижесінде негізгі қорлардың тозуының ұлғаюына өндірістік емес шығындардың өсуіне және су сапасының төмендігіне алып келді.
Қазіргі уақытта көптеген сумен жабдықтау кәсіпорындарында негізгі құралдарды жаңарту мен жаңғыртуға, желілердегі шығындардың азаюына бағытталған даму бағдарламары жоқ, арнайы техника мен технологиялар жабдығы жаңартылмайды, өндірістік көрсеткіштер жақсармай отыр, көрсетілетін қызметтерге шығындар артуда.
Сумен жабдықтау саласындағы жағдай, сонымен қатар суды ұтымсыз пайдалану проблемасымен күрделене түсуде. Сондықтан бүгінгі таңда сумен жабдықтау қызметтерін жеткізушілерді ынталандырумен бірге, тұтынушыларды суды үнемді пайдалануға, оның ішінде суды есептеу аспаптарын орнату жолымен ынталандыру, суды үйлесті пайдалану нормаларын төмендету, пайдаланылған су көлеміне байланысты және тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтерді енгізу мәселесі де өткір тұр.
Сезімталдығы жоғары, нақтылығы төмен класты суды есептеудің арзан аспаптарын пайдалану, аспаптарды дұрыс монтаждамау, пайдаланылған суды дұрыс есептемеу коммерциялық шығындарға әкеледі, тиісінше пайдаланушы кәсіпорындар елеулі түрде табысын жоғалтады.
Осылайша, 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректері бойынша қалалардағы суды есептеу аспаптарымен қамту деңгейі республика бойынша орташа есеппен 76 %-ды құрады. АЕМ суды есептеу аспаптарымен қамту 40 %-ға да жетпейді.
Жалпы, өткен кезеңде мемлекеттің халықты ауыз сумен жабдықтауға бағытталған іс-шараларды іске асыруы кезінде мынадай кемшіліктер анықталған:
- сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен дамыту жұмыстарын жоспарлауда жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қажетті өзара іс-қимылының болмауы;
- су қорының (ашық су айдыны) шектілігіне байланысты суды әзірлеу және суды бөлу мәселесін шешуде кешенді тәсілдің жоқтығы;
- сумен жабдықтау жобаларын іске асыру барысында мониторингінің болмауы;
- ЖСҚ әзірлеу деңгейінің төмендігі;
- жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;
- тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;
- кәсіпорындардың сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуға және жаңғыртуға жұмсалатын инвестициялық ресурстарының жеткіліксіздігі;
- сумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйелерін техникалық пайдаланудың қажетті деңгейінің болмауы.
2-кесте
Су шаруашылығы секторының мүмкіндіктерін және мүмкін қатерлерін, күшті және әлсіз жақтарын талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Қатерлер (Тәуекелдер)
|
Мүмкіндіктер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
мемлекеттің қолдауы
|
су шаруашылығы секторының құрылысын және қайта жаңғыртылуын жоспарлауда жүйелі тәсілдің болмауы
|
сумен жабдықтау жүйесі жобаларын іске асыруда бюджеттік қаражаттарды тиімсіз пайдалану
|
жеке инвестициялар тарту
|
сумен жабдықтау және суды бөлу желілерінің қолданыстағы инфрақұрылымы-ның болуы
|
сумен жабдықтау желілері тозуының жоғары деңгейі; қолданыстағы қайта жаңартуларға және сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерінің құрылысына мемлекеттік инвестициялар берілуінің жеткіліксіздігі, ауылдық жерлерде мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындардың
|
сумен жабдықтау объектілерінің техникалық қанағаттандырмайтын жай-күйі;
Апаттылықтың өсуі; тәулік бойы су берудің болмауы
|
сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жай-күйін жақсарту;
Суды тазалау және суды әзірлеу шығындарын ұлғайту, материалды – техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
жоқтығы
|
|
|
су шаруашылығы секторының өтімділігі
|
инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тартудың төмен деңгейі, жоғары білікті мамандардың жоқтығы
|
инновациялық-инвестициялық жобаларды енгізудің жоқтығы, қабілетті жас мамандарды жұмысқа тарту тетігінің жоқтығы
|
сумен жабдықтау саласындағы бизнес – ортаны дамыту; Мемлекеттік-жеке әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шартында жүзеге асырылатын инновациялық-инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке операторларды тарту
|
сумен жабдықтау объектілерін дамытуға және жаңғыртуға шетелдік қаржы институттарының мүдделілігі
|
қолайсыз инвестициялық ахуал;
Ауыл халқының төмен төлем қабілеттілігі; сумен жабдықтау желілері тозуының жоғары деңгейі;
сумен жабдықтау тораптары тозуының жоғары деңгейі; халықтың төмен тығыздығы және ауқымды қашықтықтарға су тасымалдау үшін су құбырларының құрылысы қажеттілігі
|
инфляцияның өсуі; халықтың әлеуметтік наразылығы
|
шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі; МЖӘ тетіктерін дамыту;
Тариф құрудың прогрессивті әдістерін қолдану
|
сараланған тарифтерді пайдалану
|
5 және одан көп жылдарға арналған ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы және орта мерзімділер санының аз болуы
|
инфляцияның өсуі, халықтың әлеуметтік наразылығы
|
аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету
|
су факторымен байланысты науқастануларды төмендету
|
пайдаланушы ұйымдардың жоқтығы
|
қызмет мерзімінен бұрын сумен жабдықтау жүйелері жабдықтарының істен шығуы
|
әрбір ауданда пайдаланушы ұйым және әрбір ауылдық елді мекенде пайдаланушы топ құру
|
жер асты тұщы сулы қорының жеткілікті деңгейі
|
жер асты тұщы суларының қазіргі қорын жеткізілікті пайдаланбау
|
ұңғымаларды пайдалану тәртіптерін бұзу нәтижесінде жер асты су көздерінің сапасын төмендету,
|
шаруашылық айналымға иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды кірістіру, жер асты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
иесіз гидрогеологиялық ұңғымалар санының көптігі, жер асты сулардың техногендік ластануы
|
тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;
Су қорғау, техникалық және санитарлық іс – шараларды іске асыру; су тазалау станцияларында суды өңдеу технологияларын жетілдіру; суды жинау, тасымалдау және суды бөлу жүйелерін дамыту
|
Достарыңызбен бөлісу: |