Бағдарламасы «Жоғары орнындағы психологиялық қызмет»



Дата17.07.2016
өлшемі281.56 Kb.
#205451
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК04214.5.08.01.86/01-2008

ПОӘК Оқытушыға

арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы «Жоғары

орнындағы психологиялық қызмет»


№ 1 басылым 26.02.2013 орнына ______№ 2 басылым

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«МДҰ әдістемелік жұмыстары»

5B010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша

4 курс П-423 топ студенттеріне арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей, 2013




Алғы сөз


1.ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Педагогикалық психология” кафедрасының оқытушысы Оспанова Қ.Ш.

“______” __________ 2013 ж

2. ҚАРАЛДЫ

2.2. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Педагогикалық психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі: психол.ғ.к. ______ Джумажанова Г.К.

2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2013 жыл
Төрағасы _______ Г.Б.Колмогорова
2.3.ГФ Ғылыми Кеңесі отырысында
Хаттама №______”__»________ 2013 жыл

Төрағасы _______ А.С.Еспенбетов


3.БЕКІТІЛДІ


ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________ А.А.Молдажанова
4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Оқу (Учеба) – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында О. Оқытумен өзектес жүреді. О. Оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді.

Оқыту, Оқу (Обучение) – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгеру процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.

Оқыту әдісі, үйрету әдісі (Метод обучения) – білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі.

Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Еңбек – адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.

Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Адаптация – сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты өзгеріп отыртын құбылыс. Адам сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетеді.

Білім беру-жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі

Білім беру-адам, қоғам,мемлекеттік мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі

Білім беру(образование)-жүйеге келтірілген білім ,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі , оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты , білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту б ілім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.

Білім беру әдістемесі(методика образование)-ғылыминегізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері,, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушыеның дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру

Білімді адам- өмірге бейімделген, белсенді,шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам.
2 Дәрістер

Тақырып 1. Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшеліктері

Мақсаты: Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен міндеттерін меңгерту

Негізгі ұғымдары: әдіс, әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмыс – мұғалімнің кәсіби, ғылыми – теориялық, мәдени деңгейін көтеруге бағытталған кешенді үрдіс.

Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің құрамдас бөлігі. Әдістемелік жұмыс бұл өзін - өзі жетілдіру үшін ұйымдастырылған топтық, жеке және ұжымдық кешенді үрдіс. Ол оқу – тәрбие үрдісін басқарудың, мұғалімдердің жоғары әдістемелік мәдениетін, еңбек сапасының нәтижесінде тәрбиелеудің маңызды әдіс- тәсілі болып табылады. Әдістемелік жұмыстың талаптары көптеген ғылыми еңбектерде қаралады. Ю.К.Бабанский еңбегінде зерттеліп келтірілген. Олар: әдістемелік жұмыстың ғылымилығы, жүйелілігі, кешенділігі, шығармашылығы, теория мен практиканың бірыңғайлығы.

Әдістемелік жұмыс оқу жылына жоспарланып, екі айда бір отырыс жүргізіледі. Онда озат мұғалімдердің іс – тәжірибелері, ашық сабақтар талқыланады, сабақтың түрлері, дөңгелек үстел, сыныпаралық сабақтастық қаралады.

Әдістемелік жұмыс педагогикалық үрдістің құралы ретінде қарауымызға байланысты оның ғылыми еңбектерде критерийлері анықталған.

Бірінші критерийлері(белгісі) - нәтижелілігі. Бұл арада әрбір оқушының жеке басының ерекшелігі ескеріледі және оқу мүмкіндігіне қарай оқушының «жақын даму зонасын» анықтауға бағытталады.

Екінші критерий(белгісі) – уақытты тиімді пайдалана білуі, оқу – тәрбие үрдісінде мектепте мұғалімнің шеберлігінің өсуі уақыттың тиімді пайдалануынан шығады.

Үшінші критерий(белгісі)- мұғалімнің өз еңбегіне қанағаттану.Егерде мектепте моральдық - психологиялық жағдай қалыпты болса, жауапкершілік, міндет, қызығушылық мотивтері үнемі мұғалімнің жұмысында қалыптасатын болса, онда мұғалімнің табысты жетістікке жетуге әбден болатыны анық. Білім беру мекемесі – бұл әлеуметтік институт, қоғам, жеке тұлға және мемлекеттің білім беруде сұранысын қанағаттандыратын қоғамдық – мемлекеттік немесе жекелік сипаттағы жүйе.

Әдістемелік жұмыстарының мазмұны мектептің өзекті міндеттері арқылы анықталады. Оны тиімді басқаруда, егерде оның міндеттерімен, мазмұнымен, негізгі ұйымдастыру формаларымен, тек мектеп әкімшіліктері ғана емес, сондай – ақ мұғалімдер де нақтылы таныс болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан да мектептегі әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырудың формалары да әртүрлі болып келеді. Олар көптеген факторлардың әсерінен өзгеріп, жетіліп отырады. Мәселен, оның кейбір көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады:



  • білім, заңдылық тұрғыдағы актілер мен іс – қағаздар саласындағы мемлекеттік саясат;

  • Мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, олардың әдістемелік тұрғыдан сауаттылығы;

  • Мектеп ұжымының моральдық – психологиялық жағдайы;

  • әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда материалдық – техникалық мүмкіндігі;

  • әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға мектеп әкімшіліктерінің кәсіби даярлық деңгейі;

  • мектеп ұжымының нақты жағдайы ( мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің өзара қарым – қатынас жағдайы)

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың мақсаты

2. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың принциптері мен міндеттері

3. Әдістемелік жұмыстардың функциялары

4.Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік жұмыстардың мазмұны

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.

2.Педагогикалық және жас ерекшелік психология. А., «Мектеп» 1987 ж.

3.Сейдалиев К.Б. Тәрбие теориясы. А ., 1986 ж.

4.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.

Тақырып 2. Әдіскердің негізгі әрекеті – жоспарлау және қадағалау

Мақсаты: Педагогикалық талдау және оның түрлерімен таныстыру және жоспарлау түсінігін меңгерту

Негізгі ұғымдары:жоспарлау, жобалау, үйлестіру
Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау - мектеп басшысының қабылданған іс - әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы. Жоспарлаудың ерекшелігі: өткен жұмыс қорытындысы, қазіргі және келешекті бағдарлау. Білім берудің өзекті мәселелері бойынша жоспардың үлгісін жасап, оны педагогикалық ұжымда талдау, түзетулер енгізу қажет, сонымен психологпен кеңесе отырып, зерттеу жұмыстары бойынша жеке тұлғаның даму деңгейіне, педагогикалық ұжыммен, мектеп ортасымен өзара қарым – қатынас,оның ұжымдағы, топтағы әлеуметтік статусы басты назарда ұсталынады.Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау және дамыту барысында Қазақстанның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттар, білім стандарттары және тұжырымдар басшылыққа алынады. Оқу – тәрбие үрдісін ғыцлыми негізде басқару әдісі қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін,оқушының білім сапасы, білім беру мазмұны, материалдық – техникалық база, мамандар құрамы, ата – аналармен байланыс бойынша анықталады.

Педагогикалық қызметтің негізгі бағыттары


Жобалау жоспарлау



Ұйымдастыру - үйлестіру

Бақылау сараптама жасау

Көп жылдық іс – тәжірибені талдау, мектеп пен халық ағарту органдарының басшыларының ұйымдастырушылық қызметіндегі озық тәжірибені зерттеуде, мектепті басқару жүйесіндегі ұйымдастырудың мәніне тым тереңірек енгенде бұл қызметтің негізгі әдістері ретінде белгілеуге себепші болды. Осындай үнемі қолданылатын жұмыс тәсілдері: тәртіп белгілеу, мектептерді бөлісу, жетекші нұсқау беру, дәлелдер, басқарушылық және келістіру.

Мектеп жұмысында және халық ағарту бөлімдерінің іс – тәжірибесінде мынадай педагогикалық талдаудың негізгі түрлері асырылуда, мысалы, қолма – қол өлшеу/оперативный параметрический/, ең маңызды өлшеу бойынша бір күнге, жетіге, күнделікті үлгерім, сабаққа қатысу, тәртіп жағдайын/; бір жолдық тақырыптық / оқытудың сапасы, сынып жетекшілерінің жұмыс жүйесі, тәрбиешілер, білім сатысы, іскерлік дағды, тәрбиелік дәрежесі/, мерзімділік кешен/ тоқсандық, жартыжылдық жұмыстардың және емтихан мен оқу жылының қорытындылары/.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Жоспарлау түсінігі және қажеттілігі

2.Педагогикалық талдау және оның түрлері

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.

2.Педагогикалық және жас ерекшелік психология. А., «Мектеп» 1987 ж.

3.Сейдалиев К.Б. Тәрбие теориясы. А ., 1986 ж.

4.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.
Тақырып 3. Балабақшадағы педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың өткізілуі

Мақсаты: Педкеңесті өткізу және жоспарлауды меңгерту.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық мәжіліс, кәсіптік қатынас
Мектепте әдістемелік бірлестіктердің түрлері: пән мұғалімдерінің бірлестіктері, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері. Әдістемелік жұмыстың мазмұны келесі бағытар бойынша жүргізіледі:


  • мұғалімнің мәдени дайындығы;

  • кәсіби – білім деңгейі;

  • мәдениеттілігі;

  • диагностикалық қабілеті;

  • Ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметі.

Мектеп басқарудың жалпы әдістеріне: педагогикалық кеңес, кәсіптік кеңес, нұсқаулар.

Педагогикалық мәжіліс. Қазіргі мектептерде педагогикалық мәжілістің мынадай түрлері бекітілді: педагогикалық кеңес, мектеп кеңесі, әдістік кеңес, өндірістік мәжіліс, директор жанындағы мәжіліс, әдіс бірлестігінің отырысы, педагогикалық маслихат педагогикалық жылдамдық.

Бұл әдіс оқу – тәрбие үрдісінің маңызды мәселелерін шешуде, оның дәрежесін көтеруде, маңызды және күрделі келелі мәселелердің алқа шешімімен қабылдауға мұғалімдердің белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Кәсіптік қатынас басқару әдісі ретінде жұмыс тәжірибесін алмасу тәсілін ұйымдастырушы, педагогикалық ғылымның және педагогикалық тәжірибенің жетістіктерін мектепте таратушы болуы. Мұғалімдердің педагогикалық қатынасын ұйымдастыру ең алдымен ұжым мүшелерінің мамандығын көтеруге бағытталған. Кәсіптік қатынастың мынадай түрлері өздерін жоғары нәтижелілігімен көрсете білді: педагогикалық оқу, ашық, панорамды сабақ, ашық тәрбиелік жұмыстар.



Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Жиналыс түрлері

2.Жиналыс жүргізудің ережелері

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006

2. Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006

3. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

4. Денякина Л.М. Новые подходы к управленческой деятельности в дошкольном образовательном учреждении. – М., 1997
Тақырып 4. Әдістемелік жұмыстардың формалары

Мақсаты: Әдістемелік жұмыс мақсаты, міндеттері мен әдістемелік жұмыстың мазмұны,түрлерімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: пәндік әдістемелік бірлестіктер

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың дәстүрлі формалары:



  • пәндік әдістемелік бірлестіктер;

  • бірыңғай әдістемелік күн (мектептің педагогикалық барлық қызметкерлеріне тоқсанына бір күн);

  • проблемалық семинарлар және практикумдар ( мұғалімдердің теориялық және практикалық бірыңғай даярлығын қамтамасыз ету, өздігінен білімдерін жетілдіру әрекеттерін ынталандыру, педагогикалық жаңалықтарды ендіру;

  • Жас мұғалімдер мектебі (мектепте алғашқы кезде жас мұғалімдерді бейімдеу);

  • Алдыңғы қатарлы тәжірибе мектебі (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер жетекшілігімен құрылған. Оның әрекеті педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, қорыту және ендіру мен таратуға бағытталған);

  • әдістемелік жұмыстардың қорытынды формасы болып табылатын ғылыми – педагогикалық конференция, педагогикалық оқу, шығармашылық есеп, ( жекеленген мұғалімдер немесе әдістемелік бірлестіктер). Олар педагогикалық іс - әрекеттің қорытындысы ретінде белгілі бір жұмыстың аяқталу кезеңінде жүргізіледі.

  • Мұғалімдермен жеке жұмыс. Ол мұғалімнің өздігінен білім алуының педагогикалық формасы ретінде жүзеге асады.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Әдістемелік жұмыс мақсаты, міндеттері

2.Әдістемелі жұмыстың мазмұны,түрлері

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.

2.Педагогикалық және жас ерекшелік психология. А., «Мектеп» 1987 ж.

3.Сейдалиев К.Б. Тәрбие теориясы. А ., 1986 ж.



4.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.

Тақырып 5. МДҰ ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру

Мақсаты: Ата-аналар жиналысы барысындағы педагогтың өзін – өзі ұстау қалпын үйрету.

Негізгі ұғымдар: ата – аналар лекториясы, ұжым
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектептің ата – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата – аналар жиналысы, ата – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата – аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді. Мектептің ата – аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:

- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

- баланың әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттері дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата – аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш жігерді біріктіру үшін;

- сынып жетекшісі, оқушылар және ата – аналардың жағымды көңіл күйін өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым – қатынасын орнықтыруда. Осыдан барып мектеп пен отбасы тәрбиесінің жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.



Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы педагогтың негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. 3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау мәселелер.


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ата-аналар жиналысындағы педагог

2. МДҰ ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006

2. Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006

3. Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997

4. Денякина Л.М. Новые подходы к управленческой деятельности в дошкольном образовательном учреждении. – М., 1997
Тақырып 6 МДҰ әдістемелік кабинет

Мақсаты: Әдістемелік кабинет бөлімдерімен, әдіскердің міндеттерімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: Кітапхана, картотека, көрме
Әдістемелік кабинет – мамандар кәсібін дамыту институтының бір құрылымы болып табылады. Кабинет әдіскерлері өз мақсат міндеттеріне байланысты жұмыстарын атқарып, тәрбиешілерге лайықты әдістемелік көмектер мен білімін жетілдіру жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жаңалықтарды іске асыруға көмектеседі. Негізгі мектепке дейінгі тәрбие әдіскерлерінің міндеті – озат тәжірибелі мамандар еңбегін жинақтап, іс – тәжірибесін тарату. Қазіргі уақыт мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісінің мән – мағынасын, сипаты мен бағыт – бағдарын жаңаша түрлендіруді талап етеді. Міндеттерді жүзеге асырудың өзі мамандардан кәсіби икемділік пен шеберлікті, сан қырлы шығармашылықты қызм Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға баланың білімін , білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай – ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. ет пен біліктілікті талап етеді.


Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:

1.Кітапхана, картотека, көрме

2.Әдістемелік кабинеттерді ұйымдастыру жұмыстары

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., «Мектеп» 1981ж.

2.Педагогикалық және жас ерекшелік психология. А., «Мектеп» 1987 ж.

3.Сейдалиев К.Б. Тәрбие теориясы. А ., 1986 ж.

4.Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.
Пән бойынша дәріс оқуға әдістемелік нұсқау

Жоғары оқу орнындағы дәріс сабақтары студенттердің шығармашылық ізденісте білімді меңгеру арқылы, ғылыми әдебиеттермен өзіндік жұмыс формаларын, стилін таңдауға мүмкіндік береді.

Лектор тыңдаушыларын объективті түрде ғана ақпараттандырып қоймауы тиісті. Дәрістегі ғылыми ақпарат сенімді түрде жеткізіліп, әдебиеттермен өзіндік істеуге бағыт берілуі тиіс.

Лектордың дәрісі мынадай функциялар атқарады:

1. Бағдарлаушы

2. Түсіндіру

3. Сендіру

Бағдарлаушы қызметінде дәріс ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып ғылыми теория негіздерін қашан және қандай авторлармен түжырымдалған, қандай объективті өмірлік қажеттіліктерге тәуелді екенін, қандай ғылыми әдебиеттерге сүйеніп бұл туралы терең оқуға болатындығына бағыт беріледі. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі де дәрістің бағдарлау қызметіне жатады.

Түсіндіру қызметі арқылы ғылыми түсініктер, түсіндірілетін теория немесе гипотеза айқындалады.

Сендіру қызметі арқылы лектор тұжырымдарын дәлелдемелер негізінде жасауы тиіс. Міндетті түрде фактіні дәлелдей білу қажет. Сендіру функциясы оқу дәрісінде өте маңызды. Студент ғылыми тұжырымдарды өзіндік сенім арқылы меңгеріледі. Лектор дәрісі қызықты өту үшін төмендегі психологиялық шарттар қажет;

- аталған ғылыми жүйесінде білімдерді меңгеру;

- дәріске деген студент қызығушылығын туғызу;

- студенттер түсіндірілген материал жаңалығын сезінуге тиіс; студенттердің жұмыс істеуге ынталандыруын туғызу.
Пән бойынша дәріс оқу әдістемесі.

- тақырып бойынша негізгі түсініктерді аудиторияға жеткізу;

- мазмұнды дәлелдеу;

- материал мазмұның ақпараттығы;

- материалдың проблемалылығы.

Дәріске негізгі және жан-жақты дайындық - оны жақсы оқудың бір мүмкіндігі болып табылады.


Дәріс мазмұнына дайындық I - кезеңде дәріске дайындық:

- мақсат қалыптастыру;

- аталған нақты дәрістің тақырып және бөлім бойынша өткізілу орны айқындалады;

- студенттердің даярлық деңгейін анықтау;

- теоретикалық және нақты материалдар таңдап алынады.

Бұл кезеңде дәріс мазмұны ерекшеліктерінің ішінде ғылымилық, беріктілігін лектор ескеруі керек.

Ғылымилық. Дәріс қазіргі ғылыми білімдерге сүйенуі тиіс. Ол түрлі теориялық материалдар және тәжірибелік материалдарды салыстырудан көрінеді. Отандық және шетелдік зерттеушілер, ғылыми эксперименттер нәтижесі, жаңа идеялар мен концепциялар, зерттеу әдістерінің сипаттамасынан тұрады.
Жоғары оқу орнында дәріс сабақтарын дұрыс оқу да мынандай талаптары қойылады:

Кіріспеде тақырып, мақсат айтылып, қызығушылығын тудырып, негізгі тірек идеялары құрастырылады, алдыңғы және соңғы білімдермен байланыстырады.

Ең күрделісі дәрісті бастау. Бірінші айтылған сөз тыңдаушылардың назарын аударуы тиіс. Дәріс туралы түсінікті оның атауынан алуға болады. Ол қысқа, негізгі ойды жеткізіп, формасы жағынан тартымды болуы қажет. Тақырып маңыздылығын студент тұлғасын дамытудағы білімдерді меңгеру үшін көрсету қажет. Дәріс жоспары, мақсаты хабарланады. Тыңдаушылардың назарын соңында білімді тексеруге арналатын бақылауға аударуға болады. Жаңа материалды өткен материалмен байланысы көрсетіледі. Кіріспе бөлім 5-7 мин. қамтиды.

Негізгі бөлімде барлық анықтамалар мен негізгі теоретикалық сұрақтар нақты, қысқа ашылады. Әр теориялық көзқарасқа дәлелдемелер, суреттер таңдап алынады. Дәріс сұрақтары 2 - 4-ке дейін. Дәріс мәтіні өте үлкен болмауы керек.

Алғашқы сұраққа өткен соң кідіріс жасалады. Бұл психологиялық пауза студенттердің өзін еркін сезінулеріне және оқылатын материалдың маңыздылығын түсіндіруге, қабылдауға даярлығын тексереді (бет-әлпеті, әңгіме).

Материалды түсіндіру және дәріс формасына карай дәрістерді түсіндіруге болады. Проблемалық сипатағы дәріс өткізу үшін студенттерді өзіндік танымдық белсенділік және шығармашылыққа даярлауға мынадай белсенді кұралдар пайдаланылады:

- бекітетін негізгі сұрақтармен;

- оқытушы өзін ұсынған тұжырымдар бойынша түрлі көзқарастарды салыстыру;

- сұрақтар қою, түрлі шешімдер мен көптеген тапсырмалар ұсыну;

- кері байланыс қамтамасыз ету.

Аудиториямен байланыста лектордың сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстау, жест, сөйлеуі, тілі маңызды роль атқарады.


3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
Әдістемелерді жүргізу барысындағы практикалық тапсырма үлгісі.

№ 1. Тұлғаның тартымдылық деңгейін зерттеу


2. Зейін.

Ғылыми әдебиеттерге шолуда не ескеріледі?

А.Маслоу, К. Роджерс, В.Сатир, В.Франкл еңбектерінен коллоквиум.

К.Роджерс, А.Маслоу, В.Сатир, В.Франкл немесе т.б. еңбектерінен біреуін өзіңіздің қалауыңыз бойынша оқып танысу қажет. Өзіңіздің оқып танысқан авторлардың негізгі түсініктер мен феномендер жүйесін құрыңыз. Психологиялық-педагогикалық іс- тәжірибе барысында сіздің ойыңызша бұл авторлардың негізгі ойларының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз? Болашақта осы авторлардың қайсысының идеяларын басшылыққа алуға болады деп кеңес берер едіңіз?



Сабақ барысы.

Аудитория кездейсоқ түрде жұптарға бөлінеді. Жұптар бір-біріне оқығандары туралы пікір алмасады. Бір-бірлеріне сұрақтар тізімін әзірлеп сұрақ қояды. Коллоквиумды оқытушының басшылығымен де немесе жекелей студентпен әңгімелесу түрінде де өткізуге болады.


Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Методологиялық проблемалардың негіздерін ашу үшін тыңғылықты, жүйелі, бірізділік қажет. Методологиялық жағдайлардың шешімін табу үшін дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.


4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын, болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттің табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттің оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

4.1 Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшеліктері

4.2. Әдіскердің негізгі әрекеті – жоспарлау және қадағалау


4.3. Балабақшадағы педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың өткізілуі


4.4. Әдістемелік жұмыстардың формалары

4.5. МДҰ әдістемелік жұмыстардағы белсенді әдістері

4.6. МДҰ жоспар құру технологиясы

4.7 Межелік бақылау

4.8 Шығармашылық топтарды ұйымдастыру жұмыстары

4.9 Педагогтардың біліктілігін жоғарлату формасының бірі – өз бетімен білім алу

4.10 Педагог портфолиосы

4.11 Тәжірибе алмасу

4.12 Педагогтармен жұмыс істеуде диагностикалық әдістер қолдану

4.13 МДҰ ата – аналармен жұмысты ұйымдастыру

4.14 Ата – аналармен қарым – қатынасты қалыптастыру

4.15 Ата-аналармен жұмыс істеуде интерактивті әдістерді қолдану

4.16 Диагностика- МДҰ оқыту, тәрбиелеу процесіндегі қадағалау тәсілі ретінде

4.17 МДҰ әдістемелік кабинет


Бақылау сұрақтары.

  1. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет пәнінің әдістері мен методологиясы туралы не білесің?

  2. Жоғары мектеп психологиясының жалпы мәселелерін ата.

  3. ЖОО психологиялық зерттеудің әдістері мен методологиясының ерекшелігін атап өт.

  4. Жоғары оқу орнын бітіруші маманға арналған талаптар мен студенттің жеке тұлғалық дамуы туралы не білесің?

  5. Мамандықтың жалпы психологиялық мінездемесін ата.

  6. ЖОО бітірушілерге қойылатын талаптар қандай?

  7. Студенттің жеке тұлғалық даму ерекшелігі ашып көрсет.

  8. ЖОО оқу-тәрбие жұмысының психологиялық мінездемесі туралы не білесің?

  9. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының байланысын көрсет.

  10. Студенттерді тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігін ата.

  11. Студенттерді тәрбиелеу мен білім беру бірлігінің психологиялық байланысы қандай?

  12. Студенттердің іс-әрекетіне психологиялық талдау жаса.

  13. Студенттердің психологиялық танымдық процестер ерекшелігін ата.

  14. Студенттер қалпының эмоционалды-ерік процестері мен қалыптары туралы не білесің?

  15. Студенттердің негізгі іс-әрекеттерін ата.

  16. Студенттердің өздік жұмыстары мен ғылыми жұмыстарын талдап көрсет.

  17. Іс-тәжірибе мен ізденушілік әрекеттерін атап бер.

  18. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің психологиялық мінездемесі туралы не білесің?

  19. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің психологиялық мінездемесінің құрылысы мен мазмұнының ерекшелігін ата.

  20. Эффективтілікті жетілдірудың психологиялық алғышарттарын ата.

  21. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің түрлері және олардың психологиялық ерекшелігі туралы не білесің?

  22. ЖОО оқытушысы іс-әрекетінің түрлерін талдап көрсет.

  23. Дәріс, сарамандық сабақтар, индивидуалды кеңес және емтихан ерекшеліктерін ашып көрсет.

  24. ЖОО оқытушысы мен студенттер қарым-қатынасы туралы не білесің?

  25. ЖОО оқытушысы мен студенттер қарым-қатынасының функциялары мен коммуникативті қартынас түрлерін ата.

  26. Қарым-қатынастың оптималды педагогикалық түрлері туралы не білесің?

  27. ЖОО оқытушысының тартымдылығы туралы не білесің?

  28. «Педагогикалық тартымдылық» туралы түсінікті ашып көрсет.

  29. Оқытушының тартымдылығын дамыту жолдарын ата.

  30. Сөйлеу мәдениеті- педагогикалық тартымдылықтың атрибуттарын ата.

  31. Болашақ маманды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін ашып көрсет.

  32. Студенттің жеке тұлғалық дамуын қалыптастырудың шарттары мен мінездемесі.

  33. Студенттерде ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың ерекшелігін ата.

  34. Адамның дүниетанымын қалыптастырудың құрылысы мен мазмұнын ата.

  35. Студенттерің дүниетанымын қалыптастыру үрдісі туралы не білесің?

  36. Студенттердің ЖОО бітірген кезде мамандық даярлығы қандай болу керек?

  37. Мамандық даярлығының психологиялық мінездемесін ашып көрсет.

  38. Мамандық даярлығының шарттары мен қалыптастыру жолдарын ата.

  39. ЖОО ҒЕҰ-дың психологиялық-педагогикалық ғылыми негіздерін ата.

  40. ЖОО ҒЕҰ-дың жалпы принциптері туралы не білесің?

  41. ҒЕҰ-дың психофизиологиялық факторлары ата.

  42. Ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру жолдарын көрсет.

  43. ЖОО ҒЕҰ-да оқытушының жеке тұлғалық ерекшелігін атап көрсет.

  44. Студенттік отбасының типологиясы мен ерекшелігі туралы ата.

  45. Студенттік отбасында дау-жанжалдардың шығу себептерін ата.

  46. Этнос және жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімінің ерекшелігін көрсет.

  47. ЖОО ұжымында қарым-қатынас проблемал


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет