БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау



бет16/23
Дата23.02.2016
өлшемі4.53 Mb.
#8960
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23



2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және халықты жұмыспен қамтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл бағытта облыста «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Жамбыл облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру 2-ші бағыттың аясында іске асырылуда – бәсекелестікті жоғарылатуға және өңірдің экономикалық өсуіне ықпал ету.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету 2 басымдық бойынша іске асырылады.

Республикалық бюджеттен 2013 жылға инженерлік инфрақұрылымдды дамытуға (2-ші басымдық) 1730 млн. теңге нысаналы трансферттер, жоғары және орташа даму әлуеті бар ауылдық елді мекендерді жайластыру шараларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қаржылай қолдауға (4-ші басымдық) – 512,8 млн. теңге бөлінген.

2-ші басымдықтың аясында 1 инвестициялық «Жамбыл облысы Талас ауданы Талас өзенінің арнасын реттеу үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғырту» жобаны іске асыруына республикалық бюджеттен 229 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 16,9 млн. теңге бөлінген.


4-ші басымдық аясында Жұмыс тобымен облыс бойынша 240 жобасы іске асыруға іріктеліп алынған. 2013 жылдың 8 айында жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен нақты 268,8 млн. теңге, немесе жоспардың 65,0%-зы игерілген. 168,9 млн. теңгеге 121 іс-шаралар іске асырылды.

Сонымен қатар, облыста 2012-2020 жылдарға арналған бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Жаңатас және Қаратау бір салалы шағын қалаларын дамытудың кешенді жоспарлары әзірленген және тиісті аумақтардың мәслихат шешімдерімен бекітілген.


2012 жылы Бағдарлама аясында Қаратау қаласына 106,9 млн. теңге бөлініп, «Даңқ» монументін және Жастар бағын абаттандыру, қалаға кіреберісті және Желтоқсан-Качесов, Пушкин, Шахтер, Алтынсарин көшелерін жарықтандыру, Қаратау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қоршауын ағымдағы жөндеу аяқталды.

Жаңатас қаласына 82,9 млн. теңге бөлініп, Бейбітшілік, Жібек жолы көшелерінің өоршауларын және тратуарларын, Тәуелсіздік саяжолын, Әулие-ата қақпасы мен көшесі қоршауын жөндеу жүргізілді.

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы Жаңатас қаласының нысандарын жаңғыртуға және жайластыруға 591,2 млн. теңге, 2014 жылы 520,1 млн. теңге, кәсіпкерлікті дамыту шараларын іске асыруға 69,4 млн. теңге, 2014 жылы 56,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Қаратау қаласының инженерлік инфрақұрылымдарын жаңғыртуға 2013 жылы 417,6 млн. теңге, 2014 жылы 393,6 млн. теңге, көріктендіру мәселесін шешуге 2013 жылы 201,5 млн. теңге, 2014 жылы 111,0 млн. теңге және жеке кәсіпкерлікті дамытуға 2013 жылы 92,37 млн. теңге, 2014 жылы 113,8 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Президенттің ЖӨӨ-нің 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру аясында облыстың қолда бар агро-өнеркәсіптік және туристік әлуетін тиімді пайдалануға мақсатталған жобаларды іске асыруды көздейтін экономика өсімінің резервтерін пайдалану бойынша іс-шаалар жоспары әзірленді.

2013 - 2015 жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық саясаты:

- экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, тарифтік саясатты жетілдіру, бәсекелестікті қорғау және бизнес-климтты жақсарту, инвестициялық қызметті белсендіру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге;

- нақты еңбек өнімділігіне ерекше мән бере отырып, халықтың тұрмысын және өмір сүру сапасын арттыруға, жаппай әлеуметтік асырауды жоюға және орта кластың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңғыртуды жүргізуге;



- мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады.
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінің қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-аграрлық өңір; Қытай мен Еуропа арасындағы қолайлы көлік дәлізі болатын өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері өндірісі бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.

1 БАҒЫТ: «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»

  • Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға;

  • 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі (жоспар);

  • Халық санының өсуі/азаюы;

  • Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

  • Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі;

  • Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;

  • Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) ;

  • Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі;

  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі.


2 БАҒЫТ: «Әлеуметтік саланы дамыту, халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

  • Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі;

  • Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі:;

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;

  • Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;

  • Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;

  • 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);

  • 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі;

  • Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

  • Жұмыссыздық деңгейі;

  • Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі;

  • Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

  • 1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны;

  • Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны;

  • Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту;

  • Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны (резиденттер, резидент емес);

  • Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;


3 БАҒЫТ: «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп»

  • Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;

  • Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;

  • Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету;


4 БАҒЫТ: «Инфрақұрылымды дамыту»

  • Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі;

  • Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;


5 БАҒЫТ: «Сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету»

  • Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесін ұлғайту;

  • Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

  • Су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі;

  • Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау);


6 БАҒЫТ: «Экология және жер ресурстары»

  • Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды азайту;

  • Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы;

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;

  • Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану.


7 БАҒЫТ: «Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру»

  • Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.

8 БАҒЫТ: «Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендерді дамыту бойынша жағдай жасау (агрокешендері)»



  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

  • Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылардың талап ету деңгейін арттыру;

  • Конституцияның негіздерін түсіндіру мен насихаттауға бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;

  • Мемлекеттің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;

  • Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру.



4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТИІСТІ ШАРАЛАР
БАҒЫТ 4.1. «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»

Мақсат 4.1.1.: Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюын қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

(нақты)


2014

(жоспар)


2015 (жоспар)

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға

%

112,9

109,8

103,5

104,0

101,6

2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі

(жоспар)


%

121,5

133,4

138,1

143,6

145,9

Халық санының өсуі/азаюы

%

100,9

101,3

101,4

101,3

101,2

Міндет 4.1.1.1. ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету

Жалпы өңірлік өнімнің көлемі

млрд. теңге

634,3

763,9

880,7

936,8

987,6

Экспорт

%

104,3

53,6

121,4

85,0

80,0

Импорт

%

118,0

98,5

138,8

95,0

85,5

Инфляция деңгейі

%

108,6

106,0

104,7

106-108

106-108

Номиналды ақшалай табысы өсу қарқыны (мөлшері)

%

108,2

114,1

105,5

105,5

106,0

Орташаайлық еңбекақының номиналды өсімі

%

-

-

-

-

108,9

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет