БАҒдарламасы мойынқұм ауылы 2012 жыл мазмұны кіріспе


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау



бет4/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#151766
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау


Үстіміздегі жылы 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2009 жылы 3 сумен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысы және 2010 жылы 1 сумен қамтамасыз ету объектісінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ аудан орталығындағы Абылайхан және Б.Омаров көшесінің жолдары мен Ұланбел ауылындағы автокөпір күрделі жөндеуден өткізілді. «Қазақтелеком» АҚ өз қаржылары есебінен телефон байланысы желілерін күрделі жөндеуден өткізудіі жоспарлап отыр.

«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы 406,8 млн. теңге, ал 2010 жылы 94,8 млн.теңге игерілді. Бүгінгі таңда сумен қамтамасыз ету жүйелері 10 елді мекенде енгізілген, нәтижесінде 17,4 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Аудан халқы арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында ауданда жастардың көмегімен 10 спорт алаңы салынды.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы облыстық бюджет есебінен Мойынқұм ауылынды 8 екі пәтерлік үй, Бірлік ауылында 1 үй салынып пайдалануға берілсе, тұрғындардың өз қаражаты есебінен 2555 шаршы метр 24 тұрғын үй соғылды. 2009 жылы тұрғындардың өз қаражаты есебінен 2788 шаршы метр 32 үй, ал 2010 жылы 3016 шаршы метр 34 тұрғын үй салынды.


3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Мойынқұм ауданы облыстың қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-аграрлық өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті тау-кен және ірі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.
1 бағыт.: «Агроәнеркәсіп кешенінде, тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде өнімділігі жоғары инновациялық техногологиялар ендіру негізінде өңір экономикасын жеделдетіп дамыту»
Жалпы өндіріс өнімінің (ЖӨӨ) нақты өсімі 2015 жылы 2009 жылдың деңгейінен 6,4 есе артады (2009 ж.-139%);

Жалпы өндіріс өніімінің (ЖӨӨ) құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2015 жылы кем дегенде 84% болады (2009 ж.-32%);

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай кем дегенде 9,2 есеге өседі (2009 ж.-2,5 млн. теңге \адам);

Жалпы өндіріс өнімінің (ЖӨӨ) энергия сыйымдылығы 2014 жылға қарай 2009 жылдың деңгейінен кем дегенде 10% төмендейді;

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10% дейін өседі (2009 ж.-4,4%);

Мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарларды мемлекеттік сатып алуларындағы қазақстандық үлес 92% дейін өседі (2009 ж.-91,5%);

Мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларындағы қазақстандық үлес 2015 жылға қарай 93% дейін өседі (2009 ж.-92%);

Менеджмент жүйесін ендірген және сертификаттаған кәсіпорындардың саны 3 бірлікке дейін өседі (2009 ж.-1 бірлік);

Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің НКИ 2015 жылға қарай 106,7% немесе 4,1 млрд. теңгені құрайды (2009 ж.-122,8% немесе 1,5 млрд. теңге);

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2015 жылы 1,5 есеге өседі

Жер ресустарын басқару тиімділігі 2015 жылға қарай 97% өседі;

Белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпорындар саны 1000 тұрғынға шаққанда 54 бірлікке өседі (2009ж. - 48);

Бөлшек сауда тауар айналымының өсім қарқыны 2015 жылы 108% (алдыңғы жылға) құрайды (2009 ж.-130,8%);

Сауда ФКИ 2015 жылы 105% құрайды (2009 ж.-104,2%);


2 бағыт. «Әлеуметтік саланы және адами әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету».

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту-2013 жылы-65,1% және 2015 жылы 73.5%;

12 жылдық білім бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептер үлесі-2015 жылы 100%( 1,5,11 сыныптар);

Жоғары және бірінші санаттағы білікті педагог қызметкерлердің педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2013 жылы-60%, 2015 жылы 65%;

2009 жылы жұмыссыздық деңгейі 6,2% құрады, 2015 жылға қарай 4,3% аспайды;

2009 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін жүгінген тұлғалардан жұмысқа орналасқандарының үлесі 2009 жылы 70% құрады, 2015 жылы - 73% құрайды;

Мойынқұм ауданы бойынша жұмыспен қамтылған халық құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 2009 жылы 54,8% құрады, 2010 жылы-44,1%, 2015 жылы-46,5% жетеді;

Ең аз өмір сүру деңгейінен кірістері төмен халықтың жалпы халық санындағы үлесі 2009 жылы 4,8%, 2010 жылы - 9,7 % құрады, аудан бойынша 2015 жылы 9% төмендейді;

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2009 жылы 37,6%, 2010 жылы – 37,6% құрады, 2015 жылы - 30% төмендейді.

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың жалпы санынан) 2009 жылы 100% құрады, 2015 жылы-100% құрайды.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтармен қамту 2013 жылы-20%, 2015 жылы-22% құрайды (2009 ж. - 10%);

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді аудандық спорттық мекемелерімен қамту 2013 жылы-11%, 2015 жылы-13% құрайды (2009 ж. – 9%);

Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылы - 55%, 2015 жылы - 65% құрайды (2009 ж. – 45%).
3 бағыт. «Экономиканы үдемелі индустрияландыруға және сапалы тұрғын үй коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз етуге ықпал ететін инфрақұрылым кешенін модернизациялау».
Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарының орташа алғанда 57.2% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда (2009 ж.-26%);

Республикалық мәндегі автомобиль жолдарының орташа алғанда 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үй енгізу 2015 жылға қарай 3,0 мың шаршы метрге жетеді (2011-2015жж.) 7.74 мың шаршы метр болады;

Ауылдарда орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік 2015 жылға қарай 53.5% құрайды (2009 ж.-37% );

Әлеуметтік-елеулі мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 100% электрондық форматқа көшіруді қамтамасыз ету;

Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға қарай 75% дейін арттыру;

ЖӨӨ ИКТ секторының инфокоммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы үлесі 2015 жылға қарай 0,2% құрайды (2009 ж.-1,1%);
4 бағыт. «Ауылдық аумақтарды жеделдетіп дамыту және экологияны жақсарту есебінен ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру».

Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 1 бірлікке жетеді (2009 ж.-2);

Ауаға стационарлық көздерден зиянды заттарды жалпы тастаудың белгіленген нормативтерінің көлемі 2015 жылы 2,0 мың тоннаны құрайды;

Ластағыш заттарды тастаудың белгіленген көлемі 2015 жылы 6,8 мың тоннаны құрайды;

Қалдықтарды қайта өңдеу көлемі 2015 жылы 5% құрайды;

Ауданның ормандануын арттыру;

Мемлекеттік орман қоры аумағындағы тұяқты жануарлардың жалпы санының өсімі 1000 га шаққанда 2015 жылы 0,88 бірлікті құрайды.
5 бағыт. «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту».
Қоғамдық санада мемлекеттің даму Стратегиясын және мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі 2009 жылы 78,4% құрады, 2015 жылға қарай 93% құрайды;

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оңды бағалаған халық үлесі 2009 жылы 46% құрады, 2015 жылы 57% құрайды;

Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылар қажеттігінің деңгейі 2009 жылы 40% құрады, 2015 жылы 48% құрайды;

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы халықтың ел дамуының негізігі басымдықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылы 46% құрады, 2015 жылы 81% құрайды;

Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар үлесі 2009 жылғы 9,8%, 2015 жылы 12% дейін өседі;

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысатын ауданның жастар ұйымдарының үлесі 2015 жылға 25% дейін өседі;

Жастардың отансүйгіштік деңгейі 2009 жылғы 65%-дан 2015 жылы 72% дейін өседі;

Жастардың жастар саясаты саласындағы бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттандырылу деңгейі 2009 жылғы 71%-дан 2015 жылы 80% дейін өседі;

Мемлекеттік тілді меңгерген аудан халқының үлесі 2013 жылы 94% 2015 жылы 98% құрайды, 2009 жылы-85,5% құраған;

Әйелдердің атқарушы және өкілетті билік органдарындағы үлесі 2013 жылы 20%, 2015 жылы 21% құрайды, 2009 жылы 19% құраған;

Әйелдердің орташа еңбек ақысының ерлердің еңбекақысына қатынасын қамтамасыз ету 2011-2015 жылдары кем дегенде 75% құрайды;

Азаматтардың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 2015 жылы 55% кем емес деңгейде болады, 2009 жылы 50% болған;

Жалпы қылмыстардың болжамды деңгейі 2015 жылы 10 мың тұрғынға шаққанда 42-тен жоғары болмайды, 2009 жылы-25,6;

Мұрағат ақпаратын пайдаланушылар сұраныстарына оңды жауаптардың үлесі 2015 жылы 80% құрайды, 2009 жылы-68%.



4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру бойынша тиісті шаралар
БАҒЫТ 4.1. «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»


Мақсат 4.1.1.: Мойынқұм ауданының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

2013

2014

2015

1. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі

%

206,6

141,8

162,6

104,7

104,2

1.1. Өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі

млн.теңге

1727 0,5

24500

39840,5

41736

43474,4

Жауапты орындаушылар:Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, аудан кәсіпорындары, аудан әкімі,


1-ші мақсат бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту, Индустриаландыру картасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру, қазақстандық үлесті ұлғайту, өнеркәсіп кәсіпорындарында менеджмент және стандартизация жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру есебінен қол жеткізіледі. Индустриаландыру картасына енгізілген 1 инвестициялық жобаны іске асыру, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 1,7 есеге өседі, қосымша 300 жаңа жұмыс орындары ашылады (Хантау ст.« «ACIG» АҚ – 8,3 млрд. теңге сомаға қуаты 500 мың тонналық цемент зауыты ).
Мақсат 4.1.2.: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1. Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ

%

80,6

101,5

101,5

102,1

102,3

Міндет 4.1.2.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру

1.1. Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

%

46,5

101,5

102

102,5

102,5

1.2. Мал шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

%

100,3

101,4

101,8

101,8

102,1

Қол жеткізу үшін жауаптылар: Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі


І кезеңде (2011-2013 жж.) Өсімдік өнімі өндірісі көлемдерін және өнімділігін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасады. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу алқаптары оңтайландырылады (масақты дақылдар-0,3 мың га, майлы дақылдар- 0,1 мың га, көкөніс-0,2 мың га, картоп-0,1 мың га, бақша дақылдары-0,45 мың га, азықтық дақылдар-2,6 мың га).

2 тауарлы сүт фермасының, 3 мал сою стационарлық пункттерінің құрылысы жүзеге асырылып, 1 мал семірту алаңдары ашылатын болады.



ІІ кезеңде (2014-2015 жж.): Аумағы 0,1 га 2 шағын жылыжайлар салынады. Орта есеппен 5 жыл ішінде шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құстың 2-5% шегінде жыл сайынғы өсімі қамтамасыз етіледі. 2 тауарлы сүт фермаларының, 2 мал сою стационарлық пункттерінің құрылысы жүзеге асырылып, 2 мал семірту алаңдары ашылатын болады. Ауыл шаруашылық техникасының паркі 5 жыл ішінде орташа алғанда 10-11% шегінде жаңартылады.

Шаралар: Мал шаруашылығында шаруашылық субъектілерін ірілендіру бойынша жұмыс жалғастырылады (ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіретін мал шаруашылығы өнімдерінің ет өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2- ден 9 пайызға дейін, сүт – 3-тен 10 пайызға дейін, жұмыртқа – 1-ден 5 пайызға дейін, жүн – 22-ден 45 пайызға дейін). Етті және сүтті қайта өңдеу салаларын дамыту үшін барлық күш-жігер өнімділігі жоғары малдың үлесін арттыру есебінен ет-сүт кешенінің шикізат базасын дамытуға, ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа сәйкестендіруге, аумақтың эпидемио-логиялық және эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге, тұрғындар арасында қолдан ұрықтандыру пункттерінің мүмкіндіктері мен оңды жақтары туралы түсіндірме жүргізуге бағытталатын болады. Егіс алқаптарын ұлғайту, қолайлы фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету, қараусыз қалған, пайда-ланылмай тұрған жерлерді қайтару және оларды шаруашылық субъектілеріне беру жөнінде іс-шаралар атқарылады. Жыртылған, жарамды және жайылым жерлерді бастапқы өңдеу және одан әрі айналымға жіберу жөнінде техникалық іс-шаралар жүргізілетін болады.

Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін және сапасын арттыру, көктемгі дала және жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май мате-риалдары мен басқа тауарлы-материалдық құндылықтар құнын арзандату, мал шараушылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру жұмыстары жалғастырылады.



Мақсат 4.1.3.: ШОБ және сауданы дамыту


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1.Шағын кәсiпкерлiктiң белсендi субъекттерiнiң саны

бірлік

17

19

20

22

23

1.1. 1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орташа кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің өсімі


%

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

Міндет 4.1.3.2. Сауданы дамыту

2.. Бөлшек сауда айналымының көлемі

млн. теңге

368,7

298

304,2

314

326,8

2.1 Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

120,4

101

102,1

103,2

104,1

Жауапты орындаушылар: ауданәкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Ауданда шағын және орта бизнес субъектілері қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл бағытта 2011-2015 жылдар аралығында дөңгелек үстелдер, кездесулер, оқу семинарлары өткізілетін болады. Кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат қағаздарын (құжаттарын) қайта қарау және түгендеу жұмыстары жалғасатын болады. Келесі шараларды өткізу жоспарлануда:

1) 2010-2014 жылдарға арналған Жамбыл облысын үдемелі индустриялдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялауға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдау;

2) бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды қысқарту бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің жүйелі жұмысын жалғастыру;

3) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық даму институттарының қаржылары есебінен кредиттеу;

5) кәсіпкерлер форумдарын, отандық тауар өндірушілер жәрмеңкелерін өткізу;

6) кәсіпкерлермен түсіндіру семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер және әдістемелік құралдар шығару;

7) жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік рыноктар, тауарлар мен қызметтерге сұраныстар туралы ақпарат жинауды, талдауды және жариялауды ұйымдастыру.



2-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өткеру рыногын кеңейтуге және отандық тауар өндірушілер өнімін жылжытуға ықпал ету, шекара маңы саудасын, сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде шаралар қамтамасыз етіледі.
Мақсат 4.1.4.: Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011

(нақты)


2012

2013

2014

2015

1. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі, %

%

9671,9 41,62

8000 78

8400 99

8600 96,6

90000 98,7

2. Инновация саласындағы белсенді кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.)

%

11,1

11,1

11,1

16,6

16,6

Міндет 4.1.4.1. Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту.

1.2. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

мың теңге

301,8

247,8

258,3

262,5

272,7

Жауапты орындаушылар: аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет