Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
қаңтар
|
Дене шынықтыру
|
Негізгі қимылдар:
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге және т. б.): тұру.
Қимылды ойындар.
Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру және т. б.).
|
Сөйлеуді дамыту
|
Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін зат есімдермен атауды үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге үйрету.
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.
|
|
Сенсорика/ Математика негіздері
|
Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Табиғат әлемі.
Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру.
Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота және т.б.) таныстыру.
|
Құрастыру
|
Кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас және т.б.) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.
|
Сурет салу
|
Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.
|
Мүсіндеу
|
Мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.
|
Жапсыру
|
Кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.
|
Музыка
|
Музыка тыңдау:
Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ және т.б.), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай және т.б.) дыбыстарымен таныстыру.
|