Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата23.02.2016
өлшемі143.54 Kb.
#3524
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/06


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Дүниежүзілік әдебиет тарихы» пәні бойынша ---- «Мәдениеттану» мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Мамандық бойынша Нысан

элективтік пәндер катологы ПМУ ҰС Н 7.18.1/08

негізінде әзірленген пәннің

жұмыс бағдарламасын

бекіту парағы


БЕКІТІЛДІ

ОІ жµніндегі проректоры

________________ Н.Э. Пфейфер

«___»_____________2010ж.
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Мүтәлиева Р.М. __________


Қазақ филологиясы кафедрасы




«Дүниежүзілік әдебиет тарихы» пәні бойынша




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы -«Мәдениеттану» мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс бағдарламасы оқу жұмыс жоспары және мамандықтың элективті пәндер каталогы негізінде жасалды, С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі мәжілісінде бекітілді.

«___»_________________2010ж. №_____хаттама.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2010ж.

№_____хаттама.


Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2010 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы____________________ Е.Н.Жұманқұлова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2010 ж.



жәқб МАҚҰЛДАДЫ

ЖәқБ бастығы______________ А.А. Варакута «____»____________2010 ж



1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Шетел әдебиетінің процестерінің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, замандардың мәдениеті мен байланыстыра білуі керек.


Пәнді оқыту мақсаты:

Әдебиеттегі басты әдіс пен жанамалардың, ағымдардың өнертану мен әдебиеттану үшін әдістемелік бағыт екенін ескере отырып, оның әрбір шығармадағы өзіндік сипаттамаларымен жеке таныстыру керек. Студенттерді жеке шығармаларды талдап жіктеуге, жанрлардың типологиялық ерекшеліктерін ажырата білуге, маңызды қорытынды түюге үйрету.


Пәннің міндеттері:

Шетел әдебиетіндегі шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін айқындай отырып, студент жазушының жалпы творчествосын, өзекті мәселелерін тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырып, бай әрі бағалы деректер негізінде нұсқалы, нәзік әрі терең талдау жасауға баулу қажет.


Студенттер білуі тиіс:

Шетел әдебиетінің ролі мен мағынасы студенттерді тарихи әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүние танымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуімен қорытындыланады.


Студенттер істей білуі тиіс:

- Шетел әдебиетінің ролі мен мағынасын;

-әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін;

-дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерді ескеру,

- әдеби текстерді тереңірек ұғыну;

- автордың көркемдік шеберлігінің байлығын тани білу.


2 Пререквезиттер:

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Қазақ әдебиетінің тарихы

Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07



3 Пәннің мазмұны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

Кіріспе.

3

1

5

2

Антикалық әдебиет.

3

1

5

3

Орта ғасыр әдебиеті.

3

1

10

4

Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.

3

1

10

5

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар әдебиеті.

3

1

10

6

ХҮІІІ ғасыр ағарту дәуірінің әдебиеті.

3

2

10

7

ХІХ ғасырдағы романтизм мен реализм.

3

2

10

8

Шығыс әдебиеті.

3

2

10

9

Шығыс поэзиясы.

3

2

10

10

Орыс әдебиетінің тарихы.

3

2

10




Барлығы:

30

15

90


3.1 Теориялық курс мазмұны

1- тақырып. Кіріспе.

Әлем әдебиетінің тарихы – ерекше әлем әдебиетінің, теориялық және адамзаттың көркем эволюциясын салыстырмалы талқылаудағы жете зерттеу қағидаларының тарихын зерттеу облысының әдебиеттану ғылымындағы орасан зор тәжірибе.



2-тақырып. Антикалық әдебиет.

Ежелгі Грекия мен Рим әдебиеті. Көне әдебиеттің жарқын беттері – Гомер, Эсхил, Софокл, Еврипид, Вергилий, Апулей, т.б. Олар шығармаларында өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемдік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болды.



3-тақырып. Орта ғасыр әдебиеті.

Ортағасырлық әдебиеттің басты элементі - әдебиет болды: ағылшын-саксондық қаһармандық эпостарының бірі «Беовуль» поэмасы: рыцарьлық әдебиет жанрдағы халық ерлік эпосы «Роланд туралы жыр», «Сид», «Нибелунгтар жайындағы жыр», «Тристан мен Изольда» романы. ХІІІ ғасыр ағылшын әдебиетінің мәңгілік өшпес мұраларының бірі – Робин Гуд жайындағы балладалар. Француз поэзиясының тамаша көрінісі – ваганттар поэзиясы.



4-тақырып. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.

Қайта өрлеу мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери «Құдіретті комедия», «Декамеронның» авторы атақты Бокаччоның гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары дүниежүзілік әдебиет саласындағы құбылыс болып саналады. Испанияның ұлы жазушысы Мигель де Сервантес («Дон Кихот»), француз гуманизмінің өкілі Франсуа Рабле («Гергантюа мен Пантагрюэль») шығармаларында өмір сүрген қоғамды сынға алды. Ағылшын халқының ұлы драматургі Вильям Шекспир. «Гамлет», «Король Лир», «Отелло» сияқты трагедияларымен дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды.



5-тақырып. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар әдебиеті.

ХҮІІ ғасыр. Классицизм әдебиетіндегі жанр түрлері. Атақты өкілдері – Корнель, Расин, Мольер.

ХҮІІІ ғасыр ағартушылық ғасырдың әдебиеті. Свифт, Дефо, Вольтер, Дидро, Гете дарын иелері, сол заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды.

6-тақырып. ХҮІІІ ғасыр ағарту дәуірінің әдебиеті.

Ағылшын ағартушыларының ерекшелігі. Д.Дефо, Дж.Свифт, Филдинг. Сентиментализм. Стерн.

Француз ағартушылығы Вольтердің шығармашылығы «Кандид» философиялық повестерінің жанрлық ерекшеліктері. Энциклопедист Дидроның шығармашылығы. Жан Жак Руссоның сентиментальдық хат түрінде жазылған «Жаңа элоиза» романы. Бомаршенің Фигоро туралы трилогиясы.

Неміс ағартушылары. «Дауылмен тықсыру» әдебиеті. Лессинг шығармашылығы. Шиллердің шығармашылығындағы бүлікшіл рухы мен бірінші саяси тенденциялық тәжірибесі. Гетенің творчествосы. Лирикасы.



7-тақырып. ХІХ ғасырдағы романтизм мен реализм.

Ағылшын романтизмі. Романтизм және творчестволық әдіс проблемасы. Байрон - әлем әдебиетіндегі романтизм бағытының белгілі өкілі. Творчествосын шолу. Байронның «Чайльд Гарольдтің саяхаты» - лиро-эпикалық поэмасы. Шелли творчествосына шолу. В.Скотт – тарихи романның негізін салушы.

Француз романтизмі және оның ерекшеліктері. Гюго – романтизмнің теоретигі. «Кромвель» драмасына алғы сөз. «Собор Парижской богоматери» романындағы символдар, қарама-қарсылық ерекшеліктері.

Неміс романтизмі, ерекшелігі. Гофманның жаңашылдығы. «Екілемдік» түсінік, оның философиясы. Романтикалық мысқыл және гротеск.

Француз реализмі. Стендаль шығармашылығы. Стендальдың эстетикасы. «Қызыл мен қара» романындағы кейіпкердің эволюциясы. Композициясы мен стилі. Бальзак. Шығармашылық әдісінің ерекшелігі. Бальзактің «Адам әжуәсінің» түпкі ойы және шығу тарихы. «Гобсек», «Горио атай» шығармаларындағы буржуазиялық әшкереленуі. Мерименнің новеллалары.

Ағылшын реализмі. Диккенс – ағылшын реализмінің ірі жазушысы. «Оливер Твист», «Домби и сын» шығармаларына дейінгі эволюциясы.

Теккери шығармашылығы. «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» романындағы кейіпкерлердің жүйесі, реалистік сатирадағы шеберлігі.

ХХ ғасыр әдебиет процесінің ерекшелігі. Негізгі бағыты. Саяси оқиғалардың жазушы демократтарға ықпалы. Капитализмнің жалпы қиыншылығы мен модернистік әдебиет. Фрейдизм және модернистік әдебиет. Б.Шоудың творчествосы.

Олдингтонның романы «Смерть героя» және оның әлем әдебиетіндегі орны.Э.Хемингуэйдің творчествосы, кезеңі.

8-тақырып. Шығыс әдебиеті.

Көне үнді әдебиетінің асыл мұралары – «Махабхарата», «Рамаяна» поэмалары.



9-тақырып. Шығыс поэзиясы.

Шығыс поэзиясының жарқын беттері – Фазулли, Навои, Сағди, Фирдауси.



10-тақырып. Орыс әдебиетінің тарихы.

Орыс әдебиетінің тарихы. А.С.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский творчестволарына шолу. Орыс әдебиетіндегі «Күміс ғасыр» поэзиясының өкілдері: А.Ахматова, М.Цветаева және т.б. В.Набоков және постмодернизм.


3.4 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны

1- тақырып. Грек лирикасының қалыптасуы, түрлері.
2- тақырып. Серілік әдебиеттің қалыптасуы. Трубадурлардың саяси және махабббат лирикасы.
3- тақырып. «Роланд туралы жыр» - француз батырлық эпосы. Шығарманың авторлық проблемасы мен эпикалық идеясы.
4- тақырып. Данте Алигьери – орта ғасырдың соңғы ақыны және жаңғыру дәуірінің алғашқы ақыны.
5- тақырып. М.Сервантестің «Дон Кихот » романы: әлеуметтік және философиялық мәні.
6- тақырып. Лопе де Веганың халық батырлық драмасы «Фуэнта Овехуна», оның идеясы мен көркемдік жаңашылдығы.
7- тақырып. Гетенің «Фауст» трагедиясы. Философиялық мағынасы, проблематикасы, композициясы.
8- тақырып. Дж.Байронның «Чайльд Гарольдтың саяхаты» атты поэмасы: идеялық мәні, азаттық проблемасы.
9- тақырып. Ежелгі Үнді әдебиетінің «Рамаяна» поэмасындағы негізгі идея.
10- тақырып. А.С.Пушкин лирикасының ерекшелігі. «Онегин» шығармасы. Оның әлемдік әдебиеттегі орны.
3.5 С¤Ж мазм±ны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

ҚТӘ-11,


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1x30)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1x15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

21

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Тест.

Семестрлік тапсырманы қорғау

20

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







90


Студенттерге µздігінен оќуѓа берілетін таќырыптар
1. Гомер эпосы. Грек драмасының қалыптасуы.

¦сынылатын єдебиет: [2],3-30 бет, [3], 3-50 беттер.

2. Горацийдің «Одаларының» саяси-әлеуметтік, философиялық, моральдық, махаббат туралы тақырыптары.

Ұсынылатын єдебиет: [2], 3-20 бет, [3], 3-20 беттер.

3. Куртуаздық әдебиет: лирика және роман.

Ұсынылатын єдебиет: [3], 3-40 бет, [5], 5-90 беттер, [15], 53-101беттер.

4. Корнель - әйгілі драматург және классицист.

Ұсынылатын єдебиет: [4],5-63 бет, [7], 12-34 беттер.

5.Шиллердің шығармашылығындағы бүлікшіл рухы мен бірінші саяси тенденциялық тәжірибесі.

Ұсынылатын єдебиет: [11], 5-23 бет, [12],10-30 беттер.

6. Флобердің шығармашылығы. Жазушының философиялық, эстетикалық позициясы. «Мадам Бовари» романындағы бықсыған дүние. Флобердің ХХ ғасыр әдебиетіне салған жолы.

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-30 бет, [4], 5-20 беттер.

7. Э.М.Ремарктың соғысқа қарсы шығармасы «На западном фронте без перемен».

Ұсынылатын єдебиет: [1], 5-60 бет, [6],10-37бет, [14], 100-120 беттер, [15], 173-187 беттер, [17], 92-101бет, [18], 15-37 беттер, [19], 10-33 беттер.



Мамандықтың(тардың) Нысан

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме


«Мәдениеттану» мамандығының оќу ж±мыс жоспарынан кµшірме

Пәннің атауы Дүниежүзілік әдебиет тарихы


Оқу түрі

Бақылау формасы

Студент жұмысының көлемі

Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі

Емт.

сынақ

К.ж

К.жұм.

ЕГЖ

бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

ОСӨЖ

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

ОС¤Ж

СӨЖ

жалпы

Аудитор.

СӨЖ

Күндізгі

ЖОБ негізін

де


6
















135

45

90

5-семестр

6- семестр













30

15

45

45


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Артамонов С. История зарубежной литературы ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. –М., 1978.

  2. Анихин Т.В. , Михальская Н.П. История английской литературы. –М., 1985.

  3. Андреев Л.Т. История французской литературы. –М., 1987.

  4. Зарубежная литература второго тысячалетия. –М., 2001.

  5. Елизарова М.Е. и др. История зарубежной литературы ХІХв. –М., 1989.

  6. Ивашева В.В. История зарубежной литературы. ХіХ –М., 2004.

  7. История всемирной литературы. – М., 1984.

  8. История зарубежной литературы Средние века эп. Возрождения. –М., 1982.

  9. История всемирной литературы. –М., 1984.

  10. История зарубежной литературы ХҮІІв. Под ред. З.С.Плавесина.

  11. История зарубежной литературы ХҮІІІв. Под ред. В.Неустроева. –М., 1984.

  12. Тронский И.М. История античной литературы. – М., 1987.

Ќосымша:

13.Бахтин М.М. Франсуа Рабле и народная культура средневековья и Ренесанса. М., 1990.



14.Набоков В. Лекции по зарубежной литературе. М., 1998.

  1. Мифы народов мира. В 2-х т. –М., 1990.

  2. Поэтика древнегреческой литературы. –М., 1981.

  3. Поэтика древнеримской литературы. –М., 1989.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет