3 ПӘннің мазмұны 1 ПӘннің тақырыптық жоспары



Дата09.06.2016
өлшемі159.5 Kb.
#125200
Пәннің тақырыптық жоспары Ф СО ПГУ 7.18.2\07


3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ





3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Тақырыптың аталуы

Сағаттар саны


Дәріс-тер

Зерт. жұмыс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1


Кіріспе


2

-

-




2

Жалпы цитология негіздері ( торша туралы ілім)

3

-

3

22,5

3

Жалпы эмбриология

3

-

4

22,5

4

Жалпы гистология

3

10

4

22,5

5

Анатомия

4

12,5

4

22,5




Барлығы

15

22,5

15

90


Пәннің теориялық бөлімінің мазмұны

Дәріс сабақтың мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе. Морфология пәні бойынша түсінік. Анатомия, цитология, гистология және эмбриологияның биологиялық және биотехнологиялық пәндер ішіндегі алатын орны. Қазіргі эволюциялық және функционалдық морфологияның маңызы.

Ұжымдық және фермерлік шаруашылықтарда мал шаруашылығын жедел өркендету мақсатына сәйкес білікті мал мамандарын дайындауда анатомия, цитология, гистология және эмбриологияның атқаратын ролі.

Анатомия, цитология, гистология және эмбриология ғылымдары дамуының қысқаша тарихы. Ғылымдардың жануалар морфологиясы дамуына қосқан үлесі. Қазақстан ғалымдарының жануарлар морфологиясы бойынша жүргізген зерттеулері. Организмнің құрылысы және дамуының биоморфологиялықө заңдылықтары. Тіршілік негізінің сипаттары мен қамтамасыз ету жүйелері.

Жануалар организімі құрылысының құрылымдық деңгейлері. Филогенез және онтогенез туралы түсінік, олардың негізгі заңдылықтары. Эволюцияның негізгі бағыттары, бейімделудің биологиялық негіздері, жануалар түрлері мен жеке организмдер өзгергіштіктерін анықтайтын факторлар ( тіршілік ортасы, қоректену сипаты, қозғалу түрлері және т.б.) жануарлар тұқымы мен жасына байланысты құрылыс ерекшеліктеріне доместикацияның (жануарларды қолға үйрету) әсері. Жануарлар мүшелерінің құрылысы мен дамуындағы қалаптылық ( норма), әркелкілік( варианттар) және ауытқушылық (анамалия) туралы түсінік. Мал шаруашылығын өркендету бағытына байланысты морфология пәнінің мақсаттары.



Тақырып 2 Жалпы цитология негіздері (торша туралы ілім)

Цитология – жануарлар торшалары құрылысындағы заңдылықтар туралы ілім. Оның маңызы. Организімдегі құрылымдық - қызметтік ең ұсақ бірліқ торша туралы түсінік. Торша түрлері және олардың айырмашылық белгілері. Торша құрылысының жалпы нобайы. Биологиялық мембраналар

(жарғақтар). Торша цитоплазмасының микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы. Торша ядросы мен оның құрам бөліктерінің құрылысы, химиялық құрамы және қызметі.

Торшалардың көбеюі, олардың түрлері, айырмашылықтары және биологиялық маңызы. Торшаның митотикалық циклі. Интерфаза, оның кезеңдерінің маңызы. Митоз, олардың фазаларына сипаттама. Хромосомалар туралы түсінік. Амитоз және оның биологиялық маңызы. Торшаның тіршілік әрекеттері: зат алмасу, бөліп шығару (секреция), қозғалу, пиноцитоз, фагоцитоз, тітіркену, өсу, қартаю. Бейторшалық құрылымдар (симпласт, синтиций), торшаарлық зат. Тірі заттардың химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.



Тақырып 3. Жалпы эмбриология

Эмбриологиялық биотехнологиялық маңызы. Жыныс торшалары, дамуы мен қызметі және құрылыс ерекшеліктері. Аталық жыныс торшалалары – спермийлердің микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы.

Спермиогенез – спермийлердің дамуы. Аналық жыныс торшалары – жұмыртқа торшаларының микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы.

Жұмыртқа торшаларынң түрлері. Жұмыртқа торшалары құрылысының ұрықтық даму жағдайына байланысы. Сүтқоректілер мен құстардың жұмыртқа торшалары.

Овогенез – жұмыртқа торшаларың дамуы. Жануалар эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдері: ұрықтану, зиготаның бөлшектенуі, гаструляция, гистогенез және органогенез.

Ланцетниктің, қосмекенділедің, балықтың, сүтқоректілердің эмбрионалды дамуына сипаттама. Плацента ұрық жолдасы) туралы түсінік. Құстар мен сүтқоректіледің даму кезеңдері, олардың эмбриологиядағы маңызы.



Тақырып 4 Жалпы гистология

Ұлпа туралы түсінікке анықтама. Ұлпалардың морфологиялық фунционалды және генетикалық жіктелуі. Ұлпаның эволюциялық дамуы, ұлпаның діңгекті және диффенциалдық торшалары туралы түсінік. Камбийлі және стационарлы ұлпалар туралы түсінік, олардың гистогенез механизімі. Ұлпалардың жүйе түзуші факторлары.

Эпителий ұлпасы.

Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы, морфологиялық белгілері, (шекаралық орналасуы, торшалардан тұратындығы, торшалардың полярлығы, қан және лимфа тамырларының жоқтығы). Шығу тегі мен қызметіне байланысты эпителийдәң жіктелуі. Жабынды эпителий, олардың түрлері, организмдегі орналасу орны, құрылысы мен қызметі. Безді эпителий. Бездердің жіктелуі. Секрецияның ( секретін бөліп шығуы) жалпы морфологиясы. Секрет бөлу әдістері (мерокринді, апокринді және голокринді).

Дәнекерлік (тірек – трофикалық) ұлпа

Дәнекер ұлпасының жалпы сипаттамасы: шығу тегі, орналасу орны, құрылысы және қызметі. Тірек – трофикалық ұлпаның жіктелуі. Мезенхима. Қан. Эритроциттердің құрылысы және қызметі. Лейкоциттердің жіктелуі, құрылысы және қызметі. Қан табақшалары. Жануарлар қан торшаларына салыстырмалы гистологиялық шолу. Іш төліндегі және ересек организмде қанның дамуы. Торлы ұлпа, оның орналасуы, құрылысы және қызметі. Борпылдақ дәнекер ұлпа, оның орналасуы, құрылысы және қызметі. Тірек ұлпа. Тығыз қалаптасқан және тығық қалыптаспаған дәнекер ұлпа. Коллагенді және эластинді (серпімді) ұлпа. Шеміршек ұлпасы, түрлері құрылысы және дамуы. Сүйек ұлпасының жас және ересек организмдегі маңызы. Сүйекқап құрылысы және қызметі.

Ет ұлпасы

Ет ұлпасының жалпы сипаттамасы: шығу тегі, орналасу орны және қызметі. Ет ұлпасының жіктелуі. Жүйке және дәнекер ұлпасымен қызметі жағынан бірлестігі. Бірыңғай салалы ет ұлпасы, микроскопиялық және электронды микроскопиялық құрылысы, жиырылу сипаты. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасы, микроскопиялық және электронды микроскопиялық құрылысы, жиырылу сипаты. Көлденең жолақты жүрек т ұлпасы. Жүрек ет ұлпасының жұмысшы және өткізгіш бөліктерінің құрылысы.

Жүйке ұлпасы

Жүйке ұлпасының жалпы сипаттамасы: шығу тегі, орналасу орны, құрылысы және қызметі. Нейроциттердің микроскопиялық және электронды микроскопиялық құрылысы. Олардың морфологиясы мен қызметіне байланысты құрылысы. Нейроглия. (жүйелік глия) оның жіктелуі, құрылысы және қызметі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары. Мезаксон туралы түсінік. Жүйке ұштары, олардың жітелуі. Сезімтал жүйке ұштары, олардың түрлері. Қозғалғыш жүйке ұштары. Синапс туралы қазіргі кездегі түсінік. Рефлекторлық доға және оның бөлімдері.



Тақырып 5 Анатомия

Тірек – қимыл аппараты

Локомоторлық аппараты (қаңка, сүйектер байланысы, бұлшық еттер мен олардың көмекші мүшелелері) енжарлық (пассивті) және белсенді (активті) мүшелерінің құрылысы мен дамуының жануалар қимылы мен жердің тартыс күшіне байланысты қызметтерінің жалпы морфо – функционалдық сипаттамасы. Қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұратын әр түрлі жағдайына организмнің бейімделуі мен тіршілігін қамтамасыз етудегі белсенді қозғалыстың атқаратын ролі. Мал түліктері дене бітімін (экстерьер) жасауда тірек – қимыл мүшелерінің маңызы.

Остеология

Қаңқаның жалпы сипаттамасы. Оның құрылысы. Бөлімдер мен бөліктерге бөлінуі. Қаңқаның организм тіршілігіндегі маңызы. Қаңқаның филогенезі мен онтогенезі. Қимыл, қоршаған орта, азықтандыру және басқа факторлардың қаңқаның дамуы мен атқаратын қызметіне тигізетін әсерлері. Бліліктік және шеткі қаңқа құрылысының заңдылықтары. Үй жануарлары қаңқа бөлімдерінің өзара қатынасы. Қаңқа құрылысы мен дамуын, жануарлар түріне және жасына байланысты ерекшеліктері.

Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы ( сүйек және шеміршек ұлпасы, тығыз және кемік зат, сүйектің кемік майы, сүйек қап, эндоост). Сыртқы және ішкі факторлар әсерімен онтогенез үрдісіндегі сүйектің дамуы, сүйектенуі және өзгеруі. Пішініне, құрылысына, тегіне атқаратын қызметіне, және қаңқадағы алатын орнына байланысты сүйектердің бөлінуі. Жануарлардың қимыл әрекет белсенділігі деңгейінің сүйектердің ішкі құрылысына тигізетін әсері.

Тұлға қаңқасы. Тұлға қаңқасының құрылысы мен онтофилогенезінің жалпы заңдылықтары. Бөлімдері. Омыртқа бағанасы мен көкірек керегесін құрайтын сүйектер. Толық сүйекті сегмент, оның құрылымдарының функционалдық рөлдері. Сегментегі сүйектер редукциясының құбылысы. Жануарлар түрлері мен жасына байланысты байқалатын құрылыс ерекшеліктері.

Бас қаңқасы. Бас қаңқасы мен оның, бөлімдерінің жалпы сипаттамасы, онтогенезі және филогенезі. Бас қаңқасындағы мұрынмаңы қойнаулары мен өзектердің ветеринарлық клиникалағы маңызы. Бас қаңқасының пішіні мен құрылысына әсер ететін факторлар. Үй жануарларының жасына және түріне байланысты бас қаңқасындағы ерекшеліктер.

Аяқ қаңқасы. Үй жануарларының белбеу қаңқасы мен аяқтың еркін қозғалатын бөлімі құрылысының жалпы сипаттамасы. Аяқтардың дамуы. Жануарлардың қимыл әрекетіне, тіршілік ортасына, аяқты тіреп басу түріне ( табанмен, бақаймен, бақай ұшымен) байланысты аяқтардың өзгеруі. Үй жануарлардың түріне және жасына байланысты аяқ қаңқаларының құрылыс ерекшеліктері.

Синдесмология (артрология) сүйектердің тара байланысы.

Сүйектер байланысының ( тұтаса және буындық) жалпы морфо – функционалдық сипаттамасы. Сүйектер байланысының фило және онтогенезі. Сүйектердің тұтаса байланысу түрлері. Буынның құрылысы, түрлері, буындағы қозғалыстардың әр түрлігі. Буын құрылысы мен ондағы байланыс аппаратының биомеханикалық сипаттағы қозғалыстың маңызы. Үй жануарлардың бас сүйектері, тұлға құйрық, алдыңғы және артқы аяқтар сүйектерінің байланыс ерекшеліктері.

Миология

Белсенді қозғалыс мүшелер жүйесі ретінде бұлшық еттерде жалпы сипаттама. Бұлшық еттердің онтогенезі мен филогенезі. Бұлшық ет жүйелерінің организмдегі басқа жүйелермен байланысы. Еттің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері. Мүше ретіндегі еттің құрылысы: еттің дамуына, құрылысына, пішініне әсер етуші факторлар. Шығу тегіне, атқаратын қызметіне, құрылысына, орналасу орнына және пішініне байланысты бұлшық ет түрлері.

Бұлшық еттердің негізгі және қосалқы мүшелері. Жануарлардың қозғалмай тұру және қозғалу кезіндегі бұлшық еттердің біріккен өзара әсері. Еттің көмекші мүшелелері: шандырлар, қапшықтар, синовальді және фиброзды сіңірлер, қыпыптар, шығырлар сүйектер. Бұлшық еттердің қанмен қамтамасыз етілуі және жүйкеленуі.

Бас пен тұлға бұлшық еттері. Бас пен тұлға бұлшық еттердің филогенезі мен онтогенезі. Тұлға мен бас бұлшық еттернінің құрылысы және орналасуының жалпы морфофунционалдық заңдылықтары. Бас, омыртқа бағанасы, көкірек және құрсақ қуыстар қабырғалары бұлшық еттердің құрылысымен жануарлар түрлеріне байланысты орналасу ерекешелектері.

Аяқтың бұлшық еттері. Белдеу мен аяқтардың еркін қозғалатын бөліктері бұлшық еттері құрылысы мен орналасуының жалпы заңдылықтары. Аяқтардың статикалық аппараты және оның жануарлар статикасы мен динамикасындағы ролі. Аяқтар бұлшық еттердің құрылысы мен орналасуының жануарлар түріне байланысты ерекшеліктері.

Несеп – жыныс апппараты. Несеп – жыныс аппараты құрылысы мен қызметінң жалпы заңдылықтары. Несеп – жыныс аппаратының филогенезі мен онтогенезі. Организм тіршілігіндегі және түр сақтауындағы несеп – жыныс мүшелерінің маңызы.

Несеп мүшелері. Несеп шығару мүшелері жүйесінің анатомиялық құрамы. Бүйректің терімен және организмнің басқа мүшелерімен қызметтік байланысы. Бүйректің түрлері.

Несеп шығару мүшелернің жануарлар түріне, жасына байланысты құрылыс және орналасу ерекшеліктері.

Жыныс мүшелері. Жануарлар көбею мүшелерінің жалпы сипаттамасы. Ұрғашы және еркек жануарлар жыныс мүшелерінің анатомиялық құрамы мен морфо – функционалдық сипаттамасы. Үй жануарлары жыныс мүшелерінің құрылысы мен орналаму ерекшеліктері.

Ангиология

Тамыр жүйесі мүшелерінің анатомиялық құрамы мен маңызы. Тамырлар жүйесінің құрылысы мен даму заңдылықтары олардың басқа мүшелер жүйесімен байланыстары.

Тамырлар жүйесінің морфофункционалдық сипаттамасы, онто және филогенезі. Тамырлар жүйесі мүшелерінің жануарлар түріне және жасына байланысты ерекшеліктері.

Жүрек құрылысы, маңызы, орналасуы, қанмен қамтамасыз етілуі. Жануарлардың жасы мен түріне байланысты ерекшеліктері. Іш төлі және ересек жануарлардағы қан айналу шеңберлері. Артерия, вена қан тамырлары мен капиллярлардың құрылыс ерекшеліктері. Үлкен және кіші қан айналу шеңберлері, қан тамырлары құрылысы және тарамдалу заңдалықтары мен олардың функционалдық ролі. Коллатеральдар, анастомоздар, коллекторлар, тамырлық доғалар мен топтар жайлы түсінік.

Лимфа айналу жүйесінің анатомиялық құрамы және морфо – функционалдық сипаттамасы. Лимфа түйіндері, тамырлары, өзектернің дамуы, құрылысы және орналасуының негізгі заңдылықтары, олардың вена қан тамырларымен байланыстары.

Қан жасаушы мүшелердің (көк бауыр, сүйектің қызыл кемік майы, лимфа түйіндері, лимфоидты мүшелер, тимус) құрылысы, дамуы, орналасуы, және қызметтерінің негізгі заңдылықтары.

Ішкі секреция бездері.

Ішкі секреция бездерінің анатомиялық құрамы және морфо – функционалдық сипаттамасы. Ішкі секреция бездернің онто - және филогегезі. Ішкі секреция бездернің тегіне және атқаратын қызметіне байланысты жіктелуі. Ішкі секреция бездері ( гипофиз, эпифиз, қалқанша без, бүйрекүсті безі және т.б.) құрылысы мен орналасу орындарының жануарлар жасына, түріне байланысты ерекшеліктер.

Оқу жұмыс жоспарынан көшірме Ф СО ПГУ 7.18.1/10



050802 – Зоотехния мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспарынан көшірме.




Оқу түрі

Бақылау түрі

Студенттің

сағат б/ша

жұмыс көлемі


Семестр бойынша сағат сандары

емтихан

сынақ

кп.

К.ж

РГР

Бақылау жұмыс

барлығы

Дәріс

Сар.

Зерт.

СӨЖ

Дәріс

Сар.

Зерт.

СӨЖ

жалпы

ауд

СӨЖ

1.

Жалпы орта күндізгі


2















135


45


90


Семестр 1

Семестр 2













15

22,5

15

(7,5)


90



Әдебиеттер

Негізгі

1. Акаевский А.И. « Анатомия домашних животных» - Москва Колос, 1984

2. Вракин В.Ф., Сидорова М.В., Давыдова З.М. « Практикум по анатомии с основами гистологии и эмбриологии сельскохозяйственных животных» - Москва “Колос “, 1982 г.

3. Глаголев П.А., Ипполитова В.И. « Анатомия сельскохозяйственных животных с основами гистологии и эмбриологии» Москва “Колос “, 1997 г.


Қосымша

4. Жаңабеков К., Жанабекова Г.К., Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы Оқулық – Алматы Сөздік – словарь, 2005

5. Жаңабеков К., Макашев Е. Жануарлар анатомиясы Оқулық Алматы, Білім, 1996

6.Александровская О.В., Радостинга Т.Н., Козлов Н.А. - Москва “Агропромиздат “, 1987 г.

7. Канцельсон З.С. Рихтер И.Д. «Практические занятия по гистологии и эмбриологии» - Ленишрад. “Колос “, 1979 г.

8. Лебедев М.И. «« Практикум по анатомии сельскохозяйственных животных» - Москва “Колос “, 1973 г.



Ұсынылған өз бетімен орындайтын жұмыстар тақырыптары

  1. Құстар эмбриогенезі

  2. Сүтқоректілер эмбриогенезі

  3. Құстар ұрық қабықтарының пайда болуы және маңызы

  4. Сүтқоректілер ұрық қабықтарының пайда болуы және маңызы

  5. Сүйектің морфологиялық құрылысы

  6. Қаңқаның морфологиялық құрылысы

  7. Сүйектер байланысы

  8. Бұлшықеттер морфологиясы

  9. Терінің гистоқұрылымы

  10. Сүт безінің морфоқұрылымы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет