Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы
«Бетон технологиясы 1» пәнінен
050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Мемлекеттік жалпыға міндетті
мамандықтың білім стандарты мен
типтік бағдарлама негізінде әзірленген пәннің жұмыс бағдарламасына бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/06
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
________ Н.Э.Пфейфер
2009ж. «___»_________
Құрастырушы: т.ғ.к., доцент ____________Б.Ч. Кудрышова
Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы
«Бетон технологиясы 1» пәні бойынша
050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты ҚР МЖМБС 3.08.356 – 2006 мен ҚР БжҒМ жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде 2006 ж. 22 маусымында бекітілген және іске қосылған типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген
2009 ж. «___»_____________ кафедра отырысында ұсынылған №___хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______________________Қ.Т. Сақанов
Факультет әдістемелік кеңесімен құпталған ____________________________
2009 ж. «___»_____________№ __хаттама
ӘК төрағасы ____________________ В.А. Козионов
КЕЛІСІЛГЕН:
Факультет деканы ___________ М.Қ. Күдерин «___»_____________2009 ж.
ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛҒАН
ЖжӘҚБ бастығы _____________А.А. Варакута «___»_____________2009 ж.
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
1.1 Пәннің мақсаты:
«Бетон технологиясы-1» пәннің шешетін мәселелері мен мақсаттары- капиталды құрылыстың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес бетон және темірбетон конструкцияларын өндіру технологиясын және олардың қасиеттерін терең меңгерген мамандар дайындау.
Мамандар дайындағанда келесі талаптар қойылады:
Мемлекеттік білім стандартының талабына сәкес пәнді оқып меңгеудің нәтижесінде студенттер білу керек:
- құрылыс материалдары мен бұйымдарды өндірісіндегі бетон және темірбетон технологиясындағы, қорды энергияны үнемдеудегі білім мен ғылымның ролінің маңызын түсінуі қажет;
- бетон және темірбетон бұйымдарын өндірісінде жұмсалатын материалдардын физико-химиялық , физикалық қасиеттерін және олардың ГОСТ талаптарына сәйкестігін; дайындау әдістерін, тасымалдау және шикізат материалдары мен алынған өнемді сақтаудың экономикалық жағдайдарын; бетон мен темірбетон және конструкцияларды өндіру технологиясына байланысты социалды-экономикалық бағдарламаларды меңгеруі қажет.
- әртүрлі бетондардын құрамын жобалау, бетон араласпасының физико-химиялық қасиетін, шикі заттарды сынау әдістерін және бетон араласпасының сапасын бақылай білуі керек.
Жоғарғы оқу орындары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартна сәйкес жасалынған тип тік оқу бағдарламасы мен салат көлемі негізінде жұмыс бағдарламасын дербес енгізеді.
2 Пререквизиттер және постреквизиттер
Пәннің пререквизиттері: «Құрылыс материалдарының химиясы», «Физика», «Құрылыс материалдары-1», «Байланыстырғыш заттар», «Стандартизація және метрология», «Сәулет», «Құрылыс констукциялары», «Процесстер мен аппараттар-1,2», «Бетон толтырғыштары».
Пәннің постреквизиті: «Технология бетона-2».
Пәннің тақырыптық
жоспары
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
3 Пәннің мазмұны
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№
р/с
|
Тақырып атауы
|
Сағаттар саны
|
Дәріс-
тер
|
Тәжі-
рибе
|
Зертха-
налық
|
СӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе. Бетон түрі және классификациясы.
|
2
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Бетон араласпасы.
|
4
|
2
|
2
|
10
|
3
|
Бетон құрылымының қалыптасу және қатаю процестері.
|
4
|
2
|
2
|
20
|
4
|
Бетон қасиеті.
|
4
|
2
|
2
|
10
|
5
|
Тығыз толтырғыштар (ауыр бетон) негізіндегі цементті бетон.
|
4
|
2
|
2
|
20
|
6
|
Кеуекті толтырғышты (жеңіл бетондар) цементті бетон дар.
|
2
|
2
|
2
|
10
|
7
|
Тығыз және кеуек толтырғыш негізіндегі цементсіз бетон.
|
4
|
2
|
2
|
20
|
8
|
Ұялы бетондар.
|
2
|
1
|
1
|
10
|
9
|
Бетонның ерекше түрлері.
|
2
|
1
|
1
|
10
|
10
|
Монолитті бетон.
|
2
|
1
|
1
|
10
|
ЖИНАҒЫ:
|
30
|
15
|
15
|
120
|
3.1 Теориялық курстың мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе. Бетон түрі және классификациясы.
Бетон құрылымы, орташа тығыздығы, байланыстырғыш және толтырғыш түрімен, қатаю шарты бойынша классификациялау. Бетон үшін материалдар. Бетон технологиясында химиялық қоспалар мәні. Химиялық қоспалар және олардың қолданудағы негізгі жағдайының жалпы мағлұматтары. (2-сағат).
Тақырып 2 Бетон араласпасы.
Бетон араласпасы түсінігі, құрылым ерекшіліктері және қасиеті, сұйық фаза және ауа тарту мәні. Химиялық қоспаларды кең аймақта қолдану. Бетонға қоспа қосу технологиясы. Цемент тасының микроқұрылымын қалыптастыруда су және химиялық қоспа мәні. Бетон араласпасының реологиялық қасиеттері және оны бағалау әдістері. Тиксотропия. Сапасын бағалау әдістері және бетон араласпасының техникалық сипаттамасын анықтау. Бетон араласпасының технологиялық қасиеттеріне әсер ететін факторлар. Араласпаның сутұтынғыштығы туралы түсінігі. (4-сағат).
Тақырып 3 Бетон құрылымының қалыптасу және қатаю процестері.
Цемент илемінің және бетон араласпасының тез қоюлануы және қатаюы. Жоғарғы сапалы құрылымды бетон алу үшін шарттар тудыру. Бетон қатаюын тездету әсерлері: механикалық, химиялық және жылулық. Бетон қатаюының тездетілген кездегі жүрген физикалық және физико-химиялық процестер. Әртүрлі қатаю шарттар кезіндегі бетон беріктігінің өсу кинетикасы. Беріктігінің өсу кинетикасында цемент түрі және бетон құрамының әсері. Беттік модулі.
Цементті және силикатты бетонның қаныққан су буының және жоғарғы қысым (автоклавта өңдеу) ортасында қатаюы. Әртүрлі температурада, ылғал ортасы кезінде қатаю процесінің көлемдік деформациясы.
Қатайған бетон құрылымы. Бетон құрылымы мен оның қасиеттерінің аарасындағы байланыстық. Бетон құрылымының негізгі типтер классификациясы. Бетон құрылымының жақсарту жолының негіздері. (4-сағат).
Тақырып 4 Бетон қасиеті
Бетон қасиеттерінің классификациясы. Физико-техникалық қасиеттері. Жылу физикалық қасиеттері. Бетонның механикалық қасиеттері. Бетонның сығылу және иілу беріктігі. Бетон беріктігінің су цемент қатынасына тәуелділігі.
Бетонды сынау әдістемесі. Бетон класстары (маркасы). Бетон құрамының, компоненттері қасиеттерінің, қатаю режимі және басқа факторлардың бетон беріктігіне әсері.
Бетоның жарықшақтыққа төзімділігі. Болат арматурамен бетонның жабысуы. Бетон беріктігінің қатаю мерзіміне байланысты өсуі: бетон беріктігінің өсуіне қатаю ортасының әсері.
Жүктелген бетонның серпімді және иілімді деформациясы. Аралық ылғалдандыру мен кептіруге бетонның төзімділігі. Бетонның аязға төзімділігі. Ыстық құрғақ климаттың бетонның негізгі қасиеттеріне ықпалы. (4-сағат).
Тақырып 5 Тығыз толтырғыштар (ауыр бетон) негізіндегі цементті бетон
Ауыр бетондардың негізгі сипаттамасы. Иілу, сығылу беріктігі, аязға төзімділік және сусіңірмеуі, бойынша бетон маркалары.
Әртүрлі жерде қолдану және маркадағы бетонға арналған толтырғыштар. Ауырбетондардағы толтырғыштарының техникалық сипаттамасы және шарттар. Бетонға арналған ұнтақталған және ұнтақдисперсті минералды қоспалар. Минералды қоспалар түрлері, техникалық және экономикалық мәні. Қоспаның бетон қасиетіне әсері. Химиялық қоспалар. Суперпластификаторлар және пластификаторлар. Полифункционалды түрлі қоспалар.
Бетон араласпасына су және суға қойылатын талаптар.
Берілген қасиеттегі ауырбетон құрамын жобалау. Бетон құрамын жобалау принциптері. Негізгі байланыстар, құрам сипаттамаларын байланыстыру, бетон құрамы. Араласпадағы толтырғыштар құрамын рационалды таңдау. Бетондағы цементті анықтау. Бетон құрамын есепті-эксперименталды әдіспен анықтау.
Беріктігі жоғары бетон. Тез қатаятын бетон. Гидрофобты қоспалы бетон. Жол және аэродром жабындысына арналған бетон. Әрлі бетондар мен араласпалар.
Майда түйіршікті бетон. Майда түйіршікті бетонның құрылымы мен қасиеттерінің ерекшеліктері. Майда сағанақталған бетон. Шақпа тасы аз бетон. Өнеркәсіп қалдықтары қосылған бетон.
Берілген қасиеттегі тиімді бетон құрамын анықтаудың технико-экономикалық тиімділігі. (4-сағат).
Тақырып 6 Кеуекті толтырғышты (жеңіл бетондар) цементті бетондар
Жеңіл бетондардың кеуек толтырғыштары бойынша құрамы және толтырғыш түрімен классификациялау.. Жеңіл бетонға арналған кеуек толтырғыштарға қойылатын техникалық шарттар.
Кеуек толтырғыштағы жеңіл бетон құрылымы мен қасиетінің ерекшкліктері, кеуек толтырғыштың бетон құрылымының қалыптасуна әсері. Жеңіл бетонға беріктік және орташа тығыздық факторларының әсері. Жеңіл бетондардың аязға төзімділігі.
Жеңіл бетон құрамын жобалаудың негізгі принциптері. Жеңіл бетон қасиетін модификациялау негізінде химиялық және минералды қоспалар қолдану.
Жеңіл бетон технологиясының ерекшеліктері. Кеуекті толтырғыштардың сутұтынғыштылығын азайту жолдары.
Жоғарғы беріктікті керамзитті бетон. Жоғарғы беріктікті керамзит бетон құрамын жобалау. Кеуекті жеңіл бетондар. Майда түйіршікті жеңіл бетон. (2-сағат).
Тақырып 7 Тығыз және кеуек толтырғыш негізіндегі цементсіз бетон
Бетон дайындауда энергетика, металлургия және химия өндіріс қалдығын қосымша шикізат ретінде қолдану.
Әк-кремнеземді байланыстырғыш негізіндегі силикат бетон. Әкті-кремнеземді байланыстырғыш негізіндегі бетондардың автолклавты өңдеудеуден өткендегі негізгі қасиеттері. Силикат бетон қасиетіне әсер ететін факторлар. Автоклавты өңдеуде ұнтақталған кремнеземді компонент мәні. Силикат бетон құрамын тиімдеу. Байланыстырғыш дайындау және силикат бетон дайындаудың негізгі технологиялық схемасы. Силикат бетон түрлері. Жеңіл және ауыр силикат бетондар.
Шлакты байланыстырғышты бетондар. Шлакты байланыстырғыш түрлері және олардың қасиеттері. Шлакты байланыстырғыш бетон қасиеттері. Шлаксілтілі және тұзды шлакты бетондар. Технологиялық ерекшеліктері және құрылыста қолдануы.
Гипсті және гіпс-цемент-пуццоланды бетон дар. Негізгі қасиеттерін. (4- сағат).
Тақырып 8 Ұялы бетон дар
Ұялы бетон түрлері және олардың техникалық сипаттамалары. Газды және көбікті бетондардағы кеуек түзіліу процессі. Газ, көбік түзейтін қоспалар және оларды даярлау тәсілдері. Ұялы бетон технологиясының құрғақ құрылыс араласпасы. Газды және көбікті бетондардың құрамын тиімдеу. Газды бетон өндіру технологиясы.
Ұялы бетондар өндірісінде матеріал шығынын азарту және сапаны жақсарту жолжары. Көбікті бетонның озық технологиясы. Көбікті құрғақтай минерализациялау әдісі. Ұялы бетондарды көлемдік және беттік гидрофобизациялау. Ұялы бетон бетін сусіңірмейтін және әшекейлі құраммен өңдеу. (2-сағат).
Тақырып 9 Бетонның ерекше түрлері
Бетонның ерекше түрлерін қолданудың технико-экономикалық тиімділігі. Ыстыққа төзімді бетон. Қышқылға төзімді бетон. Биологиялық әсерден және радиациядан қорғауға арналған ерекше ауыр және гидратты бетон. Цемент тасына агрессивті әсер ететін сұйық және газ тәрізді ортада ғимараттар мен кұрылыстар салуға қолданылатын, тұзға, қышқылға және сілтіге төзімді бетондар.
Полимербетон, полимерцементті бетон және бетонополимер. Құрамдарын тиімдей ерекшеліктері. Бұл бетондардың құрамы және қасиеті. (2-сағат).
Тақырып 10 Монолитті бетон
Монолитті бетондарға қойылатын шарттар. Монолитті бетонның құрамын тиімдеу ерекшеліктері.
Монолитті конструкцияларды бетондау. Бетонның қатаюына ықпал ету шаралары. Төмен температурада бетондаудың ерекшеліктері. Құрғақ ыстық және ылғалды ыстық климаттарда конструкцияларды бетондау.
Құрама темірбетон конструкцияларын моналиттеу. Темірбетон конструкциялардың сапасын жоғарлату және жөндеу. Құрылыс конструкцияланының қуыстарын нығыздау. (2-сағат).
3.2 Зертханалық жұмыстардың тақырыбы
-
Технологиялық сипаттамасы бойынша толтырғыштың сапасын бағалау.
-
Бетон араласпасының қасиеттеріне ықпал ететін факторларды зерттеу.
-
Бетон араласпасының реологиялық қасиетін анықтау.
-
Байланыстырғыш түріне, темірбетон бұйымдарды арматуралау дәрежесіне және олардың тиімділігіне қарай конструкцияны бағалауға байланысты химиялық қоспаны таңдап алу.
-
Ауыр бетон құрамын есепті-эксперименталды әдіспен жобалау және оның қасиетіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Бетондағы цемент сапасын тездетілген әдіспен зерттеу және оның құрамын белгілеу.
-
Кеуекті толтырғышты жеңіл бетон құрамын жобалау және оның құрамына әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Беріктігі жоғары кеуекті толтырғышты жеңіл бетон құрамын жобалау және оның қасиетіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Кеуектелінген жеңіл бетон құрамын жобалау және оның құрамына әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Құрылым сипатын қолданып ауыр бетон құрамын жобалау.
-
Тығыз силикатты бетон құрамын жобалау және бетон құрамы мен тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Газбетон (автоклавты және автоклавсыз қатаятын) құрамын жобалау және оның қасиетіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Көбікті бетон және көбікті силикат құрамын жобалау және оның қасиетіне әсер ететін негізгі факторларды зерттеу.
-
Бетонды жылумен өңдеудің тиімділігін арттыратын факторларды зерттеу.
-
Бетонды дірілдете тығыздаудың тәртібін зерттеу.
3.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
3.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны
Кесте 1 – СӨЖ мазмұны
№ р/с
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру Формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәрістерді пысықтау
|
-
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларына орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
3
|
Есеп дайындау және тәжірибелік жұмыстарды қорғау
|
Қажетті кестелерді дайындау және басқалар
|
ДС рұқсатнама
|
10
|
4
|
Бақылау тапсырмаларын дайындау
|
Түсініктеме хат пен сызбаларды дайындау
|
Қатысу, қорғау
|
25
|
5
|
Ққосымша тақырыптарын зерделеу
|
Конспект
|
Қосымша тақырыптарды қорғау
|
35
|
6
|
Бақылау шараларға, емтиханға дайындық
|
-
|
МБ 1, МБ 2-нің нәтижелері
|
10
|
Барлығы
|
120
|
3.3.2 Студенттерге өздік зерделеу үшін ұсынылатын тақырыптар
Студенттің өзіндік жұмысы дәріс, практика, тәжірибе сабақтарында өтілген тақырыптарды өздігінен тереңдете оқып, меңгеруді қарастырады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына ұсынылған тақырыптар:
-
Бетонға арналған материалдар.
-
Бетон технологиясындағы химиялық қоспалардың ролі.
-
Бетон араласпасының құрылымы. Бетон араласпасы құрылымына әсер ететін факторлар.
-
Цемент тасының микроқұрылымы.
-
Араласпаның су қанымдылығы – құрамдық материалдардың қасиеттеріне ықпал ететін негізгі көрсеткіш.
-
Жоғары сапалы бетон алудың шарттары.
-
Цемент түрі мен бетон құрамының беріктіктің өсіу кинетикасына ықпалы.
-
Бетон құрылымының біркелкілігі.
-
Бетон беріктігінің көрсеткішіне сынау әдістемесінің ықпалы.
-
Бетон беріктігінің көрсеткішін анықтауда үлгі өлшемінің, пресс қысымының өсуінің және сынау жағдайының ролі.
-
Бетон және темірбетон технологиясында беріктік көрсеткішінің біркелкілігін анықтау.
-
«Құрам-құрылым-қасиет»тұрғысында бетон туралы түйіндеме.
-
Бетонның техникалық сипаты мен құрамының үнемділігіне толтырғыш ірілігінің, беріктігінің, түйіршіктік құрамының, түйіршік пішімінің, беттік сипатының әсері.
-
Бетонның техникалық қасиеттері көрсеткіші мен бетон құрамының, даярлау технологиясының арасындағы негізгі тәуелділік.
-
Бетон араласпасының шығу коэффициенті.
-
Құрылыста жеңіл бетоннан жасалынған құрылыс конструкциялары мен бұйымдарын қолданудың тиімділігі.
-
Кеуек толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетон түрлерінің негізгі техникалық сипаттамалары.
-
Жеңіл бетонның құрамы мен қасиеттері арасындағы тәуелділік.
-
Жеңіл бетонды кеуектеу тәсілдері.
-
Силикатты бетондар алуға қолданылатын материалдар.
-
Автоклавта өңделеу барысында ұсақ ұнтақталған кремнеземдік компоненттердің ролі.
-
Ұялы бетондар алуда қолданылатын материалдар.
-
Кеуек толтырғыштар негізіндегі жеңіл бетонның толтырғыш түріне, құрылымына және қолданылуына байланысты классификациясы.
-
Клинкерсіз байланыстырғыш негізіндегі бетондарды қолданудың экономикалық маңызы.
3.4 Зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған арналған жабдықтардың жуық тізімі:
Кептіру шкафы;
ЛВС типтес сілкілеу үстелі;
сығымдап сынауға арналған машиналар (МС 500, МС 1000);
үлгілірді иілімділікке сынауға арналған МИИ-100 типтес машина;
поляризациялық микроскоп;
Суттард вискозиметрі;
Тетмайер келсабы бар Вика аспабы;
№02, № 063, №008 стандартты електер;
тесіктерінің өлшемдері әртүрлі стандартты електер жинағы: дөңгелек –
10,0; 5,0; 2,5 мм және квадратты – 1,25; 0,63; 0,315; 0,14 мм және 5, 10, 20, 40, 70 мм;
стандартты балка-үлгілердің қалыптары;
СтройНИИЛ конус;
НИЛК құйғышы;
стационарлық зертханалық дірілдету алаңы;
миксер типтес зертханалық араластырғыш;
аналитикалық, техникалық таразылар;
көмекші құралдар (өлшегіш шыны цилиндрлер және термиялық төзімді стакандар, бюреткалар, пластинкалар, таяқшалар);
көбіктендіргіш ерітіндісін, көбік гипс қоспасын, гипс және цемент илемін, цемент-құм ерітіндісін, бетон араласпасын дайындауға арналған құралдар (сфералық ыдыстар, қалақшалар, шпательдер, найзашалар).
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі оқулық:
1 Баженов Ю. М., Комар А. Г. Технология бетон. и ж/бетон. изделий. Учеб., М.:Стройиздат, 1984;
2 Бурлакова Г. С. Технология изделий из легкого бетона: Учеб.
пособие для вузов.-2-е изд., перераб. и доп.- М.: Высш. школа, 1986.-
296с.;
3 Воронцов М. П. Конвейерное производство железобетонных
изделий: Учеб.пособие для студентов спец. 2906 "Производство строит. Изделий и конструкций"/ Ленингр. инж. строит. ин-т, Каф. технологии строит. изделий и конструкций. -Л.: ЛИСИ, 1988.-85с.;
4 Гершберг О. А. Технология бетон. и ж/бетон. изд.: Учеб., М.: Стройиздат, 1971;
5 Колокольников В. С. Технология бетон. и ж/бетон. изд.: Учеб., М.: Высш. шк. 1970;
6 Сорокер В. И. Задачи и примеры по технологии бетон. и ж/бетон. изд. Уч. пос., М.: Высш. шк., 1972;
Қосымша оқулық:
7 Ицкович С. М. и др. Технология заполнителей бетона: Учебник для вузов по спец. "Производство строит. изделий и конструкций" С.М.Ицкович, Л.Д.Чумаков, Ю.М.Баженов. -М.: Высшая школа,1991.-271с.;
8 Технология бетона, строительных изделий и конструкций:
учебник для вузов/Ю. М. Баженов [и др.]. -М.: Изд-во АСВ,2004.- 235
с.;
9 Шестоперов С. В. Контроль качества бетона: Учеб. пособие
строит. спец. вузов. -М.: Высшая школа,1981.-247 с.;
10 Шестоперов С.В. Технология бетона: Учеб. пособие для вузов. -М: Высшая школа, 1977.- 432 с.;
11 Хамзин С.Ә. Үймереттер мен ∙ғимараттардың құрылыс технологиясы: Оқулық.-Алматы: Бiлiм,1994.-128б.;
12 Хамзин С. Ә., Жанаев А.Б. Құрылыс өңдiрiсiнiң технологиясы:
Курстық және дипломды жобалау: Оқу құралы. -Алматы, 1995.-240б.;
13 Хамзин С.Ә., Әбiшев А.Ә. Құрылыс процестерiнiң технологиясы:
Оқулық.-Алматы: Баспа, 1997.-383б.;
14 Лермит, Р. Проблемы технологии бетона/Р. Лермит, ; пер. с фр
В. И. Контовта, под ред. и с предисл. А. Е. Десова.-Изд. 3-е.-М.:
Изд-во ЛКИ,2008.-296 с.- (Классика инженерной мысли: строительство).
Мамаңдықтың
жұмыс оқу жоспарынан
көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/10
|
050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пәннің атауы «Бетон технологиясы 1»
Оқу
формасы
|
Бақылау формасы
|
Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен
|
Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу
|
Емтихан
|
сынақ
|
Курстық жоба
|
Курстық жұмыс
|
ЕГЖ
|
Бақылау жұмыс
|
Барлығы
|
Дәрістер
|
Тәжірибе
|
Зертхана
|
СӨЖ
|
жалпы
|
аудитор
|
СӨЖ
|
Жалпы орта білім негізінде күндізгі
|
6
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
180
|
60
|
120
|
6 семестр
|
30
|
15
|
15
|
120
|
Пәннің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/11
|
2009 – 2010 оқу жылына
«Бетон технологиясы 1 »
пәнінің жұмыс бағдарламасымен келісу парағы
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
|
Мамандандырушы кафедра
|
Кафедра меңгерушісі А.Ж.Т.
|
Қолы
|
Келісімдеген күн
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |