Жұмыс бағдарламасы Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/08
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні бойынша 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Мемлекеттік жалпыға Нысан
міндетті білім беру ПМУ ҰС Н 7.18.1/08
стандарты және типтік
бағдарлама негізінде
жасалған пәннің оқу
бағдарламасына бекіту парағы
БЕКІТІЛДІ
ҒЖ жөніндегі проректоры
________________ Р.Ж. Қадысова
«___»_____________2011 ж.
Құрастырушы: ф.ғ.д., профессор Жүсіпов Н.Қ. _________
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні бойынша
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 6М020500 «Филология» мамандығының магистранттарына арналған
Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 7.09.009-2008ж. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кеңесі 22 маусым 2009 жылғы мәжілісінің хаттамасының шешімімен бекітілген және іске қосылған типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________20 ж.
№_____хаттама.
Кафедра меңгерушісі_______________________Н.Қ.Жүсіпов.
Магистратураның оқу- әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«_____»______________20 ж. №____хаттама.
ОӘК төрағасы__________________ З.Е.Жұмабаева «____»_______20 ж.
КЕЛІСІЛДІ
Докторантура және магистратура деканы_______Ю.А.Леньков. «__»____20 ж.
ҒД МАҚҰЛДАДЫ
ҒД директоры______________А.Ф. Елмұратова. «____»____________20 ж.
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты:
Магистрлерге филология ғылымының бүгінгі келелі мәселелерін жан-жақты талдау, түсіндірумен қатар, оларды соңғы жылдары жарық көрген монографиялармен, зерттеу мақалалармен таныстыру, мәнді маңызды еңбектерді конспектілеу, бүгінгі әдебиеттану бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды түсіндіру, өзара салыстыру, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындау, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін іздестіру болып табылады. Сонымен қатар, магистрлерді филология ғылымының өзекті мәселелерінен жан-жақты хабардар етіп қана қоймай, қиын де күрделі мәселелер туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге бағыт-бағдар беру болып табылады.
Пәннің міндеттері :
Филология факультетінің магистратура сатысында оқытылатын бұл курстың мазмұны бұрын бакалавр сатысында оқылған әдебиеттану пәндерін қайталау емес, соларды негізге ала отырып филологияның тарихы мен теориясының жекелеген салаларына тереңдей еніп, қайшылығы мол әр-түрлі тұжырымдарды салыстыра қарастыру болып табылады. Бұрын үстірт қана айтылып кеткен әдебиеттанудың кейбір мәселелеріне енді бүгінгі ғылыми көзқарастар мен пайымдаулар тұрғысынан нақтылай баға беріп, түбегейлі талдап, зерделеудің маңызы ерекше. Әлі күнге дейін баспа бетін көріп жарияланбаған, ғалымдардан өзіне тиесілі бағасын ала алмай келе жатқан тарихи мұраларымызбен әлі күнге дейін шығармашылық қасиеттері жете зерттелмей келе жатқан талант иелері туралы да осы курс аясында біршама ой толғап, практикалық сабақтарда талдау, зерделеу, сараптау.
Магистранттар білуі тиіс:
Әдебиеттану мен фольклортанудың қазіргі аспектілері. Қазақ әдебиеті мен тарихының көкейкесті мәселелері. Шетел халықтары әдебиеті дамуының қазіргі тенденциялары. Көркем жүйе динамикасы. Идиостиль және оның қалыптасу сатылары. Мифтік бейне мен архетиптің мәселелері. Метамәтін және көркемдік инвариант. Нарратология және дискурсивтік талдау. Автор түсінігінің құрылымы, оның формаларының диалогтылығы, автор және кейіпкер. Онтологиялық поэтика, мағыналық кеңістіктің құрылу механизмі. Салыстырмалы-тарихи, типологиялық, салыстырмалы зерттеу, фольклор, қазақ және әлем әдебиетінің көкейкесті мәселелері.
Магистранттар істей білуі тиіс:
Магистранттар бұл курсты оқу барысында жинаған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде, ғылыми-зерттеу жұмысында пайдаланады.
2 Пререквезиттер:
Әдебиеттанудың философиялық мәселелері, әдебиеттануға кіріспе, әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны, эстетика негіздері, өнер тарихы мен теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы, орыс әдебиетінің тарихы, әлем әдебиетінің тарихы, мәдениеттану, философия, психология, дінтану, саясаттану, тарих және әлеуметтану.
Пәннің тақырыптық Нысан
жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
МӨЖ
|
ОМӨЖ
|
1
| Қазіргі әдебиеттану ғылымы және оның даму бағыттары |
1
|
1
|
5
|
2
|
2
|
Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары
|
2
|
|
5
|
2
|
3
|
Әдебиет тарихы алдындағы жаңа міндеттер
|
1
|
1
|
5
|
2
|
4
|
Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер
|
1
|
|
10
|
2
|
5
| Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары |
2
|
1
|
5
|
2
|
6
|
Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері
|
2
|
|
10
|
2
|
7
|
Әдебиет және беллетристика
|
2
|
1
|
5
|
2
|
8
| Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері |
2
|
|
5
|
2
|
9
|
Әдеби шығармашылық психологиясы
|
1
|
|
5
|
2
|
10
| Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері |
1
|
1
|
10
|
2
|
11
|
Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты
|
2
|
|
5
|
2
|
12
|
Суреткер таланты туралы ғылыми пайымдаулар
|
1
|
1,5
|
5
|
2
|
13
|
Дәстүр және жаңашылдық
|
1,5
|
|
5
|
2
|
14
| Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы бүгінгі көзқарас |
2
|
|
5
|
2
|
15
| Көркем шығармашылықтағы әдеби сынның ролі. Қазіргі әңгіме жанрының даму ерекшеліктері |
1
|
1
|
5
|
2
|
Барлығы:
|
22,5
|
7,5
|
90
|
30
|
3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Қазіргі әдебиеттану ғылымы және оның даму бағыттары
Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында тұрған келелі міндеттер. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердиев, т.б. ғалым-қаламгерлердің қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, сынына қатысты ой-пікірлері мен тұжырымдары және оған қазіргі көзқарас. Әдебиеттанудағы халықтық, ұлттық мәселелер. Кеңес дәуіріндегі әдебиеттің таптығы, партиялылығы деген пікірлердің саяси-идеялогиялық астары, социалистік реализм әдісі және оны бүгінгі күн тұрғысынан бағалау.
Төңкеріске дейінгі әдеби сын. Жеке әдеби тұлғалар мен әдеби процесс туралы ой-пікірлер. Қазіргі әдеби сынның даму бағыттары.
2-тақырып. Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі. Әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, беті мен бағыты. Еліміз тәуелсіздік алғаннн кейінгі кезеңдегі әдеби әдіс мәселесінің қайта қаралуы. Отаршылдық кезең мен кеңес дәуіріндегі тоталитарлық жүйенің көркем әдебиетте реалистік тұрғыда бейнеленуі.
Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер.
3-тақырып. Әдебиет тарихы алдындағы жаңа міндеттер
Ағартушылық бағыттағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің ұлт-азаттық идеяларға ұласуы. Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу еңбектері. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедовттердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге қосқан үлестері. М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиевтердің қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциялары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу және Б.Кенжебаевтың ғылыми ұстанымдары. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеуге байланысты бүгінгі көзқарастар. Коммунистік идеолгияны ұстанған қазақ ақын-жазышуларына бүгінгі көзқарас. Замана шындығының реалистік суреттелуі және қаламгер позициясы. Көркем шығармашылыққа қойылатын негізгі талаптар және саясат пен поэтика мәселелері.
4-тақырып. Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер
Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби сын. Алғашқы баспасөздегі әдеби сынға қатысты кейбір пайымдаулар. 20-30-шы жылдардағы әдеби сын. Ондағы негізгі бағыттар мен көркем шығармашылықтан талап ететін басты критерилер. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістердің әдеби сынға әсері. Әдебиеттің қондырма ретіндегі қызметі және оны коммунистердің идеологиялық құрал ретінде пайдалануы. Үкімет қаулы-қарарлары мен түрлі әдеби одақтар мен ұйымдардың пайда болу, құрылу себептері. Кеңес дәуіріндегі әдеби сынның қазақ әдебиетінің дамуындағы ролі. Әдеби сынның ұлттық мұраларымызды зерттеу мен дамытуды тежеудегі қызметі. Қазақ әдеби сынының өркендеу кезеңдері және көркемдік ізденістерді жан-жақты талдаудағы орны. Кәсіби сыншылықтың жетілуі және әдеби процесс. Қазіргі әдеби сындағы әр түрлі ұстанымдар.
5-тақырып. Қазіргі қазақ поэзиясының даму бағыттары
Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. Қазақ поэзиясының өткені, кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы толғаныстар. Жыраулар поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі. Махамбет поэзиясы және бүгінгі ақындық өнердегі оның ерлік рухын қайталаушылықтың себеп-салдары. Абай ойшылдығын қазіргі поэзияға әсер-ықпалы. М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев шығармашылықтарындағы ортақ қасиеттер мен ұқсастықтар. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі. Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы үйлесімсіздік. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар.
6-тақырып. Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері
Заман өзгерістері мен бүгінгі оқырман талап, тілектерін ескеру. Қазіргі қазақ әдебиетінің басты міндеттері. Көркем шығармашылықтағы ізденіс проблемасы. Соны тақырыптар сонарында, замана тудырған идеялар өрісінде. Көркем шығармашылықтағы интеллектуалдылық сипат. Дүние танымдағы плюралистік бағыттардың көркем әдебиетке әсері. Қоғамдық сана ағымдары және тәуелсіздік рух. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт, ағымдар.
Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүние танымы. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.
7-тақырып. Әдебиет және беллетристика
Беллетристика туралы түсінік, түрлі пікірлер, оның даму сатылары, әдеби дамуға ықпалы, орны, ерекшеліктері, көркемдік-идеялық қыры, мағыналық-структуралық элементтері. Беллетристиканың, бүгінгі ғылыми деректі материалдар мәнінің көркем шығармашылыққа тигізіп отырған әсері. Детектив және ғылыми фантастика. Көркем әдебиет пен беллетристиканы түйістіретін жанрлар. Беллетристика және бестселлер. Қоғамдық сұранысқа ие бейкөркем шығармалар мен көркем әдебиет. Әдеби индустрия туралы түсінік. Қазіргі қазақ әдебиеті және модернизм. Әдеби шығарманы модельдеу тәжірибелері.
8-тақырып. Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері
Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті-эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және қабылдау. Катарсис термині туралы түсінік. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі катарсис туралы ой-тұжырымдар. Көркем шығарма жазу мен қабылдауындағы сезім мен қиял қызметі. Автордың ойлау, ой қорыту процессіндегі диалектикалық шешім. Катарсис мақсаты – эстетикалық әсер. Шығарманың сезімталдық аясы оқырман қабылдауында туғызатын тілектестік сезімдердің табиғаты және оны пайдалану. Сезімталдық жұмбақтарын жанды бейнеге көшіру мәселелері.
9-тақырып. Әдеби шығармашылық психологиясы
Шығармашылыққа қоғамдық сана жай-күйі, сұранысы мен қаламгер физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың ролі. Эстетикалық әсердің автор ақылы мен еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс-тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы.
Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі.
Психоанализ және шығармашылық. Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары. Әдебиет психологиясы мен оны зерттеу жүйесін, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.
10-тақырып. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Дүниетаным мәселелеріндегі әдебиеттің орны. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, проблемалары. Осы бағыттағы көрнекті қаламгерлер ізденістері. Ұлттық және адамзаттық белгілердің синтезі. Әлеуметтік мәселелерді салғырт қабылдаудың, бейнелеудің салдары. Мәңгілік майдан, бітіспес дау идеяларының қазіргі әдебиеттегі көріністері. Мазмұн мен пішін аясындағы жаңа ізденістер арнасы. Жаңа жанрлық түрлер дамуының бағыттары.
Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері. Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.
Салыстырмалы-жүйелі зерттеу негіздері. Типологиялық зерттеу объективтік-аналитикалық зерттеу принциптері. Тарихи-қызметтік (историко-функциональная) зерттеу. Телелогиялық методология және оған қажетті әдіс-тәсілдер.
11-тақырып. Көркем әдебиетінің әлеуметтік сипаты
Дәуір және қаламгер. С.Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихын жасаудағы еңбектері. Сәбиттанудағы соны проблемалар. С.Мұқанов романдарындағы тақырып пен идея мәселесі. Объективті идея, образдар шынайылығы және жазушы шеберлігіне қатысты кейбір ойлар.
Поэзиядағы секірмелі кезеңдер туралы. Жеке ақын мен қоғам арасындағы саяси-әлеметтік байланыс. Ақынның қалыптасу, өсу, жетілу процессіне қоғамдық жағдайдың ықпалы. Көркем шығармашылықтағы жеке тұлғаның ролі. Белгілі бір ұлт әдебиетіндегі көркем шығармашылықтың үдемелі даму кезеңдерінің болу және қайталану кезеңдері.
12-тақырып. Суреткер таланты туралы ғылыми пайымдаулар
Таланттың қалыптасуына қажетті өмірлік шығармашылық факторлар. Жазушыны өмірді поэтикалық тұрғыдан көре білу ерекшелігі. Ғ.Мүсіреповтың шеберлігі туралы. Қазіргі кезеңдегі Ғабиттану проблемасы. Жазушының өмір құбылыстарын жинақтап бейнелеуі, көркемдік шеберліктің үлкен үлесі екендігі. Прототив пен қиялдау элементтерінің маңызы туралы («Оянған өлке» романы бойынша). Ғ.Мүсіреповтың әдеби сын еңбектері.
Әдіс – бұл суреткер стиліне қатысты объективті және субъективті факторлар. Әдеби әдістің диалектикалық табиғатына барлау жасау. Ә.Нұрпейісов характер жасау ерекшелігі. Ә.Нұрпейісов стиліндегі тұрақты салалар мен өрнектер. Мінез-құлық, көзқарас, дүниетаным әлеміндегі түбірлес қасиеттер.
Қазақ әдебиетіндегі жанр мәселесі. Жанрлық түрлердің пайда болу, даму, өзгеру жолдары. Қазіргі жанрлық түрлердің өзіндік ерекшеліктері. Роман жанры және оның тоқырау себептері. Әдеби жанрлардың әлемдік байланыстары. Жанрдағы ұлттық болмыстың сақталуы.
13-тақырып. Дәстүр және жаңашылдық
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрі және ақын салған соны соқпақ. Өлең өріміне қатысты жаңа көзқарастар.
Әуезовтың әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары.
Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, О.Бөкеев прозасындағы дәстүр жалғастығы мен жаңашыл шешімдер. Көркемдік ізденістер, интеллектуальдық толғамдар, мифологизм элементтері, т.б.
14-тақырып. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы бүгінгі көзқарас
Төңкерісшіл ақын-жазушылардың ұстаған саяси бағыттары және оның идеялық негізі. Қазақ әдебиетіне қосқан олардың шығармашылық үлесі. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин шығармаларындағы дәуір шындығы және олардың бейнелеу тәсілдері. Олардың шығармаларының көркемдік деңгейі. Төңкерісшіл ақын-жазушылар туралы қазіргі әр түрлі ой-пікірлер.
15-тақырып. Көркем шығармашылықтағы әдеби сынның ролі. Қазіргі әңгіме жанрының даму ерекшеліктері.
Қазақ әдеби сынының қазіргі жай-күйі. Сынның көркем шығармашылық процеске әсері. 20, 30, 40, 50, 60 жылдардағы әдеби сын және оның даму, өркендеу жолдары. Қазіргі сындағы тоқыраушылықтың сыры мен сипаты. Ұлттық әдеби сынның болуы мүмкін бе және оған ғылыми-деректілік тұрғысынан берілер жауап.
Қазіргі қазақ әңгімесі. Оның жанрлық ерекшеліктері. Әңгімедегі мінез мәселесі. Әңгімедегі тартыс туралы соңғы ғылыми тұжырымдар. Әңгіменің өткені мен ертеңі туралы болжамдар. Қазақ әңгімесінің образдық жүйесі. Әңгімедегі романтикалық сарын.
3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны.
1- тақырып. Қазіргі қазақ әдебиеттануының өзекті мәселесі. Қазақ әдебиеті тарихының алдында тұрған келелі міндеттер. Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері. Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.
2-тақырып. Сөз бостандығының көркем шығармашылықтағы көріністері.
Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары. Әдебиет психологиясы мен оны зерттеу жүйесін, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.
3-тақырып. Қазіргі әдебиет пен басқа өнер салаларының байланысы.
Фольклор – поэтикалық жүйе. Көркем жүйе динамикасы. Онтологиялық поэтика, мағыналық кеңістіктің құрылу механизмі. Салыстырмалы-тарихи, типологиялық, салыстырмалы зерттеу, фольклор, қазақ және әлем әдебиетінің көкейкесті мәселелері.
4-тақырып. Әдеби шығармашылық және ғылым. Қазақ әдебиетіндегі жанр мәселесі. Жанрлық түрлердің пайда болу, даму, өзгеру жолдары. Қазіргі жанрлық түрлердің өзіндік ерекшеліктері. Роман жанры және оның тоқырау себептері. Әдеби жанрлардың әлемдік байланыстары. Жанрдағы ұлттық болмыстың сақталуы.
5-тақырып. Мәдени дамудың әдеби дамуға ықпалы.
Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері. Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.
6-тақырып. XІX–XX ғғ. басындағы қазақ зиялыларының әдебиетінің теориялық толғамдары.
Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында тұрған келелі міндеттер. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің қазіргі жай-күйі. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Ш.Құдайбердиев, т.б. ғалым-қаламгерлердің қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына, сынына қатысты ой-пікірлері мен тұжырымдары және оған қазіргі көзқарас.
7-тақырып. Әдебиеттанудағы жаңа терминдер қалыптастыруы.
Метамәтін және көркемдік инвариант. Нарратология және дискурсивтік талдау. Автор түсінігінің құрылымы, оның формаларының диалогтылығы, автор және кейіпкер. Онтологиялық поэтика, мағыналық кеңістіктің құрылу механизмі.
8-тақырып. Қазіргі қазақ повесі.
Проза шеберлерінің поэтикалық принциптері. Идиостиль және оның қалыптасу тарихы.
9-тақырып. Қазіргі қазақ драматургиясы.
Көркем жүйе динамикасындағы драматургияның алатын орны.
10-тақырып. Қазіргі қазақ лирикасы.
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрі және ақын салған соны соқпақ. Өлең өріміне қатысты жаңа көзқарастар.
11-тақырып. Қазіргі лирикадағы біртектілік, біртүстіліктің пайда болу себептері.
Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі. Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы үйлесімсіздік. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар.
12-тақырып. Қазіргі қазақ поэмасы.
Қазіргі қазақ поэмасының ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі.
13-тақырып. Қазақ әдебиетіндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
Ақын-жазушылардың әсемдік әлемі, талант және шеберлік. Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары.
14-тақырып. Әдебиеттану ғылымының өзге ғылым салаларымен байланысы.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жеке адам мен қоғамдық санаға ықпал-әсері. Технократтық индустрия негізінде жоғары дамыған елдердің мәдениеті мен өнеріндегі, әдебиетіндегі интеграциялық процестердің көрінісі және оған қарсы интеллектуалдық ағымдар күресі.
15-тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетінің идеологиялық қызметі.
Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүние танымы.
3.4 МӨЖ мазмұны
№
|
МӨЖ түрі
|
Есеп беру формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәріс сабақтарын өңдеу
|
|
Сабаққа қатысу
|
30 (1х30)
|
2
|
Үй тапсырмасын орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
15 (1х15)
|
3
|
Магистрлік тапсырманы орындау
|
Конспект
|
Тапсырманы қорғау
|
5
|
4
|
Жазбаша жұмысты орындау
|
Тапсырма
|
Жұмысты қорғау
|
20
|
5
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
Бақылау жұмысы
|
20
|
|
Барлығы
|
|
|
90
|
Магистранттарға өздігінен оқуға берілетін тақырыптар
-
Шығармаларды талдап-баяндау барысында әдебиеттану ғылымында қалыптасқан салыстырмалы-зерттеу әдістері, бақылау түрлері – жазбаша деректер (2-апта), хабарлама (4-апта).
-
Қазақ әдебиеті мен басқа халықтар әдебиетіндегі ұқсас сарындар. (бақылау түрі - материалдарын көрсету, 6-апта)
-
Түркі тілдес халықтардың әдебиетіндегі ортақ сюжеттер, образдар, тақырыптар, мотивтерді сыртқы мағыналық жақындығына қарай топтастырып, мағыналық жақындығына қарай топтастыру. (бақылау түрі – жазбаша материалдарды көрсету, 8-апта).
Мамандықтың(тар) Нысан
оқу жұмыс жоспарынан ПМУ ҰС Н 7.18.1/10
көшірме
6N0205 «Филология» мамандығының оқу жұмыс жоспарынан көшірме
Пәннің атауы Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
Оқу түрі
|
Бақылау формасы
|
Магистрант жұмысының көлемі
|
Сағаттың курс және семестр бойынша бөлінуі
|
Емт.
|
сынақ
|
К.ж
|
К.жұм.
|
ЕГЖ
|
бақ.жұм
|
Барлығы
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОМӨЖ
|
МӨЖ
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОМӨЖ
|
МӨЖ
|
жалпы
|
Аудитор.
|
МӨЖ
|
Күндізгі
ЖКБ негізінде
2009ж. түскен
|
2
|
|
|
|
|
|
150
|
60
|
90
|
1-семестр
|
2- семестр
|
|
|
|
|
22,5
|
7,5
|
30
|
90
|
Қолданылатын әдебиеттер
Негізгі:
-
Негимов С. Әдебиет әлемі. Алматы: Ана тілі, 2008. -256 б.
-
Негимов С .Таным мен пайым . Алматы: Арыс, 2009. -240 б.
-
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш зерттеу мен өлендер Алматы, 2003 ж.
-
Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-ЖүсіпКөпеев шығармаларының тілінің кейбір мәселелері. Павлодар: 2002ж. -238б.
-
Қирабаев С. 1Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 2001 ж
-
Сәтбаева Ш.К. . Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 2000 ж. -567 б.
-
Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. Алматы, 2000ж.
Қосымша:
-
Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. Алматы, 2001.
-
Жуанышбеков Н. Проблемы современного сравнительного литературоведения. А., 2000.
-
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., 2001.
-
Савельева В. Художественный текст и художественный мир. А., 1996.
-
Хализев В. Теория литературы. М., 1999.
Достарыңызбен бөлісу: |