Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) тарау. Жалпы ережелер


тарау. "Қазақ тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/4
Дата03.05.2024
өлшемі231.32 Kb.
#500398
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т2 -1-4

тарау. "Қазақ тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. Оқу жүктемесінің бөлінуі:

  1. 1-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;

  2. 2-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

  3. 3-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;

  4. 4-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат.

  1. "Қазақ тілі" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

    1. тыңдалым: жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, қарапайым тақпақтар мен санамақтар, шағын мәтіндегі жаңа сөздер, қарапайым нұсқаулар, құттықтау, пікірлер, хабарламалар, сұрақтар, затты көрсету, суретті таңдап алу, қимыл мен ым-ишара арқылы түсінгенін білдіру;

    2. айтылым: танысу, өзі туралы айту, затты сипаттау, сурет/иллюстрация/постер бойынша сөйлеу, жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, қарапайым сұрақ-жауап, қысқаша диалог, монолог, жағдаяттар, қарапайым ("иә/жоқ", "ұнайды/ұнамайды"), "дұрыс/дұрыс емес" пікірлер;

    3. оқылым: оқудың түрлері, жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу, қарапайым фразалар, тақпақтар мен санамақтар, иллюстрация/постер бойынша қарапайым сұрақтар мен жауаптар (кім? не? қандай? қанша?), сөздік, анықтамалықтармен жұмыс, орфоэпия;

    4. жазылым: жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілері, азат жол, тасымал, төл әріптердің каллиграфиясы, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздер, орфография;

    5. сөйлеу әрекеттері аясындағы тілдік дағдылар (лингвистикалық терминдер қолданылмайды) бойынша: фонетика: артикуляция, орфоэпия, қазақ тілінің төл дыбыстары, буын, интонация, сингармонизм заңы; лексика: тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер, репликалар, қаратпа сөздер; грамматика: зат атауын білдіретін сөздер (жекеше/көпше), тәуелдік жалғауы, ілік, барыс, жатыс септігі жалғаулары, заттың сынын, түрін, түсін білдіретін сөздер, заттың есебін, ретін білдіретін сөздер, жіктеу, сілтеу, сұрау мағынасындағы сөздер, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістік, мезгілді білдіретін сөздер, модаль сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалаң және жайылма сөйлемдер.

  2. "Қазақ тілі" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. тыңдалым: тақырыпқа байланысты шағын диалог/монологтің мазмұнын түсіну, тыңдау/көру материалдарындағы негізгі ойды анықтау, тірек сөздер бойынша тақырыбын болжау, кесте толтыру және суреттерді орналастыру арқылы түсінгенін білдіру, тыңдалым бойынша жағымды/жағымсыз кейіпкерлерді ажырату;

  2. айтылым: тақырып бойынша шағын диалог/монолог, сұрақтар құрастыру, пікір айту, жағдаяттарды талдау, этикет сөздерді қолдану, шағын мәтінді мазмұндау, кейіпкерлерді сипаттау, сурет/иллюстрция/постер бойынша сөйлеу, оқиғаларды және кейіпкерлерді салыстыру;

  3. оқылым: оқудың түрлері, шағын мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп, түсініп оқу, қарапайым фразалар, мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату, сөздікпен, анықтамалықтармен жұмыс;

  4. жазылым: сурет/комикс/иллюстрация бойынша мәтін құрастыру, тыңдау/көру материалдарының мазмұны, төл әріптердің каллиграфиясы, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздер, орфография, тасымал;

  5. сөйлеу әрекеттері аясындағы тілдік дағдылар (лингвистикалық терминдер қолданылмайды) бойынша: фонетика: төл дыбыстардың артикуляциясы, орфоэпия, дауыс ырғағы, буын, интонация, буын және дыбыс үндестігі; лексика: тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер, репликалар, қаратпа сөздер, антонимдер; грамматика: заттың атын (жалпы/жалқы) білдіретін сөздер, ілік, табыс, жатыс септіктері, көмекші есімдер, ауызша/жазбаша тілдегі етістіктің шақ, рай формалары, қалып етістіктері, сұрау есімдіктері, мекен үстеулер, жалғаулық шылаулар, әдеп сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдер.

  1. "Қазақ тілі" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. тыңдалым: тақырыпқа байланысты шағын диалог/монологтің мазмұнын түсіну, тыңдау/көру материалдарындағы негізгі ойды анықтау, таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғу, күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлесуді түсіну, таныс тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру;

  2. айтылым: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, үлгілерді/жоспарларды пайдаланып, тақырып көлемінде сөйлесу, әдеп сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, тақырып бойынша шағын диалог/монолог, сұрақтар құрастыру, пікір айту, жағдаяттарды талдау, таныс атауларды, сөздерді оқып, түсіну, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау;

  3. оқылым: оқудың түрлері, шағын мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп, түсініп оқу, қарапайым фразалар, мәтіннің жанрын ажырату, мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау, мәтінге, сюжетті суреттерге тақырып қою, тақырып (мәтіннің аты), тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау;

  4. жазылым: сурет/постер/комикстер бойынша шағын мәтін құрап жазу, оқыған, тыңдаған материалдары, сұрақтар мен жоспар бойынша мазмұнын жазу, дұрыс құрылмаған мәтінді түзеп қайта жазу;

  5. сөйлеу әрекеттері аясындағы тілдік дағдылар (лингвистикалық терминдер қолданылмайды) бойынша; фонетика: төл дыбыстардың артикуляциясы, орфоэпия, дауыс ырғағы, буын, интонация, дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздердің емлесі; лексика, тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер, репликалар, қаратпа сөздер, антонимдер; грамматика: ауызша/жазбаша тілдегі біріккен сөздер мен қос сөздер, деректі/дерексіз зат есімдер, шығыс, көмектес септіктері, заттың қасиеттерін, сапасын білдіретін сөздер, болжалдық сан есімдер, өздік, жалпылау есімдіктері, көмекші етістіктер, етістіктің шақтары, тұйық етістік, шартты рай формалары, мөлшер үстеулер, жалғаулық шылаулар, сөз тіркестері,

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жай сөйлемдер мен салалас құрмалас сөйлемдер.

  1. "Қазақ тілі" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

  1. тыңдалым: әңгімелер мен ақпаратты тыңдау және негізгі ойды түсіну, мәтінді көркемдеу үшін қолданылған жеке сөздерді өз бетімен түсіне алу, жиі қолданылатын кейбір сөздерді өз бетімен түсіне алу;

  2. айтылым: берілген тақырып бойынша пікір алмасу, айтылған немесе тыңдау/көру материалдарындағы әңгіме немесе ақпараттағы негізгі ойдың сипаттамасы, әдеп сөздер мен сөз тіркестерін қолдану, тақырып бойынша диалог/монолог құрастыру, жағдаяттарды талдау, шағын көркем шығармаларды оқып түсіну, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау, сөйлеу стилін сақтау;

  3. оқылым: мәтіннің түрлері, шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну, қарапайым фразалар, мәтіннің жанрын ажырату, мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау, мәтінге сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру, тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау;

  4. жазылым: шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру, оқыған, тыңдаған, тыңдау/көру материалдары, сұрақтар мен жоспар бойынша мазмұнын жазу, дұрыс құрылмаған мәтінді түзеп қайта жазу, жазу емлесі;

  5. сөйлеу әрекеттері аясындағы тілдік дағдылар (лингвистикалық терминдер қолданылмайды) бойынша; фонетика, төл дыбыстардың артикуляциясы, орфоэпия, дауыс ырғағы, буын, интонация, үндестік заңы; лексика: тақырыпқа қатысты лексикалық минимум, жиі қолданылатын сөздер, бейтарап сөздер, репликалар, қаратпа сөздер, антонимдер; грамматика; ауызша/жазбаша тілдегі сөз таптары, көмекші сөздер, ауызша/жазбаша тілдегі көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғаулар, етістіктің ауыспалы осы шағы, жедел/бұрынғы өткен шақ, ортақ етіс, ауыспалы келер шақ, қалау рай формалары, жіктеу/сұрау/сілтеу есімдіктері және олардың септелуі, үстеу және оның түрлері, одағай, модаль, еліктеуіш сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, қарсылықты және себеп-салдар жалғаулық шылаулар, сөйлемнің бірыңғай мүшелері, жай сөйлемдер мен себеп-салдар құрмалас сөйлемдер.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет