Сабақтың тақырыбы 7-сабақ. Ұлттық баскиімдер Оқу бағдарламасына



Дата03.04.2024
өлшемі94.22 Kb.
#497532
түріСабақ
Бөлім





Бөлім

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

7-сабақ. Ұлттық баскиімдер

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.3.1 мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату;
2.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша түрде қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтіннің жанрын ажыратып, заттың санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді қолданады.
Оқушылардың көбі жасай алады: мәтіннің жанрын ажыратып, санамақты жатқа айтады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: заттың санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
– Егер білім алғанды қаласақ, басымызды
изейміз.

Оқушылар мұғаліммен бірге қимыл жасайды.

ҚБ: мадақтау

күлегештер







  • Егер жануарларды жақсы көрсек, басымыздан сипаймыз.

  • Егер тәттіні жақсы көрсек, ернімізді жалаймыз.

  • Егер досымыз болса, оның қолын аламыз.

  • Егер көңіліміз көтеріңкі болсын десек, онда жымиямыз.

  • Өте жақсы, осы көңіл күйлеріңнің сабақ соңына дейін сақталуына тілектеспін.










Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: сәукеле, тақия, кимешек, тымақ.


  1. тапсырма. Тыңдайық.

Санамақтағы қазақтың ұлттық баскиімдерін ата.
«1» дегенім – бөрік,
«2» дегенім – етік.
«3» дегенім – үкі,
«4» дегенім – тымақ,
«5» дегенім – байпақ.


  1. тапсырма. Айтайық. Суретке қара.


Сергіту сәті. «Санамақ» ойыны.

«1» дегенім – , кисең болар көрік.

«2» дегенім – , киер сәнді етіп.

«3» дегенім – , үлкілдеген жүні.


«4» дегенім – , қыста кисең жылы- ақ.
«5» дегенім , белді будым берік.

Жаңа сөздерді қайталайды. Сурет арқылы есте сақтайды.

Санамақты жаттап алайық.



«Бір шеңбер» әдісі арқылы суреттегі баскиімдер туралы әңгімелеп береді. Тыңда.

Ұлттық баскиімдер

Дескриптор:

  • өлеңді тыңдайды;

  • санамақты жатқа айтады;

  • ұлттық баскиімдер туралы әңгімелейді.

ҚБ: қолпаштау

ҚБ: шапалақтау




сюжетті сурет
интербелсенді тақта

сурет
баскиімдер, қуыршақ







Дәптердегі №2 тапсырма. 3-тапсырма. Оқиық.
Мәтінмен жұмыс.


Дәптердегі №1 тапсырма.
4-тапсырма. Жазайық. Сипаттау мәтінін жаз.

Керекті сөздер: қымбат, бағалы, тастар, мата, ою.
Үлгі: Сәукеле – бағалы баскиім.

Дәптермен жұмыс.
Сұрақтарға жауап береді.

  • Қазақ дәстүрінде баскиімнің неше түрі болған?

  • Ер адамның баскиімдері қалай аталады?

  • Әйел адамның баскиімдері қалай аталады?

  • Баскиім туралы қандай ырым бар?


Дәптермен жұмыс.
Жазылым тапсырмасын орындайды.

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • санамақ ойынын ойнайды;

  • сипаттау мәтінін жазады;

  • қажетті сөздерді орынды қолданады.


ҚБ: бірін-бірі бағалау
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі




Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Алма ағашы» әдісі. Жасыл түсті алма – бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім көтеріңкі.
Сары түсті алмамен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.

Жасыл түсті жақсы орындадым.


Сары түсті сұрағым бар.







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет