Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өндірісі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металургия, машинажасау, энергетика, тағам, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы шоғырландырылған.
2012 жылға 965,7 млрд. теңгеге тауар өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 17,4% есе көп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі соңғы бес жылда екі есеге көбейді. 2012 жылы табиғи көлем индексінің 117,9% республикалық көрсеткішінен жоғары 17,2 пайызын құрады.
2010-2012 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы
4 сурет.
Өңір өнеркәсібі үш саланы қамтиды: тау-кен өндіру өнеркісібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергия, газ бен суды өндіру және тарату.
Таукен өнеркәсібінің негізін 60 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 35 шағын кәсіпорын, 21 орта кәсіпорын және 4 ірі кәсіпорын құрайды, олар кең тараған пайдалы қазбалар өндірумен айналысады.
2012 жылы тау кен өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің үлесі 8,1% құрайды.
78,7 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2011 жылдың деңгейінен қолданыстағы бағадан 31,3 % төмен, табиғи көлем индексі 99,2% құрайды.
2010-2012 жылдардағы таукен өнеркәсібіндегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы
5 сурет.
Саладағы ақшалай және натуралды мәндегі өндіріс көлемінің азаюы әлемдік металл нарықтарындағы түсті металдарға аға мен сұраныстың өзгеруімен және өндірілетін рудалар қорының азаюымен шартталған.
Өңірдің минералды-шикізат кешенінің перспективті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздестіру- бағалау жұмысын өткізуді талап етеді.
Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібіне келесі кіші салалар кіреді: металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын жасау (саладағы үлес салмағы 60%), машина жасау (16,2%), азық-түлік өнімдерін өндіру (10,4%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (құрылыс материалдары) (5,5%), химиялық өнекәсіп (2,1%), басқа өңдеу өнеркәсібі саласында (5,8%).
Өңдеу өнеркәсібінде 680 кәсіпорын, соның ішінде 171 ірі және орта және 509 шағын кәсіпорын қамтылған.
Өңдеу өнеркәсібінің облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесі 83,9% құрайды.
2010-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндіріс көлемі динамикасы
6 сурет.
2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде 813,1 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2011 жылдың деңгейіне 179,7% артық. Өндеу өнеркәсібінің ТКИ 2011 жылдың тиісті кезеңіне 127,5% құрады.
Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний зауыты»АҚ, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ болып табылады.
2010-2012 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі тауар өнімі өндірісінің табиғи көлем индексінің динамикасы
7 сурет.
Металлургия өнеркәсібінде 2012 жылы 487,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2011 жылға қарағанда 29% артық. Түсті металлургия өндірісінің өнімі соңғы бес жылда 3 есеге көбейді. табиғи көлемнің индексі 2012 жылы 140,2% құрады.
Машина жасау кешені өңірдегі динамикалық дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Өңірде машинажасау өнімін шығаратын 130 аса шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді. Барлық кәсіпорындар типінің өнеркәсіп өндірісі құрылымында 18 ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы артады, олардың машинажасау көлеміндегі үлесі 80% -дан көп.
Машина жасаудағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 16,2% құрайды.
2011 жылға қарағанда 2012 жылы өнімнің көлемі 131,5 млрд.теңге, ол 39,2% артық. 2011 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 138,9% құрады.
Ақшалай жағдайда шығарылатын өнім көлемін «Машзауыт» ЖШС 47%, «Гидросталь» ЖШС 30%, «Өскемен конденсаторлық зауыты» АҚ 6,7%, «Георгиевка сорғы құрал-жабдықтар зауыты» ЖШС 2,5 есеге көбейді.
Автокөліктер шығару көлемі «Азия Авто» АҚ 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 2,3 есеге көбейді және 16522 дана құрады.
«СемАз» ЖШС тракторлар шығаруды 9% (1335 б.), «Daewoo Bus Kazakstan» ЖШС атобустарды 17,6 (107 б.) көбейді.
ШҚ облысында машинажасауды дамытудың перспективті басты бағыты авто компоненттерді шығару бойынша толық циклды және технопарк атомобильді зауыт құрылысы болып табылады.
Кіші саланың қарқынды өсуімен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар бар:
-
өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтың тозуының жоғары деңгейі (43-80%);
-
шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектелген номенклатура және өнімнің ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;
-
қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы;
-
саланың төмен инвестициялық тартымдылығы және кәсіпорындардағы айналым қаражатының тапшылығы;
-
машинажасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінін айырылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименталды база, сынақ өткізу және техникалық бақылау орталығы);
-
жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық бұйымдар өндірісіндегі төмен үлес.
Құрылыс материалдарын өндірумен 69 жуық ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Құрылыс индустрия кәсіпорындары өнімнің үлкен ассортиментін өндіреді: цемент, керамикалық, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдар, шифер, тауар бетоны, бетоннан жинақталған құрылыс құрылымдар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.
Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмассалық құбырлар, метал жабынқыш, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдарын, құрғақ қоспалар, лак және бояу материалдарын және т.б. өндіру бойынша өндіріс орын алды.
Алайда, төменгі деңгейге байланысты жергілікті тауарөндірушілер құрылыс материалдарының қажеттілігі кәсіпорынның жүктеу күштілігі орташа – 60,5% құрайды.
«Қол жетімді тұрғын үй 2020», тұрғын үй құрылысы, «Ақбұлақ», бағдарламаларына қатысуға құрылыс индустрия және жерді пайдалану кәсіпорындарын тарту есебінен жоспарлануда, ТҮКШ модернизациялау кәсіпорындар саласында жүктеу пайызын ұлғайту және олардың қызметін тұрақтандыру.
Аталған кіші салаларға мынадай проблемалар тән: өндірістің жоғары энергия сыйымдылығы, негізгі қорларының тозуының жоғары деңгейі, өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны.
2010-2012 жылдардағы құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің өзгерісінің динамикасы
8 сурет
2012 жылы металды емес минералды өнімдер өнімінің көлемі 44,4 млрд. теңгеге жетті, 2011 жылға қарағанда ТКИ 101% құрады.
Металды емес минералды өнімнің табиғи көлем индексінің төмендеуі «Бұхтарма цемент компаниясы» АҚ, «Семей цемент зауыты» АҚ цемент шығару көлемінің төмендеуінің негізінде, минералдық бұйымдарды шығару «Восток-Универсал» ЖШС сұраныстың төмендігіне байланысты болды.
Жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80 %-ын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды, сондай-ақ сала кәсіпорындарының 75% ескірген жабдықтармен қамтылған, олардың жұмысының жүктемесі 30-40% аспайды.
Кіші саланың проблемалары:
-
ішкі нарықтың жосықсыз импорттан қорғалмауы; айналым қаражаттарының жеткіліксіз болуы;
2) технологиялық жабдықтың төмен деңгейі, оның моральдық және табиғи тозуы;
3) екінші деңгейдегі банктердің несиелендіру ставкаларының жоғары болуы;
4) өндірілетін өнімнің бәскеге қабілеттілігінің төмендігі.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман шикізатын дайындайтын ағаш дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдеу үшін өндіріс әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көп бөлігі арамен кесу материалдарын ағаш дайындау тұрғын үй құрылысына арналған бөренелер, терезе және есікке арналған блоктар, жиһаз өндіруге мамандандырылған шағын бизнес субъектілері болып табылады.
2002 жылдан бастап қолданыстағы орман ресурстарының шикізат базасы тиімді пайдаланылмайды, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаттары орташа алғанда 20-40 % жұмыс істейді. Орман өнеркәсібі кешенінің жалпы ішкі өнімдегі орта әлемдік үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін орман өнеркәсібі кешенінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4,7% жеткен. Бүгінгі күні осы көрсеткіш тек қана 0,2% құрайды.
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісі өзгерісінің динамикасы суретте көрсетілген.
Сүректі өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 2012 жылы 4,4 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 131,2% құрады.
2010-2012 жылдардағы арналған ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің динамикасы
9 сурет.
Кіші саланың проблемалық мәселелері:
-
төмен тауарлы және отын сүрегін кәдеге жарату бойынша өндірістің болмауы;
-
кеден аумағында сыртқы экономикалық қызметке, барлық ағаш тұқымдас өнімдерінің экспорты мен реэкспортына тыйым салу.
Тамақ өнімдерін өндірумен, соның ішінде сусындар өндірумен 203 жұмыс істейтін, соның ішінде 27 ірі және орта кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.
2012 жылы салада 85,7 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2010 жылдың деңгейінен 40,9% артық, табиғи көлем индексі 116,3% құрады.
2010-2012 жылдардағы тамақ өнімдерінің, соның ішінде сусындардың табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы
10 сурет
Саланың негізгі проблемасы өндіріс үрдістерін механизациялау және автоматтандырудың төмен деңгейі, сала кәсіпорныбұрын пайдалануда болған өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарақталған, олар физикалық және моральді тозған, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейді.
Химия өнеркәсібінде 26 кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен таукен және металлургиялық өнеркәсіпке арналған өнім шығарады (қышқыл, газдар, жарылғыш заттар және басқалар).
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 2,1% құрайды.
2012 жылы 17,1 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2011 жылдың деңгейінен 30,2% артық. Соңғы бес жыл ішінде химия өнеркәсібі өнім көлемі 2 есеге артты. Табиғи көлем индексі 2012 жылы 102,5% құрады.
2010-2012 жылдардағы химия өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы
11 сурет
Бұл саланы дербес сала ретінде дамыту үшін облыста жеткілікті ресурстық база жоқ (мұнайхимиялық кіші сала жоқ).
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісімен 4 жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады. 2012 жылы фармацевтикалық өнеркәсіпте 1378 млн.теңге сомасына немесе 145,9% тауарлы өнім өндірілді, өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 136,4% құрады.
2010-2012 жылдары 195,8 млрд. теңге тұратын 29 инвестициялық жобалар енгізілді. Іске асырылатын жобалар өнімін шығару көлемі 651 млрд. теңгені құрады. 5 мың жаңа жұмыс орындар құрылды, еңбек өнімі 15,3 млн. теңге құрады.
2010-2012 жылдары 29 енгізілген жобалардан бүгінде шыққаны жобалық күштілігі 100% - 11 жобалар, олардың ішінде көбісі ірі:
-
«Қазақмырыш» ЖШС Өскемен металлургиялық кешені қорғасын
өндірісін қайта жаңғырту, электрленген цехымен мыс балқыту зауыты құрылысы» саны 1146 бірлік жаңа жұмыс орнын құрумен аталған жобаны іске асыруға жылына 70 000 тонна катодты мыс өнімін және қара қорғасынды 100 000 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
-
«Қазақцемент» ЖШС «құрғақ тәсілмен» цемент зауытын салу»
саны 500 бірлік жаңа жұмыс орынын құрумен аталған жобаны іске асыруға жылына азық түлік өнімін 1 млн. тоннаға немесе 15 000 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
-
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ титанды қалдықтар және
балқытулар өндіру бойынша зауыты» саны 172 бірлік жаңа жұмыс орынын құрумен аталған жобаны іске асыру қорытындысында ұлғаю күштілігі жылына 11 мың тонна титан.
-
«Өскемен арматура зауыты» АҚ «Шығарылған өнімнің
номеклатурасын кеңейту өндіріс күштілігін модернизациялау» саны 200 бірлік жаңа жұмыс орынын құрумен аталған жобаны іске асыру қорытындысында ұлғаю күштілігі жылына 8900 данаға ұлғайған.
-
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ жылына етті 20 мың тоннаға дейін
өндіру құс фабрикасының күштілігі кеңейтілген» саны 974 бірлік жаңа жұмыс орынын құрумен аталған жобаны іске асыруға жылына 20 000 тоннаға дейін өнімді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына қарай моноқалаларды онтайландыру бағыты бойынша моноқалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында төрт моноқаланың экономикалық әлеуеті, сондай-ақ перспективалы жаңа маманданулары анықталған.
Экономиканы әртараптандыру шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 6 «зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Зырян қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2015 жылы 105%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда инвестициялық жобаларды іске асыру есебімен 39691,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Курчатов қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5994,9 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 27,4%). «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Риддер қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 64411 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2012 жылмен салыстырғанда 1,9%), таукен өнеркәсібінің тауар өндірісін ішкі айналымға қайта бөлу есебімен. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Серебрянск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5145,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 105%).
Осы бағыт шеңберінде 2015 жылға қарай 2011 жылмен салыстырғанда белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар санын ұлғайту қарастырылған: Риддер қ. 2 есе (288 бірлікке дейін), Зырян қ. 2 есе (208 бірлікке), Курчатов қ. 2 есе (36 бірлікке), Серебрянск 2,1 есе (62 бірлікке).
Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1) меншікті материалдық шикізат базасының болуы;
2) шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;
3) әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;
4) шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;
5) бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;
6) ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);
7) өндіріс әлеуетінің болуы;
8) түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі.
Әлсіз жақтары:
1) бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;
2)пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;
3) шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;
4) еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;
5) ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;
6) білікті мамандардың тапшылығы;
7) технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;
8) айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:
-
метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту;
-
ТМК дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады;
-
жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;
-
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді;
-
ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.
Қауіптер:
-
ТМК өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;
-
машина, құралдар, механизмдер, импортының көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;
-
тауар рудасын селективті өндіру және металлоломның экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;
-
Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;
-
шикізат ресурстарына бағаның құлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |