БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1



бет1/30
Дата11.07.2016
өлшемі7.29 Mb.
#191059
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30






Мәслихаттың

2011 жылғы 12 қаңтардағы

№ 368 шешіміне

1 - қосымша





ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай, 2010 жыл
МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.................................................................. 3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ............................................................12

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы................................................................... ................................... 12

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.......................... 20

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау.................................................................. 23

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау......................................................... 51

2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау........................ . 85

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы......................................................................................................................... 95

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау.............................................................................................................. . 105

2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы ........................................................................................................... 109

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау............................................................................. 111



3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ.................................................... 112

4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ .......... 116

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР.................................................................................. 207

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ...................................................................... 207

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамалары

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, 1936 жылы құрылған. Облыс Қазақстан Республикасының төрт (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) және Ресей Федерациясының 3 облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.

Облыс орталығы – Қостанай қаласы, 1879 жылы іргесі қаланған, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан.

Облыс құрамына 5 қала (1 қала – аудандық маңызы бар), 16 аудан, 8 кент (5 ауылдық және 3 қалалық), 252 селолық және ауылдық округ кіреді.

Облыс аумағында 100-ден астам ұлт және ұлыстар тұрады, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс халқы 886,3 мың адамды, олардың ішінде: 35,6 % - қазақтар, 40,8 % - орыстар, 11,6 % - украиндіктер, 3,8 % - немістер, 8,2 % - басқа ұлттар құрайды. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 4,5 адам. Ең тығыз мекендегендер – Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, ең аз – облыстың оңтүстік аудандары, оларда халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 0,5-0,8 адамды құрайды.



Бағыттар

Өңір экономикасын дамыту

Әлеуметтік саланы дамыту

Инфрақұрылымдық кешенді дамыту

Аумақтық (кеңістік) құрылғыны дамыту

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Ауыл тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етуді жақсарту



Бағдарламаның мақсаттары

Өнеркәсіпті әртаптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімді дамуын қалыптастыру

Халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету

Энергетикалық, инженерлік, көлік, су шаруашылығы инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және халықтың тіршілік әрекетіне қолайлы орта құру

Ұтымды қоныстанушылықты қамтамасыз ете отырып, халықтың экономикалық келешегі бар және тіршілік етуге қолайлы аумақтарында шоғырлануы есебінен аумақтың құрылғысы мен оңтайлы қоныстандыру жүйесін қалыптастыру және облыстың әкімшілік-аумақтық құрылғысы мен елді мекендер аумақтарының эстетикалық жағдайын жетілдіру

Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жақсарту, өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың тұрмыстық сапасын қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту


Міндеттер

Жыл сайынғы ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) нақты өсуін қамтамасыз ету

Өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін дамыту

Өнеркәсіпті индустриялық-инновациялық дамыту

Өңірдегі шағын бизнесті дамыту

Құрылыс индустриясы саласы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді және экспортқа шығаруды қамтамасыз ету

Электр энергетикасы мен ТКШ энергиялық тиімділігін арттыру

АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудегі озық, ғылыми-негізделген технологияларды енгізу

Мал шаруашылығы салаларының өнімділігін арттыру

Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің өңдеу өнеркәсібі азық-түлігінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі

Облыс халықының сапалы ауыз суға қажеттілігін қанағаттандыру

Туристік қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ету

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және туристік имиджді қалыптастыру

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық, кредиттік және мүліктік қолдауды дамыту

Облыстың сыртқы экономикалық қызметін дамыту

Ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім қызметтерінің сапасын жақсарту

Мектепте білім беру қызметінің сапасын арттыру

Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жағдай жасау

Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру

Мүкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету

Қараусыздықтың, қадағалаусыздықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мекемелердің тәрбие алушыларын отбасыларда орналастыруды алға бастыру

Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау

Әйелдер мен балалар денсаулықтарын нығайту

Әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендету

Саламатты өмір салтын дамыту

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижесінде медициналық көмек сапасы мен қол жетімділікті арттыру

Дәрілік қаматамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу

Медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету

Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

Тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

Мүгедектер, егде азаматтар мен қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және тұрмыстарының сапасын жақсарту

Мемлекеттік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдарын әлеуметтік қызмет көрсетуге тарту

Облыстың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту

Мәдениет саласындағы отандық өнімдер қажеттілігінің өсуін ынталандыру

Мәдениет қызметкерлерінің кәсіпкерлік деңгейін арттыру

Облыс тұрғындарына жалпы дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау

Қостанай спортшыларының бәсекеге қабілеттіктерін қамтамасыз ету шараларын нығайту

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру қызметтерін кеңейту

Облыста ағылшын тілін үйрену және тілдік алуан түрлілікті сақтау үшін жағдай жасау

Өңірдің мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету, құрамы мен мазмұнын байыту

Өңірдің мұрағат ісінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру

ҚР ҰМҚ сақталатын құжаттар мен жеке құрамы бойынша істерді тиімді қолдану, өңірдің мұрағаттық мекемелерінің құжаттар көзі базасын кеңінен тарату

Мұрағат саласы қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау

Еліміздің даму стратегиясын іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру және кеңейту

Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Қылмысқа қарсы күресте алдын алу шараларының басымдылығын арттыру

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қылмыспен күрес және қылмыскерлерді іздеу жұмысының тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес

Техногендік апаттар, зілзалалар мен табиғат апаттарының қауіп-қатерлерін төмендету үшін жағдайлар жасау

Әлеуметтік сала объектілерін салу және дамыту

Тұрғын үйге қол жеткізушілікті қамтамасыз ету

Тұрғын-үй коммуналдық жүйесін дамыту және жаңарту

ТКШ және электр энергетиксындағы қуат тиімділігін арттыру

Электр қуатын өндірудің өсуін қолдау

Объектілерді пайдалануға беру кезінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр энергиясы объектілерін қайта жаңғырту және салу

Кіші станцияларды қайта жаңғырту және жаңашаландыру

Қуаттың қайта жаңартылатын және балама көздерін дамыту

Жол инфрақұрылымын дамыту

Жоғары тұрған органдарының нормативтік және директивтік құжаттарын орындаудың шұғылдығын арттыру

Компьютерлік сауаттылықты арттыру

Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру

Телекоммуникацияларды дамыту

Пошталық байланысты дамыту

Мемлекеттік, халықаралық нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкес жобалық-сметалық құжаттамалар мен құрылыс сапасын қамтамасыз ету

Облыс аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сұлбаларының, бас жоспарларының, ЖҚС пен Қостанай облысы елді мекендерінің құрылыс жобаларының болуы

Қостанай облысы Мемлекеттік қала-құрылыстық кадастрының автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін құру

Ауыл шаруашылығына белгіленген жерлер бойынша деректерді айқындау, жерлердің сапалы сипаттамасын анықтау

Жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелерін жыл сайынғы тіркеуді жүргізу

Атмосфералық ауаны қорғау

Су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау

Жер ресурсарын ұтымды пайдалану және қорғау

Орман ресурстары мен жануарлар әлемін сақтауды, ұтымды пайдалану мен қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету

Өндірістік және коммуналдық қалдықтар проблемаларын шешу

Ұсынылып отырған білім беру сапасын жақсарту

Медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ету

Мәдениет пен спортты дамыту

Ауыл тұрғындарының коммуналдық қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік сала мамандарын тарту

Шағын кредит беру арқылы ауыл тұрғындарының табыстарын арттыру

Жергілікті мемлекеттік органдарының кадрлық құрамының біліктілігін арттыру

Тұрғындардың тұрып жатқан жерлері мен жұмыс орындарында тікелей қарым-қатынас нысандарын дамыту

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) арқылы көрсетілетін қызметтер сапасын бақылаудың тиімді тетіктері мен әдістерін құру

Өңірдегі гендерлік теңдікті нығайту

Бөлінген бюджеттік кредиттерді тиімді игеруді талдау, оларды уақытында және толық өтеу

Инвестициялық белсенділікті арттыруға көмектесу

Инфляция деңгейін 6-8 % деңгейінде ұстау



Іске асыру кезеңдері


1 кезең - аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар - бірінші кезектегі және дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру

2 кезең - қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру және облысты әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін негізін қалыптастыру



Нысаналы индикаторлар

2009 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылы жалпы өңірлік өнімнің нақты ұлғаюы 35,0%

ЖӨӨ-де өнеркәсіп үлесінің 2015 жылы 31,0 %-ға дейін (2009 ж. – 22,1 %) ұлғаюы

2015 жылы ЖӨӨ-нің құрылымында өңдеу өнеркәсібі үлесінің 9,3 %-ға (2009 ж. – 6,5 %) дейін ұлғаюы

Жалпы экспорт көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесінің 15 %-ға дейін (2009 ж. – 13,2%) ұлғаюы

Өңдеу өнеркәсібі жалпы өндірісінің жиынтық көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің 21,5 %-ға (2009 ж. – 20,3 %) ұлғаюы

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің 1,2 есе (2009 жылы – 8,7 млн. теңге) ұлғаюы

2008 жылдың деңгейіне қарағанда 2015 жылға қарай ЖӨӨ қуаттылық сыйымдылығының 10%-ға төмендеуі

2015 жылға қарай электр қуатын тұтыну көлемі 18 %-ға ұлғаяды (2009 ж. – 5,1 млрд. кВ/с)

2015 жылға қарай экономика кажеттілігін қанағаттандыратын өзімізде энергия өндіру 142% құрайды

2015 жылға қарай электрді тұтынудың жалпы көлеміндегі жаңартылған қуат көздерінің үлесі 1,8 % құрайды

Инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесінің 10%-ға дейін ұлғаюы (2009 ж. – 1,5%)

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын өнеркәсіптердің тауарларды сатып алуындағы қазақстандық үлестің 60 %-ға дейін ұлғаюы

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрайтын өнеркәсіптердің тауарларды сатып алуындағы қазақстандық үлестің 90 %-ға дейін ұлғаюы

2015 жылы ИҚҰ стандарттарын енгізген кәсіпорындар мен ұйымдардың санын 170 бірлікке дейін ұлғайту

2015 жылы менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының санын 42 бірлікке дейін ұлғайту

Темір кенін өндіру көлемін 20,8 млн. тоннаға дейін (2009 ж. –18,5 млн. тонна) ұлғайту

Металлургия өнімдерін өндіру көлемін 1,3 есе ұлғайту (2009 ж. – 12,6 млрд. теңге)

2015 жылға қарай металлургия саласында еңбек өнімділігін 1,5 есе ұлғайту (2009 ж. – 100 %)

2015 жылы металлургия өндірісінде жалпы үстеме құнын 157,5 %-ға ұлғайту

Машина жасауда өнімдердің көлемін 20,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту (2009 ж. – 13,9 млрд. теңге)

2015 жылы машина және жабдықтар өндірісі 10150 млн. теңгені құрайды (2009 жылы – 7062 млн. теңге)

Машина жасаудағы еңбек өнімділігі 1,3 есе ұлғаяды (2009 жылы – 9,5 млн. теңге)

2015 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 5002 млн. теңгеге дейін ұлғаяды (2009 жылы – 3236 млн. теңге)

2015 жылға қарай жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 5,0 млн. теңгені құрайды (2009 жылы – 3,3 млн. теңге/адам)

2015 жылы құрылыс индустриясындағы жалпы үстеме құн 6%-ға ұлғаяды (2009 жылы – 1,7%)

2015 жылға қарай отандық құрылыс материалдары өндірісінде еңбек өнімділігін 2,55%-ға дейін ұлғайту (2009 жылы – 1,34%)

2015 жылы жалпы экспорт көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесінің 21,5%-ға дейін ұлғаюы

Ішкі нарықтың азық-түлікпен тәуелсіздігін 100% қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін 100% арттыру

2015 жылға қарай АӨК-де еңбек өнімділігі 1,8 есе ұлғаяды

2015 жылға қарай жалпы экспорт көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 22% дейін ұлғаяды (2009 ж. – 20%)

2015 жылға қарай ет өңдеу үлесін 12%-ға дейін, сүтті – 34%-ға дейін жоғарылату

2015 жылға қарай прогрессивтік технологиялар (ылғал сақтаушы технологиялар) көмегімен өңделетін дәнді дақылдар алқабын 100%-ға ұлғайту (2009 ж. – 78,4%)

2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы асыл тұқымды ІҚМ басының үлесін 14%-ға дейін ұлғайту (2009 ж. – 7,0%)



2015 жылы агроөнеркәсіп кешенінің жалпы үстеме құнын 123,7%-ға дейін ұлғайту

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға инвестициялар

2015 жылға қарай туристік саладағы қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табыстарын 2008 жылға қарағанда 15%-ға (2008 ж. – 625,4 млн. теңге) ұлғайту

ЖӨӨ құрылымындағы шағын және орта бизнестің үлесін 2015 жылы 19,9% ұлғайту (2009 ж. – 16 %)

Уақыт пен шығыстарды қосқанда бизнесті тіркеу мен жүргізуге байланысты (рұқсаттама, лицензиялар, сертификаттар, кеңестер алу) операциялық шығындардың 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылға қарай 30%-ға төмендеуі

2009 жылға қарағанда 2015 жылы сыртқы сауда айналымының 28,7%-ға өсуі

2015 жылға қарай бөлшек сауда тауар айналымының 2009 жылға қарағанда 59,8%-ға өсуі

2015 жылы білім беру ұйымдарында 1-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету – 95% (2010 ж. – 90,8%) құрайды

2015 жылы 12-жылдық білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектептердің үлесі – 100% (2010 ж. – сараптама) құрайды.

2015 жылы жалпы мектептер санынан жаратылыстану-математикалық бағытындағы мектептердің үлесі 15% құрайды

2015 жылы орта, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарда 44,3%-ға дейін электрондық оқыту жүйесі қолданылады

2015 жылы жоғары және бірінші санаттары бар жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің үлесі жалпы педагогтар санынан 47%-ға дейін құрайды

2015 жылы жалпы санынан инклюзивтік білім үшін жағдайлар жасаған білім беру ұйымдарының үлесі - 30%-ға дейін құрайды

2015 жылы отбасылық құрылғымен қамтамасыз етілген ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілерінің үлесі 7,8% құрайды

ТКБ оқу орындары түлектерінің ішінде білім алған жылы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің үлесі 2015 жылы 76%-ға дейін құрайды

2015 жылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 70 жыл (2009 ж. – 67,75 ).

2015 жылы тұрғындардың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімі – 11,0 құрайды (2009 ж. – 11,64).

2015 жылы 100 000 тірі туғандарға шаққанда аналық өлім-жітім 13,1 (2009 – 15,5) құрайды

2015 жылы 1000 тірі туылған балаларға шаққанда сәбилік өлім-жітім 12,3 (2009 ж. – 16,46)

2015 жылы жұмыссыздықтың деңгейі – 5,5% (2009 ж. – 6,3%)

2015 ж. жұмыссыздық деңгейі – 5,5% (2009 ж. – 6,3)

2015 жылы жұмыспен қамтамасыз ету органдарына жұмысқа орналасуға көмектесуге өтініш білдірген тұлғалар қатарынан жұмыспен қамтылғандардың үлесі 80% ұлғаяды

2015 жылы облыстық жалпы халық санынан табыстары өмір сүру шегінен төмен тұрғындардың үлесі – 6,8% (2009 ж. – 6,8) құрайды

Мәдениет саласының көрсетілетін қызметтерінің сапасын қанағаттандырылған тұтынушылардың деңгейі 2013 жылға қарай – 80%, 2015 жылға қарай – 85% (2009 ж. – 55%)

Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын барлық жастағы халық үлесінің: (2009 жылы – 23,7%), 2013 жылға қарай – 27,0%, 2015 жылға қарай – 29,0% ұлғаюы

Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің қамтуы: (2009 жылы – 16,1%), 2013 жылға қарай – 16,7%, 2015 жылға қарай – 17,2%

2015 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 60% (2009 ж. – 38,4%) құрайды

2015 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 4,5% (2009 ж. – 1,9%) құрайды

2015 жылы мұрағаттық ақпараттарды қолданушылардың сұранымдарын қанағаттандырған үлес – 8,8% (2009 ж. – 84%)

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары аралығындағы өзара қарым-қатынастарды оң бағалағандардың үлесі 2015 жылы – 55% (2010 ж. – 43%) құрайды

2015 жылы ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекет саясатының қоғамдық санасында қолдау деңгейі 76% (2009 ж. – 60,3%) құрайды

Тұтынушылардың өңірлік ақпараттық өнімдерге қажеттіліктерінің деңгейі (2010 ж. – 35%)

14-29 жасқа дейінгі тұрғындар арасында мемлекеттік саясатпен қанағаттандырылғандардың деңгейі (2010 ж. – 70%), 2015 жылы – 75%

Халықтың ішкі істер органдарына сенім білдіруінің болжамды деңгейі 2015 жылы 10 мың адамға шаққанда 50% төмен емес (2009 ж. – 50%)

5 мыңнан астам тұрғындары бар қалалардың және елді мекендердің төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету күштерімен қамтамасыз етілуі 2015 жылға қарай – 90% (2009 ж. – 60%) құрайды

2015 жылы халықтың тұрмыстық деңгейін жоғарылату, әлеуметтік объектілерді дамытуы және халықтың бұқара таптарының тұрғын үйлерге қол жеткізуі – 100%

2015 жылға қарай қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жетімділігі – 66% ( жабдықталған үйлер/ жалпы үйлер саны)

2015 жылға қарай ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтауға қол жетімділігі АЕМ жалпы мөлшерінен (АЕМ қамтылған/АЕМ жалпы мөлшері) – 35% құрайды

Көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттандырылған қызмет алушылардың саны 2015 жылға қарай 60% құрайды (2009 ж. сауалнама жүргізілген жоқ)

Нормативтік пайдаланылыммен қамтамасыз етілген кондоминимум объектілерінің үлесі 2015 жылға қарай 44% құрайды

Осы замандық менеджемент әдістерін енгізген коммуналдық кәсіпорындардың үлесі 2015 ж. – 11,8% құрайды

2015 жылы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі 68%-ды (2009 ж. – 46%) құрайды



Жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары бойынша жөндеу, қайта жаңғырту, құрылыс – 1286,7 шақырым

2015 жылы ЖӨӨ жалпы көлемінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының тауарлар (қызметтер) өндіру және өткізу үлесі 2,2% құрайды

«Электрондық үкімет» және «Электрондық әкімдік» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді 50% электрондық нысанға ауыстырумен қамтамасыз ету

Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін 40% кем емес деңгейге жеткізу

2015 жылы қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі саласында қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес аяқталған құрылыс объектілерін, тапсыру мерзімдерін сақтай отырып, қабылдау, мемлекеттік қабылдау комиссияларының құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға енгізуі 100% құрайды

2015 жылы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін 100% енгізу

Ауылдық азаматтық қоғам институттарының өзара қарым-қатынасын және облыс пен аудандардың аумағын жоспарлауды, бас жоспарларды, ЖҚС және Қостанай облысы ауылдық елді мекендерінің құрылыс жобаларын әзірлеу

2015 жылға қарай жіберілген жер заңнамасын бұзушылықтар оқиғаларының санын 30% кем қылмай қысқарту

2015 жылы атмосфераға шығарылған зиянды заттардың пайызы – 2,2% құрайды.

2015 жылы ластайтын заттарды тастау деңгейі 3,5%

2015 жылы пайда болуына қарай қалдықтарды қайта өндіру 6,5% құрайды

2015 жылы жалпы санына қарағанда қалпына келтірілген су объектілерінің (бөгеттерінің) үлесі – 8,9 (2009 ж – 2,2%)

2015 жылы ағаш отырғызу көлемін – 1,6 мың гектарға (2009 ж. – 1 мың гектарға) ұлғайту

2015 жылы облыстың жалпы аумағында ағаш отырғызылған аумақтардың үлесі 1,77% құрайды

Пайда болуына қарай қалдықтарды қайта өңдеу 2015 жылы 8% құрайды

2015 жылы санкцияланбаған қоқыс үйінділерін 100% жою

2015 жылы даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің санын ұлғайту 295 бірлікті құрайды

Тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды қамтамасыз ету

Шешімдер қабылдау деңгейінде биліктегі әйелдердің төарағалық етуін 30%-ға жеткізу

2015 жылы облыс бюджетін 99% орындау

Бюджеттік бағдарламалармен анықталған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес тиімді қолданылған және уақытында қайтарылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы – 100%

2011-2015 жылдары тұтынушылық бағамдардың индексі 6-8% шегінде

2015 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқынының 2009 жылға қарағанда нақты түрде – 18% құрайды


Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:



2011 жылы – 76771,8 млн. теңге

2012 жылы – 89484,8 млн. теңге

2013 жылы – 59227,6 млн. теңге

2014 жылы – 198941,6 млн. теңге

2015 жылы – 63529,4 млн. тенге

Барлығы: 487955,2 млн. теңге



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет