Мектептердің 2010 жылы
пәндік кабинеттер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу динамикасы
мультимедиялық
кабинеттер
|
физика кабинеттері
|
химия кабинеттері
|
биология кабинеттері
|
48
|
41
|
15
|
17
|
«Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2009 жылы білім беру мекемесінің 31-і 263,3 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді, 81 объектінің ағымдағы жөндеуіне 258,8 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 216,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 9 мекемеде 94,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 22 мекемеде 122,6 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Бірыңғай ұлттық тестіні тапсыру нәтижелері қалада 2009 жылы 74,1 балды, 2010 жылы - 88,1 балды құрады, бұл 14,0 балға жоғары көрсеткіш.
ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңына сәйкес қамқорлық пен қорғау қызметтерін білім беру бөлімдері орындайды.
Жалпы білім беретін мектептерде балалардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық инспекторлар бар, олардың кандидатурасы мектептің педагогикалық Кеңесі бекітіледі. Қамқорлық пен қорғау бөлімі құрылған кезден бастап өз балаларына қатысты өздерінің ата - аналық міндеттерін орындамаған, оларға тиесілі тәрбиелену мен өмір сүру жағдайын жасамаған 32 кәмелеттік жасқа толмаған балалардың 21 ата - аналары қалалық сот шешімімен ата-аналық құқығынан айырылған.
Әлеуметтік жетімдік проблемалық мәселе болып қалып отыр, мұнда ата-аналар өздерінің жасөспірім балаларын тастап кетеді, қоғамға жат қылықтармен өмір сүреді, балалардың білім алу саласындағы және олардың дамуы мен дем алуына қажетті жағдай жасамай құқықтарын бұзады. 2009 жылмен салыстырғанда жетім балалардың саны өсіп, 450 баланы құрады.
Семей қаласының білім беру мекемелерінде тәрбиелеу процесі Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеудің кешенді бағдарламасы, аймақтық бағдарламалар және оларды жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шараларға сәйкес құрылады.
Білім беру мекемелерінде оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарының сан - алуан түрлеріне тартуды көбейту жүзеге асырылып келеді. Бүгінде орта есеппен мектептерде үйірме жұмыстарына оқушылардың 23,3% қамтылған.
Тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында қойылған міндеттерді шешу мектептен тыс мекемелер жұмысында ерекше орын алады. Әр балаға өзі қызығушылық білдірген істе өзін-өзі табуына көмек көрсетудің жолдарын табу - бұл мекемелердің педагогикалық қызметкерлерінің басты міндеті. Қалада 8,9 мың баланы қамтитын 10 мектептен тыс мекеме жұмыс істейді.
Білім беру саласының жағдайына баға беру үшін SWOT- талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
-
Балалар бақшалары желісінің санының өсуі мен шағын орталықтардың ашылуы;
-
балаларды мектепке дейінгі мекемелерге қамтудың өсуі;
-
ҰБТ көрсеткіштерінің жыл сайын өсуі;
-
педагогикалық мамандар құрамының жасаруы;
-
педагогикалық мамандардың сапалық құрамы жақсарып келеді.
Әлсіз жақтары:
-
Мектепке дейінгі жастағы балалардың 24,5% мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған;
-
ауылдық елді мекендердің 48% мектепке дейінгі білім беру мекемелері жоқ;
-
демографиялық және миграциялық процесстердің әсерінен мектеп оқушылары контингентінің азаюы;
-
білім беру мекемелерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық жарақтануы, оның ішінде мектеп асханаларының технологиялық құрал-жабдықтарының;
-
оқушыларды ыстық аспен қамту деңгейінің төмендігі;
-
кейбір мектептерде оқушы орындарының жетіспеушілігі байқалады.
Мүмкіндіктер:
-
Білім беру мекемелері объектілерінің құрылысын салуда мемлекеттік және жеке меншік салалардың ынтымақтастығын арттыру;
-
электронды оқытуды енгізу;
-
білім беру сапасын арттыру.
Қатерлер:
-
Мектеп ғимараттарының жыл сайын ескіруі;
-
еңбекақының жеткіліксіз деңгейде болуына байланысты кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тұрақтамауы.
2.2.2.2 Денсаулық сақтау
2007- 2009 жылдар ішінде Семей қаласы бойынша демографиялық жағдайда оң өзгерістер байқалады: тұрғындардың 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші деңгейінің 17,8-ден (2007 жыл) 19,78-ге (2009 жыл) дейін артуы (сурет 20), 2009 жылы тұрғындардың табиғи өсім коэффициентінің 1000 адамға шаққанда +5,7-ден (2007 жыл) + 9,8-ға өсуі.
ШҚО Семей қаласы бойынша туу және өлім
көрсеткіштерінің динамикасы
Сур. 20
Демографиялық жағдайдағы оң өзгерістерге қарамастан 2009 жыл қорытындылары бойынша Семей қаласындағы туу көрсеткіштері – 19,78 орташа республикалық көрсеткіштен (ҚР-22,45) 1,1 есе төмен, облыстық көрсеткіштен (ШҚО-16,76) 1,2 есе көп болып отыр, өлім көрсеткіштері 2009 жыл қорытындысы бойынша – 9,98 орташа республикалық көрсеткіштен (ҚР-8,97) 1,2 есе көп, облыстық көрсеткіштен (ШҚО-11,72) 1,1 есе төмен.
Қала халқы демографиялық жағынан жастардың үлес салмағының төмен болуы салдарынан қартаю бағытында екендігін көрсетеді.
Қалада балалар мен әйелдердің денсаулығының төмен деңгейі өзінің өміршеңдігін әлі де жоғалтқан жоқ. Аналар өлімі көрсеткішінің 2007 жылғы 31,9-дан 2009 жылғы 29,0-ге төмендеуі байқалады, республика бойынша көрсеткіш 100 000 тірі туғандарға 36,8 болып келеді.
Аналар өлімінің негізгі себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патологиялар, түсік тастаудың жоғары деңгейі және түрлі ауру салдары болып табылады (жұқпалы аурулар, жыныс қатынасы арқылы берілетін аурулар, анемия).
Соңғы жылдардағы балалар өлімі көрсеткіші төмендегенін көрсетеді: 2007 жылы - 14,83, 2008 жылы - 20,4, 2009 жылы - 17,9 промилле.
Аналар мен балалар өлімі динамикасы
Сур.21
Балалар өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде пайда болған жағдайлар болып табылады. Балалар өлімі құрылымында екінші орынды туа біткен патологиялар алады, мұның өзі жүргізілетін ерте жүргізу диагностикасының жеткілікті деңгейде емес екендігін көрсетеді.
5 жасқа дейінгі балалар көрсеткішінде де төмендеу байқалады: 2007 жылы - 23,0; 2008 жылы - 22,9; 2009 жылы - 18,0 промилле.
Соңғы үш жыл ішіндегі балалар арасында аурудың таралуы көрсеткіштері 100 000 адамға шаққанда бір деңгейде болып келеді: 2007 жылы – 1185, 2008 жылы – 1129; 2009 жылы - 1111.
Облыс бойынша да, қалада да Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 желтоқсан 2007 жылғы № 1325 қаулысымен бекітілген 2008- 2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы балалар мен аналар өлімін төмендету бойынша бағдарламаны жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаны жүзеге асыру ағымдағы жылда бала туу, балалар мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтануын жақсартуға мүмкіндік берді, жүктілік пен бала табуды бақылаудың жаңа технологияларын енгізуге, перинаталдық көмекті аймақтандыруға мүмкіндік жасап берді.
Қалада соңғы 3 жыл ішінде тұрғындардың ауруға шалдығуының 7% төмендегенін көрсетеді, 2007 жылғы 67022,1-ден 2009 жылы 62344,7-ге, алайда бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштерден артық болып табылады (ҚР- 60107,7).
Өткен жылдар бойынша тұрғындардың әлеуметтік-маңызды аурулардан өлуі мен олардың таралуының көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.
Семей қаласында туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсару бағытында дамып келеді, қала бойынша ауру 100 000 адамға шаққанда 148,2 құрайды, 2008 жылы ол 170,0, 2007 жылы 190,4 болған еді, соңғы 3 жыл ішінде 10- 12,8% төмендеген, алайда бұл көрсеткіш орташа облыстық көрсеткіштен 1,2 есе көп (ШҚО-121,2).
2007- 2009 жылдардағы
туберкулезбен ауыру (100 мың тұрғынға шаққанда)
Сур. 22
Туберкулезден өлу көрсеткіштері де төмендеп келе жатқандығы байқалады, өткен жылмен салыстырғанда өлім көрсеткіштері 20% төмендеп, 100 000 адамға шаққанда 28,3 адамды құрады (2008 жылы - 34,5, 2007 жылы - 35,9) ШҚО бойынша - 21,1. Өлімнің жоғары көрсеткіштерінің себептері төмендегідей:
-
туберкулезден өлгендер арасында арнайы емдеуге жатқызылмайтын, аурудың асқынған түрімен ауыратындардың басым болуы - 59,3%;
-
өлгендер арасында туберкулездің мультирезистентті ауру түрімен ауырған аурулар саны - 63,3%;
-
өлгендер арасында маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққандардың үлес салмағы – 46,3% құрайды;
-
туберкулез процесстерінің дамуына ықпал еткен қосалқы аурулары бар аурулар саны - 27,7%.
2007- 2009 жылдардағы
туберкулезден өлу көрсеткіштері (100 000 адамға шаққанда)
Сур. 23
Ерекше эпидемиялық қауіптілік пен емдеудің жоғары деңгейдегі күрделілігіне туберкулездің дәрілерге тұрақты бейімделген түрлері жатады. Осындай МБТ түрімен ауруымен ерекшеленетін аурулар саны жыл сайын жоғары болып қалып отыр, мұның өзі нәтижелі емдеу жұмыстарын жүргізуді қиындатады, қайта қалпына келмейтін қайталанып ауру түрлерінің көбеюіне әкеліп соқтырады, тұрғындар арасында туберкулездік инфекцияның ұлғаюына әкеліп соқтырады. ОТҚД № 2 зертханасында тексеруден өткен аурулардың ішінен алғашқы дәріге бейімделген ауру түрімен ауыратындардың саны 53,3% құрады, оның ішінде мультирезистенттілері 28%.
МСЭҚБ және БМСК мекемелерімен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде қалада туберкулезбен ауыратындарды ерте анықтау жұмыстары жүргізіледі, қалыптасқан «қатер» тобыңдағылар саны 175317 адамды құрады, бұл 61,8% құрайды, балалар арасында 49,7%. Жаңа туылған балаларды егу 98% құрайды.
Қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінің флюорографиялық паркі жаңартуды қажет етеді, жаңа қозғалмалы және стационарлық флюорографтар 2008 жылы тек ОТҚД-ға сатып алынған. Биылғы жылы жылжымалы флюорографтармен қамту ұлғайды, 27434 адам қаралды (2008 жылы - 6822), белсенді туберкулез 40 адамнан анықталды.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің № 466 бұйрығын орындау мақсатында туберкулездің клиникалық белгілері бар адамдардан туберкулезді микроскопия әдісімен анықтау мақсатында БМСК зертханада анықтау едәуір жақсарды және 2,9-дан 3,6 % өсті.
Зертханалардың материалдық-техникалық базасы жақсартуды талап етеді, бірде бір зертханада заводта жасалынған қауіпсіздік шкафтары жоқ, қамтамасыз етілуі 67% құрайды (Абыралы ауылында ОЕА «Хаким»-да жоқ), қауіпсіздіктің биологиялық шкафтарының күші аз, көбісі қолдан жасалынған.
Туберкулез бойынша бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан ауруларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі өміршеңдігін жоғалтпай отыр (тұрғын үй беру, жол шығынын төлеу, туберкулезбен ауыратындарға балаларды қоса есептегенде азық-түлік сатып алуға қаражат бөлу).
2009 жыл қорытындылары бойынша Семей қаласында қатерлі ісік ауруларымен ауыратындардың саны көбейіп келе жатқандығы байқалады, өмірінде бірінші рет қатерлі ісік ауруы анықталған 841 ауру есепке алынған, ауру 267,550/0000 құрады, 2008 жылмен салыстырғанда 109 ауру адам көп болып отыр. (2008 жылы 234,450/0000- 732 ауру, 2007 жылы 258,650/0000- 827 ауру).
Семей қаласы бойынша қатерлі ісік ауруларымен ауыру 100 000 адамға шаққанда 2007 жылғы 258,6-дан 2009 жылы 267,5-ке өскен.
ШҚО Семей қаласы бойынша
100 000 адамға шаққанда қатерлі ісік ауруларымен ауыру
Сур. 24
Семей қаласы бойынша қатерлі ісік ауруларынан адам өлімі азайғандығы байқалады: ол 2007 жылы 163,9 адамды құраса 2009 жылы 100 000 адамға шаққанда 149,8 адамды құраған, бұл көрсеткіш ҚР бойынша көрсеткіштен 1,4 есе көп. Ауруды ерте табу мақсатында тұрғындарды алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіледі, емдеу мен диагностиканың жаңа әдістері қолданылады, химио препараттармен амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.
ШҚО Семей қаласы бойынша
100 000 адамға шаққандағы қатерлі ісік ауруларынан адам өлімі
Сур. 25
Тұрғындар арасындағы аурулар ішінен әлеуметтік маңызды аурулармен қатар қан айналымы жүйесінің аурулары да үлкен маңызға ие болып отыр. Жалпы адам өлімі құрылымында ең көп үлес салмағы 50% қан айналымы жүйесі ауруларының (ҚАЖА) үлесіне тиеді. 2009 жылы ҚАЖА көрсеткіші 511,0 адамды құрады, ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 528,0 адамды құраған болатын, Қазақстан Республикасы бойынша 2008 жылы бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 489,7 адамды құрады.
Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістерін қолдану 2009 жылы жүректің ишемиялық ауруынан өлуді 15% қысқартуға мүмкіндік берді.
Травма бойынша өлім, бақытсыз жағдайлар мен уланулар (13 %) қала тұрғындарының өлімі себептері қатарынан екінші орынды алады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін саланың алдын алуға бағытталған жұмыстары күшейтілді, тұрғындардың жекелеме категорияларын алдын ала тексерумен қамту ұлғайтылды, азаматтардың, ең алдымен балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруға байланысты іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жастарға психологиялық, кеңес берушілік және денсаулық сақтауға бағытталған көмек көрсету үшін Семей қаласында 2 жастардың денсаулық орталықтары ұйымдастырылған.
Семей қаласында тұрғындар арасында ВИЧ-инфекцияның таралуы 0,3% жинақталған эпидемиялық сатыда болып отыр. Семей қаласында көбею бағытында 182 ВИЧ–инфекция алғандар анықталып отыр. СПИД-пен ауыратындардың саны - 2.
Семей қаласы бойынша ВИЧ-инфекциясымен ауыратындардың өсіміне жасалған талдау анық түрдегі өсу немесе төмендеуі байқалмайтын аурудың тұрақты деңгейде екендігін көрсетеді.
Эпидемияның жинақталу сатысындағы ВИЧ-инфекцияның таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс шараларын кеңейту жалғастырылып келеді, сондай-ақ қажет етуші СПИД ауруымен ауыратындарға антиретровирустық терапияны толық көлемде көрсету қамтамасыз етіліп отыр.
ВИЧ- инфекция алғандарды медициналық көмек көрсетумен қажетті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында, ВИЧ-инфекция алғандарды зерттеу мен емдеу үшін Семей қаласының инфекциялық емханасының негізінде емделушілерге төсек орындары бөлінген.
2010 жылдың басына қарай қаланың денсаулық сақтау желісі 19 емдеу мекемелеріне біріктірілген, оның ішінде 13 мемлекеттік, 6 жеке меншік нысанындағы. Қала тұрғындарына амбулаториялық-поликлиникалық көмекті 41 мекеме көрсетеді, оның ішінде 15 мемлекеттік меншік нысанындағы және 26 жеке меншік нысанындағы. Қала тұрғындарына дәрігерлікке дейінгі көмекті 22 медициналық пункт (бұдан әрі МП), 6 жеке қабылдау бөлмесі жоқ медициналық қызметкер көрсетеді, олар толыққанды МП-ке айналу үшін өздеріне қызмет бөлмелерін бөліп беруді қажет етеді, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілудің жалпы көрсеткіші 65% құрайды.
Қала тұрғындарының емдеу-алдын алу мекемелерінде төсек орынмен қамтамасыз етілуі 10 000 адамға шаққанда 2007 жылы - 46,2 адамды, 2008 жылы - 53,3 адамды, 2009 жылы - 57,3 адамды құрады, бұл 2009 жылғы ҚР бойынша – 65,9 адам көрсеткішінен төмен болып отыр (сурет 26).
ҚР және ШҚО бойынша емдеу төсек орындарымен
қамтамасыз етілу (10 000 адамға шаққанда)
Сур. 26
Стационардың орынын алмастырушы көмек көрсету дамып келеді, амбулаториялық-поликлиникалық мекемелер жанынан күндізгі стационар төсек орындары ашылған; ол 2008 жылы - 269 төсек орын, 2010 жылдың 9 айында күндізгі стационар төсек орындарының саны 317 төсек орынға көбейді.
Семей қаласы тұрғындарының жедел медициналық көмек станциясынан жедел медициналық көмек қызметін сұрауы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 4552 жағдайға өсті, тиісінше бақытсыз жағдайлар бойынша шақырту ұлғайды (12,1%) 0,1% көбейген, тұтқиылдан болған жағдайларға (76,7%) 0,3% көбейген, туу мен жүктілік патологиясы бойынша (3,3%) 0,4% азайған, ауруларды жеткізіп салуға (7,9%) біркелкі болып қалып отыр.
Тұрғындардың жедел медициналық көмек шақыруының тығыздылық көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 443,3, 2008 жылға қарсы 442,7 көрсетті, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.
Семей қаласында қаланың барлық ЕПҰ-да ауруды емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын жүргізіп отыру енгізілген, бұны қаланың медициналық мекемелерінде жүргізілген тексеру жұмыстары растап отыр. Сонымен қатар тұрғындардың қала ЕПҰ-да медициналық көмек көрсетудің сапасыздығы туралы арыз-шағымдары көбейіп келеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кеткен шығындар 2007 жылғы 4,8 млрд. теңгеден, 2009 жылы 6,7 млрд. теңгеге көбейді (сурет 27), бұл көрсеткіштің өзі де қала денсаулық сақтау ісінің тұрақты дамуы үшін жеткіліксіз болып отыр. Қаланың денсаулық сақтау қызметінің бір адамға шаққандағы шығындары соңғы жылдары 2009 жылғы 20760 теңгеге дейін өсті, оның ішінде ТМККК-і қоса есептегенде.
ШҚО бойынша денсаулық сақтауға кеткен шығындар
(ТМККК мың теңге)
Сур. 27
2010 жылғы 1 қаңтарға жылға қарай дәрігерлер саны - 1600, орта медициналық қызметкерлер - 2732 адам құрады. Тәжірибелік сала дәрігерлерімен қамтамасыз етілу деңгейі бірнеше жыл бойы төмендеп келеді және 2008 жылы - 30,3, 01.01.2010 жылы - 29,7 адамды құраған.
Медициналық мекемелердің дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 2009 жылы 98,3 құраған.
Кесте 15
Медициналық мамандармен қамтамасыз етілу
10 мың адамға қамтамасыз етілуі (мемлекеттік мекемелерде)
|
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
Барлық мамандықтар дәрігерлерінің саны (тіс дәрігерлерсіз)
|
30,1
|
30,3
|
29,7
|
Орта медициналық қызметкерлер саны (тіс дәрігерлермен)
|
53,4
|
56,0
|
54,6
|
2009 жылдың соңына қарай мамандардың жетіспеушілігі 31 дәрігерді құрады, оның ішінде ауылдарға Абыралы ауданы бойынша 4 дәрігер.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша
дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу деңгейі
Сур. 28
Денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.
Күшті жақтары:
-
Демографиялық жағдайдың жақсаруы, туудың көбеюі, өлімнің азаюы, табиғи өсімнің көбеюі;
-
аналар өлімі көрсеткішінің төмендеуі;
-
медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялы түрлерінің тұрғындар үшін қол жетімдігінің жақсаруы;
-
кардиологиялық қызметтің дамуы.
Әлсіз жақтары:
-
Адамдардың денсаулық жағдайына әсер ететін аймақтағы экологиялық жағдай;.
-
балалар өлімінің жоғары көрсеткіші;
-
тұрғындардың әлеуметтік маңызды ауру түрлерімен ауыруының жоғары деңгейі;
-
қала бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі 31 адамнан көп адамды құрайды;
-
көрсетілетін медициналық қызметтің сапасының жеткіліксіз деңгейде болуы;
-
медициналық мекемелердің типтік ғимараттармен, медициналық құрал-жабдықтармен жеткіліксіз деңгейде жарақтануы.
Мүмкіндіктер:
-
Қазіргі заманғы медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды ұлғайту;
-
жаңа құрал-жабдықтар сатып алу, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізумен байланысты қаржы шығындарының тетіктерін құрастыру;
-
қызметтегі медициналық мамандарды жұмыс орынына бекіту мен жас мамандарды тарту, атап айтқанда ауылдық жерлерге тартуды күшейту бойынша іс-шаралар жүйесін құрастыру.
Қатерлер:
-
Саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал-жабдықтардың, медициналық мекемелердің ғимараттарының елеулі түрде ескіруіне алып келеді, мұның өзі ауруларды уақытымен анықтауды қиындатады және тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын да төмендетеді;
-
мамандар жетіспеушілігінің өсуі.
Сонымен, қаланың денсаулық сақтау саласының басты мәселелері мыналар болып отыр: әйелдер мен балалар денсаулығы индексінің төмендігі, мамандар мәселесі, тұрғындардың ауыру деңгейінің жоғарылығы, әсіресе әлеуметтік маңызды аурулармен - онкологиялық, туберкулезбен, жарақат алу мен уланудың жоғары деңгейі, аймақтың экологиялық проблемалары, тұрғындар тарапынан өздерінің денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамауы.
Емдеу-алдын алу мекемелерінің, әсіресе ауылды жерлерде материалдық - техникалық базасының әлі де болса әлсіздігі.
-
Мәдениет
Қаланың мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты оң өзгерістердің пайда болуымен ерекшеленеді, ол қаржыландырудың өсуінен ғана емес, мәдени қызмет көрсету сапасының артуынан да көрінеді. 2007-2009 жылдары мәдениет саласының қызмет етуі үшін бөлінетін қаржының көлемі 732,7 млн. теңге, 2007 жылы - 175,4 млн. теңге, 2008 жылы - 318 млн. теңге, 2009 жылы - 239,3 млн. теңге құрады.
Аймақта мемлекеттік мәдениет мекемелерінің желісі 46 мәдениет мекемелерін құрайды, оның ішінде: 4 мұражай, 15 кітапхана, 3 мәдениет үйі, 14 клуб, 4 театр, 2 концерттік мекеме, 1 мәдениет және демалыс паркі, 3 кинотеатр.
Кітапханаларға оқырмандардың келуі, оқуы және кітап беруге жасалған мониторинг негізгі көрсеткіштер бойынша өсудің байқалатындығын көрсетеді: оқырмандар саны 53826-дан 55079-ға өскен, кітап беру 1126380-нен 1139981-ге өскен. Бұған кітапхана қызметінің сапа жағынан өзгеруі оң ықпал етті, атап айтқанда техникалық жағынан қайта жарақтандыру, жаңа компьютерлік, желілік Интернет технологияларға бағыт алу.
Қалада 2003 жылдан бері қала кітапханаларын Интернетке шыға алатын компьютерлендіру жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Аймақ кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 91 дана, көбейтуші техникалар саны 24 дана құрайды. 8 кітапхана Интернетке шыға алады және электронды пошта ашты. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 18,1 мың адамды құрайды.
Жыл сайын клуб түріндегі мекемелердің саны артып келеді. 2007 жылмен салыстырғанда клуб типтес мекемелердің саны 30,8% өскен және 2009 жылы 17 данаға жетті, олардың едәуір бөлігі ауылды жерлерде орналасқан (сурет 29).
2004-2010 жылдарға арналған ауылды жерлерді дамытудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы 1 кітапхана мен 1 клуб, 2009 жылы 3 ауылдық клуб ашылды.
2007- 2009 жылдары мәдениет мекемелері желісінің дамуы
Сур. 29
Клубтардың белсенділігі артып келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда өткізілген іс-шаралардың саны 5,3% өскен, олардың жалпы санының үштен бір бөлігі балаларға арналған іс-шараларға келеді.
Барлық мәдени-демалыс шараларының орталығы қалалық мәдениет сарайы болып келеді. Мұнда қызығушылықтары бойынша 39 клубтық құрылымдар мен үйірмелер жұмыс істейді, оның ішінде 34 көркемөнерпаздар үйірмелері ұжымдары, олардың 18-і «Халықтық» атағына ие. Халықтық шығармашылық белсенді түрде дамып келеді, оған жыл сайын өткізілетін көркемөнерпаздар байқаулары, фестивалдары оң ықпалын тигізуде.
Сонымен қатар, мәдениет ошақтары желісін дамыту бойынша елеулі көлемдегі жұмыс жүргізіліп келе жатыр. 2008 жылы қала әкімінің № 445 қаулысымен «Семей қаласының мәдениет және демалысының орталық паркі» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны құрылып, өз қызметін бастады, «Мұқыр ауылының ауылдық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және «Айнабұлақ ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қайта ашылды. Сондай-ақ 2009 жылы Озерки, Ақбұлақ, Знаменка ауылдарының ауылдық клубтары ашылды.
2009 жылы бірнеше мәдениет мекемелері жөндеуден өткізілді, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді, шығармашыл жастар халықаралық, республикалық байқаулар мен фестивалдарға белсене қатысты.
Аймақ жерінде 65 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген, оның ішінде: 10 республикалық және 55 жергілікті маңызға ие ескерткіштер (кесте 16).
Кесте 16
Достарыңызбен бөлісу: |