БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2



бет12/32
Дата15.06.2016
өлшемі3.97 Mb.
#137221
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

2.2.4 Аумақтық құрылыс
Шемонаиха ауданында барлық 40 елді мекендерде бас жоспар жоқ. Елді мекендер бойынша картографикалық материал жоқ, қолда бары Шемонаиха қ. бойынша М1:2000 топографиялық сурет.

Шемонаиха қ. бойынша құрылыс салудың негізгі ережелеріне тұрғындар санының және көшіп-қонудың өзгеру динамикасының, қоныстандыру және өнеркәсіптік аумақтарды игеру келешегі, көліктік және инженерлік инфрақұрылымның дамытуы, мәдени-тұрмыстық маңызы бар нысандарды орналастыруы осы заманғы талаптарға сай клмейтін Бас жоспар 25 жылдан аса уақыт бұрын дайындалған. Қала құрылыс кадастры қалалық және аудандық деңгейде жүргізілмейді.

шаралар Қазақстан Республикасы Перзидентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысында «Мекен-жай регистрі» ақпараттық жүйе» (бұдан кейін – МЖР АЖ) мемлекеттік деректер базасын енгізу және дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы Шемонаиха ауданы бойынша МЖР АЖ мемлекеттік деректер базасын толтыру аяқталды, өзекті мекен-жай базасын қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ИЖС үшін телімдер бөлуге қажеттілікке байланысты 2008 жылы аудандық бюджеттен Шемонаиха қ. солтүстік бөлігінде орналасқан 5 шағынауданның алға озған толығымен жоспарлау жобасын дайындауға 2,2 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінді.

2010 жылы толығымен жоспарлау жобасы бойынша сраптама қорытындысы алынды және жоба аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Осы аумаққа құрылыстарын салу 2011 жылғы жоспарланған (телім таңдау жүргізілген, 280 орынға арналған балабақша құылысының жобасы дайындалған) 106 жеке тұрғын-үй құрылыстарының, демалу паркі, сауда нысандары мен балабақша, телімдері орналасты. Жоспарланған аймақтың шекаралық шегі 28,0га, оның қатарында тұрғын-үй құрылысы 13,0га, сондай-ақ халыққа қызмет ету нысандары қарастырылған – 2 дүкен және 280 орынға арналған балабақша және қоғамдық пайдалану орны – алқабы 7,0га парк. Жоспарланған шағынаудан тұрғындарының саны есеп бойынша 382 адамды құрайды, тұрғындар жиілігінде 1га 29,3 адам.

Сондай-ақ 2010 жылы қазіргі уақытта облыстық басқармаларды келісімнен өтіп жатқан Шемонаиха қаласының бас жоспарын дайындауға 32,5 млн теңге мөлшерінде қаржы бөлінген. Қоғамдық дәрістер өткізілді. Қорытынды дәріс 2010 жылдың 15 қарашасында экология және табиғатты пайдалану маманының қатысуымен өтті. Бас жоспарды бекіту 2010 жылғы желтоқсанға белгіленген.

Осы заманға тұрғын-үй құрылысының жағдайының талдауы.

Әлеуметтік қарым-қатынаста тұрғын-үйге деген сұраныс адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерінің және жалпы қоғамның басым пролемасының бірі болып қала береді, ал тұрғын-үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым тапсырмасы болып қала береді. Қазақстан Республикасы бойынша Шығыс Қазақстан тұрғын-үй құрылысын салу көлемі бойынша жетекшілер санына кіреді. Соңғы жылдары тұрғын-үй құрылысының проблемалары жеке меншік құрылыстары есебінен шешілді. Сонда жеке меншік құрылыстары есебінде 2009 жылы жалпы алқабы 4126,2 шаршы метр 60 жеке тұрғын-үй қолданысқа енгізілді, 2008 жылмен салыстырғанда 28% өскен.

2008 жылы жалпы алқабы 3260,0 шаршы метр 53 тұрғын-үй қолданысқа енгізілген.

2009 жылы жалпы алқабы 4126,2,0 шаршы метр 60 тұрғын-үй қолданысқа енгізілген.

Қазіргі уақытта ауданда аяқталмаған бір нысан бар – Шемлнаиха қ. 120 пәтерлі тұрғын-үй, жалпы алқабы 5551,0 шаршы метр. Шемонаиха қ. 120 пәтерлі үйдің иесімен пайдалануға кезеңмен (подъездеп) беру туралы құрылысты жалғастыру мәселесі талқылануда. Ипотекалық несиелеу аясында құрылыс салуға қатысу үлесі қарастырылуда.
- «МЖР» ақпараттық жүйесінің жоқтығы елді мекендердегі мекен-жайлық шаруашылықты жүйесіз жүруіне әкеледі, яғни аумақты жоспарлауда және ұйымдастыруда тіркеуді қиындатады.

- сыртқы жарнама аумағында мемлекеттік реттеушіліктің жоқтығы облыс аумағындағы қара ниетті бәсекелестіктің жайылуына әкелуі мүмкін және елді мекендердегі тиіссіз жарнамалардың қиылысуын қиындатады.

- жалға алған тұрғын-үйлердің құрылысын салуға және дамытуға бөлінген қаржының жетіспеуі, аудандық тұрғын-үй құрылысындағы инженерлік-коммуникациялық құрылымды салу;

- аудан аумағында әр түрлі қабаттағы тұрғындардың өмірлік тұрғын-үй талаптарын жақсартуға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған экономикалық тиімді негізделген және тұрғын-үй азаматтық құрылысының үнемі қызмет ететін механизмінің болмауы;

- қазіргі күнде қала құрылысының толық көлемдегі құжаттардың болмауы, оның қатарында жерді пайдалану ережелері және салулар;

- тұрғын-үй құрылысының түрлерін және қажетті көлемде енгізуге кепілдеме беретін, ірі масштабтағы жобалдарды іске асыруға арналған инвестициялар тартумен қамтамасыз етуге қабылетті экономикалық ынталандыру жүйесінің өңделмеуі;

- тұрғын-үй құрылысындағы келешектегі алаңдарды инженерлік қамтамсыз етудің артта қалуы.

Дамудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруда проблемалық мәселелер мыналар:

- бір қаржы жылына жобалық-сметалық құжаттарды және құрылысты жоспарлау;

- әлеуметтік инфрақұрылым нысандары желісінің жеткіліксіз даму деңгейі.

Көрсетілген проблеманы шешу үшін Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес үшжылдық кезеңге республикалық және облыстық бюджетке қосылған нысандар бойынша алға озған жобалық-сметалық құжаттарды дайындау қажет.
2011 жылда орындалған мемлекеттік, аймақтық және аудандық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары, жоспарлары және қолдану бағдарламалыры:

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үйдің құрылысы, іске асыру кезеңі 2010-2011жж., жалпы шығындар сомасы – 165,7 млн теңге, жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті. Экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментінің 2008 жылғы 04 желтоқсандағы № 07-08/4175 хатына сәйкес осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігі 2010-2012жж арналған орташа мерзімдік жоспарға енгізілді.;

- Шемонаиха қ. 30 пәтерлі коммуналдық тұрғын-үйді абаттандыру және инженерлік жүйелеу: іске асу кезеңі – 2010ж., жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 15,966 млн теңгені құрайды;

- Коневка ауылындағы су бөгеті құрылыстарын салу және су құбырларына трассасын салу: іске асу кезеңі – 2007-2010жж., жалпы шығындар сомасы – 133,745 млн теңге, бөлінген 5,0 млн теңгеге 2007 жылы ТЭН дайындалды, Мемлекеттік сараптама қорытындысымен 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз сулар» аймақтық бағдарламалар Жобасына қосылды, 8,0 млн теңге бөлінгенде ЖСҚ дайындалатын болады;

- Барашки ауылындағы су құбырының магистральдық және кенттік жүйелері құрылысын салу: іске асыру кезеңі 2008-2011жж., жалпы шығындар сомасы – республикалық бюджеттен 104,0 млн теңге., бөлінген 4,0 млн теңгеге 2008 ТЭН орындалды, Мемлекеттік сараптама қорытындысымен 2011-2015 жылдарға арналған «Ауыз сулар» аймақтық бағдарламалар Жобасына қосылды, 4,5 млн теңге бөлінгенде ЖСҚ дайындалатын болады;

- Шемонаиха қ. №5 шағын ауданына сумен жабдықтау және канализация желілерінің құрылысы: іске асыру кезеңі 2011-2012жж., жалпы шығындар сомасы – 40,0 млн теңге, 16,0 млн теңге бөлінгенде 2011 жылы ЖСҚ дайындалатын болады;

- Первомайский кентінің тазалау құрылыстарын қайта құру: іске асыру кезеңі – 2010-2011жж., жобалық-сметалық құжаттандыру дайындалып және Мемлекеттік сараптамадан өтті, құрылыстың сметалық құны 413,088 млн теңгені құрайды;

- Первомайский кентіндегі қатты-тұрмыстық қоқыстар полигонының құрылысы: іске асыру кезеңі 2008-2010жж., жалпы шығындар сомасы – 40,0 млн теңге, облыстық бюджеттен, 2009 жылға ЖСҚ дайындауға 5,0 млн теңге жоспарланды және қалған сома 2010 жылға;

- Первомайский кентіндегі қираған әлеуметтік сала нысандары мен көпқабатты тұрғын-үйлер астындағы жер телімдерін топырақ құнарлығын қалпына келтіру: іске асыру кезеңі 2009-2011жж., жалпы шығындар сомасы 68,0 млн теңге, облыстық бюджеттен, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламсын іске асыру аясында 19,2 млн теңге бөлініп оған 21 көпқабатты үй астының аймағын бұзу және тазалау жүргізілді;

- Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақша құрылысы: іске асыру кезеңі 2009-2011жж., жалпы шығындар сомасы – 248,0 млн теңге, 2009 жылғы тамыздан жобалық-сметалық құжаттандыруды дайындау басталды;




Күшті жақтары:

1.Тұрғындардың өмірлік тіршілктеріне қолайлы қоршаған орта құру үшін аумақта кешендік құрылыстар салу. Сонымен қоса демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға жоспарлаған және орын алған табиғи-климатикалық жағдайларды, осы аймақтардыың аумағын пайдалануға шектеулер мен функционалдық аймақтауды, эколгиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды есепке ала отырып әлеуметтік, рекрециялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қоса елді мекендердің аумағын дамытудың негізгі бағыттары шешілуде.



Әлсіз жақтары:

1. Аймақтардың жылдам бас жоспарсыз салынуы меншік иелерінің құқықтарының қысым жасалуына, аумақтарды ұтымсыз игеруге, құрылыс құнының қымбаттауына бірінші орында, тұрғын-үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрлымның әлеуметтік нысандарының қымбаттауына әкеп соғады.



Мүмкіндіктер:

1. ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту


Қауіп:

1. Жер телімдерін және нысандар құрылысын бас жоспарда белгіленген тәртіп бойынша болмауы, елді мекендерге бөліктік жоспарлау жобаларына және құрылыс маңына салу жобаларына Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынады.

01.01.2010 жылғы жағдай бойынша аудан тұрғындарының саны 48,3 мың адамды құрады, соңғы жылдары тұрғындар санының азаю беталысы сақталған. Соңғы екі жылда қала тұрғындарының саны 16,8 ден 19,0 мың адамға өскен немесе 113,1%, ауыл тұрғындары 33,2 мың адамнан 29,3 мың адамға азайған немесе 11,1%.

Соңғы жылда талдау кезеңінде миграция үдерісіне 1,9 мың адам қатысты немесе аудан тұрғындары санының 3,9%. Бірақ та барлық көшіп-қонулар теріс қалдықты, ТМД елдеріне неғұрлым көп тұрғындар легі байқалған (көші-қон қалдығы – 184 адам(, адамдар легі бойынша – облыс ішіндегі көші-қондық – (көші-қон қалдығы – 96 адам, облыс аралық - 60 адам).

Соңғы үш жыл ағымында ең жоғарғы көші-қондық келулер 2008 жылы байқалған – көші-қон қалдығы – 385 адам, 2009 жылы көші-қон қарқыны біраз ақырындап және - 340 адамды құрады. ТМД елдеріне көші-қондық адамдар легі 2007 жылғы 387 адамнан, 2008 жылғы 360 адамнан, 2009 жылы 184 адамға дейін төмендеген. 2009 жылғы ағымда жалпы көші-қондық тұрғындар легінің санынан ТМД елдерінің және Қазақстан Республикасы бойынша адамдар легі тең болған (ҚР басқа облыстары мен шҚО ішінде), 2007 жылы ҚР ішінің көшіп-қонулардан СНГ елдеріне көшіп-қонулар 1,9 есеге асып кеткен, 2008 жылы – 7 есе.

Шемонаиха ауданнының тұрғындары ауыз сумен 100%-ке таяу қамтамасыз етілген.

Шемонаиха ауданының 40 елді мекені электр қуатымен қамтамсыз етілген.

Ауданды жол желілерімен қамтамсыз ету қанағаттанарлақ жағдайда.

Әлеуметтік сала нысандарын жабдықтауға келетін болсақ тұрғындар санына теңсізкке қатысты сипатта.

Аудан бойынша тұрғындардың нығздылығы бүтіндей алғанда бір шаршы метрге 12,2 адамды құрайды және тұрғындары жиі орналасқан аймаққа жатқызылады.

Ауданның индустриялық пәрменділігі бүтіндей алғанда бір адамға 303,5 мың теңгені құрайды және жоғарғы деп саналады.

Аудан бойынша елді мекендерді қайтарып беру бүтіндей алғанда бір ауылдық тұрғынға 334,9 мың теңгенң құрайды және жоғарғыға қатысты деп саналады.

Ауданның ауыл шаруашылық маңызы бар жерлерінің тиімділігі жоғары деп танылған.
2.2.4.1 Ауыл тіршілігін қамтамасыз ету

Ауыл тіршілігін қамтамасыз ету үшін елді мекендерде өмір сапасының ұлттық стандарттына сәйкес ауыл тұрғындарына білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениет және спорттың, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарының, электр қуатымен жабдықтаудың, байланыс қызметтерімен, телевидениямен, Ғаламтар жүйесі қызметтерімен қамтамсыз ететін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық нысандармен нормативті қамтамасыз ету жетістіктеріне жетуі қажет.

Елді мекен тұрғындарынының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 7 ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, 14 медициналық пунктер, 4 фельдшерлік-акушерлік пунктер, жеке жайы жоқ 3 медициналық пунктер, сондай-ақ жеке меншік формасындағы МСБ бар.

Ауылдық мекендердегі жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі 25 мектептермен және жеке меншік формасындағы 1 балабақшамен ұсынылған, оларды 4195 балар оқиды. Ауылдық мектептерде 1121 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту 100% құрайды.

Ауылдық мекендерде 15 кітапхана, 10 клубтар мен мәдениет үйлері қызмет көрсетеді.

Ауданның 39 елді мекендерінің 27-де орталықтандырылған сумен жабдықтау қызмет етеді немесе жалпы тұрғындардың 89,3%.

«ШҚО облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының титулдық тізімі» сәйкес жергілікті маңызы бар ауылдық жолдар ұзындығы 227,0км құрайды, оның қатарында: асфальтты бетонды жолдар – 9км, қара жабындымен – 101км, қиыршық ұсақ тас -құмды тас жабындысы - 114км, төсеме бояу қабаты – 2км.

Ауданның барлық 39 елді мекендеріне телефон орнатылған. 2009 жылы 10 таксофон орнатылды.

Ауданның барлық елді мекендері электр қуатымен жабдықталған.

Ауылдық елді мекендердің экономиканың және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің динамикалық өсуі, жоғарғы даму әлеуетімен елді мекендер санын өсіру негізгі мақсатты индикатор болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 39 елді мекендер бар деп есептелінді, олардың 25 әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы әлеуеті санаттарына жатқызылса (34,2%), орташа даму әлеуетімен 13 (35,8%).

Мемлекеттік қолдау шаралары тіршіліппен қамтамсыз ету инффрақұрылымын дамытуға бағытталған, бәрінен бұрын ауыл тұрғындарын қажетті кіріс деңгейімен қамтамасыз етіп отырған әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғарғы және орташа әлеуетімен ауылдық елді мекендерге.

Ауылдық мекендерде орташа жалақының өсу беталысы байқалады. Ауылдық мекендер бойынша орташа зейнетақы мөлшері 15000 теңгеден жоғары. Кедейшілік түрінен нашар тұратын тұлғаларға мемлекеттік мекен-жайлық көмек көрсетіледі. Жыл сайын бұл көмекті алатын жанұялардың және алатындардың саны азаюда. 2010 жылығы 1 қаңтарға 8067 жанұя есептелген (2009 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 961 жанұя аз), алатындар 27497 адам (2126 адамға аз), орташа айлық мөлшер 1458 теңгені құрады (17 теңгеге аз).

Жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың өсуі тұрғындардың ақшалай кірістеріне оң әсер етеді. 2009 жылғы төртінші тоқсанда тұрғындардың нақты орташа жандық ақшалай кірістері 13,5% өсіп, 37192 теңгені құрады. Ауылда

орташа жандық ақшалай кіріс қаладағыдан орташа есеппен 20-30% төмен.

Сонымен қоса ауылда үй-жайлық шаруалықтардан ақшалай емес кірістер неғұрлым кең таралған. Үй-жай шаруашылығының әрбір мүшесіне ауылды мекенде бір айда жеке шаруашылығында өндірілген өнімнен 3500-4000 теңгеден келеді.



Күшті жақтары:

1. ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы құнарлы-климаттық жағдайлардың болуы.



Әлсіз жақтары:

1. әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандар желісінің жеткіліксіз даму деңгейі, шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандарына қол жетімділік қиындаған немесе жоқ;

2. Тұрғындардың жан басына кірістерді шағудың аймақтық теңмөлшерлігінің жоқтығы;

3. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне ауыл тұрғындарының тең тмөлшерде қол жеткізе алмауы ауыл аудандарындағы адами әлеует деңгейін қорлайды.



Мүмкіндіктер:

1. Білім беру саласындағы мамандарды және қызмет ететін медициналық кадрларды ұзақ уақытқа жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды тарту, оның қатарында ауылдық елді мекендерге үшін жүйелік шаралар дайындау;

2. Ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту

Қауіп:


1.Көшіп-қону легінің есебінен ауыл тұрғындары санының азаюы.

2.2.4.2 Шекараға жақын орналасқан өңірлер

Шекараға жақын орналасқан аумақтар дегеніміз – бұл ерекше шекараға жақын функцияларды орындайтын, осыған байланысты өзгещелігімен ерекшеленген мемлекет шекарасына шектесіп жатқан мемлекет аумағы.Шекараға жақын орналасқандығын нақтылаудың негізгі факторы оның географиялық орналасуы болып табылады.

Ауданның шекараға жақын орналасқан ауылдарының даму әлеуеті инвестициялық климат ерекшеліктерімен, мемлекеттік шекарамен, көліктік жағдайлармен, шекаралық өту инфрақұрылымдарымен және кедендік посттардың қиылысуымен байланысты игерілген нарықтың өндірілген факторлар құнымен, сондай-ақ тұрғындар санымен анықталады.

Шемонаиха ауданының солтүстігі және солтүстік-шығысы Ресей Федерациясымен шекаралас. Шемоеаиха ауданының аумағын 4 мың шаршы метрді құрайды. Аудан тұрғындарының жалпы саны - 48,3 мың адам, оның қатарында шекараға жақын орналасқан ауылдарда – 4,2 мың адам. Ауданда шекараға жақын орналасқан 7 ауыл бар деп есептелінеді: Октябрьское ауылы, Луговое ауылы, Сугатовка ауылы, Горкунова ауылы, Красная Шемонаиха ауылы, Белый ауылы, Медведька ауылы.

Қазіргі күнде шекараға жақын ауылдардағы тұрғындар санының өсу беталысы аңғарылады, соңғы үш жылда тұрғындар саны 0,2 мың адамға немесе 2007 жыл деңгейіне 5%, яғни осы аудандардың дамуына оң үлес қосуда.

Шекараға жақын орналасқан ауыылдық елді мекендерде мынандай проблемалар бар: әлеуметтік сала және сауда нашар дамыған.

Одан басқа әлсәз дамыған нарық инфрақұрылымының кесірінен қолайсыз инвестициялық климат орын алуда. Сол үшін инвестициялар көлемі экономикада құрылымдық өзгерістер үшін әзірше жеткілікті емес. Нәтижесінде шекараға жақын саудадан кірістер шағын және ортша жеке фирмалардың «алыпсатарлар» қолында қалуы жалғасып келуде.

Сонымен бірге шекараға жақын орналасқан ауылдарының дамуының жоғарғы әлеуетін атап өткен жөн: үй-жай қожалықтарын енгізу үшін елді мекендердің жерлерінен және оралмандардың қайтып келулеріне байланысты ауыл тұрғындары санының өскенін есепке ала отырып мал шаруашылығы, мал жайылымдығы – басым бағыттармен шаруа қожалықтарын ұйымдастыру және енгізу үшін қордағы жерлерден жер телімдерінің бөлінуі.

Шекараға жақын сауда Аймағын құру аясында бөлшек-көтерме сауда кешенінің құрылысы жобасын іске асыру басталған.

Жобаланған нысан Қазақстан мен Ресей арасындағы транзитті болып табылатын РФ шекарасындағы «Михайловка» кедендік бекетінен 18 км қашықтықтағы Шемонаиха қаласынан өтетін халықаралық тасжолының бойында орналасқан. Қазіргі уақытта 6,0 га жер телімі бөлініп, оған жерді уақытша пайдалану құқығы мемлекеттік актісі берілді. Құрылыс салу орнының топырағына геологиялық зерттеу, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және телімге дозиметриялық тексеру жүргізілді. Алғашқы нұсқадағы жоба жасалды. Сумен жабдықтаудың жерасты коммуникациясы және канализацияларының техникалық шарттары алынды. Нысанды электрт қуатымен жабдықтаудың техникалық шарттары алыну сатысында. Құрылыстың нөлдік циклі бойынша жобалық-сметалық құжаттандыру мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жобада осы аумақта жабық базар, көкөніс сақтау орны, қазандық, ашық базао салу қарастырылған. Құрылыс Шемонаиха қ. дайындалған бас жоспарын есепке алумен және орын алған салулар негізінде жүргізілетін болады.
Осы жобаны іске асыру 25 жаңа жұмыс орнын ашуға, шекараға жақын сауданы кеңейтуге және оны неғұрлым биік дәрежеге көтеруге мүмкіндік береді.
Одан басқа шекараға жақын ынтымақтастық инфрақұрылымның дамуына (шекарадан өтулер, бақылау-өткізу және кедендік постар), олардың көрші мемлекеттермен біріккен құрылыстары және пайдаланулары бойынша шараларға қоса көңіл бөлген жөн.

Барлық аталған аспектілер ауданның және бүтіндей алғанда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының құрамды бөлігі сияқты, шекараға жақын орналасқан аймақтардың экономикасын көтеру мақсатында шекараға жақын орналасқан аймақтағы ынтымақтастыққа қарым-қатынасты өзгерту қажеттілігі анықталады.

Сонымен шекараға жақын ауылдық елді мекендердер тұрғындарының санын өсіру және қолайлы өмір сүру үшін жағдайлар жасау қажет.

Күшті және әлсіхж жақтарды анықтау үшін SWOT жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. көршілес елдермен сауда және істер қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін географиялық орналасуы.



Әлсіз жақтары:

1. Инфрақұрылым және әлеуметтік салалар әлсіз дамуда.



Мүмкіндіктер:

1. Шекараға жақын туристік саланы және сауданың дамуы, тұрғындарға қайтарылған жер телімдерін ұсыну.



Қауіп:

1. Тұрғындар санының азаюы, ауылдық елді мекендердің құлдырауы.



2.2.4.3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуы

Шемонаиха ауданы аумағындағы әртүрлі табиғат, таулы-геологиялық және геодинамикалық жағдайлар оның табиғат апаттарына - жер сілкінісі, тасқын, сел, құйын, орман және дала өрттері, температураның күрт түсуіне және қарлы борандар, эпидемиялар және эпизоотиялар, ұшырағаштығын алдын ала анықтайды. Құралдардың және негізгі қорлардың, көліктегі қозғалыс құрамының және инфрақұрылымның тозуы мен ескіруі, табиғат ресурстарын дайындаудың үдеуі, оларды тасымалдау және өңдеу көлемінің ұлғайуы техногендік қауіптің өсуіне нақты алдын ала жағдай жасайды.

Аудандағы 13 қызмет етіп тұрған су құрылыстарының (1 млн м3 аса 2 ірі) 5 нысан коммуналдық меншік.

Осы заманғы сенімді талаптарға түгелімен сай емес және 2-уі төменде орналасқан елді мекендерге және нысандарға әлеуеттік қауіп туғызуда. Адамдардың денсаулығына және өмірлеріне қыз кезеңінің төтенше жағдайлары да туғызады. 2010 жылы қаңтар айынан наурыз айы аралығында жауған көп қардың және соққан желдің әсерінен мықты автомобиль жолдарының қорлары толығымен қирап және Шемонаиха – РФ шекарасы, Шемонаиха – Первомайский - Өскемен автомобиль жолдарында көлік қозғалысы тоқтады.

Жылда су апатына (көктемгі тасқандар, су басулар) байланысты төтенше жағдайлар қауіп тудырады. Ауданда су тасқындарын тудыратын 6 әлеуетті қауіпті телімдер бар, онда жалпы тұрғындар саны 8 мың адам 6 елді мекен орналасқан. 2010 жылғы көктемгі кезеңде қолайсыз апаттық ауа-райының жағдайына байланысты, наурыздың ортасында +17-ке дейін күрт жылуы жиналған қардың еру себебінен 3 елді мекендердегі 23 тұрғын-үйді су басқан.

2010 жылғы су басу кезеңінде болған төтенше жағдайлар салдарын жою тәжірибесі әлеуетті-қауіпті жерлерде инженерлік және жағалауды бекіту өте төмен деңгейді жүргізілгенін көрсетті, АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарды қажетті құралдармен және жабдықтармен нашар қамтылған.

Жылда жалпы шыққан өрт санының 75 пайызы құрайтын және жалпы қайтыс болғандар санының 90 пайызын құрайтын тұрғын-үй секторын өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету ауыр жағдай болып қалуда. Барлық өрттің 60 пайыздан көбі ауылдық жерлерде болады. Ауданда елді мекендерде орналасқан ҚР МСБ өртке қарсы бөлімдері 3 өрт сөндірудің пунктері қызмет етеді. Елді мекендерге міндетті қорғаумен қамтамасыз ету және ормандық далалық өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар жүргізу үшін 2 елді мекенде (Большая речка ауылы, Убинка ауылы) қосымша база салып және оны өрт сөндіру техникаларымен жабдықтау қажет.

Қызмет істеп тұрған ауданның және тұрғындардың басқарушылар құрамымен орталықтандырылған жариялау жүйесі 30 жыл бұрын құрылған және осы заманғы цифрлік технолдогиялармен және волононналық-оптикалық байланыспен нашар ұстасады және түбірімен қайтадан құруды талап етеді. Соңғы 15 жылда бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйелердің құралдарын ауыстыру жүргізілген жоқ. Электрліксиренамен жариялау жүйесінде пайдалынатын П-160 және П-164 аппаратуралары моральді және физикалық ескірген, оргтехникалар және басқа да құрылғылар тудыратын бөгеттерге мықтылығы төмен, ҚТЖ өткен жүйенің цифрлық байланысына бейімделмеген. Соңғы жылдары радитрансляциялық торптар толығымен жойылған және электрлік сиреналар саны екі есеге азайған (12 данадан 6 қолданыста). Ауданда телеканалдарды ұстау жүйесі жоқ.

Сейсмикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету проблемасы кешенді және мынадай бірқатар проблемаларды шешуді талап етеді, жер сілкінісі туған жағдайда мүмкін болатын материалдық зарарды болжау, сондай-ақ конструкцияны күшейту жолымен жоғалтулар санын біршама азайту. Сейсмологиялық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу аудан бюджетінде юоқ бірталай қаржыны талап етеді.

Шемонаиха ауданының негізгі аумағы 6 балдық жер сілкінулерінің аймағына келеді. 7 балдық жер сілкіну аймағына Первомайский ауылы жатады, бұл аймақта өнеркәсіптік кәсіпорындар, көпқабатты тұрғын-үйлер, 5 мыңнан аса тұрғындар бар.

Ауданда ғимараттар мен құрылыстардың консрукциялық жағдайы туралы арнайылындырылған ұйымдармен тексерілген нәтижелер жоқ. Елді мекендердің сейсмикалық шағынаудандау картасының болмауы сейсмикалық қауіпті бағалау жүргізуге және инженерлік қорғау бойынша шаралар қабылдауға және апаттық жер сілкінулердің салдары қаупін төмендетуге мұрсат бермейді.

Тұрғындарды, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды дүлей апаттардан, жол апаттарынан және катастрофалардан туатын қауіптерден тиімді қорғау алдын ала дайындық, профилактика және табиғат және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет