БАҒдарламасы шымкент, 2011 ж Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В060900 география



Дата08.03.2016
өлшемі164 Kb.
#46487
түріБағдарламасы
Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ОРТАЛЫҒЫ
«ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ»

кафедрасы





«Бекітемін»

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор
__________________ баХов ж.к

« ___» ____________ 2011 ж.






6м060900 - география


мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж



Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В060900 - география

Мамандығының пәндердің География типтік бағдарламалары негізінде құрылған.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы «Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

«27» мамыр 2011, № 10 хаттамасы

Кафедра меңгерушісі: _______________ т.ғ.д., профессор Шакиров Б.С


Қабылдау емтиханның бағдарламасы «Химия-технологиялық» факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған «25» мамыр 2011ж., №11 хаттамасы

Төрайымы _______________ Бугенбаева С.С


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББ орталығының бастығы _______________Изтаев Ж.Д

Кіріспе

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де 6M060900–География мамандығы 2004 жылдың 1-қыркүйегінен бастап даярланады.

Магистратурада 6М060900 – география мамандығы бойынша мамандарды даярлау

екі бағытта жүреді: бейіндік; ғылыми және педагогикалық. Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға академиялық дәрежесі тағайындалады: бейіндік бағыты бойынша: 6М060900 – география мамандығының магистрі; ғылыми және педагогикалық бағыты бойынша 6М060900 – география мамандығының ғылым магистрі.

6М060900 – география мамандығы бойынша магистратура бітірушілерінің кәсіби белсенділік ауқымы бейіндік даярлық бойынша: жобалау, зерттеу институты: География институты, Сейсмология институты, Ғарыштық зерттеу институты, Қазақст анның қолданбалы экология агенттігі; табиғатты қорғау орындары мен табиғатты пайдалану басқармасы және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (ҚОҚМ); ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша: қоршаған ортаны қорғау Министрлігі; ғылыми, ғылыми-зерттеу институттар; жалпы білім береті, арнайы және жоғары оқу орындары.

6М060900 – география мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: бейіндік даярлық бойынша: жобалау; экспедициялық; өндірістік басқармаларда; ғылыми және педагогикалық даярлауда: ғылыми-зерттеушілік; білім беру саласында; өндірістік-басқармаларда; экспедициялық.

Магистратураның оқу бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы: ғылыми және педагогикалық даярлауда 2 жылды; Бейіндік даярлауда 1,5 жылды құрайды.

1. Пәндердің атауы және олардың бөлімдері
1.1 Картография және топография негіздері

“Картография және топография негіздері” оқу курсы бірінші курстан бастап келешекте орта мектепке, мұғалім-географ дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән географиялық карта, карта түрлері, оларды пайдалану ерекшеліктерін, картадағы бұрмаланулар, олармен жұмыс істеу барысында ескерту түсініктермен таныстыру, географиялық карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсету, олардың алуан түрлілігін көрсету, карталармен жұмыс істеудің жолдары мен әдістерін қарастырады.

Тағы да бір өзіне тән ерекшелігі, географиялық карта бетінде белгілі бір аумақтың кеңістіктегі тұжырымдалған бейнесі берілетіндегі. Бұл бейнеде аталған аумақты бір қарағаннан-ақ шлып шығуға, ондағы нысандардың орналасуындағы байланыстарды бірден байқауға, сөйтіп олардың кеңістіктегі орнын бір-бірімен салыстыра отырып саралауға мүмкіндік беретіндігі айрықша ескеріледі. Географиялық карталардың жоғарыда аталған бір ерекшелігі оларды білім алудың ақпараттар жинақтау мен практикалық іс-әрекеттер ұйымдастырудың, нақтылы ақиқатты ашып көрсетудің өзге түрлерімен тіпті де алмастыруға болмайтынын айрықша ерекше құралы ретінде сипаттайды.

Үшіншіден, карталардың математикалық негізін оның ішіндегі әр түрлі картографиялық проекцияларын, географиялық карталардың басты-басты ерекшеліктерін және оларды пайдалану мүмкіндіктерін оқытады.


1.2 Геология негіздері

Жер туралы жалпы мәлімет. Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңде, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді. Студенттердің геологиядан алған білімдері болашақта оқылатын географиялық, экологиялық, экономикалық және туристік бағыттағы пәндерді негұрлым терең де табысты игеруге бірден-бір негіз болды.

Курсты оқыту барысында төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады: Жер планетасының құрылысын, қабықтарының құрамын, олардың ерекшеліктерін, физикалық қасиеттерімен өлшемдерін; Жер және жер қыртысы қабаттарының ерекшеліктерін, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты әдістерін; Тау жыныстарының басты түрлерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін; Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы және даму барысын, тау жыныстарының геологиялық жасын анықтаудың басты дәлелі жануарлар мен өсімдіктердің басты типтерін айқындайтын палеонтология негіздерін. Бірегей геохронологиялық және стратиграфиялық кестелердің мазмұнын; Жер және жер қыртысының геологиялық даму тарихындағы болған өзгерістердің геохронологиялық немесе стратиграфиялық кестеде, геологиялық карталармен қималарда бейнелеуін анықтау тәсілдерін; Жер және Жер қыртысының тарихи геологиялық дамуының негізгі кезеңдерін; Литосферадағы тектоникалық қозғалыстардың басты түрлерін, олардың жер қыртысына тән құрылымдық элементтерді қалыптастыруға және дамытуға қосар үлесін; Тау жынысы қабаттарының қатпарлану және деформациялық жарылуының мәні мен мазмұнын, олардың көрініс беру еркшеліктерін; Геологиялық құрылыстардың реттілгі жайлы түсінікті; Бүгінгі күннің ең басты геотектоникалық парадигмасы геосинклинальдар мен литосфералық плиталар тектоникасы концепциясының мәні мен мағынасын, мазмұнын білу тиіс.

1.3 Жалпы жер тану

Пәннің негізгі мақсаты – географиялық қабықша (немес геосфера) деп аталатын бізді қоршаған әлем дүниесінің қашан және қалай пайда болғанын, дамығанын көрсетуге талпыну, мүмкіндігінше дәлелдей білу. Географиялық қабықша бір-бірімен тығыз байланысты болатын жекелеген геосфералардың біртұтас бірлігі (лито-, морфо-, атмо-, гидро-, педо-, крио-, фито-,зоо- т.б.). шығу тегі космостық болғымен геосфера қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Сонымен қатар оның дамуына Жер ғаламшарының даму ерекшелігі де әсерін тигізеді. Қазіргі күнгі қалыптасып отырған біртұтастықтың тамыры әлем дүниесінің тарихи пайда болуынан басталады да жалпы қалыптасу себептерін, бірақ алғашқы тұман тәрізді ғаламшардан заттардың жеке өзгеру жолдарын көрсетеді. Бұл үрдіс ғаламшарлардың Күн жүйесінде алатын орнына және ішкі даму ерекшеліктеріне байланысты. Жер ғаламшары үшін ол биосфераның дамуына әкеліп соқты да геосфераның басқа да компоненттеріне, олардың құрылымы мен дамуына әсерін тигізді. Жер ғаламшарының пайда болуы және эволюциялық (даму) ерекшеліктері, оның географиялық қабықшасының қоршаған кеңістікпен қарым-қатынасы байланысты болуы қазіргі жалпы геосфераның пайда болуы – «Жалпы жертану» пәнінің негізгі мазмұны болып табылады.
1.4 Жалпы гидрология

«Жалпы гидрология» курсы - әртүрлі бағдардағы маман географтарды дайындаудағы негізгі оқу пәндерінің бірі. Бұл курсты оқып-үйрену барысында студенттер географиялық ортамен тікелей байланысты гидрологиялық құбылыстар мен процесстер туралы түсінік алады және табиғаттағы суды географиялық ландшафтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік алады.

Курс студенттерді гидросферада өтіп жатқан процесстермен, су объектілерінің ерекшеліктерімен, олардың қоршаған ортамен өзара байланысымен таныстыру. Осы пән шеңберінде студенттер табиғи процесстер қалай жүретіндігін, су объектілеріне қандай ерекшеліктер тән екендігін ғана біліп қоймайды, сонымен қатар құбылыстар мен ерекшеліктердің ішкі себептерімен де танысуға мүмкіндік алады.


1.5 Метеорология және климатология негіздері

«Метеорология және климатология негіздері» пәні атмосфералық процесстердің пайда болуы мен олардың даму заңдылықтарын зерттейтіндіктен қоршаған ортаның даму динамикасын, табиғи тепе-теңдігін сақтай білуді және зерттеудің өзекті мәселелерін қарастырады.

«Метеорология және климатология негіздері» курсы – географиялық білім беру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Ол атмосфера қабаты мен ондағы атмосфералық құбылыстардың пайда болуы туралы тұтастай ұғым бере отырып, жер беті мен атмосфера арасындағы өзара байланыстарды қарастырады. Сол сияқты, халық шаруашылығы үшін қолайсыз ауа-райы мен климаттық жағдайларды зерттеп, оларды алдын ала болжау әдістерін зерттейді.

Пәнді теориялық және практикалық түрде оқыту негізінде студенттердің санасында атмосфера және атмосфералық құбылыстар туралы ұғым қалыптастырып,жер беті мен атмосфера қабатының өзара байланысын мен әсерін және географиялық факторларға байланысты күн сәулесінің түсу ерекшеліктерін анықтау. Пәннің негізгі мақсаты – атмосфералық құбылыстарды оқып, зерттеумен қатар, халық шаруашылығы үшін қолайсыз болып есептелетін климат пен ауа-райын алдын ала болжап, оны болдырмаудың шараларын жүзеге асыру болып табылады.


1.6 Жалпы геоморфология

Жалпы геоморфология” пәні бойынша рельефтің дамуы мен құрылысы туралы білімдерін тереңдетіп, рельеф жайында алған мәліметтерді практикалық мәселелерді шешуге қолдана білу. Рельеф қалыптастырушы эндогенді процестердің орны: тектоникалық қозғалыстар, интрузивтік және эффузивтік магматизм, жер сілкінісі туралы экзогенді рельеф құрушы факторлар және олар түзетін әр түрлі рельеф түрлерінің сипаттамасы берілген. Жер бетінің рельефін оқып үйрену, оның құрылысы мен дамуы туралы теориялық білім қалыптастыру.

Рельеф қалыптастырушы эндогенді процестердің орны: тектоникалық қозғалыстар, интрузивтік және эффузивтік магматизм, жер сілкінісі туралы экзогенді рельеф құрушы факторлар және олар түзетін әр түрлі рельеф түрлерінің сипаттамасы берілген.
1.7 Ландшафттану

Студенттерді қазіргі ландшафттану негіздерімен таныстыру, оқу пәніндегі басты сабақтарының бірі, орта мектеп мұғалімін дайындау жүйесіндегі ролі туралы көзқарас қалыптастыру, студенттерге қазіргі әлемнің ғылыми негіздерін игерулеріне қол ұшын беру, студенттердің тұтас дүние танымын қалыптастыру.

Курс мазмұнында: курстың пәні, мақсаттарымен міндеттері, ландшафттану білімінің дамуы басты кезеңдерімен таныстыру;

- Қазіргі ландшафттанудың негізгі принциптерін және зерттеу тәсілдерін үйрету, оқыту;

- Тірі және өлі табиғат туралы жаратылыс ғылымдарының салаларымен таныстыру;

- Ландшафт құрылыс және оның компоненттері;

- Планеталық ойлау және оның ландшаттану ілімдерінің өзара байланысын қарастыру.

1.8 Топырақ географиясы және топырақтану негіздері

Топырақ және оның түзілу туралы түсінік. Топырақ түзуші факторлар. Топырақ жамылғысы және генетикалық типтері. Қазақстанның топырақ географиясы. Топырақ экологиясы және оны қорғау.


1.9 Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы” курсының қарастыратын тақырыптары мұхиттар мен материктер табиғатын сипаттаудың алдыңда олардың табиғатының қалыптасуы, даму заңдылықтары мен кезеңдеріне жалпы шолу жасалады. Табиғат ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау дүние жүзілік мұхиттан басталады.



«Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы» жалпы физикалық географиялық курсының жалғасы ретінде әрбір материк пен мұхит табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын, табиғатындағы ұқсастық және айырмашылық белгілерін анықтайды. Сонымен қатар территориялық жіктелу заңдылықтары, яғни әртүрлі дәрежедегі территориялық табиғат кешендері тұрғысынан да қарастырады. Пән бірін-бірі толықтыратын екі үлкен бөлігінен тұрады: Мұхиттардың физикалық географиясы және материктердің физикалық географиясы. Мұхиттар мен материктер табиғатын сипаттаудың алдыңда олардың табиғатының қалыптасуы, даму заңдылықтары мен кезеңдеріне жалпы шолу жасалады. Табиғат ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау дүние жүзілік мұхиттан басталады.
1.17 ТМД-ның физикалық географиясы

ТМД-ға жалпы шолу. Географиялық орны және шекарасы. Жер бедері және геологиялық құрылысы. Климаты және ішкі сулары. ТМД-ның теңіздері. Топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар дүниесі. ТМДны физика-географиялық аудандастыру. ТМД-ның аймақтары. Табиғат белдемдері. ТМД елдеріне физика-географиялық сипаттама.


1.11 Қазақстанның физикалық географиясы

Жаратылыстану пәндерінің негізін оқып-үйрену үшін, жоғары оқу орындарындағы студенттер осы саладағы бірнеше пәндерді игеріп, олардың арасындағы байланыстарды талдап, зерттеу негізінде білімін дамыта алады.

Қазақстанның табиғат жағдайының алуан түрлі екендігін, олардың қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, студенттер Қазақстанның физикалық географиясы курсында оқып үйренеді.

Бұл пән географиялық білім беру жүйесінде, әсерісе, педагогикалық бағыттағы оқу орындарындағы география мамандығы үшін негізгі пән болып есептілінеді. Пәннің білім берудегі міндеті, студенттерге Қазақстанның табиғат жағдайының қалыптасу заңдылығын және ерекшелігін үйрету.

Қазақстанның физикалық географиясының зерттеу нысандары: географиялық орны, территориясының зерттелу тарихы, тектоникалық-геологиялық құрылымы, рельефі, климаты, ішкі сулары, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, табиғат зонасы, табиғи территориялық кешендері, олардың арасындағы байланыстар, қалыптасуындағы таралуындағы негізгі заңдылықтар. Қазақстан территориясының физ-географиялық тұрғыдан аудандастырылуы. Экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау жолдары. Қорғалатын территориялары.
1.12 Экономикалық, саяси және әлеуметтік географияға кіріспе

Экономикалық, саяси және әлеуметтік географияға кіріспе” курсының қарастыратын тақырыптары географиялық орнынан бастап саяси экономикалық, әлеуметтік өнеркәсіптік географиялық оқыта отырып, оған экономикалық баға беруді қарастырады.

Экономикалық және әлеуметтік, саяси географияға кіріспе пәні диалектикалық теория негізінде табиғат пен қоғам ортасындағы өзара ықпалдастықты талдау арқылы табиғаттың қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына қарата айқын роль ойнайтындығын көрсетеді.

Студенттер осы курсты оқыту барысында географиялық нысандардағы табиғат ресурстарының халық шаруашылығының міндеттерін шешім етудегі ғылыми әдістемесін, белгілі қоғамдық формациядағы түрліше табиғи шикізаттардың шаруашылықтың әртүрлі бағытта дамуы мен орналасуына жасайтын әсерін білуі тиіс


1.13 ТМД-ның әлеуметтік-экономикалық географиясы

Курс ТМД елдерінің табиғат ресурстары, халқы мен шаруашылығы, сондай-ақ қазіргі кездегі экономикалық және экологиялық проблемалары туралы терең білім беруге бағытталған.

Студенттер экономикалық және әлеуметтік география туралы білімдерін дамытып, география мен нарықтық саланың байланысын игере білуі керек. Сол арқылы әлемдік ғаламдану жағдайында ТМД елдерінің мемлекет ретінде өнеркәсіптенген қоғам туралы жаңаша түсінік қалыптастыру.

Көлік және коммуникациялық жүйенің дамуы. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық тұрғысынан жалпы баға беру. Халықтарды демографиялық-географиялық тұрғыдан зерттеу. Салааралық, аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарға талдау. ОӨК қалыптасуы және өнеркәсіп салалары, еркін экономикалық өңірлер әрі олардың ТМД аумағындағы қызметі


1.14 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы

Адамзат пен табиғат арасындағы өзара кешенді байланыстарды зерттей оқытып, қоршаған ортаны біртұтас жүйе ретінде қарайтын физикалық география туралы білімдерді біріктере отырып, олардың мемлекеттер мен аудандардың экономикасын дамытуға әсері жайлы білім беретін бірден-бір ғылым саласы – экономикалық және әлеуметтік географиясы екендігін студенттер ұғынуы тиіс.

Курс студенттерге республиканың экономикалық-әлеуметтік географиясынан, яғни оның табиғат байлықтарын шаруашылықты дамыту тұрғысында экономикалық бағалай білу шаруашылық салаларының орналасу ерекшелігі және олардың даму жолы, экономикалық аудандардың даму ерекшеліктері, басқа елдермен экономикалық байланысы жайлы терең және жүйелі білім беру. Қазақстан географияның басқа курстарында оқып үйренуге қажетті, экономикалық-географиялық түсініктерді қалыптастыруды қамтамасыз ету. Сонымен бірге студенттердің өз отаны - тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілігі,бүкіл халықтарына деген интернациональдық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.
1.15 Оңтүстік Қазақстан облысының географиясы

“Оңтүстік Қазақстан облысының географиясы” пәні географиядан жоғары кәсіптік мамандар тәрбиелеудегі негізгі компоненттің бірі болып, қазіргі облысымыздың физикалық географиясының көріністерін толық ашып көрсетеді. Бұл курс студенттердің “Физикалық географияға кіріспе”, “Қазақстанның физикалық географиясы”, “ТМД елдерінің физикалық географиясы”,“Әлеуметтік-экономикалық географияға кіріспе”, “Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы”, “ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы” пәндерінен алған білімдері негізінде оқытылады. “Оңтүстік Қазақстан облысының географиясы” курсы “Қазақстанның физикалық және әлеуметтік-экономикалық географиясы” пәнімен бірлікте қазіргі облысымыздың географиясындағы күрделі өзгерістер мен даму үрдістерін тереңдетіп зерттейді. Пәннің мақсаты студенттерге облысымыздың физикалық-географиялық жағдайы: географиялық орны, табиғи-географиялық зерттелуі, геологиясы, тектоникасы, топырақ жамылғысы, гидрографиялық торы, өсімдік және жануарлар дүниесі, пайдалы қазбалары және демографиялық сипаты мен экономикалық даму тенденциясы жайында терең де толық мағлұмат беру.


1.16 Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы

Қоғамдық ғылымдар қатарына енетін бұл пәннің бүкіл география ғылымдары жүйесіндегі өзекті әрі бірегей пән екендігі. Курстың тақырыптық бағдарын ашуда қазіргі кезеңдегі экологиялық жаңарулардың елеулі саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерімен тығыз өзара бірлікте және тәуелділікте болатыны ескерілді. Осы заманғы әлемнің алуан түрлілігі және біртұтастығы. Дүние жүзі жеке аймақтарының ерекшеліктері. ТМД, дамыған және дамушы елдер. Жақандану және интеграциялану. Елдерді әлеуметтік экономикалық даму үрдістері бойынша топтастыру. Адамзаттың тұрақты даму тұжырымдамасы және қазіргі заманның ғаламдық проблемадары. ХХІ ғасыр географиясының міндеті, мақсаты және болашағы. Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар. Курстың негізгі мақсаты – ғаламдық географиялық шешу жолдары негізінде дүние жүзілік шаруашылық кешенін дамыту мен орналастыруға бағытталған арнаулы көзқарастар мен ғылыми танымдар қалыптастыру.



1.17 Қазіргі дүние географиясы

Қазіргі дүние географиясы” пәні географиядан жоғары кәсіптік мамандар тәрбиелеудегі негізгі компоненттің бірі болып, қазіргі дүниежүзінің географиясының көріністерін толық ашып көрсетеді. Курстың мазмұны Қазақстан Республикасының білім берудегі мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына толық сәйкес келеді. Бұл курс студенттердің “Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе”, “Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы”, “Экономикалық теория” пәндерінен алған білімдері негізінде оқытылады. “Қазіргі дүниежүзінің географиясы” курсы “Шетелдердің экономикалық және әлеуметтік географиясы” пәнімен бірлікте қазіргі дүниежүзі географиясындағы күрделі өзгерістер мен даму үрдістерін тереңдетіп зерттейді. Сондай-ақ “Қазіргі дүниежүзінің географиясы” курсы микро және макроэкономикалық үрдістердің ХХІ ғасырдағы география әкелетін жаңа өзгерістерін де зерттейді.

“Қазіргі дүние географиясы” пәні орта мектеп география оқытушыларын дайындаудағы маңызды пәндердің бірі. Аталмыш пән қазіргі дүниежүзі географиясындағы өзгерістер мен олардың себеп-салдарын зерттеп, географиялық ой-тұжырым жасау негізінде қазіргі дүниежүзіндегі үрдістер мен олардың экономикалық және әлеуметтік географияға сай келуін көрсетіп береді.

1.18 Топонимика

Пәннің ролі – мамандықты жан-жақты оқып, біліп, іскер, қоғамға пайда келтіретін мүшесін дайындау.

Маңызы – пән арқылы жер-су, елді-мекен аттарының шығу, қалыптасу кезеңдерін көрсету. Пән маманға интелектуалды қасиеттерді бере отырып, олардың табиғатқа деген, оны қорғау және тиімді пайдалану ынталығын арттыру, сезімдерін тәрбиелеу болмақ.

Пән арқылы жер-су, елді-мекен аттарының шығу, қалыптасу кезеңдерін көрсету. Пән маманға интелектуалды қасиеттерді бере отырып, олардың табиғатқа деген, оны қорғау және тиімді пайдалану ынталығын арттыру, сезімдерін тәрбиелеу болмақ.

Ең басты мақсаты білімді және білікті мамандарды дайындау. Мәселесі оқу процесін осы мамандыққа сәйкес пәндерді жаңа технологиялармен оқыту, фундаментальды білім беру, өз мамандығы бойынша іскер, Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелейтін, баулитын шаралар болуы қажет.
1.19 Қызмет көрсету географиясы

“Қызмет көрсету географиясы” халықтың қажетін өтеу саласы бағытында студенттердің соны тұрғыда білім алып шығуына көмектеседі. Пән бағдарламасы негізінен жоғарғы курс студенттеріне арналып жасалынған. Осы курстың шеңберінде – баршаға мәлім фактілер, идеялар, терминдер және теориялық түзілім жүйесімен қатар, қызмет көрсету салаларының құбылмалы өзгерістері туралы түсінік беруді алдын- ала қамтамасыз ету тұрғысындағы жаңа материалдар да қарастырылады.



1.20 Геоэкономика және интеграциялық процестер

Геоэкономика - әлемдік экономика туралы ғылымдардың бір саласы. Өтпелі экономика елдеріне кіретін Қазақстан және ТМД елдері бүгінгі таңда қоғамлық-саяси өмірдің барлық сферасында терең өзгерістерді басынан кешіріп отырған елдер.

Геоэкономиканы практикалық тұрғыдан ұлттық мүддені геоэкономикалық кеңістікте барынша қолайлы жағдайларға, дүниежүзілік табысқа тікелей шығаратын жолдарды іздестірумен айналысатын ғылым.

Бұл курс дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың дамуының тарихи және практикалық тәжірибелерін ұғынудың қорытындысын, ғылыми доктриналардың үлгісін, әлемдік экономика қалыптасуының қоғамдық тәжірибесін ашып көрсетеді.



1.21 Тұрғындар географиясы

Бұл курстың мақсаты – дүние жүзінің тұрғын халықтары жайлы жүйелі түрде түсінік беру. Тұрғын халықтың ұдайы өсіп-өнуі, миграциясы мен еңбек ресурстары географиясының сипатын ашу. Олардың таралып орналасуына, тұрғын халықтың аумақтар бойынша бөлінуіне тоқталу және олардың тұрмыс-салттарының шартты түрдегі байланыстарын көрсету. Дүниежүзінің тұрғын халықтарының құрамы мен құрылымына, этносына, қоныстану түрлеріне біртұтас түсінік беру. Материалдарды жетік түсінуге, мектептегі – Дүниежүзінің, ТМД-ның және Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курстары арқылы алған білім нәтижелері өз көмегін тигізеді.


1.22 Туризм және өлкетану негіздері

Жалпы географиялық байланыстар. Туристік іс туралы Заң. Туризм, өлкетану және экологияның арақатынасы. Туристік өлкетану ісінің жүйесі. Туризм және өлкетану термині жасалуының негізі талаптары.

Туризмнің классификациясы. Туризмнің түрлері мен формалары. Туризмді басқару және ұйымдастыру құрылымы. Туризмнің даму тарихы. Жорықтарды дайындау және ұйымдастыру. Маршруттық құжаттарды толтыру. Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері. Турист гигиенасы. Алғашқы медициналық көмек көрсету. Туристің құрал-жабдығы. Туристердің өлке танулық және қоғамдық жұмыстары. Табиғатты, табиғи ескерткіштерді қорғау.

1.23 Елтану

Елтану пәні бірқатар курстармен байланысады: жалпы жер тану, картография, физикалық және экономикалық география, тарих, мәдениеттану, халықтар географиясы, этнография т.б. оның ішінде философияның, саясаттанудың, экономиканың және әдебиеттің де мәселелері қарастырылады. Елтану курсы негізінен дүние жүзі елдеріне жалпылама сипаттама береді. Курстың негізгі мақсаты дүние жүзі елдері туралы толық түсінік қалыптастыру.

Елтану курсының мазмұны көптеген географиялық сұрақтарды қарастыра отырып, аймақ бойынша топтасуын, әлеуметтік-экономикалық белгілерін және дүние жүзі елдерінің орналасуын да анықтайды. Елтану пәнінің негізі академик Н.Н.Баранскийдің сызбасы бойынша жасалған. Елтану пәнінде физикалық-экономикалық география, халықтар географиясы туралы берілген.
1.24 Саяси география геосаясат негіздерімен

Жер шарының географиялық заңдылықтарын, олардың динамикалық ерекшеліктерін және ірі табиғи территориялық кешендерге сипаттама бере білуге, оларды көршілес елднрі мен мемлекет аралық шекараларының мәселелерін қарастыруға, әкімшілік-аумақтық блініс пен жергілікті зін-өзі басқарудың экономикалық-географиялық негіздерін оқытып үйретеді. Оны геоиконометрия тарауларын меңгере отырып, компьютер жүйесінде қолдану және өз бетінше анализ жасай білу. Пәнді теориялық және практикалық жағынан оқыта отырып, студенттерге ең алдымен «Саяси географияны» терең оқып-білуде оны геосаясатпен генетикалық бірлікте қарастыруға бағытталған. Пәннің басты міндет - мақсаты саяси географияны негізгі идеялары мен концепцияларын білдіру, мемлекеттік шекараларды географиялық зертеулердің әдістері мен жолдарын оқыту.

Жоғарғы білім беру негізінде мемелекеттік жалпы стандартқа сай болашақ мұғалімдерге теориялық білімдерін практика жүзінде тереңдетіп игеруде қажетті мәліметтерді толық және қазіргі кездегі жағдайға сай қалыптастыра білу.

Магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі:


1.Геология ғылымы, оның пәні және міндеттері. Дамуы мен негізгі бөлімдері. Кристаллография, минералогия, петрография, динамикалық және тарихи геология. Геологияның басқа ғылымдармен байланысы

2. Географиялық карталардың жіктемесі. Карталар сериясы, географиялық атластар. Карталарды жасау жайлы түсінік

3. Гидросфера. Жер гидросферасының көлемі мен құрылысы, құрамдас бөліктері. Жер шарындағы су айналымдары және оның географиялық қабықтағы маңызы

4. Геоморфологиядағы зерттеу әдістері. Геоморфологиялық картаға түсіру. Геоморфологиялық карталар және олардың түрлері. Геоморфологиялық зерттеулердегі аэро және космостық фотосуреттердің маңызы

5. Эолды, карстық, теңіздік үрдістер және рельеф. Теңіз жағалаулары, карсты және шөлді аймақтар морфологиясы. Беткейлік процестер және рельеф

6.Эндогендік процестер және рельеф. Тектоникалық қозғалыстардың, вулканизмнің, жер сілкінудің рельефқұрудағы маңызы. Вулканды аймақтардың морфологиясы.



7.Тау жыныстары туралы түсінік. Тау жыныстарының құрамы. Тау жыныстарын құраушы минералдар. Тау жыныстарының қасиеттері мен зерттеу әдістері. Тау жыныстарының классификациясы

  1. Минералдар туралы түсінік. Минералдардың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері. Зерттеу әдістері. Минералдың классификациясы

  2. Геохронологиялық кесте. Докембрий, полеозой, мезозой, кайназой эраларының қысқаша сипаттамасы. Төрттік жүйесіндегі мұздану. Адамның пайда болуы мен дамуы

  3. Топография. План мен карта. Топографиялық карталардың номенклатурасы. Градустық торлар. Карталар бетінде географиялық объектілердің кескінделуі. Картада бағдарды анықтау

  4. Эндогендік үрдістер. Жер қыртысының геологиялық дамуындағы тектоникалық қозғалыстардың, магматизмнің, жер сілкінудің маңызы. Вулкандардың түрлері

  5. Геоморфология ғылымы, оның пәні және міндеттері. Дамуы мен негізгі бөлімдері. Рельефтің түрлері. Рельефқұрушы факторлар. Рельеф классификациясы

  6. Топырақ морфологиясы. Топырақ типтерінің таралуы. Топырақ географиясының негізгі заңдылықтары. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

  7. Ауа райы және климат. Микроклимат. Климатты жіктеу. Жер климаттары. Климаттағы өзгерістер

  8. Географиялық қабық және ол туралы жалпы жертанудың зерттеу объектісі ретінде түсінік. Кеңістік туралы түсінік және оның құрамдас бөліктері. Галактикалар, Күн жүйесі, Күн

  9. Жер. Жердің ішкі құрылысы. Жер қыртысының құрамы мен құрылысы. Жер қыртысының дамуындағы литосфералық плиталар қозғалысының маңызы. Гипотезалар

  10. Картография. Географиялық карта туралы түсінік. Карталардың математикалық негізі. Бұрмаланулар және оларды географиялық карта бетінде анықтау

  11. Палеонтология ғылымы туралы түсінік. Организмдердің қазынды қалдықтары. Жетекші форма дегеніміз не? Организмдердің тау жыныстарының қабаттарының жасын анықтаудағы маңызы. Тау жыныстарының жасын анықтаудың әдістері

  12. Жер планетасы. Оның өлшемдері мен географиялық маңызы. Жердің қозғалысы. Жер бетіндегі жалпы географиялық заңдылықтары

  13. Флювиальды, нивалды үрдістер және рельф. Суэрозиялық және суаккумулятивті рельеф түрлерінің дамуының сипаты мен заңдылықтары. Қазіргі және ертедегі мұздану дамыған аймақтардың морфологиясы

  14. Метеорология және климатология пәні, мақсаттары мен міндеттері. Метеорологиялық бақылаулар. Ауа және атмосфера. Күн радиациясы. Атмосфералық циркуляция

  15. Топырақтану ғылымы, пәні мен міндеттері. Даму кезеңдері, басқа ғылымдармен байланысы. Топырақ түзілу факторлары. Топырақтың құрамы мен классификациясы

  16. Құрлық сулары. Беткі және жер асты сулары. Құрлықтағы су ағыны және су балансы. Құрлық суларының сипаттамасы. Қазіргі заманғы су проблемалары

  17. Атмосфера туралы түсінік. Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфераның басқа географиялық қабықтың компоненттерімен байланысы. Атмосферадағы процестер

  18. Дүниежүзілік мұхит және оның сипаттамасы. Мұхит табаны және оның жер бедері. Табиғаттағы су айналымы

  19. Географиялық карталарды құрастыру әдістері. Оларды өңдеу және безендіру, карталардағы жазулар, карта құрастырудағы аэро және космостық түсірілімдердің маңызы

  20. Литосфера. Оның құрылысы. Биосфера. Тірі организмдердің географиялық қабықтың басқа компоненттерінің дамуындағы маңызы

  21. Картографиялық проекциялар, олардың жіктелуі. Картаны құрастыру барысында картографиялық проекцияны таңдай білу. Масштаб және оның түрлері

  22. Экзогендік процестер. Жер қыртысының геологиялық дамуындағы үгітілудің, өзендердің, желдің, теңіздердің, мұздықтардың геологиялық іс-әрекеттерінің маңызы

  23. Географиялық орта мен қоғам. Адам мен қоғамның географиялық ортамен байланысы. Адам қоғамының географиялық ортаға әсері.

  24. Оңтүстік Америка материгінің табиғат кешендерінің ерекшеліктері

  25. Антрактида материгінің табиғат кешендерінің ерекшеліктері мен даму тарихы

  26. Топонимдер және топонимика туралы түсінік. Топонимиканың еориялық негізде

  27. Атлант және Үнді мұхиттарына физикалық-географиялық сипаттама.Мұхит ресурстары және табиғатты қорғау мәселелері

  28. Кавказ және Орал таулы елі. Жер бедері, геологиялық құрылысы, климаттық жағдайлары және биіктік белдеуліктері. Елді физикалық –географиялық аудандастыру

  29. ТМД елдерінің ішкі сулары. Өзендер мен көлдерді классификациялау. Халық шаруашылығындағы ішкі сулардың маңызы

  30. Қазақстанның климатын құрушы факторлар. Территорияда температура, қысым, жел, жауын-шашын, буланудың таралу заңдылығы және ылғалдану коэффиценті. Таулы және жазықтық жерлердегі жаз, қыс айларының ерекшеліктері

  31. ТМД елдерінің табиғат зоналары, олардың орналасу ерекшеліктері. Табиғат зоналарының климаттық өзгерістері

  32. Евразия материгіне физикалық географиялық сипаттама. Табиғат кешендерінің ерекшеліктері

  33. Шығыс Европа жазығының жер бедері, геологиясы, климаты және табиғат зоналары. Антропогендік әрекеттердің әсерінен аймақтағы табиғаттың өзгеріске ұшырауы

  34. Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама. Табиғат комплекстерінің ерекшеліктері

  35. ТМД елдері территориясында таралған топырақтың негізгі типтері.ТМД елдерінің жануарлар дүниесі



  1. Рекреациялық географияның теориялық негізі. Рекреациялық ресурстарды бағалау әдістері

  2. Табиғатты пайдаланудың экономикалық-географиялық негіздері. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және оларды экономикалық бағалаудың мәні

  3. Ландшафт қалыптастырушы факторлар және оны құрайтын морфологиялық-территориялық кешендер, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі. Қазақстанның ландшафттық дифференциясы

  4. ТМД елдерінің климаттық жағдайлары. Климат қалыптастырушы негізгі факторлар, маусым бойынша климаттың өзгеруі. ТМД елдерін климаттық аудандастыру

  5. Халыққа қызмет көрсетудің денгейлік көрсеткіштері. Жекеменшіктік және интегралдық қызмет көрсетудің қазіргі даму жағдайы

  6. Халыққа қызмет көрсету кәсіпорындары мен мекемелерін ұйымдастыру және оларды орналастырудың негізгі принциптері. Тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық және т.б. қызмет көрсету

  7. ОҚО табиғат жағдайлары мен ресурстары. Табиғатты қорғау мәселелері

  8. Батыс және Орта Сібір елі. Жер бедері, геологиялық құрылысы, климаттық жағдайлары. Елді физикалық-географиялық аудандастыру

  9. 21.Қазақстан территориясындағы ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар. Өзен алаптары және өзендердің қоректену режимі. Көлдер және олардың генетикалық типтері. Өзендердің және көлдердің экологиялық жағдайы. Трансшекаралық өзендер мәселелері

  10. Африка материгіне физикалық-географиялық сипаттама. Табиғат комплекстерінің ерекшеліктері

  11. ТМД елдері территориясының жер бедері мен геологиялық құрлысы. Аймақтық геологиялық-тектоникалық дамуы. Пайдалы қазбалары

  12. Қазақстан жер бедерінің ерекшеліктері, оның геологиялық-тектоникалық құрылымымен байланысы. Жер бедерінің генетикалық типтері: тектоникалық-денудациялық,денудациялық, аккумулятивті-денудациялық

  13. Ландшафтану ғылымы, мақсаты мен міндеті. Ландшафтану туралы ілімді қалыптастырушы ғылымдар, XX ғасырдағы ландшафтану ілімінің қалыптасуы, оның зерттеу әдістері, алға қойған мақсаты мен міндеттері. Ландшафтанудың қазіргі кезеңдегі дамуы

  14. Тынық және Солтүстік мұзды мұхиттарға физикалық-географиялық сипаттама. Мұхит ресурстары және табиғатты қорғау мәселелері

  15. П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің Орта Азия тауларын зерттеулері

  16. Қазақстан табиғатының даму сатылары. Геологиялық құрылысы тектоникалық аудандастырылуы, қатпарлы және платформалық облыстар. Пайдалы қазбалардың таралу заңдылығы мен геологиялық құрылымы

  17. Ландшафт генезисі. Генетикалық карталар мен кешендік топтар. Ландшафт динамикасы. Оның өзгеру себебі және әсер етуші үрдістер

  18. Қазақстанның табиғат зоналары. Таулы аймақтардағы биіктік белдеулік зоналардың қалыптасу заңдылығы және өзіндік ерекшеліктері

  19. Дүниежүзінің өнеркәсіп географиясы, салалық құрамы. Ауыр индустрия салалары. Өнеркәсіп географиясының экономикалық потенциалының артуына әсері. Өнеркәсіп түйіндері мен аймақтық өндірістік кешендер

  20. Қазіргі дүниенің алуан түрлілігі және біртұтастығы. Әлеуметтік- экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерін топтастыру

  21. Қазақстанның көлік географиясы. Көлік түрлерінің қалыптасуы мен дамуы. Ірі көлік тораптары мен түйіндері. Көліктің сыртқы экономикалық байланыстағы маңызы

  22. Қазақстан мен Орта Азияның топонимикалық жүйесі. Халықтық географиялық терминдер туралы

  23. Қазіргі дүниедегі интеграциялану мен жахандану үрдістері. Оның экономикалық алғышарттары

  24. Дүниежүзінің географиясы және халықаралық қатынас. Көліктің салалық құрамы.Көлік және қоршаған орта. Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың түрлері. Халықаралық туризм

  25. ТМД елдерінің агроөнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығының негізгі проблемалары мен даму перспективалары. Ауыл шаруашылығының маманданған салалары

  26. Дүниежүзінің ауыл шаруашылық географиясы. Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивті және интенсивті даму жолдары

  27. Дүние жүзінің халқы. Халықтың саны, ұдай өсуі, типтері. Демографиялық саясат. Халықтың құрамы: этникалық, діни, кәсіби. Қала және ауыл халқы

  28. Қызмет көрсету сферасы және оның әлеуметтік – экономикалық маңызы. Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен ұйымдастыру факторлары

  29. Қазақстан шаруашылығының сипаттамасы. Салық құрамы, олардың шикізат базасы. Нарықтық экономикаға ену мәселелері

  30. Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы және болашақта даму перспективалары. Қазақстандағы туристік орталықтар

  31. Жоғары дамыған елдер. Дүниежүзі шаруашылығындағы орны. Ішкі айырмашылықтары, үш басты орталықтары. Экономикалық географиялық жағдайлары. Қазақстанмен байланыстар

  32. Дамушы елдердің экономикалық-географиялық жағдайлары. Дамушы елдер ұғымы. Олардың арасындағы айырмашылықтар. Геосаяси орны

  33. Дүниежүзі саяси географиясының дамуы және қоғамның саяси-аймақтық ұйымдасу концепциясы

  34. Қазақстандағы рекреациялық іс-шаралар және оларды дамытудың бағыттары. Қазақстанның табиғи – тарихи ресурстары мен рекреациялық зоналарының маңызы

  35. Дүние жүзінің өнеркәсіп географиясы, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп. Өнеркәсіп салаларының шикізатпен қамтамасыз етілуі. Орналасу ерекшеліктері, ірі орталықтары. Қоршаған орта мәселелері

  36. ТМД елдерінің геосаяси орны. ТМД-елдерінің халқы. Демографиялық жағдайы. Таралуы, көші-қоны

  37. Халықтың ұдайы өсіп-өну географиясы. Халық санағы. Халықтың өсіп-өнуіне әсер ететін факторлары. «Демографиялық жарылыс» және демографиялық саясат. Халықтардың нәсілдік, ұлттық, діни, жастық құрамы

  38. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары. Экспорты мен импорты. Негізгі сауда-саттық әріптестері. Даму перспективалары

  39. Экономикалық географиялық аудандастыру. Оның принциптері мен таксономикалық бірліктері. Аудандастырудың аймақтық ерекшеліктері

  40. Қазақстанды зерттеген ғалымдардың еңбектері. Ш. Уалихановтың экспедициялары мен академик Қ. Сәтбаевтың зерттеулері

  41. Қазақстанның экономикалық аудандары және олардың өнеркәсіптік мамандануына жалпы шолу

  42. Еңбек ресурстары, оның сандық және салалық сипаты. Халықтың көші – қоны (миграциясы). Халықтың таралып орналасуы, қоныстанудың географиялық формалары

  43. Қазақстан Республикасының халқы. Саны, өсуі, таралуы. Халықтың ұлттық, жастық және жыныстық құрамы. Қала және ауыл халқы. Халықтың көшіп-қонуы. Еңбек ресурстары

  44. Табиғи-рекреациялық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы. Рекреацияның табиғатты қорғаудағы алатын орны

  45. Әлемнің саяси картасындағы Қазақстанның орны және халықаралық ұйымдарға қатынасы. Қазақстанның қазіргі геосаяси жағдайы мен оның сыртқы саясаты

  46. ТМД елдерінің ауыр индустрия кешені, олардың шикізат қорлары. Металлургия өнеркәсібінің орналасу ерекшелігі

  47. ТМД елдерінің көлік кешені. Көлік тораптарының негізгі бағыттары. ТМД елдері арасындағы экономикалық байланыстар

  48. Қазіргі қалалар және урбандану мәселелері. Урбанданудың дүниежүзілік сипаты. Қалалардың классификациясы және типологиясы



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Картография с основами топографии. Учебное пособие для педагогических вузов. Под.редакцией. Г.Ю.Грюнберга. М., 1991г.

2. Қалыбеков. “Геодезия және топография негіздері”. Алматы., 1983.

3. Южанов В.С. Картография с основами топографии. Уч.пос. М., Высш. Шк., 2001.

4. Грюнберг Г.Ю. Картографические понятия в школьной географии. М., 1979.

5. Грюнберг Г.Ю. Изготовление географических карт в школе. М., 1972.

6. Берлянт А.М. Картографические методы исследования. М., 1997.

7. Берлянт А.М. Геоинформационное картографирование. М., 1997.

8. Салищев К.А. Картоведение. М., 1976.

9. Гедымин А.В., Грюнберг Г.Ю., Малых М.И. Практикум по картографии с основами топографии. М., 1981.

17. Лапкина Н.А. Практические работы по топографии и картографии. М., 1971

11.Алисов Б.П. Климат СССР. М., 1969

12.Аллисон П. Геология. М., 1989

13.Ананьев В.П., Коробкин В.И. Инженерная геология М., 1997

14.Белоусов В.В. Основы геотектоники М., 1974

15.Белоусова О.Н., Михина В.В. Общий курс петрографии. М., 1972

16.Бетехтин А.Г. Минералогия. М., 1961

17.Бокий Г.Б. Кристаллохимия. М., 1960

18.Даминова А.М. Петрография магматических горных пород. М., 1967

19.Елисеев Н.А. Метаморфизм. М., 1963

20.Емельяненко П.Ф., Яковлева Е.Б. Петрография магматических и метаморфических пород М., 1985

21.Еремин А.В., Следников А.А. Геология М., 1971


  1. Жарков В.Н. Внутренее строение Земли и планет М., 1978

23.Заславский М.Н. Эрозиоведение М., 1983

24.Историческая геология. М., 1983

25.Корновский Н.В., Якушева А.Ф. Основы геологии М., 1972

26.Костов И. Кристаллография. М., 1965

27.Лазаренко Е.К. Курс минералогии. М., 1963

28.Леонтьев О.К. Морская геология М., 1982

29.Миловский А.В. Минералогия и петрография. М., 1973

30.Музафаров В.Г. Минералогия и петрография. М., 1955

31.Мурхауз В. Практическая петрография. М., 1963

32.Немков Г.И. и др. Историческая геология М., 1974.

33.Мильков Ф.Н. Общее землеведение. –Уч.пособие. М., 1990. 335 ст.

34.Мұқашева Ж.Н. Жалпы жертану. –Алматы, ҚазҰМУ, 2002.-267 б.

35.Боков В.А., Селиверстов Ю.П. Общее землеведние. – М., Высшая школа, 1999.


  1. Алекин О.А. Основы гидрохимии. Л., 1970.

  2. Михайлов В.Н., Добровольский А.Д. Общая гидрология. – М: Высшая школа. 1991.

  3. Омаров Т.Р. Қазақстанның өзендері мен көлдері. – Алматы:Қазақстан, 1975.

  4. Омаров Т.Р., Филонец Ю.П. Қазақстан көлдері.- Алматы: Қазақстан, 1987.

  5. Ж.Достайұлы. Жалпы гидрология. – Алматы: Білім. 1996.

  6. Жуков Л.А. Общая океанология. – Л.Гидрометеоиздат, 1976.

  7. Богословский Б.Б., Самохин А.А. и др. Общая гидрология. – Л., 1984.

  8. Мировой водный балансы и водные ресурсы Земли. Л., 1974.

  9. Чеботарев А.И. Общая гидрология. – М., 1975.

  10. Великанов М.А. Гидрология суши. – Л, 1964.

  11. Голубев Г.Н. Гидрология ледников. М., 1989.

39. Патерсон С.У. Физика ледников. – М: Мир, 1984.

40. Обедментова Г.В. Река и реки. – М, 1983.

41. Ж.Блон. Великий час океанов. – М., 1979.

42. Дубинский Г.П., Гурамник И.И. Метеорология. Ленинград. 1975

43. Кобышева Н.В., Костин С.И. Климатология . Ленинград, 1980.

44. Хромов С.П., Метеорология и климатология для географических факультетов. Москва,1989.

45. Матвеев А.Т., Основы общей метеорологии.Ленинград, 1989.

46. Кароль И.Л.,Введение в динамику климата Земли. Ленинград, 1988.

47. Хромов С.П., Петросянц М.А., Метеорология и климатология .Москва, МГУ, 1994.

48. Волошина А.П., Евтевич Т.В., Руководство к лабораторным занятиям по метеорологии и климатологии ,Москва , МГУ, 1975.

49.Турулина Г.К., Кожахметова Р.К., Практикум по метеорологиии климатологии, Алматы, КазГУ, 1998.

50. Атлас облаков. Л, Гидрометеоиздат, 1978.

51. Алисов Б.П., Полтораус Б.В., Климатология, МГУ, 1990.

52. Будыко М.И. Влияние человека на климат. Л, Гидрометеоиздат, 1972.

53. Бугаев В.А., Новое в прогнозировании погоды. Л, Гидрометеоиздат, 1982.

54. Погосян Х.П., Общая циркуляция атмосферы. Л, Гидрометеоиздат, 1985.

55.Леонтьев О.К., Рычагов Г.И. Общая геоморфология. М., Высш.шк., 1988.

56.Якушева А.Ф. Геология с элементами геоморфологии. М: Изд. МГУ., 1983.

57.Лютцау С.В., Кружалин В.И. Учебное пособие по общей геоморфологии. М: Изд. МГУ, 1987

58.Кусаинов С.А. Жалпы геоморфология. А., Қаз.универ., 1998.

59.Щукин И.С. Общая геоморфология. М.,МГУ. 1974, Т. 1-3.

60.Башенина И.В. Формирование рельефа на земной поверхности. М.: Высш.шк., 1977.

61.Веселова Л.К. Методические указания к лабораторным занятиям по геоморфологии. Алма-Ата, 1989.

62.Веселова Л.К., Калыкова Р.У. Жалпы геоморфология. Алматы: Қазақ университеті, 1997.

63. Аристаркова Л.Б. процессы аридного рельефообразования. М., 1972.

64.Воскресенский С.С. Динамическая геоморфология. Формирования склонов. М., 1981.

65.Темереева Ф. М., Бексеитова Р.Т. Геоморфология практикумы. Жезқаз. универ. 2000.

66. Молдагұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт негіздері. Алматы.1994

67.Мұқашова Ж.Н. Ландшафт негіздері. Алматы-1998

68.Досжанов Т.Ө. Қазақстанның табиғат зоналарының ландшаттарға бөлінуі. Шымкент 2002.

69.Исаченко А.Г. Ландшафтоведение и физико-географическое районирование. М., 1991.

70. Биғалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ж. Қазақстанның топырақ экологиясы.- Алматы, 1995.

71.Бабаева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. М., МГУ; 1989.

72. Тазабеков Т:Т., Тазабекова Е.Т. География почв с основами почвоведения. Алматы, 2006.

73. Мишустин Н.Е., Емцев В.Т. Микробиология..- М. Колос, 1986.

74. Өтемағанбетов М.М. Қазақстанның физикалық географиясы. – Алматы, 2004.

75.Физическая география Республики Казахстан.- Алматы: Қазақ университеті, 1998.

76. Бейсенова А., Карпеков К. Физическая география Казахстана.-Алматы: Ата-мура, 2004.

77. Герасиомв В.П. Казахстан. – М., Наука, 1969.

78. Абдуллин А.А. Геология Казахстана. – Алматы, 1982.

79.А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М., Владос, 2001 г.

80. М.М. Голубчик. Экономическая и социальная география. М., Владос 2003г.

81.Е.В. Вавилова. Экономическая география и регионалистика. М., 1999 г.


  1. А.Ю. Скопин. Религиозная политика и экономическая безопасность Рассии. Вопросы экономики, 1995 г., №1.

83.Н.Н. Баранский. Краткий очерк развития экономической географии. Изб. Гр. М. Мысль, 1980 г. стр. 28-63.

84.Б.Н. Семевский. Теоретическая эконом-география. Л. Наука, 1981г, стр. 171-147.

85.Адамова А.И. Горлов В.Н., и.др. Экономическая и социальная география СССР. М. “Высшая школа” 1985г.

86. Белов А.Н. Трудовые ресурсы СССР М. “Прощение” 1980г.

87. Буянов Н.Н. Нефть и газ в народном хозяйстве СССР. М. “Мысль” 1977г.

88. Козлов Ю.К. Развитие и размещение машиностроение СССР М. “Машиностроение” 1974г.

89. Данилов С.К. Экономическая география транспорта СССР. М. Транспорт 1977г.

90. Суворова Г.Т. Экономическая география СССР. М. “Экономика”

91. Никитина Н.М. Экономическая география СССР Общий обзор, под ред. “Просвещение”, 1993

92. РОМ. В.Я., Дронов В Экономическая и социальная география СССР. М. Учеб. для 9 кл. “Просвещение” 1994г.

93. Гончаров А. Из истории Шымкента. // Рабат. – 24.01.2007.

94. Шымкент тарихы – ақпараттық жолбасшысы. – Шымкент: Кітап ЖШС, 1998.

95. Исмаилав А. Страницы истории Южного Казахстана (1864-1917 гг). – Шымкент, 2003.

96. Шуховцов В.К. Заметки по топонимике Южного Казахстана. – А., 1978.

97. Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлих поселений и городов Южного Казахстана. – Тр ИИАЭ АН КазССР, Т.5.1958.

98. Оңтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005.

99. ОҚО халқының көшіп-қонуы. Сараптамалық жазба. – Шымкент, 2004.

170. Тасболат Б., Кенжебаева Р.Н. География. – Шымкент, 2006.



  1. Сәбит Жолдасов. Шежірелі Оңтүстік. – Алматы, 2002.

172. Семенова М.К. Природа и хозяйство Южно-Казахстанский области., Алматы: Изд.АН.Каз ССР, 1959.

173. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. – Алматы: Наук, 1975.

174. Поверхностные воды Южного Казахстана. – Л.:Гидрометеоиздат, 1976.

175. Бувалкин А.К., Кушев Г.Л. Угольные месторождения Южного Казахстана и перспективы их промышленного освоения. – Алма-Ата: Наука, 1966.

176. Геология и минералогия полиметаллических и медных месторождений Южного Казахстана. – Алма-Ата.:Наука, 1968.

177. Кислыцин Е.П. Полезные ископаемые в антропогеновых (четвертичных) отложениях Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1965.

178. Оңтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия. /Бас ред.Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС, 2005.

179. Оңтүстік Қазақстан Облысы – 60 жылда (1932-1992 жж). – Шымкент, 1992ж.

117. ОҚО-ның статистикалық жылнамасы. – Шымкент, 2006.

111. Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы / Под. Ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

112. Липец Ю.Г.,Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық. – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999.

113. Спиридонов И.А. Әлемдік экономика, оқулық. – Мәскеу, ИНФРАМ, 19999.

114. Максаковский В.П. География мәдниеті, студенттер үшін оқулық. Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999.

115. Максаковский В.П. Дүниежүзінің тарихи географиясы. ЖОО-на арналған оқулық. – Мәскеу, ЭКОПРОС, 1999.

116. Майдан-Әли Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы, 1998.

117. Болотин Б.М., Шейнис В.Л. Дамыған елдердің экономикасы цифрларда. Ғылым, 1988.

118. Витвер И.А. Шетелдердің экономикалық-әлеуметтік географиясының тарихи-географиялық кіріспесі. – Мәскеу, 1963.

119. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы. – Мектеп оқулығы. – Мәскеу, Просвещение, 1993.

120.Исаченко А.Г. География в современном мире. М., Просвещение, 1998.

121. Увалиев Т.О., Полтушев А.М. Международные организации ООН и Казахстан (учебное пособие). – Алматы, АГУ, 1997.

122. Увалиев Т.О. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы (оқу құралы). – Алматы, АлМУ, 1998.

123. Увалиев Т.О. Халықаралық ұйымдар (оқу құралы). – Алматы, АлМу, 1999.

124. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – М.: Мысль, 1974.

125. Нұрмағанбетұлы А. Жер-су аты – тарихтың хаты. – Алматы.:Балауса, 1993.

126. Койчубаев Е.Краткий толковый словарь топонимики Казахстана. Алма-Ата, 1974.

127. Конкашпаев Г.К. Словарь казахских географических названий. – Алма-Ата, 1963.

128. Конкашпаев Г.К.Цветовые слова в тюркских топонимиках. – В кн.: «географические науки». – Алма-Ата, 1969.

129. Поспелов Е.М. Транскрипция географических названий. – М., 1957.

130. Хасанов Х.Х. Ценный источник по топонимике Средней и Центральной Азии. – В кн.:Т.В. – М.,1962.

131. Қашқари М. Түрік сөздігі. І том. Алматы, Хант, 1997.

132. Қаймулдинова К.Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. Оқу құралы. Алматы, Ғылым. 2001, 92 б.

133. Кочетов Э.Г. Геоэкономика. М:, Бек, 2002.

134. Родионов И.А., Холина М. Политическая карта мира. – М., 1998.

135. Дергачев В. Геоэкономика. – Киев, Вири, 2002.

136. Геоэкономика и внешнеэкономическая стратегия Россий.- М., 1994.

137. Весь мир: Расы, народы, нации и народности. Справочник.- Минск, 2000.

138. Брук С.И. Население мира (этнодемографический справочник). – М., Наука, 1986.

139. Демография: Современное состояние и перспективы развития./Под.ред.Д.И.Валентея./. М., Высшая школа, 1997.



140. Копылов В.А. География населения. – М., ИВЦ, Маркетинг, 1999.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет