Бабата ауылдық су құбыры құрылысына мембранды су тазалағыш қондырғысы арқылы шешу жолдары қарастырылуда. Мембранды қондырғысын орнату үшін аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, ЖСҚ дайындалды. Бабата ауылдық су құбыры суының кермектігіне байланысты ауыз суы сағатына 15м3 таза су шығаратын КРИ-РВС-П-15 модельді мембранды қондырғы орнатуға 20 072 172 (жиырма миллион жетпіс екі мың жүз жетпіс екі) теңге және қолданыстағы 3 ұңғықұдықтағы судың құрамында темірдің шекті нормадан жоғары болуына байланысты 15 м3-тық судың құрамындағы темір қоспаларын жою қондырғысын орнатуға 9 100 000 (тоғыз миллион жүз мың) теңге, барлығы 29 172 172 (жиырма тоғыз миллион жүз жетпіс екі мың жүз жетпіс екі) теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, 2014 жылдың 29 қыркүйегінде конкурс жеңімпазы анықталды, конкурс жеңімпазы болып жеке кәсіпкер Жанпайызов Азамат танылды. Аталған кәсіпкермен бөлім арасында келісім-шарт жасалынып, қараша айында аталған қондырғыны орнату жұмыстары толықтай аяқталып, тұрғындарға 24 сағат таза ауыз су берілуде.
Созақ ауданының Құмкент-Қызылкөл-Қызылқанат ауылдық су құбыры құрылысына мембранды қондырғы орнату үшін аудандық бюджеттен жобалық сметалық құжаттама дайындалды. ЖСҚ-ға сәйкес сағатына 35 м3 таза су шығаратын қондырғы орнатылды. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда облыстық энергетика басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2014 жылдың желтоқсан айында мембранды қондырғы орнатылып, тұрғындарға таза ауыз су берілетін болады.
Тасты-Шу топтасқан су құбырын іске қосу мақсатында қосымша ұңғықұдық қазу және қуатты су тазалағыш қондырғысын орнату жұмыстарына «Проект-А» ЖШС-ы арқылы жобалық сметалық құжаттары дайындалып сараптамадан өткізілді, республикалық бюджетке қаржы бөлу жөнінде ұсыныс енгізілді.
Аталған топтасқан ауыз су жүйесінің бағдарлама әкімшісі ҚР АШМ министрдің міндетін атқарушы С.Омаровтың Облыс әкімі А.Мырзахметовке 2014 жылдың 3 қазандағы №Д-6080 санды жазылған хатына сәйкес, қайта ұңғықұдық қазып, қуатты су тазартқыш қондырғы орнату үшін 2014 жылғы республикалық бюджеттің кезекті нақтылауына 98,8 млн.теңге қаржы бюджеттік инвестициялық тізілімге енгізілген. Қазіргі таңда қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Кәріз жүйесі
Аудандағы 38 елді мекеннің тек 2-де кәріз жүйелері тартылған. Бұл елді мекендер көпқабатты үйлер орналасқан Таукент және Қыземшек кенттерінде. Ауданның қалған елді мекендерінде көпқабатты үйлер болмағандықтан кәріз жүйесі құрылысын жүргізу ұсынылмаған. Таукент кентіндегі кәріз жүйесінің ұзындығы -14,973 шақырымды құраса, Қыземшек кентіндегі кәріз жүйесінің ұзындығы - 14,885 шақырымды құрайды. Кәріз жүйесі бойынша жеке тұлғаларға бекітілген тариф 19,89 теңгені құраса, заңды тұлғаларға бекітілген тариф 300,23 теңгені құрауда.
Тұрғын үй секторы
Созақ ауданы бойынша 43 көпқабатты тұрғын үйді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жоспарланған. Бүгінгі таңда Қыземшек кентіндегі 23 көпқабатты тұрғын үй және Шолаққорған ауылындағы 6 көпқабатты тұрғын үй, Таукент кентіндегі 14 көпқабатты тұрғын үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелді.
2015 жылға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қыземшек кентінен №11, №6, №17 көпқабатты үйлері, Шолаққорған ауылы Қазыбек би көшесіндегі №13, 16 көпқабатты тұрғын үйлеріне жобалау сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері, жер ресурстарын басқару комитетіне тапсырылды.
Абаттандыру
«Жасыл-аймақ» көгалдандыру іс-шарасы бойынша аудан орталығы Шолаққорған ауылына кіретін жол бойының екі жағына ұзындығы 3 шақырым жерге сым шарбақпен қоршалып, 4 қатардан 6 000 түп, яғни 4 000 түп декоративті, 2 000 түп қара тал ағашы отырғызылды. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 25 млн. теңгенің қаржысы бөлініп толық игерілді. Әр қатарға тамшылатып суғару әдісі бойынша ұзындығы 12 шақырым диаметрі 50 мм полиэтилен құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ұзындығы 27 метр болатын 2 ұңғы қазылды. Бұл жерге «Жасыл аймақ» бағдарламасына сәйкес мемлекеттік акт алынған.
2011 - 2013 жылдары «Жасыл-аймақ» көгалдандыру іс-шарасы аясында Созақ ауданы бойынша 1 454 га жер көлеміне 610 700 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Іс-шара жоспарының орындалуы 3 жылдың қорытындысы бойынша 1 404 га жер көлеміне 589 494 ағаш көшеттері отырғызылып жоспар 97 пайызға орындалған.
2014 - 2016 жылдарға арналған «Жасыл-аймақ» іс-шара жоспары бекітілді. Жоспар бойынша үш жыл көлемінде 660,37 га жер көлеміне, 657 257 түп жасыл желектер (ағаш, сексеуіл) отырғызу жоспарланған.
Аудан көшелерінің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылы 100 қоқыс тастайтын контейнер, 2014 жылы 100 қоқыс тастайтын контейнерлер мен 100 урналар алынып қойылды. Жалпы аудан көлеміндегі көгалдандыру - көріктендіру бағдарламасы бойынша аудан орталығындағы көшелерді абаттандыру, бильбордтар орнату, кіші архитектуралық формалар, гүлзарларды күтіп ұстау, аяқ жолдарын орташа жөндеу, орталық және жастар саябағының тазалығын сақтау жұмыстары жүргізілуде.
Көлік
Аудандағы елді мекендердің жолаушылар тасымалдау бағыттарының жүйесі негізінен облыстық автокөліктермен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күнде 38 елді мекеннің 34-і жолаушылар тасымалдаумен қамтылған. Жолаушыларға бір автобекет, екі жеке автобекеттер қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі автомобиль жолдарының барлығы 417,1 шақырым. Оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 59,1 шақырым болса, осы жолдардың 53,9 шақырымы асфальтталған, оның ішінде аудандық маңызы бар автомобиль жолы «Балдысу –Қарабұлақ» 5,2 шақырым қара жолына биылғы жылы жаңа құрылыс ретінде жобалық сметалық құжаттары дайындалып, асфальтталады. Ал елді мекендердің ішкі автомобиль жолдары 358 шақырым. Ішкі жолдардың 107 шақырымы асфальтталған, 108,7 шақырымына тас төселген, қалған 142 шақырымы автомобиль жолдары қара жолдар. Биылғы жылы елді мекендердің ішкі автомобиль жолдарының 18 көшесіне жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жаңа құрылыс нысындарына жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Кезек-кезегімен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары және елді мекендер бойынша көшелердің ішкі автомобиль жолдары республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттерге ұсынылады.
Жүк айналымының көлемі 2011 жылы 112,9 млн. ткм болса, 2012 жылы 114,7 млн. ткм құрады. 2013 жылы 119,6 млн. ткм тасымалданып, жүк айналымының көлемінің көрсеткіші 2013 жылды 2011 жылдың деңгейімен салыстырғанда 105,9 % артты. 2014 жылдың 11 айында жүк айналымының көлемі 133 млн. ткм болды. Жыл соңына дейін 147,5 млн. ткм жеткізу, 2015 жылы 165 млн. ткм болады деп жоспарлануда. Жүк айналымының көлемінің арытуы өндіріс орындарының ашылуына байланысты, негізінен жүк тасымалымен өндіріс орындарына қарайтын автокөліктер, темір жол және жеке меншік автокөліктер айналысады.
Жолаушылар айналымының көлемі 2011 жылы 159,7 млн. жкм болса, 2013 жылы 185,2 млн. жкм құрады. Жолаушылар айналымының көлемінің көрсеткіщі 2011 жылмен 2013 жылы аралығының деңгейімен салыстырғанда 115,9 % артық жолаушы тасымалданған. 2014 жылдың 11 айында 194,3 млн. жкм болса, жыл соңына дейін 216,2 млн. жкм, 2015 жылы 227 млн. жкм жетеді деп жоспарлануда.
Ауданда жалпы жүк ағыны мен жолаушылар тасымалындағы жүк көлемінің және жолаушылардың ең үлкен үлесі автомобиль көлігіне тиесілі.
№1 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен тасымалданған жолаушылар тасымалының өзгеру динамикасы
Қ/с
|
Жылдар
|
Автокөлікпен жолаушылар тасымалданған, млн. адам
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2010
|
20 907,5
|
124,5
|
2
|
2011
|
28 839,7
|
137,9
|
3
|
2012
|
34 630,8
|
120,1
|
4
|
2013
|
38 717,2
|
106,0
|
5
|
2014
|
36765,2
|
100,1
|
6
|
2015 (болжам)
|
39361,3
|
100,2
|
№2 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған жолаушылар айналымының өзгеру динамикасы
Қ/с
|
Жылдар
|
Автокөлікпен
жолаушылар айналымы, млн. жол/км
|
Өткен жылдардағы кезеңдермен салыстырғанда, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2010
|
118,5
|
127,7
|
2
|
2011
|
159,7
|
142,2
|
3
|
2012
|
174,3
|
109,1
|
4
|
2013
|
212,9
|
122,1
|
5
|
2014
|
216,2
|
101,5
|
6
|
2015 (болжам)
|
221,3
|
101,1
|
№3 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау мөлшерінің өзгеру динамикасы
-
Қ/с
|
Жылдар
|
Жүк тасымалдау,
млн. тн
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2010
|
1 385,5
|
127,2
|
2
|
2011
|
1 922,4
|
138,8
|
3
|
2012
|
2 229,8
|
115,9
|
4
|
2013
|
2 413,6
|
108,2
|
5
|
2014
|
2 634,9
|
109,2
|
6
|
2015 (болжам)
|
2785,5
|
107,3
|
№4 кесте. 2010-2013 жылдарға арналған көліктің барлық түрлерімен жасалынған жүк айналымының өзгеру динамикасы
Қ/с
|
Жылдар
|
Жүк тасымалдау,
млн.тн
|
Өткен жылдармен салыстырғандағы қарқыны, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
2010
|
79,4
|
101,7
|
2
|
2011
|
112,9
|
142,2
|
3
|
2012
|
124,2
|
124,2
|
4
|
2013
|
132,8
|
106,9
|
5
|
2014
|
147,5
|
111,1
|
6
|
2015 (болжам)
|
159,8
|
110,4
|
Төтенше жағдайдын алдын алу
Созақ ауданы аумағында 2013 жылы төтенше жағдайлар бойынша 26 оқиғалар тіркелген. 2012 жылмен салыстырғанда - 30,5% төмендеген. (2012 жылы 36 оқиға тіркелген). Жапа шеккендер саны 24 адам. ( 2012 жылмен салытырғанда – 20,6 % төмендеген, 29 адам). Материалдық шығын көлемі 9 082 000 теңгені құраған. (2012 жылмен салыстырғанда - 43,5% төмендеген 16 101 520 теңге).
Талдау қорытындысына сәйкес, төтенше жағдайлардың орын алуы көбінесе тұрмыстық және өндірістік тілсіз жаулардан өрттің шығуынан болады. 2014 жылдың желтоқсан айына дейін 26 өрт фактісі тіркелген (2013 жылы 26 өрт). Тұрғын үй секторында 18 оқиға тіркелген (2013 жылы 18 оқиға). Автокөліктермен байланысты 4 оқиға тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 33,3 % кеміп отыр (2013 жылы 6 оқиға). Мекемелерде 2 өрт оқиғасы болған (2013 жылы 1 оқиға). Жапа шеккендер 22 адам, өткен жылмен салыстырғанда – 8,3 % кеміген (2013 жылы 24 адам). Қаза болғандар 2013 жылы 1 адам, 2014 жылы қазалы оқиға тіркелмеді. 2014 жылы өрт оқиғасынан келген шығын 18 994 846 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 109,1% артып отыр (2013 жылы 9 082 000 теңге). Құтқарылған мүлік 40 820 000 теңге, өткен жылмен салыстырғанда 27,3 % өскен (2013 жылы 32 050 000 теңге).
Өрттің шығу себептері:
-жас балалардың отпен ойнауы;
-өндірістік, техникалық және тұрмыстық электр қондырғыларын дұрыс жүргізбеу, пайдалану ережелерін бұзу;
-тұрмыстық жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау;
Төтенше жағдайлардың зардаптары мен шығындары жөнінде мәлімет
Қ/с
|
Жылдар
|
Өрттің
саны
|
Шығыны
|
Құтқарылған
мүлік
|
Жапа
шеккендер
|
Өткен жылмен
салыстырғанда
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
2012
|
36
|
16 101 320
|
39 000 000
|
29
|
10,4
|
2
|
2013
|
26
|
9 082 000
|
32 050 000
|
24
|
43,5
|
3
|
2014
|
26
|
18 994 846
|
40 820 000
|
22
|
109,1
|
Достарыңызбен бөлісу: |