Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған
даму бағдарламасы
Шолаққорған - 2014 жыл
Созақ аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№227 шешіміне қосымша
Созақ аудандық мәслихатының
2011 жылғы 28 қаңтардағы
№243 шешіміне қосымша
Мазмұны
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55
4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР,
НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР,
НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 56
5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 73
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 74
БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның аталуы
|
Созақ ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
|
Әзірлеуге негіз
|
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары туралы» №302 Қаулысы
|
Аймақтың
негізгі сипаты
|
Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданның аумақтық жер көлемі 4 млн. 104 мың 940 га. Шығыс бөлігі – Жамбыл облысымен, батыс бөлігі – Кентау қаласымен, оңтүстік бөлігі – Бәйдібек ауданымен, солтүстік бөлігі – Қызылорда мен Жезқазған облысымен шекаралас жатыр. Аудан көлемінде 10 ауылдық, 2 кенттік әкімшілік тіркелген. Әкімшіліктердің қарамағында 38 елді мекен бар.
Аудан халқының саны 01.11.2014 жылға 59 546 адамды құрады. Оның ішінде ерлер 29 177 адам (49%), әйелдер 30 369 адам (51%). Халықтың жекелеген ұлттар бойынша құрамы: қазақтар 53 948 (90,6%), орыстар 1 012 (1,7%), өзбектер 3 931 (6,6%), басқа да ұлттар 655 (1,1%).
Аудан орталығы 1934 жылдан бастап Шолаққорған ауылы.
|
Бағыттары
| -
Аймақтың экономикасын дамыту;
-
Әлеуметтік саланы дамыту;
-
Инфрақұрылым кешенін дамыту;
-
Аумақтық (кеңістік) орналасуын дамыту;
-
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару жүйесін дамыту.
|
Бағдарлама
мақсаты
|
Созақ ауданының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.
Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.
Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.
|
Міндеттері
Міндеттері
|
- өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
- құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;
- кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау;
- жоғары нәтижелі қызметтер көрсету;
- аймақтың туристік тартымдылығын арттыру;
- ауданның экологиялық ахуалын жақсарту;
- ауданда қолайлы демографиялық жағдай жасау;
- аймақтың еңбек нарығын жақсарту, жұмыс күшінің сапасын және азаматтардың еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- кедейлік деңгейін төмендету және аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру;
- халықтың сапалы білімге қол жетімділігін қамту, білім, ғылым және өндірістің әрекет жасауының жаңа үлгілерін дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;
- халықтың денсаулығын жақсарту мен аурушаңдықты төмендету, сапалы және нәтижелі әлеуметтік-медициналық көмекке халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;
- мәдениет ұйымдарының желісін дамыту, отандық және шетелдік мәдениет мұралары мен құндылықтарына халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;
- дене шынықтыру және спортты дамыту;
- көлік дәліздерін пайдалану нәтижелілігін арттыру;
- автомобиль жолдарының сапасын, желісін және өткізу мүмкіндіктерін арттыру;
- аймақтағы энергия тапшылығын азайту, энергия көздерінің альтернативтік түрлерін, оның ішінде, гидро, жел және күн энергияларын пайдалану барысындағы жұмыстарды дамыту;
- жылу, газ және су жүйелерін дамыту және жақсарту;
- ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру және оған жағдай жасау;
- депрессивтік және еңбек күші артылған аймақтардың проблемаларын шешу;
- жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына және толық қамтылуына мониторинг жүргізу;
- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыстың алдын алу шараларын арттыру;
- жол қауіпсіздігін жақсарту;
- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижелілікті арттыру.
|
Нысаналы индикаторлар
|
- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 106,5 % жеткізу;
- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 102,5 % жеткізу;
- Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 111 % жеткізу;
- Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел инвестицияларының үлесін 2015 жылдың аяғына дейін 35 % жеткізу;
- Инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің өсуін 2015 жылдың аяғына дейін 100,3 % жеткізу;
- Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 101 % жеткізу;
- Жан басына шаққанда негізгі капиталға бағытталған инвестицияларды 2015 жылдың аяғына дейін 898 мың теңгеге жеткізу;
- Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 103 % жеткізу;
- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 114 % жеткізу;
- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды 2015 жылдың аяғына дейін 80 % жеткізу;
- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесін 2015 жылдың аяғына дейін 4,8 % жеткізу;
- Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылдың аяғына дейін 72 жасқа жеткізу;
- Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылдың аяғына дейін 4,8 % төмендету;
- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылдың аяғына дейін 9,4 % төмендету;
- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылдың аяғына дейін 85 % жеткізу;
- Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны: кітапханаға келушілер санын 2015 жылдың аяғына дейін 126 оқырманға жеткізу; театрға келушілер санын 2015 жылдың аяғына дейін 313 көрерменге жеткізу; мұражайларға келушілер санын 2015 жылдың аяғына дейін 65 адамға жеткізу;
- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2015 жылдың аяғына дейін 100 % жеткізу;
- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайтуды 2015 жылдың аяғына дейін 22 % жеткізу;
- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылдың аяғына дейін 13 % төмендету;
- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылдың аяғына дейін 102 % жеткізу;
- Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемін, жалпы алаңның шаршы метрін 2015 жылдың аяғына дейін 22 560 жеткізу;
- Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылдың аяғына дейін 86,1 % жеткізу;
- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылдың аяғына дейін 73 % жеткізу;
- Жылумен жабдықтау (Таукент, Қыземшек кенттері) қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін 2015 жылдың аяғына дейін 100 % жеткізу;
- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендетуді (алмастыру, жаңалау жұмыстары):
жылумен жабдықтауды 2015 жылдың аяғына дейін 15% жеткізу;
сумен жабдықтауды 2015 жылдың аяғына дейін 28% жеткізу;
электрмен жабдықтауды 2015 жылдың аяғына дейін 17,5 % жеткізу;
су бұруды (кәріз жүйесін) 2015 жылдың аяғына дейін 40 % жеткізу;
- Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін 2015 жылдың аяғына дейін 16,1 % жеткізу;
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауыл шаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылдың аяғына дейін 95 % жеткізу;
- Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылдың аяғына дейін 99,4 % жеткізу.
|
Қаржыландыру көлемі және көздері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаттары.
Қаржыландыру көлемдері:
2011 жыл – 6 375,8 млн. теңге
республикалық бюджет – 950,9 млн. теңге;
облыстық бюджет – 804,6 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 4081,3 млн. теңге;
басқа көздер – 539 млн. теңге.
2012 жыл – 6687,1 млн. теңге
республикалық бюджет – 402,8 млн. теңге;
облыстық бюджет – 1028,7 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 4976,6 млн. теңге;
басқа көздер – 279 млн. теңге.
2013 жыл – 7319,1 млн. теңге
республикалық бюджет – 423 млн. теңге;
облыстық бюджет – 776,6 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 5940,7 млн. теңге;
басқа көздер – 178,8 млн. теңге.
2014 жыл – 135184,7 млн. теңге
республикалық бюджет – 1622,7 млн. теңге;
облыстық бюджет – 814,9 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 7063,6 млн. теңге;
басқа көздер – 125683,5 млн. теңге.
2015 жыл – 106126,3 млн. теңге
республикалық бюджет – 1623,3 млн. теңге;
облыстық бюджет – 825,2 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 8529,8 млн. теңге;
басқа көздер – 95148 млн. теңге.
Ескерту: қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.
|
2. АҒЫМДЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Өңір жағдайының позитивті және негативті жақтарын, сонымен қатар олардың, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау.
Созақ ауданы 1928 жылы құрылған. Ауданның аумақтық жер көлемі 4 млн 104 мың 940 га. Аудан көлемінде 10 ауылдық, 2 кенттік әкімшілік тіркелген. Аталған әкімшіліктер қарамағында 38 елді мекен бар.
Аудан халқының саны 01.11.2014 жылға 59 546 адамды құрады. Оның ішінде ерлер 29 177 адам (49%), әйелдер 30 369 адам (51%). Халықтың жекелеген ұлттар бойынша құрамы: қазақтар 53 948 (90,6%), орыстар 1 012 (1,7%), өзбектер 3 931 (6,6%), басқа да ұлттар 655 (1,1%).
Аудан орталығы 1934 жылдан бастап Шолаққорған ауылы.
Жалпы қазақ жерінің ішінде Созақ өлкесі ұлы дүниенің кішігірім модуліне ұқсайды. Келіншектау, Мыңжылқы сияқты мұзарттарының басынан қар кетпесе, кесегінің көк жонында егін егіп, мыңғыртып мал өсіруге болады. Сексеуіл ормандары сірескен бүгінгі Мойынқұм, кешегі Көкшеқұм да осы Созақ ауданында.
Орта Азия халықтарының ежелгі миграция жолдарында орналасқан Созақ ауданы ертеден қалыптасқан қала құрылысы мәдениеті бар аймақ болып табылады. Аудан көлеміндегі әулиелі орындар, жүргізілген археологиялық зерттеулер біздің өлкемізде осындай қалалардың болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Созақ ауданы республикада тарихи–мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Мұнда есімдері бүкіл түркі әлеміне белгілі Баба Түкті Шашты Әзиз әулие, Ысқақ баб, Қарабура әулие, Саңғыл би, Бибі Мәриям ана, Ақбикеш сияқты қасиетті орындар бар. Бұлар аудандағы орта ғасырлық сәулет өнерінің белгілі қазыналары болып табылады. Сонымен қатар, суы шипалы «Қызылкөл» көлі орналасқан.
Созақ ауданы табиғаты жағынан айрықша аудандардың бірі. Табиғаты, жан-жануарлары, тау-тоғайы, шексіз даласы, құмы, өзен-көлшіктері бір-біріне жалғасып ауысып жатады, табиғатты тамашалаушылар мен саяхаттаушыларға өте қолайлы аймақ.
Туристік әлеуетті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар.
Аудан жер асты қазба байлықтарына өте бай. Қазіргі таңда өндіріліп жатқан қазба байлықтардан бөлек газ, мұнай, тальк, мрамор, мыс, фосфор, ванадий, керамзит, әк, құрылыс материалдары және тағы да басқа қазба байлықтары молынан орналасқан.
Қазіргі таңда Созақ даласы уран кенінің кеніші ретінде әлемге белгілі. Мұнда Қазақстанның барланған уран байлығының тең жартысы шоғырланған. Ауданның өнеркәсіптік өндіріс құрылымы көп салалы сипатта. Таукен өнеркәсібінің тез дамуы пайдалы қазбалардың, әсіресе уранның, экспортқа-бағытталған өндірісімен байланысты.
Ауданымыздың жер қойнауындағы қазба байлықтары, уран кен орындары, Күмісті аймағындағы алтын аралас құмды алтын кен орны, Герес және Үшбас фосфорит кен орны, Бессаз тальк кен орны, Придорожное және Орталық көмірсутекті кен орны, Қызылкөлдегі форма дайындау құмы кен орындары және минералды шикізаттары ауданның тау-кен өндірісінің тұрақты дамуына талай жылдарға мүмкіндік береді.
Ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Созақ ауданының әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады.
2.2.Аумақтың әлеуметтік - экономикалық жағдайын талдау
2.2.1. Экономикалық даму
Жалпы аймақтық өнім
Млрд.теңге
200,4
187,3
114
89.6
78.9
44.2
2008ж. 2009ж. 2010ж. 2011ж. 2012ж. 2013ж.
Өнеркәсіптің дамуы
2008-2013 жылдар аралығында уран, пайдалы қазбаларды өндіру, сумен жабдықтау көлемдері өсті.
Созақ ауданы бойынша 2011 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 98 051 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша 2012 жылы 162 884 млн. теңгенің, 2013 жылы 177 147 млн. теңгенің өнімі өндірілді. 2013 жылы нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103 % құрады. 2014 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 180 488 млн. теңгені құрап отыр. Жыл соңына дейін 183,7 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, 2015 жылы 202 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Нақты көлем индексін 2014 жылы 106 %, 2015 жылы 106,5 % жеткізу жоспарлануда.
2012-2013 жылдардағы Созақ ауданының өнеркәсіп саласының құрылымы
2011-2014 жылдарға Созақ ауданының өнеркәсіп саласының құрылымы
(Пайызбен)
-
Қ/с
|
Көрсеткіш атауы
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
10 айға
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
ӨНЕРКӘСІП – барлығы,
оның ішінде:
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
1.1
|
кен өндіру және карьерлерді қазу
|
81,7
|
74,2
|
78,5
|
71,1
|
73,2
|
1.2
|
өңдеу өнеркәсібі
|
16,7
|
24,4
|
19,8
|
27,8
|
25,6
|
1.3
|
электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу
|
1,1
|
1,1
|
1,2
|
0,9
|
0,9
|
1.4
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
0,5
|
0,3
|
0,5
|
0,2
|
0,3
|
Аудан экономикасының негізін тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салалары құрайды.
Аудандағы тау-кен және қайта өңдеу өндірісін дамыту өнеркәсіптік өндірістің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ауданда тұрғын үй құрылысын, сауданы, экологиялық туризмді, көлік және байланыс, шағын бизнесті, әлеуметтік жүйелерді дамыту жоспарлануда.
Ауданда тұрақты 10 ірі және орта өндірістік кәсіпорын жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде «Таукент тау-химиялық комбинаты» ЖШС, «Қыземшек кен басқармасы» ЖШС, «Ыңғай» БК ЖШС, «Катко» БК, «Бетпақ-дала» БК ЖШС, «Теріскей» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Волковгеология» ААҚ, «Кең Дала KZ» ААҚ секілді ірі және орта өндірістік кәсіпорындар; сонымен қатар құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы «Техноэнергосервис» ЖШС филиалы, «Шымкентдорстрой» ӨК Созақ филиалы, Қазатомөнеркәсіп ҰАК-ның «Демеу-Таукент» ЖШС, «Демеу-Қыземшек» ЖШС, Орталық авто жүк тасымалдау базасы жұмыс атқарып келеді.
Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны мен олардың өнім өндіру көлемі жылдан-жылға жоғары қарқынмен артып келеді.
Аудан бойынша тау кен өндірісі
Кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 2011 жылы 63 580,7 млн. теңге, 2012 жылы 77 022,3 млн. теңге, 2013 жылы 69 892.7 млн. теңге көлемінде болған болса, 2014 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 131 345,3 млн. теңгеге орындалып, жыл соңына дейін 136 167 млн. теңгені құрайды деп жоспарланса, 2015 жылы 149 784 млн. теңгеге жеткізу көзделуде. Ал, нақты көлем индексін 2014 жылдың қорытындысымен 100 %, 2015 жылы 102,5 % жеткізу жоспарлануда.
Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2011 жылы 22 195 млн. теңге, 2012 жылы 40 805,4 млн. теңге, 2013 жылы 49 239,2 млн. теңге, 2014 жылдың 11 айында 44 421,5 млн. теңге болса, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 40 937 млн. теңгеге жеткізу жоспарланған. 2015 жылға 49 533,8 млн. теңгеге жеткізу болжануда. Нақты көлем индексі 2014 жылы 110 %, 2015 жылы 111 % жеткізу жоспарланып отыр.
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі өнімінің көлемі 2011 жылы 2 650,6 млн. теңге, 2012 жылы 1 226,6 млн. теңге, 2013 жылы 1 027 млн. теңге, 2014 жылдың 11 айында 573 млн. теңге болса, жыл соңына дейін 1 129.7 млн. теңгеге, 2015 жылы 1 242.7 млн. теңгені құрайды деп жоспарланған. Нақты көлем индексі 2014 жылы 100%, 2015 жылы 105,6 % жеткізу жоспарланған. Тамақ өнеркәсібі саласы бойынша 2 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылуына байланысты тиісті межені орындау киынға соғуда. Атап айтсақ, «Мөлдір» шаруа қожалығының ет өңдеу зауыты, «Демеу - Таукент» ЖШС-нің Таукент кентіндегі ет комбинаты өз жұмыстарын тоқтатқан. Ауданда тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында ҮИИД бағдарламасы шеңберінде «Дархан АС» өндірістік кооперативінің иодталған ас тұзын өңдеу зауыты 2012 жылы индустрияландыру картасына енгізіліп, 2014 жылдың 2 жарты жылдығында іске қосу керек болатын. Алайда инвестордың қаржылық мәселесіндегі қиындықтарға байланысты жоба қаржыландырылмай қалды. Жобаны іске қосу уақыты 2016 жылға ауыстырылды. Аудан көлеміндегі тамақ өнеркәсібін дамытуға инвестор іздестіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Металлургия өнеркәсібі
Металлургия өнеркәсібі бойынша 2011 жылы 19 338,1 млн. теңге, 2012 жылы 39 325,6 млн. теңге, 2013 жылы 47 955,8 млн. теңге, 2014 жылдың 11 айында 43 263,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жыл соңына дейін 42 826,2 млн. теңгеге жеткізу көзделсе, 2015 жылға бұл көрсеткіш 47 108,8 млн. теңге болады деп жоспарлануда. Нақты көлем индексін 2014 жылы 110 %, 2015 жылы 111 % жеткізу жоспарланып отыр.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің 80 пайызға жуығы ірі және орта кәсіпорындардың еншісінде, ал қалғандарын шағын және қосалқы шаруашылықтар құрайды. Өнім өндіру көлемінің жылдан жылға асыра орындалуы уран өндіруші кәсіпорындардың өнім көлемін арттыруы есебінен болып отыр. Өткен жылдың қорытындысымен ірі және орта кәсіпорындар «Бетпақ Дала» ЖШС, «Катко» ЖШС, «Ыңғай» ЖШС, «Таукент тау химиялық кәсіпорыны», «Каратау» ЖШС өнім өндіру есебінен өсім болған.
Дегенмен, өнеркәсіп кәсіпорындарында шешуді қажет ететін мәселелер әлі де сақталуда. Атап айтқанда:
- «Теріскей» ЖШС зауытының еңбек нарығында геологиялық барлау саласында білікті тәжірибесі мол мамандардың тапшылығы, кешеннің уәкілетті органдардан қашық жерде орналасуы және жаңа қондырғыларды орнату жұмыстарына қаражаттың жеткіліксіздігі.
- Кәсiпорындарда халықаралық сапа стандарттарын белсендi енгiзу.
- Аудандағы минералды шикізат базасын рационалды пайдалану.
- Пайдаланылған учаскелерде жер қойнауын пайдаланушылар этапты рекультивация жасау.
- Өнеркәсіптік өндірістің өсім құрылымында шикізат өндіруші салалардың басым келуі;
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
- Техникалық мамандықтар мамандарының жеткіліксіздігі;
Достарыңызбен бөлісу: |