Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге
артерия қанын тасиды.
Вена тамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді
қақпақшалары болады (63-сурет). Ол қақпақшалар қанның жүрекке
қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» –
шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке.
Олар дененің
барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың
қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан
тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа
қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады.
Сондықтан қан еріген
оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл
газымен қанығып,
вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар
капиллярлардың
қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу
өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан веналарға жиналады.
Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік
заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді.
Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен капиллярлар бірде
кеңейіп, бірде тарылады. Капиллярларда
қан қысымы артерия
тамырларынан төмен болады (5-кесте).
Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар,
капилляр қантамырларының бойымен ғана ағады.
5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: