Зайсан аудандық мәслихатының
2006 жылғы " 23 " мамырдағы
№ 22 - 5 шешімімен бекітілді
МҮГЕДЕКТЕРДІ ОҢАЛТУДЫҢ ЗАЙСАН
АУДАНЫ БОЙЫНША 2006 -2008
ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
Зайсан қаласы
2006 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Аудандағы мүгедектердің және мүгедектерді оңалтудың
қазіргі жай-күйі
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетігі
5.1. Мүгедектіктің алдын алу
5.2. Әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
5.3. Медициналық оңалту
5.4. Әлеуметтік оңалту
5.5. Кәсіптік оңалту
5.6. Қызметкерлердің дамуы
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы
|
Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңы; "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" ҚР Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы, 2006 жылғы 4 наурыздағы Жолдаулары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы №1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы;
"Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы"
|
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
|
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапасын жақсарту, мүгедектерді орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерді жалпы білім мектептерінде, кәсіби оқытудың арнаулы орталықтарында, жоғары оқу орындарында оқыту
|
Бағдарламаның міндеттері
|
Мүгедектікке әкеп соқтыратын потологиясы бар жиі және ұзақ ауыратын адамдардың алдын алу жүйесін қалыптастыру;
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін кеңейту; мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын ұлғайту; мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын дамыту;
бағдарламаны іске асырудағы жергілікті атқарушы органдарының рөлін және жауапкершілігін арттыру; мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру;
оңалтушы-дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру
|
Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
|
Бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған қаражаттар бағытталатын болады. Бағдарламаны іске асырудың жалпы шығындары мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен 8757,4 мың теңге, 2006 жылы 2533,8 мың теңге,
2007 жылы 2954,6 мың теңге, 2008 жылы 3269,0 мың теңге; жергілікті бюджеттен 38056 мың теңге, оның ішінде
2006 жылы 10208 мың теңге
2007 жылы 12752 мың теңге
2008 жылы 15096 мың теңге;
|
Күтілетін нәтижелер
|
Бағдарламаны іске асыру:
Мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және оларды әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін жоғарлатуға;
мүгедектікке шығу салдарын азайтуға және мүгедектік деңгейді төмендетуге;
онкологиялық ауруларды, қант диабеті ауруларды, қан айналымы жүйесінің ауруларын азайтуға;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі заманғы техникалық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтік және кәсіби технологияларды енгізуге;
мүгедектерге ұсынылатын медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және сапасын арттыруға;
мүгедектердің әлеуметтік
инфрақұрылым обьектілеріне қол жеткізуін жақсартуға, лайықты еңбекке мүгедектердің қол жеткізуін ұлғайтуға;
мүгедектердің орталықтандырылған дерекқо-рын құруға;
медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерге әлеуметтік және оңалту қызмет көрсету мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
|
Іске асыру мерзімі
|
2006-2008 жылдары
|
2. Кіріспе
Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мәселесі осы аудандық бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді. Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-тәжірибесіне кезең - кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар әзірленіп бекітілді. Аудан деңгейінде және барлық өңірлерде аталған заң аясындағы мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы мүгедектермен оңалту жұмыстың дәстүрлі негізгі бағыттарын жалғастырып дамытады, оған кешенді, жүйелік сипат береді. Әлеуметтік және басқа да мекемелердің қызметін мынандай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру көзделуде: мүгедектерді әлеуметтік, кәсіптік және медициналық оңалту.
Бағдарламаны әзірлеу үшін "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2004 жылғы 19 наурыздағы, 2006 жылғы 4 наурыздағы Жолдаулары және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негіздеме болып табылады.
Бағдарлама Облыстық Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының аясында әзірленді.
3.Аудандағы мүгедектіктің және мүгедектерді оңалтудың қазіргі
жай-күйі
2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша аудандағы барлық санаттағы мүгедектердің саны 1259 адам немесе аудандағы барлық тұрғындардың 3,2 % -ға жуығын құрайды, оның 1, II-топтағы мүгедектері 847 адам, III-топтағы мүгедектер 374 адам, Ұлы Отан соғысының мүгедектері 38 адам.
Мүгедек бала санатында 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы алғаш рет мүгедек деп танылғандардың төмендеу үрдісі байқалады.
2005 жылы -1259 2004 жылы -1367
I, II топ 750 815 адам
III топ 328 380 адам
Мүгедек бала 181 172 бала
Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік ортаға бейімделуін қалпына келтіруге бағытталған. Ол мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруды, оларға қажетті әлеуметтік қызметтер көрсетуді, оларды көмекші (компенсаторлық) техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, мүгедектердің әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым обьектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны пайдалануға тең мүмкіндіктер туғызады, материалдық және әлеуметтік- психологиялық қолдау көрсетуді және т.б. қамтиды.
Бүгінгі күнге ауданда заңды түрде тіркелген аудандық мүгедектер қоғамы, коррекциялық кабинет, екі әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істеуде.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедек балалары бар отбасыларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 2003 жылдың 1 қарашасында құрылған. Бөлімшенің негізгі міндеті бөгде адамның күтіміне мұқтаж мүгедек-балаларды анықтау, оларды әлеуметтік дағдыларға, өзіне-өзі қызмет көрсете алу дағдыларына үйрету, демалысын ұйымдастыру, ата-аналар мен отбасы мүшелерін мүгедек балалармен араласуға және оларды күтуге үйрету медициналық және құқықтық консультациялық көмек көрсету болып табылады. Аудандағы 110 балаға осындай қызмет түрлері бөлімше арқылы көрсетілуде. Мүмкіндіктері шектеулі 28 балаға, оларды тәрбиелеуге және оқытуға 2005 жылы 2358 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. Өткен жылы ауданымыздың көру, есту қабілеттері төмен мүгедектеріне сурдоқұралдар, тифлоқұралдарға тапсырыс облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне берілді. Нашар еститін мүгедектерге берілетін сурдоқұралдардың тізбесі ұлғайтылды. 2005 жылы нашар еститін мүгедектер үшін 3 есту аппараттары берілді.
Нашар көретін мүгедектер тифлоқұралдармен қамтамасыз етілуде. 2005 жылы нашар көретін мүгедектер үшін 15 таяқша, 22 арнаулы қол сағаттары берілді.
2005 жылы 4 мүгедек бала мен 3 ересек мүгедекке мүгедектер арбашалары берілді.
Жүріп-тұруы шектеулі, көру немесе есту кемістігі бар адамдарға тиісті инфрақұрылымды ыңғайлау талап етілді.
4.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4.1 Бағдарламаның мақсаты: оңалту жүйесін жетілдіру, мүгектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттердің шешілуін талап етеді:
мүгедектіктің алдын алу жүйесін қалыптастыру;
мүгедектердің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және олардың әлеуметтік қолдауын күшейту;
мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі қызметтер аясын кеңейту;
атаулықты қамтамасыз ету және мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің деңгейін арттыру;
мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді жәрдем беру нысандарын дамыту;
бағдарламаны іске асырудағы жергілікті органдардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құру;
медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту саласындағы кадрмен қамтамасыз ету жүйесін, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру.
Бағдарламаның негізгі міндеттерін атқару мақсатында аудандық мемлекеттік мекемелерінің мынандай қызметтері жүзеге асырылуды:
денсаулық сақтау бөлімі мүгедектердің медициналық оңалтуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, ол үшін:
мүгедектерді медициналық оңалту мәселелері жөніндегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметіне басшылық және бақылау жасайды;
мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерді оңалту жөніндегі нысаналы кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;
мүгедектерді медициналық оңалтудың түрлері мен құралдарына мүгедектердің қажеттілігін талдайды, сондай-ақ оны жүргізу үшін қызметтер мен техникалық құралдарға;
оңалтудың жеке бағдарламаларына (ОЖБ) сәйкес мүгедектердің медициналық оңалтуға қажеттілігі жөніндегі деректер банкісін қалыптастыруды ұйымдастырады;
мүгедектерді оңалту проблемалары бойынша ведоствоаралық ақпараттық кеңістікті құруға қатысады;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын ұйымдастырады.
Білім бөлімі мүгедектердің кәсіби оңалтуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, ол үшін:
мүгедектердің жалпы және кәсіптік білімін ұйымдастырады;
мүгедектерді оңалту мәселелер жөніндегі жалпы және кәсіптік білім, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің қызметіне басшылық және бақылау жасайды;
мүгедектерді кәсіби оңалту жөніндегі нысаналы кешенді бағдарламаларды әзірлеуге қатысады,
мектепке дейінгі тәрбие, жалпы және кәсіптік білім саласындағы, сондай-ақ мүгедек балаларды оңалтуды жүзеге асыратын оңалту мекемелерінің жүйесін ұйымдастырады және дамытады;
мүгедектерді психологиялық- медициналық-әлеуметтік оңалту бойынша кадрлардың (педагогтар, психологтар, әлеуметтік жұмыс бойынша мамандар, логопедтер) даярлығын ұйымдстырады;
мүгедектерді оңалтудың технологиясы саласындағы инновациялық саясатты жүзеге асырады;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын ұйымдастырады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектерді оңалту саласында:
Жеке бағыттар бойынша барлық органдардың және оңалту мекемелерінің өзара жұмысын қамтамасыз етеді;
өзге органдармен бірлесіп мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмыс жағдайын талдайды және мүгедектердің істері жөніндегі кеңеске жыл сайынғы баяндама ұсынады ;
өзге органдармен бірлесіп мүгедектерді оңалтудың кешенді базалық бағдарламасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
өңірлердегі еңбек нарығына талдау жасайды, оның мүгедектерге қатысты реттелуі бойынша ұсыныстарын әзірлейді, мүгедектер үшін арнаулы жұмыс орындарын енгізе отырып жұмыс орындарын сақтап қалу, құру және бейімдеу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді,
нысаналы бағдарламаларды, мүгедектерді кәсіптік оңалтуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі арнаулы келісімдерді әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
мүгедектерге кәсіптік консультация беру, кәсіптік бейімдеу, кәсіптік оқыту жөніндегі жұмыс ұйымдастырады, өзге де белгіленген бағытта мүдделі ведомстволармен өзара жұмыс істейді;
кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту саласындағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен өзара жұмыс істейді;
белгіленген тәртіппен статистикалық есеп берудің ұсынылуын ұйымдастырады;
протездік-ортопедиялық көмекті, мүгедектерге оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуды, санаторлы-курорттық емделуге жолдамалар беруді қамтамасыз етеді;
мүгедектер және олардың әлеуметтік оңалтудағы қажеттіліктері жөніндегі деректер банкін ұсынады;
оңалту шараларының тиімділігіне талдау жүргізеді;
әлеуметтік оңалту саласындағы мүгедектер қоғамымен өзара жұмыс істейді;
Мәдениет бөлімі:
Мүгедектерді оңалтудың, олар үшін мәдени-демалу іс-шараларды ұйымдастыру бөлігіндегі нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Творчестволық қабілетін дамыту үшін жағдайлар жасау, мәдени-көркем мекемелеріне бару және т.б, жолдармен мүгедектерді оңалту процесіне қатысады.
Денешынықтыру және спорт бөлімі:
Денешынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелер бойынша мүгедектерді оңалтудың нысаналы бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Мүгедектер үшін денешынықтыру-спорт іс-шараларын ұйымдастырады;
Денешынықтыру және спорт саласындағы мүгедектерді медициналық-әлеуметтік оңалту технологиялар жағындағы инновациялық саясатты жүзеге асырады;
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама мүгедектікті қазіргі заманғы танудан шыға отырып мүгедектіктің алдын алуды, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіруді, мүгедектерді әлеуметтік қамту мен оңалту жүйесін дамытуды және мүгедектер үшін білім алу, физикалық және мәдени ортаның, тұрғын үй жағдайларының, көлік пен демалыс жағдайларының қол жетерлік болуын негізгі бағыттар ретінде айқындайды.
5.1 Мүгедектіктің алдын алу
мүгедектіктің алдын алу жүйесін жетілдіру мақсатында физикалық, ақыл-ой, психикалық және сенсорлық кемістіктердің туындауын болдырмауға (бірінші деңгейдегі алдын-алу) және кемістіктің тұрақты функционалдық шектелуге немесе мүгедектікке ұласуының алдын алуға бағытталған (екінші деңгейдегі алдын алу) шаралар кешені көзделетін болады.
Олар:
-
әйелдер консультациялары мен босандыратын мекемелерде әйелдерге; жас балаларға скринингтік тестілеуді уақытында жүргізуді және оның сапасын арттыруды қамтитын болады, бұл патологияны оның бастапқы даму кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді;
-
жұмыс орындарында аттестациялауды жүргізуді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесін сақтауды қамтамасыз етуді;
-
жүйке жүйесі, тірек-қозғалыс аппараты ауруларын ерте анықтау және өмірге келгеніне бірінші жыл болған балаларға оңалту іс-шараларды дұрыс өткізу бойынша учаскелік бала дәрігерлері мен медбикелері үшін оқыту семинарларды ұйымдастыру мен өткізуді;
-
мүгедектігі бар адамдардың дерекқорын құруды қамтитын болады.
5.2. Әлеуметтік қамсыздандыру және оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың негізгі әлеуметтік стандарттар жүйесіне өзгерістер енгізу және ең төменгі күн көріс деңгейіне базалық әлеуметтік норматив рөлін бекіту болады. Ең төмен күн көріс деңгейі мүгедектігі бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақылар есептеу үшін обьективті негіз болады.
Көмек пен қолдау жұмыс істей алмайтындарға ұсынылу керек. Жұмыс істей алатындарға қатысты жұмыспен қамту арқылы өз бетімен табыс табу мүмкінділігі жасалу қажет. Осыған байланысты мүгедектерді кәсіптік оңалту, олардың еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру және өндіріске қатысу мен жалақы алу мүмкіндігін кеңейту ерекше маңыз алуда. Бұл мүмкін болмаған жағдайда материалдық қолдауға құқылы.
Мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру
Оңалту жүйесін дамыту оңалту қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге және олардың сапасын арттыруға, кемтар адамдардың мәселесімен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Медициналық оңалту
Оналтудың негізгі принциптері: ерте бастау, кешенді қарау, аурудың жеке ерекшеліктерін есепке алу, оңалту кезеңінің үзілмеуі және мирасқорлығы
1) іс-шаралар ерте реконваленсценция мерзімінде басталу керек;
2) қалпына келтіру іс-шаралардың қатаң мирасқорлығы;
3) түрлі мамандардың қатысуымен қалпына келтіру іс-шаралардың кешенді сипаты;
4) өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне тұрақты бақылау жасау;
Оңалту кезеңдері-станционар бөлімі, оңалту бөлімі, отбасылық дәрігерлік амбулатория. Протездік-ортопедиялық орталықтармен өзара байланыста жұмыс жүргізуі қажет.
Медициналық оңалтудың мақсатына сай аурудың н/е зақымның пайда болу зардабын жеңіп шығу, ол организм функцияларын қалпына келтіру, тіршілік-тынысын қалпына келтіру және аурудың әлеуметтік мәртебесін жандандыруға бағытталатын болады.
Ол үшін мыналар қажет болады:
1) жоспарлық және жедел станционарлық көмек;
2) күндізгі станционарда жыл сайынғы жоспарлы емделу;
3) отбасылық дәрігерге жылына 2- 4 рет диспансерлік байқаудан өту.
4) бөгде адамның көмегіне мұқтаж мүгедектерді тоқсанына 1 реттен жиі үйінде қарау.
5) оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеу.
Әлеуметтік оңалту
Әлеуметтік оңалтудың нәтижелілігін арттыру мақсатында мына шаралар қолданылатын болады:
1) мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің одан әрі дамуы мыналарды көздейді:
-
мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің тізбесін кеңейту;
-
әлеуметтік ж/е әлеуметтік-консультативтік көмекті жақсарту;
-
медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратындарға білім беру және түзеу қызметтерін;
-
күндізгі оңалту мекемелерінде білім беру мен медициналық қызметтерді;
-
үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтерді;
-
жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары қызметтер көрсететін болады;
2) мүгедектердің компенсаторлық құралдарға, протездік-ортопедиялық, сурдо және тифло көмекке қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру;
3) әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым обьектіліріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.
-
мүгедектердің тұруына және тіршілік әрекетіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында әзірленген мемлекеттік стандарттарды іске асыру;
-
жобаларды сараптау барысында мүгедектер мен халықтың осал топтарының көрсетілген обьектілерге қол жеткізу жөніндегі құрылыс нормалары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
-
қала ішіндегі жол жүру көліктерінде ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ 1-2 топ мүгедектеріне тегін жол жүру;
Кәсіптік оңалту
Кәсіптік оңалтудың нәтижелілігін арттырудың мынандай іс-шаралары көзделуде:
1) кәсіптік оңалту мәселелерін шешуде оңалтудың бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес жеке тәсілдің болуы;
2) мүгедек балаларды білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыру
3) мүгедектерге кәсіптік білім беру жүйесіне қолжетімділікті болуын кеңейту және оны жетілдіру;
4) мүгедектерді жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Қызметкерлердің дамуы
Заңнамалық негіздің өзгеруі және әлеуметтік қамту мен мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру осы жүйеде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің құзыретіне, кәсіптілігіне және ізгілік сапасына жаңа жоғары талаптар қоюда.
Ол үшін әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту саласындағы жұмыс істейтін медициналық оңалту жүйесіндегі мамандардың кәсіби даярлығын және қайта даярлығын ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету; әлеуметтік қорғау жүйесіндегі оңалту мәселелерімен айналысатын әлеуметтік қызметшілердің біліктілігін арттыру алда тұр.
Мүгедектерді, оның ішінде кемтар балаларды оңалту проблемалары бойынша семинарлар, дөңгелек столдар өткізу.
Кемтар балалар үшін қосымша білім беруді дамыту жөніндегі мектептен тыс ұйымдармен (жас техниктер стансасы, сурет салу, өнер мектебі және саз мектебі) бірлесіп әдістемелік бағдарламаларды әзірлеу.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат бағытталатын болады.
7. Күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны іске асыру:
мүгедектерді оңалтудың бірыңғай жүйесін құруға және мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыруға;
мүгедектікке шығу қатерін азайтуға және мүгедектік деңгейін төмендетуге;
мүгедектікке әкеп соқтыратын туа біткен және тұқым қуалайтын ауруы, даму кемістігі бар балалардың туу қатерінің дәрежесін азайтуға;
медициналық - әлеуметтік сараптаманың сапасын арттыруға;
оңалту ұйымдарының жұмысына қазіргі заманғы технологиялық, ұйымдық, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік технологияларды енгізуге;
мүгедектерге көрсетілген медициналық, әлеуметтік, білім беру және өзге де оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейтуге және олардың сапасын арттыруға;
мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым обьектіліріне және ақпараттық ортаға қол жеткізуін жақсартуға;
жұмыс орындарына квота белгілеу және әлеуметтік жұмыс орындарын құру есебінен мүгедектердің лайықты еңбекке қол жеткізуін ұлғайтуға;
мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорын құруды және медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалту мекемелерінің, протездік-ортопедиялық орталықтардың қызметін ақпараттандыруға;
медициналық-әлеуметтік және мүгедектерді медициналық оңалту саласындағы мамандардың кәсіптік деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |