Бағдарламасын дайындады Бүгін Қазақстан



Дата07.07.2016
өлшемі34.2 Kb.
#183400
түріБағдарламасы
Ерназар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы Тезисі және 2015 жылға тапсырмалары
2014 жылғы 14 қараша күні Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет жаңа масштабтағы даму бағдарламасын дайындады Бүгін Қазақстан «Нұрлы жол»атты жаңа экономикалық саясатын жариялады. Елбасының Жолдауын түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер өткізілді, сонымен қатар 2014 жылы округтің дамуына келесі негізгі міндеттер қаралды, бұл ауылдарды абаттандыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту

Есептік кездесуде түскен ұсыныстар мен ескертулер

1. Стелла орнату

2. Семей-Қоянбай автобус маршрутын қалыптастыру. Барлық түскен ұсыныстар мен ескертулер орындалды.

Округтің жалпы аумағы-118363 га. Тұрғындар саны-2220 адам,2013 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға кем.

Қол жеткізген келесі нәтижелер:

Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша:

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша округте ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 2014 жылы мал шаруашылығын дамытуға және шағын құс фермасын ашуға 7 адам 14,5 млн.теңге несие алды.

«Агробизнес 2020» бағдарламсы бойынша 2014 жылы АӨК мемлекеттің қолдауымен округтің шаруа қожалықтары 8,793 мың теңгенің субсидияларын алды. «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Хабидулла Кабдулович Мукинов 3,0 млн теңгеге 10 бас асыл тұқымды жылқылар және 1,7 млн теңгеге ауылшаруашылық техникасын сатып алды. Округтегі инвестицияның жалпы сомасы- 22,5 млн теңгені құрады.

Егістіктің жалпы көлемі 3424 га құрайды.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 3 %, сүт 7 %, жұмыртқа

1, %, жүн 2% ұлғайған. Өткен жылмен салыстырғанда ІМҚ 4023 бастан 4103 басқа, ҰМҚ 8300 бастан 8440 басқа, жылқы- 1400 бастан-1500 басқа, шошқа 52 бастан 56 басқа ұлғайған.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша:

Ерназар ауылында өз қаражаттарына жеке кәсіпкерлер Фостий Г.Г «Фортуна» дүкенін сомасы 2,5 млн.теңге, Ж.К Баймухамбетова «Ақ-ниет» дүкенін және шағын наубайхана, сомасы 8,0 млн тенге, Колбасина Т.Н. шаштараз ашты, сомасы 250 мың теңге. 7 жаңа жұмыс орны ашылды.

Инфрақұрылымды дамыту мен абаттандыру бойынша:

Округте жыл сайын аумақты санитарлық тазалау, қоқыстарды шығару жұмыстары, көшелерді жарықтандыру.

Қаңғыма иттерді аулау жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерді көгалдандыруға 70

мың теңге қаржы бөлініп, ағаш көшеттері, бұталар, гүлдер сатып алынды, округтің барлық ауылдарында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Фонарларды жөндеу жұмыстары жүргізілді, қосымша 27 көше фонарлары орнатылды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша ауылдағы елді мекендерді дамытуға ТОО «Гордорстрой» Ерназар ауылында Ленин көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіді, сомасы- 20,156 млн теңгені құрады.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Ерназар округінің аумағындағы Ерназар және Морозовский лесхоз ауылдарында рұқсат етілмеген қоқыстарды жою, жұмыстары жүргізілді. «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Мукинов Хабидулла Кабдулович «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ерназар ауылының кіре берісіне стелла орнатты, сомасы 3,0 млн теңге.



Округте 21 аз қамтылған отбасы тіркелген, оның ішінде 2 отбасы балаларға арналған жәрдемақы, 3 отбасы атаулы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алады. «Өрлеу» бағдарламасы аясында 5 отбасы (18 адам) қамтылған, оның ішінде 3 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам жастар практикасы бойынша

2014 жылы 108 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде маусымдық жұмысқа 89 адам орналастырылды..

Жұмыспен қамту орталығынан ауылдық округ бойынша 10 адам кәсіби оқуға жіберілді. Кәсіпкерлік негіздері курсынан 4 адам өтті. Жұмыспен қамту орталығында 7 адам тіркелген, 7 адам қоғамдық-ақылы жұмыстарға жіберілді.

Бір дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт жұмыс істейді. 2014 жылы 14 жасқа дейінгі 480 бала, 68 жасөспірімдер тексеруден өткізілді. 2014 жылдың тамыз айында онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында округ тұрғындары скринингтен өткізілді. Скринингтен барлығы 510 адам өтті. Туберкулезді анықтау, алдын алу мақсатында флюорографиядан 430 адам тексерілді. 2014 жылы ана өлімі болған жоқ, туу- 26 бала, өлім -16 адам .

Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім барлығы-1847371теңге:

жеке тұлғалардан түскен мүлік салығы – 89272 теңге, жер салығы – 134093 теңге,

көлік салығы – 1624006 теңге, өткен кезеңнің сомасы-1994555 тенге.

Округте 2 мектеп жұмыс істейді, онда 311 оқушы оқиды, 40 баланы қамтитын мектеп алды 2 даярлық тобы бар. Мектептерде 50 балаға арналған толық күнді шағын орталық жұмыс жасайды. Округ бойынша ҰБТ нәтижесі 66 бал, ал 2013 жылы 61,7 бал.

2014 жылы 5 қылмыс тіркелді, өткен жылдың осы кезеңінде 4 қылмыс тіркелген. Қылмыстың ашылуы 100 пайыз. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылық тіркелген жоқ.

2015 жылға тапсырмалар:

- Ерназар, Қоянбай ауылдарында көшелерді жарықтандыру,

- Ауылдырды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау;

- Ерназар ауылының көшелерін орташа жөндеу;



- Ерназар ауылында бір үлгідегі мал қорымын орнату

Ерназар ауылдық округінің әкімі: Р.Заденов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет