Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Дата14.06.2016
өлшемі305 Kb.
#135761
түріБағдарламасы



Сауат ашу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-сынып) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 23 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.



Мазмұны


І Жалпы мәлімет 4

1 «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы 4

2 «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 4

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 5

5 «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер 7

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 8

7 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 9

8 Оқу нәтижелерін бағалау туралы 11

ІІ «Сауат ашу» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 12

1 «Сауат ашу» пәні мазмұны 12

2 Оқу мақсаттарының жүйесі 17

3 Ұзақ мерзімді жоспар 20








І Жалпы мәлімет


1 «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы

«Сауат ашу» пәні жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің біріне жатады.

«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің маңыздылығы – оқушылардың өмірінде жаңа пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу, тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру, сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз болуында.

«Сауат ашу» пәнінде оқу және жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста қатар жүреді: оқу дағдысы жақсы қалыптасқан оқушының сауатты жазу дағдысы да соған сай қалыптасады.

«Сауат ашу» пәні оқушылардың:


  • қазақ тілі фонетикасы, лексикасы, грамматикасы мен пунктуациясы туралы бастапқы білім негіздерін игеруіне;

  • оқу мен жазуға деген қызығушылығының оянуына;

  • айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;

  • жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануына және түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;

  • өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан басқа да халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімінің қалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.

«Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.


2 «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:

- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

- сөйлеу және қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтауға дағдыландыру;

- сөздік қорын байыту және белсендіру, байланыстыра сөйлеу тілін дамыту;

- туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

- қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;

- алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету;

- оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан ұйымдастыруға және жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.



3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыра отырып, 1-сыныптан бастап қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін оқытуды енгізеді.

Үш тілді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт коммуникативтік дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалыптастыруға бағытталған.

Үштілділік саясатын жүзеге асыру «Сауат ашу» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрініс табады:

- «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер» деп аталатын бесінші бөлімде мұғалімнің пәнді меңгерту үшін қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған;

- «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» деп аталатын сегізінші бөлімде тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның жоғары деңгейде қалай дамытылатыны көрсетілген;

- «Оқу нәтижелерін бағалау туралы» деп аталатын тоғызыншы бөлімде бағалау жүйесі анықталған.

4 «Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан 198 сағатты құрайды.


Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

6

198

Бастауыш білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін бастауыш сынып кабинеті санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы керек.

Жиһаздар сыныпта түрлі формадағы (жеке, жұптық, топтық) жұмыстар (ойын және басқа да белсенді әдістер) ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей жеңіл және жылжымалы болуы керек. Соған қоса, кітап сөрелеріне, оқушылардың көрме жұмыстарына арналған стенділерге және көрнекі құралдарға арнайы орындар ескерілуі тиіс.

«Сауат ашу» пәнін оқыту үшін кабинетте мынадай құрал-жабдықтардың болуы қажет:



  • интерактивті тақта/ проектор, экран;

  • шектеусіз интернетке қолжетімділік;

  • оргтехника (компьютер, принтер, сканер, веб-камера, құлаққаптар және ноутбуктер);

  • диктофон, микрофон;

  • сандық фотоаппарат;

  • флип-чарт;

  • шағын маркерлік тақта;

  • оқушылардың жұмыстарын сақтауға және демонстрациялауға арналған шкафтар;

  • түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;

  • бормен жазуға арналған тақта;

  • фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;

  • балаларға арналған түрлі жанрдағы көркем әдебиет, суретті брошюралар; журналдар, газеттер, ақындар мен жазушылар туралы фильмдер, аудиожазбалар мен бейнефильмдер;

  • көрнекі материалдар (иллюстрациялар, портреттер, кестелер);

  • грамматикалық анықтамалықтар мен сөздіктер: түсіндірме, сөзжасамдық, орфографиялық, синонимдер, антонимдер, фразеологиялық, этимологиялық, т.б.;

  • дидактикалық және үлестірмелі материалдар;

  • мұғалімге арналған көрнекі құралдар (пән бойынша кестелер, «Дұрыс отыр», «Қаламды дұрыс ұста» кестесі, «Әліпби» кестесі, магниттік баспа және жазба әріптер кассасы);

  • рөлдік ойындарға арналған қуыршақтар, құрал-жабдықтар;

  • еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.

  • театрға арналған декорациялар мен костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.


5 «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер

Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алуды үйрету» ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру көзделеді.

Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:


  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  • әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);

  • дамыта оқыту (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).

«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • буындық-дыбыстық талдау-жинақтау;

  • проблемалық жағдаят жасау;

  • оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыру;

  • ойын және зерттеу әдістері;

  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);

  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

  • ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;

  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
Үштұғырлы тіл саясатына сәйкес қазақ тілін оқыту мазмұнына қолдау жасау

Оқыту тілінде қолданылатын/қалыптасатын коммуникативтік дағдылар мен сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде оқылатын басқа пәндерді табысты меңгеруге ықпал ететіні анық. Бастауыш сынып мұғалімдері тіл мен әдебиет пәндерін оқыта отырып, тілдерді оқушылардың күнделікті өмірде, әлеуметтік ортада оқыту мақсаттарына лайықты қолдану мүмкіндіктерін күшейту арқылы үштілді оқыту саясатына үлесін қоса алады. Тіл пәндерінің мұғалімдері оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне назар аудартады. Барлық қалған пәндердің қолданатын негізгі құралы да - «тіл» екенін түсіндіреді.

Тілдік пәндер мұғалімдері пән мазмұнын пәнаралық байланысты орнатуға мүмкіндік беретін тақырыптармен, мәтіндермен, дағдылармен, оқу әрекеттерінің түрлерімен, оқу міндеттерімен, оқу мақсаттарымен толықтыра алады. Бұл сондай-ақ, оқушылардың жалпы академиялық тілін дамытуға және басқа пәндерді оқып-білуге керекті дағдыларды қалыптастыруға негіз қалайды: тақырыпты түрлі қырынан талдау, оқиғаның себептері мен салдарларын түсіндіру, пікірлер мен деректерді айыра тану, даулы тақырыптарды талдауға қатысу, түрлі ақпарат көздерін бағалау, басқаларға түсінікті ақпарат ұсына алу. Тіл пәндері мұғалімдері басқа пән мұғалімдерімен тығыз бірлікте болып, олардың ой-пікірлеріне, кеңестеріне құлақ салып, тіл сабақтарын сапалы деңгейге көтеруге барлық мүмкіндіктерді қолданады.

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



Білім берудің жаңа бағыты оқыту мен тәрбиелеудегі демократтық және гуманистік бағыттарды ұстана отырып, түрлі мәдениеттердің дамуы мен ерекшеліктерін ескеру болып табылады. Оқушылар қазақстандық көпұлтты қоғамда өмір сүре отырып, қарым-қатынас барысында өзара төзімділік таныту, басқа ұлт мәдениетіне деген сыйластық пен құрмет сезімін білдіру сияқты маңызды қасиеттерге ие болуы керек. Бұл ретте мәдениетті және түрлі мәдениетке деген сыйластық пен құрмет сезімін қалыптастыру әлеуетіне ие үдеріс – білім беру үдерісі екені белгілі.

«Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі сындарлы әрекет етуіне мүмкіндік береді.

«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:


  • қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  • қазақ тілінің Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісімін сақтау тілі ретіндегі қызметін түсіндіру;

  • ұлттық мәдениетімізді құрметтей білуге және Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік таныту, өзгелердің пікірлерімен санаса білу қасиетін қалыптастыру;

  • түрлі көзқарастарды, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге үйрету;

  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезіну, көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.



7 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Жалпы білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) арналған оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі және бірегейі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құра отырып, қажетті қатысымдық дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен ауызша, жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануына, тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.



«Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • дыбыстық-буындық талдау жасау;

  • артикуляциялық жаттығулар;

  • мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;

  • тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;

  • тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;

  • мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;

  • өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;

  • белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;

  • мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;

  • жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);

  • таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;

  • сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;

  • нені сұрауға және нені сұрауға болмайтыны туралы пікір таластыру;

  • суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;

  • сахналау;

  • берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.

«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • графикалық сызба арқылы «оқу»;

  • кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;

  • мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;

  • «көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;

  • мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу;

  • сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);

  • мәнерлеп оқу;

  • рөлге бөліп оқу;

  • оқылған әңгіменің, ертегінің, т.б. картасын жасау.


«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;

  • сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;

  • мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;

  • мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;

  • сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;

  • шағын хат жазу;

  • есте сақтау арқылы жазу;

  • байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;

  • сурет бойынша жазу;

  • өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.



8 Оқу нәтижелерін бағалау туралы

Бастауыш мектепте оқыту нәтижесін бағалау критериалды бағалау жүйесін енгізу арқылы жүзеге асады.

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.

Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген.

Критериалды бағалау нәтижесі оқыту үдерісін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін қолданылады.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Формативті (ағымдық) бағалау – сабақтағы және күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдық деңгейін айқындайды және оқыту кезінде оқушы мен педагог арасында жедел өзара байланысты жүзеге асырады, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқу мақсатына қол жеткізгендігін түсінуге мүмкіндік береді;

Ішкі жиынтық бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін айқындайды;

Ішкі жиынтық бағалау білім беру ұйымының педагогтары тарапынан жүзеге асырылады. Жиынтық жұмыстар үшін қойылған бағалар есептік оқу кезеңдері үшін қорытынды бағаларды анықтауға негіз болып табылады.

1-сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана формативті бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.

1-сыныпта жылдық баға формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.


ІІ «Сауат ашу» пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі




1 «Сауат ашу» пәні мазмұны

«Сауат ашу» пәні – лексикалық тақырыптар негізінде оқушыларды оқу мен жазуға үйрете отырып, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған пән. «Сауат ашу» пәні бағдарламасының мазмұны кіріктіріле (интегративті) құрастырылды.

«Сауат ашу» пәні үш кезеңнен тұрады: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезең.

Мұғалім сағат санын үш кезең бойынша сыныптағы оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеруіне, әр кезеңнің міндеттерін жүзеге асыруына орай еркін жоспарлай алады.


Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

- оқу әрекетіне деген қызығушылығын қалыптастыру;

- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

- дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру;

- сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын қалыптастыру;

- қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлбасын салу, элементтерді жазу);

- ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін дамыту;

- ауызша, жазбаша тілін дамыту.



Әліппе кезеңінің міндеттері:

- оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту;

- фонематикалық есту-тыңдауын дамыту;

- дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру;

- әліпби әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп және кіші әріпті ажыратуға үйрету;

- тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту;

- біртіндеп сөзді тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

- әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру;

- ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері:


  • мәтіндерді дұрыс, ырғақты оқуға дағдыландыру, «іштей оқу», түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру;

  • тыңдау-түсіну, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын жетілдіру;

  • байланыстырып сөйлеуін дамыту;

  • каллиграфия нормаларын сақтай және сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.


Білім мазмұны
Тыңдалым және айтылым

Мұғалім мен басқа оқушылардың сөйлеуін тыңдауы, естігенінің мәнісін түсінуі, сұраққа дұрыс және нақты жауап беруі, сөз мағынасын түсінуі, сөзді жұмсалу орнына және мағынасына қарай қолдана білуі, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай отырып, өзі туралы айта алуы. Тілдік емес амалдарды (интонация, мимика, қол қимылдары, дене қимылдары) ауызша сөйлесуде қолдануы. Сюжетті суреттер бойынша әңгімелер құрастыру, ертегілер айту. Өлеңдер жаттау, санамақтар, мақалдар мен мәтелдер, жұмбақтар жаттау. Жаңылтпаштар айту арқылы артикуляциялық аппараттарын дамыту. Сөздің дыбыстық құрылымы. Дауысты дыбыстар, олардың жуан, жіңіщке болып бөлінуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың қатаң, ұяң, үнді болып жіктелуі. Буын – ең кіші айтылым бірлігі ретінде. Сөздердің буындарға бөлінуі. Дауысты дыбыстардың буынқұраушылық рөлі. Сөздің мағынасы. Сөйлем құрау. Сөйлемдерден қысқаша мәтіндер құрастыру. Мәтінді тыңдау барысында түсіну. Мұғалімнің ауызша сұрақтарына жауап беру. Сюжетті сурет бойынша немесе көргені, бастан кешкені, естігені туралы әңгімелесу; қысқаша тақпақтар жаттау, мазмұнын айтып беру. Түрлі жанрдағы шығармаларды салыстыру. Шығармадағы негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру, сипаттама жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамының сәйкестігін немесе сәйкес еместігін нақтылау. Сөздерді қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық заңдарына сәйкес айта білу. Коммуникативтік мақсаттарға сай (топта сөйлесу, сұхбатқа қатысу, сахналау, рөлдік ойындар) сөйлеу мәдениеті этикеттерін пайдалану, лексикалық тақырыптар негізінде сөздік қорды кеңейту.


Оқылым

Сөздегі дыбыстардың саны мен бірізділігін анықтау. Дыбыстық талдау жасау. Дыбыстардың мағынаажыратушылық функциясын түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсіну. Дыбыс пен әріпті ажырата тани білуі; әріп – дыбыстың таңбасы ретінде. Жазылған сөздің әріптік құрылымын тану. Түрлі құрылымдағы сөздерді, 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді, 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен ұласпалы оқуға үйрету, мәтінді мұғалімнің сұрағы бойынша теріп оқу. Дауыстап оқу. Сөйлеудің интонациялық ұйымдасуына бақылау жасау (аяғындағы интонация, леппен айту, сұраулы интонация).

Дыбыстар мен әріптерді төменде көрсетілген бірізділікпен меңгерту ұсынылады:

1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы;

2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б;

3-кезеңде х, һ, щ, я, ю, в, э, ё, ц, ф, ч;

4-кезеңде ь, ъ белгілері.

Қазақ тіліндегі дыбыстарды, оның ішінде айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б, к – қ дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру. Орыс тілінен енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Оқушылардың сөздік қорын байыту және белсендіру.

Сөздердің мағынасына бақылау жасау (мағынасы жуық сөздер, қарама-қарсы мағыналы, көп мағыналы). Мәтін туралы жалпы түсінік. Өз бетімен оқу барысында мәтінді түсінуі. Баяндау сипатындағы құрылымында ақаулары бар мәтінді қайта өңдей алуы. Тұтас сөздер арқылы оқуға өту, «іштей оқу». Оқылғанның мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; оқылған мәтін мазмұнының тақырыбымен байланыстылығы, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін айқындау; көркем шығарманың тақырыбын, негізгі ойын анықтау; қойылған сұрақтарға дұрыс жауап құрастыра білу; көркем мәтін мен өзге (нұсқаулық, түйін, т.б.) мәтіндерді интонациясын дұрыс қойып оқу (хабарлы, сұраулы, лепті) және олардың мазмұнын айтып беру; теріп оқу, рөлге бөліп оқу, оқылғанға баға беру (ұнайды/ ұнамайды). Оқу тапсырмаларын орындауға керекті ақпаратты іздеу (мұғалімнің жетекшілігімен). Мәтін, сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну.
Жазылым

Сызбалардың көмегімен сөздің дыбыстық құрамын модельдеу. Сөйлемді модельдеу. Жазу жұмысына дайындық жаттығулары (денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты/қаламды дұрыс ұстау). Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, көлбеу, тік). Сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу. Әріп элементтерін, бас әріптер мен кіші әріптерді, сөйлемдердің буындарын графикалық нормаларды сақтай отырып, бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу. Айтылуы мен жазылуында алшақтық жоқ сөздерден, пунктуациялық ережелерді ескере отырып, диктант жазу. Сөйлем құрамындағы сөздердің бөлек жазылатыны. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны, сөйлемнің соңында нүкте қойылатыны. Сөйлем, шағын мәтіндерді (3-4 сөйлем) дұрыс құрастырып жазу. Есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу. Жазғанын үлгіге қарап тексеру; каллиграфиялық дұрыс жазу.

Ұғымдарды ажырату: зат және сөз заттың атауы ретінде. Қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың сөз-аталымдары. Сөздің белгілі бір мағына (заттардың атын, түсін, дәмін, көлемін, санын, іс-қимылын) беретінін ұғындыру, оларды орынды қолдануға үйрету. Бір затты, көп затты білдіретін сөздер. Дыбыс. Әріп. Бас әріп және кіші әріп. Дыбыс түрлері: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау. Сөз және сөйлем. Сөздің мағынасы (сөздік жұмысы). Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлемдерден шағын әңгіме (мәтін) құрау. Сөйлемнің тыныс белгілері (нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі).

Дұрыс жазу ережелерімен танысу және оларды тәжірибеде қолдану:

1) бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) анықтау, дұрыс жазу;

2) заттардың атаулары мен олардың санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді анықтау;

3) көптік жалғауды меңгеру және дұрыс қолдану;

4) жіктеу есімдіктерін ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

5) тәуелдік жалғауларын ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану;

6) іс-қимылды білдіретін сөздерді (етістік шақтарын) дұрыс қолдану;

7) сөйлемнің тыныс белгілерін (нүкте, үтір, сұрақ белгісі және леп белгісі) дұрыс қойып жазу;

8) мұғалім көмегімен сөздерді тасымалдау.


Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әр бөлім өз кезегінде әрі қарай бөлімшелерге бөлінген.

Бөлімшелерде оқу мақсаттары белгіленген, олар білім немесе түсінік, дағды немесе білік бойынша күтілетін нәтижелер түрінде берілген. Әрбір кіші бөлімшенің ішінде бірізділікпен орналастырылған және сол арқылы мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың еңбегін бағалауға оқытудың келесі кезеңі туралы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары бірізділікпен орналастырылған.




1-сынып



Бөлім

Бөлімше

11




Тыңдалым және айтылым


1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

2

Оқылым

2.1 Оқу түрлерін қолдану

2.2 Мәтінді түсіну

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

2.4 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсіну

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

33




Жазылым

3.3 Жоспар құру

3.4 Мәтін құрастыру

3.5 Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу

3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3. 7 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

3.8 Қатені табу және түзету

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Бағдарламада «Оқу мақсаттары» кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгіде бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.2.1. кодында «1» - сыныбы, «1» - «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» - бөлімшеcі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.


Ескерту

3. «Жазылым» бөлімі бойынша

Ж 1 «Мәтін түрлеріне сәйкес өз мәтінін құрастырып жазу»,

Ж 2 «Түрлі стильде мәтін жазу» бөлімшелерінің оқу мақсаттары 2-4 сыныпта «Қазақ тілі» пәнінде қарастырылады.


2 Оқу мақсаттарының жүйесі



1-бөлім: Тыңдалым және айтылым


Бөлімше

Оқу мақсаттары

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну


1.1.1.1 Тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну

1.1.1.2 Шағын мәтіннің/ақпараттың мазмұнын түсіну



1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің не туралы екенін анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.4 Оқиғаны болжау

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау

1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

1.1.5.1 Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолдана білу

1.1.5.2 Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу

1.6 Тыңдаушының назарын аудару

1.1.6.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) қолдану

1.1.6.2 Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолдану

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту


1.1.7.1 Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы өз пікірін білдіру (қызықты, қызықты емес, неліктен)

1.1.7.2 Кейіпкердің іс-әрекетіне байланысты өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды

1.8 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрып айту

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту (мұғалімнің көмегімен)

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту



1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.1.9.2 Дыбыстардың мағынаажыратушылық қызметін түсіну

1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау




2-бөлім: Оқылым


Бөлімше

Оқу мақсаттары

2.1 Оқу түрлерін қолдану

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу; сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

2.2 Мәтінді түсіну


1.2.2.1 Шағын мәтіндегі негізгі оқиғалардың мәнін түсіну және ретін анықтау

2.3 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату

1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау

2.4 Мәтіндегі лексикалық және синтаксистік бірліктердің қолданылуын түсіну

1.2.4.1 Қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді және көп мағыналы сөздерді ажырата алу (мұғалім көмегімен)

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.2.5.1 Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

2.6 Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау

1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтау

1.2.6. 2 Өлең, әңгіме, ертегі жанрларын ажырату

1.2.6.3 Көркем және бейкөркем (газет және журнал мақаласы және т.б.) мәтіндерді ажырату

2.7 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу

1.2.7.1 Әліпби ретімен құрылған дереккөздерден (сөздіктер, анықтамалықтар, суретті кітаптар) ақпараттарды табу

2.8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

1.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі жанрдағы (ертегі, әңгіме, өлең) және стильдегі (көркем және бейкөркем) мәтіндерді салыстыру

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату


1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.9.2 Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь,ъ таңбалары, ф, в, ц, ч дыбыстары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу


3-бөлім: Жазылым


Бөлімше

Оқу мақсаттары

3.3 Жоспар құру

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою

3.4 Мәтін құрастыру

1.3.4.1 Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

3.5 Оқыған/тыңдаған

материалдардың мазмұнын жазу



1.3.5.1 Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

3.6 Мәтінді түрлі формада ұсыну

1.3.6.1 Сызбалар, суреттер, белгілермен толықтырып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

3.7 Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу

1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу

3.8 Қатені табу және түзету

1.3.8.1 Сөз, сөйлемін, мәтінді мұғалім көмегімен (үлгі, талдау, т.б. ) тексеру және қателерді түзету

3.9 Орфографиялық нормаларды сақтау

1.3.9.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу/көшіру

1.3.9.2 Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу

1.3.9.3 Мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату

1.3.9.4 Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін, жер-су аттарын , үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза білу

3.10 Грамматикалық нормаларды сақтау


1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу

1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз)

3.11 Пунктуациялық нормаларды сақтау

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

1.3.12.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу

1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу


3 Ұзақ мерзімді жоспар





Ортақ тақырыптар

Тақырыпша

Оқу мақсаттары

1-сынып

І тоқсан - 9 апта

1.Өзім туралы
(Әліппеге дейінгі кезең)


Кел, танысайық!

1.1.1.1; 1.1.1.2; 1.1.3.1; 1.1.5.1; 1.1.5.2; 1.3.12.1

Маған ұнайтын өлеңдер

1.2.6. 2; 1.1.1.2; 1.1.7.1; 1.1.4.1; 1.1.9.1; 1.2.1.1; 1.3.12.1

Менің ұнататын заттарым

1.1.1.3; 1.2.5.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.3.12.1

Мен ақынмын

1.2.1.1; 1.3.6.1; 1.3.12.1

Баспана түрлері

1.1.2.1; 1.2.2.1; 1.2.1.1; 1.3.5.1

Өз үйімді сипаттаймын

1.1.6.1; 1.1.6.2; 1.1.5.2; 1.3.5.1

2.Менің мектебім

(А, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м дыбыстары мен әріптері)



Менің мектебім (топсеруен)

1.1.1.2; 1.1.3.1; 1.2. 9.1; 1.3.12.1

Мектептің экскурсия жетекшісімін

1.1.5.1; 1.1.6.1; 1.1.6.2; 1.2. 9.1

Мектептегі жол бағытын құрастыру

1.2.1.2; 1.3. 5.1; 1.2. 9.1; 1.3.12.2

Мектеп туралы шығармалар оқу

1.2.6.2; 1.2.2.1; 1.2.1.2; 1.2.5.1; 1.1.7.2; 1.2. 9.1; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Мен - оқушымын (мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау)

1.1.1.2; 1.1.3.1.; 1.3.3.1; 1.2.1.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Мен - оқушымын (мектеп туралы әңгіме жазу)

1.3.5.1; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.2.1.2; 1.2.9.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2

ІІ тоқсан- 7 апта

3.Менің отбасым және достарым

(Ы, қ, ұ, і, к, ү, и, д , е, ғ, г, ң дыбыстары мен әріптері)



Отбасы деген не

1.2.8.1; 1.2.4.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.1.9.3 1.2.9.1; 1.2.9.2;1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.2.1.1; 1.2.1.2; 1.2.5.1

Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу)

1.1.8.1 ; 1.2.5.1; 1.3.6.1; 1.3.11.1; 1.1.9.1 ; 1.1.9.2 ; 1.1.9.3 ; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Достық деген не (достық туралы фильм көру)

1.1.1.2; 1.1.4.1; 1.1.7.1; 1.1.7.2; 1.1.5.2; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.1.9.3; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2: 1.3.11.1

Достық деген не (достық туралы әңгімені жоспарлау)

1.1.8.1; 1.1.5.2; 1.1.6.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.1.9.3; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.11.1

Достық деген не (достық туралы әңгіме жазу)

1.3.6.1; 1.2.3.1; 1.3.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.1.9.3; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.11.1

4.Бізді қоршаған әлем

(Ө, з, ә, ж, п, б, х, һ , щ, я, ю, ё дыбыстары мен әріптері)



Табиғатты танимын

1.2.7.1; 1.2.1.2; 1.2.6.2; 1.2.5.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Серуенге шығамын (таңдау бойынша)

1.2.5.1; 1.3.5.1; 1.1.5.2; 1.1.3.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1 ; 1.2.9.2 ; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Табиғат жайлы постер жасаймын


1.1.5.2; 1.3.6.1; 1.3.8.1; 1.2.5.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Ауа райы туралы өлең оқимын

1.1.4.1; 1.2.1.2; 1.1.7.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Ауа райын сипаттаймын


1.2.4.1; 1.1.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

Ауа райы туралы өлең жазамын

1.3.4.1; 1.1.7.1; 1.3.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2

ІІІ тоқсан – 9 апта

5. Саяхат

(Э, в, ц, ф, ч дыбыстары мен әріптері және ъ, ь белгілері)



Саяхатты сипаттау

1.1.1.2; 1.2.4.1; 1.2.5.1; 1.1.5.1; 1.1.5.2


Саяхатқа дайындалу

1.3.7.1; 1.2.4.1; 1.3.9.1; 1.3.9.3; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1 ; 1.2.9.2 ; 1.3.12.1; 1.3.12.2


Саяхат туралы әңгіме жазу


1.3.4.1; 1.2.3.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Туристік маршрутты жарнамалау


1.3.3.1; 1.2.7.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Жарнама постерлері мен кітапшалар дайындау


1.3.4.1; 1.3.6.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Хат жазу

1.3.7.1; 1.3.9.4; 1.3.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


6.Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
(Әліппеден кейінгі кезең)

Ұлттық ойындар туралы түсінік

1.2.5.1; 1.1.3.1; 1.3.4.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Ойын ережесі

1.2.4.1; 1.2.4.1; 1.2.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Ойын ережесін құру

1.3.6.1; 1.3.7.1; 1.3.8.1; 1.3.9.3; 1.3.9.4; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Ұлттық кейіпкерлер жайында әңгіме оқу

1.2.2.1; 1.1.7.2; 1.2.6.1; 1.2.6.2; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Әңгімедегі кейіпкерлерді сипаттау

1.2.2.1; 1.1.7.2; 1.1.6.1; 1.1.6.2; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Кейіпкерді сипаттау

1.3.4.1; 1.3.8.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


ІҮ тоқсан – 8 апта

7.Тағам және сусын

Біздің кафеде


1.1.1.2; 1.1.3.1; 1.1.9.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Мектеп асханасы


1.1.1.2; 1.2.5.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1; 1.3.8.1


Рецепт жазу


1.3.7.1; 1.3.8.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Әңгіме оқу


1.2.6.2; 1.2.6.3; 1.2.2.1; 1.3.3.1; 1.1.3.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Әңгімені мазмұндау


1.1.3.1; 1.3.8.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Әңгіме жазу


1.3.5.1; 1.3.8.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


8. Дені саудың – жаны сау

Денсаулықты күтуді үйрену


1.1.5.2; 1.2.5.1; 1.2.7.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Бейкөркем мәтіндер құрастыру


1.2.6.1; 1.2.6.3; 1.3.6.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.1


Спорт туралы әңгімені оқу


1.1.4.1; 1.1.6.2; 1.3.3.1; 1.1.7.2; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.


Әңгімелеу


1.1.3.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.


Спорт туралы әңгіме жазу

1.3.8.1; 1.3.4.1; 1.1.9.2; 1.2.9.1; 1.2.9.2; 1.3.12.1; 1.3.12.2; 1.3.10.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет