Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитетінің
2009 жылғы «09» желтоқсандағы
№ 50 бұйрығымен
келісілген
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық актілердің каталогы»
бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар
1. Кіріспе
Бағдарламалық қамтамасыз ету қорды өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ақпаратты қамтитын құжаттармен орталықтандырылған және құрылымдық толықтыруға арналған.
Ақпаратты толықтыру кезінде өнеркәсіп саласындағы құжаттардың түрлері қолданылады.
Алдын ала анықталған өнеркәсіп салалары мен құжаттардың түрлері қажетті ақпаратты іздеу саласын едәуір дәрежеде тарылтады, бұл қажеті құжатты іздеу үрдісін жеделдетеді.
2. Жүйені орнату әр түрлі нұсқаларда өтеді
2.1. Жүйені ақпараты қосу және іздеу мүмкіндігімен толықтай бір компьютерге орнату.
Мұндай орнату нұсқасы мынадай орнату бөліктерін қамтиды:
Құжаттарды қамтитын деректер қоры.
Әкімшілік ету қосымшасы.
Клиенттің ұсынысы
2.2. Деректер қоры деректер қоры серверіне орнату.
Мұндай нұсқа әкімшілер немесе клиенттер қосылатын серверге тек деректер қорын орнатуды ғана қарастырады.
2.3. Әкімшілерге арналған қысқарып орнату.
Әкімшінің компьютеріне тек әкімшілінің қосымшасы және қалауынша клиенттің қосымшасы орнатылады.
2.4. Клиент қосымшасының нұсқасын толықтай орнату.
Клиенттің компьютеріне құжаттарды іздеуге және қарауға арналған қосымша, сондай-ақ деректер қоры орнатылады.
2.5. Клиент нұсқасын қысқартып орнату.
Бұл құжаттар қорының орталықтандырылған серверіне одан әрі қосу үшін клиент қосымшасын орнатуды ғана қамтиды.
3. Жүйеге әкімшілік ету
Әкімшінің қосымшасының мынадай түрі болады.
Анықтамалықты жүргізудің түрі төмендегідей болады.
Белгілі бір жазуды таңдаған кезде оны өшіруге немесе төменгі панелдегі тиісті түймелермен редакциялауға болады.
Жаңа мәнді қосу үшін «Қосу» деген түймені басу қажет. Ашылған енгізу терезесіне жаңа мән беру қажет.
Қорға жаңа құжаттарды қосу төмендегі нысан бойынша орындалады:
«Құжаттың түрі» деп шығатын тізім
Құжаты қосу кезінде қосылатын құжаттың түрін таңдау қажет. Бұл іздеу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Өнеркәсіп салаларының тізбесі
Құжаттарды қосу кезінде өнеркәсіп саласын көрсету қажет немесе егер құжат өнеркәсіп саласының ешқайсысына жатпайтын болса, онда өнеркәсіп саласы көрсетілмейді.
Құжаттың атауы
Тиісті жолды толтыру қажет. Одан кейін бұл жол құжаты атауы бойынша іздегенде қатысатын болады.
Құжат
Бұл жолға көшу кезінде құжаттарды ашу диалогы ашылады.
Қабылдау мерзімі
Тиісті жолда мерзімі көрсетіледі, ол құжаттың қол қойылған мерзімін көрсетеді.
Күшіне енген мерзімі
Кейбір құжаттарда қол қойған күнінен басқа, қолданысқа енген мерзімі болады.
Негіздеме
Орналастырылатын құжат осы құжат үшін негіз болып табылатын құжаттарға қатысты болса, құжаттың түрін көрсетіп, толтырылған төменгі кестеден қажетті құжатты таңдау қажет. Сөйтіп, белгілі бір негізі құжаттарға қандай құжаттардың жататынын көзге көрсететін құжаттар каталогы тізіледі.
Қордағы орналастырылған құжаттарды іздеу
Іздеу терезесінде екі қосымша бет болады.
«Атрибуттар бойынша» қосымша бет.
Атрибуттар бойынша іздеу қажет болған жағдайда қажетті жолды толтыру қажет: құжаттың атауы, өнеркәсіп түрі, құжаттың түрі, қабылдаған мерзімі, күшіне енген мерзімі.
«Табу» деген түймені басқан кезде іздеу талабы бойынша табылған барлық құжаттардың тізімі ашылады.
«Мәтін бойынша» қосымша бет.
Қосымша беттен мәтін жолы болады. Ол мәтіннің мазмұнындағы сөзді іздеу үшін қажет.
Жазылған фраза болатын құжаттар тізімде көрсетіледі.
Құжаттар мұрағатын басқару.
Мұрағаттарды басқару үшін мынадай нысан қызмет етеді:
Құжаттың күші жойылды деп танылған жағдайда оны жоғарғы жағында тұрған тізімнен таңдап, «Мұрағатқа» деген түймені басу қажет.
Ауыстырылған құжат төменгі кестеде көрсетіледі.
Егер мұрағат құжаты қайтадан қолданысқа енгізілді деп танылған жағдайда, құжатты қайтарып алуға болады. Бұл үшін қажетті құжатты ерекшелеп бөліп, «қайтару» деген түймені басу қажет.
1. Бағдарламаның сипаттамасы
Бағдарламалық қамтамасыз ету ақпаратты жылдам іздеуге арналған.
Бағдарламалық қамтамасыз ету құжаттардың түрлері, өнеркәсіп саласы және мазмұны бойынша іздеуге мүмкіндік береді.
Сол жақтағы панелде құжаттардың түрлеріне ауыстырушылар орналастырылады. Орталық бөлімінде таңдап алынған немесе табылған құжаттардың тізімі көрсетіледі.
Оң жағында құжаттардың қандай бұйрықтар негізінде дайындалғанын қарауға мүмкіндік беретін құжаттардың каталогы жазылады.
Құжаттарды өнеркәсіп саласы, құжаттардың түрі, атауы мен мазмұны (контекстік іздеу) бойынша іздеу.
Іздеу нәтижелерінің кестелік бейнесі, сондай-ақ құжаттардың орналасу орнының бейнеленуі.
Қосымшаның негізгі басқарушы элементтерінің бейнесі мемлекеттік тілде.
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Жүйені орнату
3. Жүйеге әкімшілік ету
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |