6. Талдамалы жазбахат.
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (ары-қарай Бағдарлама) Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 12 қарашадағы №8-2 шешімімен бекітілген. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 1 кезең – кезеңдік 2011-2013 жылдар, 2 кезең – ақырғы 2014-2015 жылдар.
Жалпы бағдарламада 19 мақсат, 42 индикаторлар, 110 көрсеткіштер қарастырылған, оның ішінде 2012 жылға 39 индикаторларды және 106 көрсеткіштерді орындау қарастырылған. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 25 индикаторға және 71 көрсеткіштерге қол жеткізілген, 5 индикатор және 15 көрсеткіш орындалмаған. 9 индикатор мен 20 көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтер Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың ішінде ұсынылады.
Мақсат 4.1.1. Экономиканың сапалы және тұрақты өсімін қамтамасыз ету
Аталған бөлім 1 индикатордан және 4 көрсеткіштен тұрады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 3 көрсеткіш орындалды, 1 индикатор және 1 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың мамырында ұсынылады.
Сонымен бірге, «ЖӨӨ НКИ» индикторы 105,3% деңгейінде жоспарланып, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде нақты 109,7%-ды құрады, жылдың қорытындысы бойынша индикатордың орындалуы күтілуде.
Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру
Аталған бөлім 4 индикатордан және 18 көрсеткіштен тұрады. Жылдың қорытындысы бойынша 3 индикатор және 7 көрсеткіш орындалды. 1 индикатор және 8 көрсеткіш орындалмаған, 3 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың сәуірінде болады.
«Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі» индикаторы көмір өндіру көлемінің 58,6%-ға, табиғи газ – 2,6%-ға, шикі мұнай - 1,4%-ға қысқаруына байланысты орындалмады. Сонымен бірге, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 4,8%-ға өсімі қамтамасыз етілген.
«Химия өнеркәсібі өнімін экспорттаудың өсімі» көрсеткіші өндіріс көлемінің және химия өнімінің тиелімінің қысқаруынан орындалмаған. Өнім «Казфосфат» ЖШС-нің басты офисінің орналасу жері Алматы қаласы арқылы экспортталады.
«Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі», «Химия өнеркәсібі өнімін экспорттаудың өсімі», «Химия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі» көрсеткіштерінің орындалмауы күкірт қышқылының жетіспеушілігінен натрий үш полифосфатын өндіру 33,3%-ға, ортофосфор қышқылын - 28,0%-ға қысқаруына байланысты, сонымен қатар, Европа елдеріндегі дағдарысқа байланысты фосфор өніміне сұраныстың азайғанына және оны аталған елдерге экспорттаудың қысқаруына байланысты болып отыр.
Жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі тоқыма өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 58,1%-ға төмендеуіне байланысты орындалмады. Бұған «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС-де жуылған жүн өндіру үшін қажетті шикізаттың (ҰММ жүні) тапшылығы себеп болды.
«Машина жасау өнеркәсібінің нақты көлем индексі» және «Машина жасау өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі» көрсеткіштерінің орындалмауы локомотив жөндеу зауытында 2012 жылы тапсырыстың төмендеуі және «Камкор-Локомотив» Шу локомотив жөндеу зауытында комбайндер жинайтын цехтың жабылуында байланысты. Кәсіпорында 2012 жылдың желтоқсанында ҚХР бірігіп маневрлы тепловоздарды жинау бойынша жаңа өндіріс іске қосылды.
«Алтыналмас» АК» АҚ «Карьерное» кен орнында кен құрамында алтынның аз болуына байланысты алтынқұрамдас кенінің өндірісінің төмендеуі себебінен «Түсті металл кенін өндіру саласының нақты көлем индексі» жоспарлы мағынасына жетпеді.
Мақсат 4.1.3. Өнеркәсіптің энергиялық тиімділігін арттыру
Бөлімде 1 индикатор және 5 көрсеткіш қарастырылған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 41,7%-ға, майлы дақылдар – 20,3%-ға, ашық жерлердегі көкөністер – 1,5%-ға, қант қызылшасы – 64,0%-ға төмендеуіне байланысты жыл қорытындысы бойынша «Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ» (97%) және «Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі» (91%) көрсеткіштері орындалмаған. Қалған 2 көрсеткіш орындалған. 2 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың тамыз айында ұсынылатын болады.
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
Бөлім 2 индикатор және 5 көрсеткіштен тұрады. Жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор және 3 көрсеткіш орындалған, 1 индикатор және 1 көрсеткіш орындалмаған, 1 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың мамыр айында ұсынылады.
«ШОБ субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі» индикаторының жоспарлы мағынасы 102,2%-ға қол жеткізілмеген. Сонымен бірге, 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ШОБ өнімінің НКИ 101%-ды құраған. Салықтық есептілік жинау жүйесі электрондық форматқа ауысуына байланысты СОНО және ИНИС ақпараттық жүйелері арасында уақытша байланыс болмауының салдарынан патент бойынша жұмыс істейтін және есептілікті ИНИС жүйесі бойынша қағазда тапсырған жеке кәсіпкерлер СОНО есептілігіне енгізілмеген.
2012 жылдың қаңтар-желтоқсанда бөлшек тауар айналымының НКИ 116,1%-ды құрады. Облыс орталығындағы негізгі сауда базарларының 4 тоқсанның басында жаңа орындарға көшуіне байланысты «Бөлшек сауда айналымының көлемі» көрсеткішінің жоспарлы мәніне қол жеткізілмеген.
Мақсат 4.1.5.: Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету
Бөлім 3 индикатор және 9 көрсеткіштен тұрады. Жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор және 2 көрсеткіш орындалған, 2 индикатор және 7 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік кешірек ұсынылытын болады.
Мақсат 4.2.1. Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету
Бөлімде 2 индикатор және 6 көрсеткіш қарастырылған, жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор және 6 көрсеткішке қол жеткізілген. 1 индикатор орындалмаған.
2 колледждің жабылуына, тағы 2 колледж қызметін тоқтатуына (білім беру мемлекеттік бағдарламасын материалдық негізі сәйкес келмеуіне байланысты) және 3 колледжде 1 курсқа білімгерлер қабылдамағанға байланысты «Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі (14-24 жас)» индикаторы орындалмаған.
Мақсат 4.2.2. Облыстың әлеуметтік-демографиялық дамуын тұрақты қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту
Бөлімде 3 мақсатты индикатор және 13 көрсеткіш бар, 1 индикатор және 12 көрсеткішке қол жеткізілген. 1 көрсеткіш орындалмаған, 2 индикатор бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың наурыз, сәуір айларында ұсынылатын болады.
Дәрігер кадрларына тапшылықты төмендету көрсеткіші 201-ді (жоспар – 204) құрап, орындалмады. 2012 жылға қалалық жерде дәрігерлік кадрлар үшін әлеуметтік пакеттер қарастырылмаған, осы себептен дәрігерлік кадрлар қызығушылық танытпай жұмыс істеуге келмеген.
Мақсат 4.2.3.: Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету
Бөлімде 3 индикатор және 7 көрсеткіш қарастырылған, жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор және 5 көрсеткішке қол жеткізілген, 2 индикатор және 2 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың наурыз айында ұсынылады.
Мақсат 4.2.4: Мәдениетті және тілді дамыту
Жылдың қорытындысы бойынша қарастырылған екі индикатор орындалды. Көрсеткіштер қарастырылмаған.
Мақсат 4.2.5.: Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру
Бөлім 2 индикатор және 3 көрсеткіштен тұрады. Жылдың қорытындысы бойынша 1 индикатор және 1 көрсеткішке қол жеткізілген, 1 индикатор және 2 көрсеткіш бойынша статистикалық еептілік кешірек болады.
Мақсат 4.2.6.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Бөлімде қарастырылған 1 индикатор және 4 көрсеткіш жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.2.7.: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету
Бөлімде 2 индикатор және 4 көрсеткіш қарасытырылған, оның ішінде 1 индикатор және 3 көрсеткіш жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Ірі көліктік авариялар санының 2 есеге, техногендік сипаттағы өндірістік және тұрмыстық өрт және жарылыс санының 12,7%-ға ұлғаюына байланысты «Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету» индикаторы орындалмаған.
Мақсат 4.3.1.: Инфокоммуникацияны дамыту
Бөлім 5 көрсеткіштен тұрады, жылдың қорытындысы бойынша 2 көрсеткіш орындалған, 3 көрсеткіш бойынша статистикалық есептілік 2013 жылдың тамыз айында болады.
Мақсат 4.3.2.: Құрылысты дамыту
Бөлім 2 индикатор және 2 көрсеткіштен тұрады. Жылдың қорытындысы бойынша 2 индикатор және 1 көрсеткіш орындалған.
«Боди билд» ЖШС мердігердің кінәсінан «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы және (немесе) сатып алу» көрсеткіші орындалмаған.
Мақсат 4.3.3.: Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту
Бөлімде қарастырылған 3 индикатор және 6 көрсеткіш жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.3.4.: Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы
Бөлімде қарастырылған 4 индикатор және 6 көрсеткіш жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.4.1.: Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту
Бөлімде қарастырылған 1 индикатор және 3 көрсеткіш жылдың қорытындысы бойынша орындалған.
Мақсат 4.4.2.: Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту
Бөлімде 2 индикатор және 5 көрсеткіш қарастырылған. Жылдың қорытындысы бойынша 2 индикатор және 3 көрсеткіш орындалған, 2 көрсеткішке қол жеткізілмеген.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар өндірісінің ұлғаюы және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты «Стационарлық көздерден шығатын атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары» көрсеткіші орындалмаған.
Облыста қайта өңдеу зауыттарының жоқ болу салдарынан «Қайта өңдеуге бағытталған коммуналдық қалдықтардың көлемі» көрсеткіші орындалмаған.
Мақсат 4.5.1. Мемлекеттік қызметті дамыту
Бөлімде 1 индикатор және 1 көрсеткіш қарастырылған, 1 көрсеткіш орындалды. Индикатордың мәні 2013 жылдың сәуір айында ішкі саясат басқармасымен әлеуметтік сауалнама жүргізілгеннен кейін белгілі болады.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 405 іс-шаралар, оның ішінде «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы» 1 бағыты бойынша 21363 млн. теңге сомасында 65 іс-шараны, «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» 2 бағыты бойынша - 45252,9 млн.теңге сомасында 221 іс-шараны, «Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету» 3 бағыты бойынша - 22850,7 млн. теңге сомасында 98 іс-шараны, «Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау» 4 бағыты бойынша - 1436 млн.теңге сомасында 19 іс-шараны, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру» 5 бағыты бойынша - 17,16 млн.теңге сомасында 2 іс-шараны іске асыру қарастырылған.
Жоспарда қарастырылған 405 іс-шаралардың 2012 жылдың қорытындысы бойынша 388-і орындалған, 17 іс-шаралар орындалмаған, оның ішінде 9 іс-шараны орындау 2013-2016 жылдарға ауыстырылған.
«Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы» 1 бағыты бойынша 8688,5 млн.теңге игеріліп, қарастырылған 65 іс-шараның 7 орындалмаған:
- күкірт қышқылы цехының құрылысы - құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімі бойынша 2 айға кеш жүргізілуіне байланысты, «Казфосфат» ЖШС жобаны іске қосу мерзімін 2013 жылға ауыстырды;
- №3 зауыт құрылысы - қаржыландырудың кешігуіне байланысты, «Жамбылгипс» АҚ жобаны іске қосу мерзімін 2013 жылға қалдырды;
- полиэтилендік құбырлар, фитингтер және тамшылап суару құбырларын өндіру зауытының құрылысы (2 кезең) - құрал-жабдықтың қосалқы бөлшектерінің келмеуіне байланысты, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС жобаны іске қосуды 2013 жылға ауыстырды;
- мал өлекселерін көметін көмбелердің (биотермиялық шұңқырлардың) құруы - биотермиялық шұңқырлардың құрылысына 46,7 млн. теңге бөлінді, игерілгені 41,8 млн. теңге. Т.Рысқұлов және Шу аудандарында «Аян-Сервис» ЖШС мердігерлерінің құрылысты уақытылы аяқтамағандығынан бөлінген қаржы игерілмеген;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу жөніндегі ауылдық тұтынушылар кооперативтерін құру - «Оңтүстік» ӘКК –ның бөліну балансы толық аяқталмай, ұйымдастыру құқықтық жұмыстарының жүргізілмеуі себепті жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асырылмады.
- қымыз және шұбат өнімдерін өнеркәсіптік жолдармен өндіру зауытын салу - Жобаның құрылысына қаражат жоқтығынан 2013 жылға қалдырылды;
- облыстың сыртқы сауда айналымын ұлғайту - сыртқы сауда айналымы көлемінің төмендеуі қант экспортының 65,1%-ға, гипстің – 7,7%-ға, ірі қара мал терісінің – 42,1%-ға, қара металл сынықтары мен қалдықтарының – 49,6%-ға, сондай-ақ, уранның экспортталатын өнімдер тізбесінен алынып тасталуына (облыста уран өндірілмейді) және химиялық өнімдердің (сары фосфор, натрий үш полифосфаты) Алматы облысы арқылы жіберілуіне; картоп – 22,6%-ға, сәбіз – 27%-ға, бұрыш – 21,7%-ға және басқалардың импортының азаюына байланысты болып отыр.
«Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету» 2 бағыты бойынша 44604,3 млн.теңге игеріліп, қарастырылған 221 іс-шараның 6 орындалмаған:
- жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және тіркеудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба ұйымдастыру - жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және тіркеудің ақпараттық жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба Қазақстан Республикасысының Білім беру және ғылым министрлігінде қаралуда;
- Тараз қаласындағы 180 төсекке облыстық наркологиялық диспансерінің құрылысы - мемлекеттік сараптаманың жоқ болуына байланысты жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары төленбеген;
- облысы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынша жол бойындағы 8 сервистік объектілердің инженерлі-коммуникациялық инфрақұлылымдарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу – ЖСӨ әзірлеу 2013 жылы қарастырылған.
- Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары мүгедектерге үйінде арнайы әлеуметтік көмек көрсетуге Үкіметтік емес мекемелер мен бизнес-құрылымдарын тарту - 2012 жылы осы іс-шараға жергілікті бюджеттен 5,0 млн.тенге қаралған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысушы жеткізушілердің құжаттары квалификациялық талапқа сәйкес келмегендіктен конкурс өтпеді. Сондықтан бюджетке өзгерістер енгізілді. Бұл іс-шараны іске асыру 2013 жылға ауыстырылды.
- Шу ауданы Төле би ауылындағы аудандық орталық ауруханаға кәріз жүйесінің құрылысы мен ЖСҚ-сын байланыстыру - мердігер кінәсінан жұмыстар орындалмады;
- облыс орталығында бейне бақылау жүйесін дамыту (70 бірлік) - 2012 жылғы ЖСҚ сәйкес 222434 мың теңгеге сыртқы бақылауға арналған бейнекамераларды сатып алу жоспарланған. Электрондық сатып алу рәсімін кеш өткізгендіктен сыртқы бақылау бейне камералары мен аса қымбат аппарат Ресей Федерациясынан жеткізілетіндіктен желтоқсан айында кеденнен өткізуге қосымша уақыт қажет етті және Мәслихаттың шешімімен жоспар 173522,5 мың теңгеге қысқартылды (жекелеп тасымалдау жасалған).
«Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету» 3 бағыты бойынша 22480,5 млн.теңге игерілген, қарастырылған 98 іс-шараның 4 орындалмаған:
- ЖАО АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік құжаттар әзірлеу - орындалмады, серверлік бөлменің көшіруге және жергілікті есептеу желісінің құрылымын қайта жасауға байланысты іс-шаралардың өткізілу мерзімі 2013 жылдың екінші тоқсанына көшірілді;
- Қолданбалы ПО, ЖАО жабдықтары мен серверлік жайларын сертификаттау және аттестациялау - орындалмады, серверлік бөлменің көшіруге және жергілікті есептеу желісінің құрылымын қайта жасауға байланысты іс-шаралардың өткізілу мерзімі 2013 жылдың екінші тоқсанына көшірілді;
- Шу ауданы Шоқпар учаскесінде қуаты 200 МВт жел электр стансасының құрылысы - жоба 2016 жылға жоспарланған;
- Тараз қаласындағы Бурыл А,Б,В, алқабындағы сумен қамтамасыз ету жүйелері және су жинағыш құрылысы - 199,7 млн. теңге бөлініп, 197,0 млн. теңге игерілген. 2,7 млн. теңге игерілмеген, қосылатын нүктелері ескерілмегендіктен жобаға түзету енгізу керек. 2013 жылы аяқталады;
«Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау» 4 бағыты бойынша 1430,9 млн.теңге игерілген, барлық қарастырылған 19 іс-шара орындалған.
«Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру» 5 бағыты бойынша 17,16 млн.теңге игерілген, қарастырылған 2 іс-шара орындалған.
Жалпы Бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыруға 2012 жылы 90919,9 млн.теңге қарастырылған, 77221,35 млн.теңге игерілді.
Республикалық бюджеттен 40396,5 млн. теңге қарастырылып, 40506,7 млн.теңге игерілген. Жоспарлы көрсеткіштерден нақты көрсеткіштердің өсуі 2012 жылдың желтоқсан айында республикалық бюджеттің нақтылануында білім беру саласына шығындардың өсуіне байланысты болып отыр.
Сондай-ақ, жылдың қорытындысы бойынша 262,95 млн.теңге республикалық бюджет қаражаты игерілмеген, оның ішінде:
- 78,2 млн.теңге – материалдық ынталандыруға төлемдер бойынша жетім балалар санының қысқаруына байланысты;
- 150 мың теңге – Меркі АІІБ әкімшілік мекемесінде күрделі жөндеу жүргізу бойынша мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойылмауына байланысты;
- 14,6 млн.теңге – Тараз қаласында жылу трассасын жаңғыртуда мердігердің кінәсінен;
- 7,6 млн.теңге – ҚМЖ мерзімдерінің бұзылуына және қабылдау комиссиясының 29.12.12 жылы мемлекеттік қабылдау актісіне қол қоюына байланысты «Газ транспорттық жүйені дамыту» бағдарламасы бойынша міндеттемелер төленбеген;
- 80,6 млн.теңге - сумен жабдықтау нысандарының (Талас ауданының Ойық с. су құбырлары) құрылысында және жаңғыртуда мердігердің кінәсінен;
- 19,3 млн.теңге – электрлік құрал-жабдықтарды және 35/10 трансформаторын орналастыру жұмыстарының орындалмауына байланысты мердігердің кінәсінен;
- 62,5 млн. теңге – тендер бойынша үнемдеу.
Жергілікті бюджеттен 33945,6 млн. теңге қарастырылып, оның 32805,8 млн.теңгесі игерілген, 1139,8 млн.теңгесі игерілмеген, оның ішінде:
- 4,9 млн. теңге – Т.Рысқұлов және Шу аудандарында «Аян-Сервис» ЖШС мердігерлерінің құрылысты уақытылы аяқтамағандығынан бөлінген қаржы игерілмеген;
- 154,4 млн.теңге – мектептен тыс ұйымдардың толық ашылмауынан;
- 227,8 млн. теңге – білім беру нысандарын дамытуға қарастырылған қаражат бюджетті нақтылауда қысқартылған;
- 65,9 млн. теңге – балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қарастырылған қаражат бюджетті нақтылауда қысқартылған;
- 369 млн. теңге – кадрларды дайындауға қарастырылған қаражат бюджетті нақтылауда қысқартылған;
- 30,5 млн.теңге – мүгедектер клубын қамтуға бөлінген қаражат клубтың 2012 жылдың желтоқсан айының соңында ашылуының салдарынан пайдаланылмаған;
- 2 млн. теңге – спорт сарайының құрылысынды игерілмеген;
- 3,4 млн. теңге – «Облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін құру» ТЭН әзірлеудің аяқталмауынан мердігердің кінәсінен игерілмеген;
- 6,3 млн.теңге – «Нововоскресеновка – Аспара» жолында жөндеу жұмыстарының кестедегі мерзімнен қалуынан;
- 6 млн.теңге - ҚМЖ мерзімдерінің бұзылуына және қабылдау комиссиясының 29.12.12 жылы мемлекеттік қабылдау актісіне қол қоюына байланысты «Газ транспорттық жүйені дамыту» және «Жылу қуаттық жүйені дамыту» бағдарламалары бойынша міндеттемелер төленбеген;
- 73,9 млн.теңге – сумен жабдықтау нысандарының (Талас ауданының Ойық с. су құбырлары) құрылысында және жаңғыртуда мердігердің кінәсінан игерілмеген;
- 109,4 млн.теңге - сумен жабдықтау нысандарын дамытуға қарастырылған қаражат бюджетті нақтылауда қысқартылған;
- 86,3 млн.теңге - тендер бойынша үнемдеу.
Қаржыландырудың басқа да көздерінен (өзіндік және қарызға алынған қаражат) 16577,8 млн. теңге қарастырылып, оның 3908,9 млн.теңгесі игерілген, 12668,9 млн.теңгесі игерілмеген, соның ішінде:
- 12239 млн.теңге – құрылыс монтаж жұмыстарының кестеден 2 айға қалуына, қаржыландырудың және құрал-жабдықты жеткізудің кешігуіне байланысты «Казфосфат» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС жобаларды пайдалануға беру мерзімдерін 2013 жылға ауыстырған;
- 429,9 млн.теңге – 600 сиыр ұстайтын заманауи сүт-тауарлық ферманың құрылысы бойынша жобаны іске асыруға бөлінбеген.
Жалпы 2012 жылы облыста экономиканың барлық салаларын дамытудың оң динамикасы сақталған.
ЖӨӨ. 2012 жылдың 9 айында экономиканың 9,7%-ға өсімі қамтамасыз етілген, жалпы өңірлік өнімнің көлемі 516,6 млрд. теңгеге дейін, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі - 484,2 мың теңгеге жеткізілді. Өңірдің ҚР ЖӨӨ-дегі үлес салмағы 2011 жылғы 2,3% қарағанда 2012 жылдың 9 айында 2,5% - ды құрады.
Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 202,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 101,6% (ҚР – 100,5%).
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде өндіріс көлемдерінің 4,8%-ға (15,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 0,5%-ға (154,0 млрд. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 15,7%-ға (31,4 млрд. теңге) өсу үрдісі байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласында өсім 2011 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда ұсақталған фосфат шикізатын өндіру көлемін 4,5%-ға (220,6 мың тонна), ұсақ тартылған фосфат шикізатын – 4,0%-ға (193,0 мың тонна), барит рудасы және қойыртпаларын – 29,2%-ға (504,3 мың тонна), тас ұнтағы және үгіндісін 1,4 есеге (2990,8 мың текше. м), табиғи құмды – 10,6%-ға (135,2 мың текше. м) арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсімге қол жеткізілген: мұнай өнімдерін өндіруде 1,8 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді - 1,4 есеге, былғары және оған жататын өнімдерді – 1,4 есеге, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар – 20,5 есеге, металлургия өнеркәсібінде – 1,5 есеге.
Фосфорды өндіру 1,4%-ға, минералды тыңайтқыштарды – 2,4%-ға, бензинді – 7,9%-ға, дизель отынын – 2,1 есеге, мазут – 1,7 есеге, ферросиликомарганецті – 1,7 есеге, күміс – 1,3 есеге, алтын – 1,4 есеге, болат құю қызметі – 17,7 есеге, құрылыстық құрама металл қондырғалары – 4,7 %, портландцемент – 1,7 есеге, гипс – 1,1 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар – 1,4 есеге, гипстен жасалған бұйымдар – 1,1 есеге, ағаш бұйымдары – 19,1 есеге, төсек орын тысы – 1,2 есеге, МІҚ терісі – 1,7 есеге, аяқ киімдер – 1,1 есеге, түтілген жүн – 1,2 есеге, ұн өнімдері – 1,4 есеге, алкогольсіз сусындар – 1,7 есеге, ет – 7,8%-ға, ірімшік және сүзбе – 12,3%-ға өскен.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр қуатын өндіру 1,6 есеге өсіп, 1675,8 млн. кВт/сағ құраған.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда кәріз жүйесі қызметінің көлемі 70,7%-ға төмендеуі есебінен жұмыс, қызмет көрсету көлемі 1,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 91,8%.
Индустрияландыру картасы шеңберінде 2012 жылы 2,3 млрд. теңге сомасында 7 инвестициялық жоба іске асырылды, онда 279 жұмыс орны құрылды, олар:
1. «Куликовский молочный продукт» ЖШС - сүт зауытының құрылысы (1 кезең). Жобаның қуаттылығы - жылына 5,8 мың тонна сүтті өңдеу, құны - 150,0 млн. теңге. 47 жұмыс орны құрылды.
2. «Kaz-Ir-Agro» ЖШС - майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы - жылына 600,0 тонна майлы дақылдарды өңдеу, құны - 855,0 млн. теңге. 30 жаңа жұмыс орны құрылды.
3. «Аян и Л.Б.» ЖШС – кірпіш зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы жылына 8 млн. дана кірпіш, құны - 250,0 млн. теңге. 46 жұмыс орны құрылды.
4. «База-Servis» ЖШС - құрылыс материалдарын шығару зауытының құрылысы, қуаттылығы жылына 10,9 млн. дана кірпіш, құны - 300,0 млн. теңге. 19 жаңа жұмыс орны құрылды.
5. «Карат-V» ЖШС - жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша желісін (цехын) іске қосу, қуаттылығы – 3000 м² ламинат өндіру, құны 50,0 млн. теңге. 7 жұмыс орны құрылды.
6. «Казфосфат» ЖШС - натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфатты өндіруді ұйымдастыру, қуаттылығы жылына 4000 тонна, құны - 500,0 млн. теңге, 20 жұмыс орны құрылды.
7. «Та-Мак» ЖШС – ұн өнімдерін өндіретін зауытты жаңарту және кеңейту, қуаттылығы жылына 2400 тонна, құны 180,0 млн. тенге, 110 жұмыс орны ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |