Бақылау сұрақтары: Педагогикалық техника дегеніміз не? Педагогикалық техника



Дата03.01.2022
өлшемі40.59 Kb.
#450620
15.02.2021


Жоспар:
1. Педагогикалық техника ұғымы.
2. Жас мұғалімнің типтік қателері.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық техника дегеніміз не?
Педагогикалық техникажеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.

Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы әрекетінің көрінісі.
Сонымен бірге әртүрлі қалыптасқан көзқарастар бойынша, педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі, ғылыми жағынан беделі, педагогикалық қиындықтарды жеңе білу, басшылыққа икемді болу, баланың жан дүниесін түсінетін дарынды қабілеті, оқушы тұлғасына нәзік және жекелей ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы жатады.
Қ. Қалдарова: « Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің басты көрінісі» деп педагогикалық техниканың құрылымдық элементтеріне тоқталады.
2. Педагогтың шеберлігі неде?
Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогогты мәртебесін арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасынан орын алған.
Педагог – деп жалпы білім беретін оқу орындарында бір немесе бірнеше пәнді беретін маманды айтады. Әртүрлі білім беру қызметпен айналысатын адамдарға қолданылатын жалпы термин.
Бүгінгі заман талабына сай педагог – ол рухани дамыған, педагогикалық технологияның қыр – сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. Құзыреттілік ұғымы адамның қайсыбір қызметті атқаруға дайындығының құймасын сипаттайды. Қазіргі кезде жалпы және кәсіби білім берудің теориясы мен практикасында жиі қолданылуда.
А.К.Макрова кәсіби құзыреттіліктің бірнеше түрін бөліп көрсетеді де, олардың болуы адамның кәсіби жетілгендігінің көрсеткіші деп санайды:


  • Арнайы құзыреттілік;

  • Әлеуметтік құзыреттілік;

  • Тұлғалық құзыреттілік;

  • Даралық құзыреттілік;

Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.


3. Техника дегеніміз не?
Техника (гр. Тесһnе-өнер, шеберлік). Өндіріс процестерін жүзеге асыру құралдарының жиынтығы.
4. Педагогикалық техника ұғымына енетін компоненттерді атаңыз.
Педагогикалық техниканың компоненттері: Өзін-өзі меңгеру- түрлі жағдайда өзінің эмоциясын, тәртібін адамның шамадан тыс кетпеуіне байланысты әрекеті.

5. Жас мұғалімнің типтік қателері неге байланысты? Оны жою жолдары қандай?
Педагогтардың бір қатарына жүргізілген зерттеулер, мұғалімдік жұмысты енді бастағандардың педагогикалық техникасындағы типтік қателердің болатындығын көрсетті. Мұндай педагогтардың басым көпшілігі біліктілігінің жетімсіздігінен оқушылармен, олардың ата-анасымен жақынырақ әңгімелесе алмайтындықтары белгілі болған, кек сақтап қалу керісінше ашу-ызасын тудыру, сенімсіздік көрсету белең алған. Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында былай деп жазады: сөйлеу мәнеріне көңілдері толмау, шектен тыс қаталдықта болуы, жай сөйлеуге қорқуы басынып кетеді деген оймен, қорқыныш сезімін бастарынан өткізуі, артық қылықтар көрсетуі немесе тұруы, тас сияқты қатып қалу және қолдарын қоярға жер таппауы. Студенттердің көпшілігі өздерінің сыртқы тұлғаларының еңкіштігіне, бастарының төмен түсіп кетпеуіне, дәрменсіз қолдарының қимылына зейін аударады.
Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктері бір қалыптылық, сөйлеудегі мәнсіздік, мәнерлеп оқу дағдыларының жоқтығы.
Сөйлеудегі көптеген жеке дара кемшіліктері – дикцияларының айқын, анық еместігі, дауыстап сөйлеудің оптималдық вариантын табудағы икемсіздігі.
Педагогтың оқушыларға нәтижелі ықпал етуіне осы айтылған кемшіліктердің барлығы кедергі келтіреді. Сондықтан жоғары оқу орындарында оларды оқу-тәрбие үрдісін басқара алатындай етіп тәрбиелеуіміз керек және соған баса көңіл аударылғаны жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет