Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата04.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#479807
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Бай әке, кедей әке(1)

1. Жігерлік. Рух күші.
Бұған қатал нақтылы жағдайдан да мықты, сылтау керек. Егерде 
жұрттың кӛпшілігінен бай болғыңыз келе ме? -деп сұрасаңыз, олар 
«ия», деп жауап берген болар еді. Бірақ, іс барысында, олардың 
алдында ӛмірдің қатал нақтылы шындығы тұрады. Енді бұл оларға ӛте 
күрделі және қауіпті жол болып кӛрінеді. Сондықтан, ақша үшін 
жұмыс істеушілік жеңіл кӛрінеді, ал артығы болса брокерге береді.
Бір кезде, мен Олимпиада ойнына қатынасуды армандап жүрген 
жүзуші-қызбен таныстым. Ол күнде таңғы 4-те тұрып, сабаққа дейін 3 
сағат жаттығатын кӛрінеді. Демалыс күндері құрбыларымен ойын-
сауықтарға бармайды. Оның сыртында, басқалар сияқты мектепте 
оқып, жоғары бағалар алуға тырысады. Одан мұндай мықтылық 
қайдан шығады,- деп сұрағанымда: «Мен алдымен мұны ӛзім және 
мені жақсы кӛретіндер үшін істеймін. Бұл мені жігерлендіреді және 
қуат береді», -деп жауап берді.
Мақсаттар мен сылтаулар «керек» немесе «керек емес» 
дегендерден тұрады. Менен, Сіз неге бай болғыңыз келеді?-деген 
сұраққа берер жауабым: «Осындай күшті эмоциялық «керек» немесе 
«керек емес» дегендерді салыстырып, байланыстырып отырамын», 
деп жауап беремін.
Осының біреуін алып қаралық. Алдымен «керек еместі» қаралық. 
себебі: одан «керек» туындайды. Мен ғұмыр бойы жұмыс істегім 
келмейді. Ата-анамның ақша үшін жұмыс істеушіліктерін қайталағым 
келмейді. Маған біреуге жұмыс істеу ұнамайды. Мен әкемнің 
жұмыстан қолы босамай, менің футболдан жарысқа қатынасқанымды 


172 
келіп кӛрмегені үшін, қашанда ренжитінмін. Оның ғұмыр бойы 
мемлекетке жұмыс істеп, ӛлгенінде ештеңесі болмағаны маған 
ӛкінішті еді. Ӛз еңбегінің нәтижесін балаларына мұра қыла алмады. 
Ал байлар басқаша істейді. Олар кӛп жұмыс атқарады, табыстарын 
балаларына береді. Енді «керек» жӛнінде.
Мен бостандықты сүйемін. Ӛзімнің қалауым бойынша ӛмір 
сүргім келеді. Мұны мен картайғанымда істегім келмейді. Ешкімге 
тәуелді болғым келмейді. Мен ӛз уақытым мен ӛмірімді ӛзім билегім 
келеді. Мен үшін, ақшаның жұмыс істегенін қалаймын. Бұлар, менің 
эмоциялық сылтауларым.
Ал, Сіздікі ше?
Оны ӛзіңіздің қалауыңыз біледі. Мен талай рет ақшамды 
жоғалттым, күйзеліске де қшырадым. Бірақ, осы эмоциялық 
сылтаулар, қайта түрегелтіп, алға ұмтылуға итермелейтін. Мен 
бостандықты 40 жасымда жеңіп алғым келді, бірақ оған 47 жасымда 
қолымды жеткіздім, дегенмен бұл уақыт аралығында кӛп дүниеге 
үйрендім. Жоғарыда атап ӛткенімдей, осының бәрі маған оңай болды, 
-деп айтқым келгенмен, бірақ олар жеңіл болған жоқ, сонымен қатар 
соншалықты күрделі де емес еді.
Күшті ынта мен белгіленген мақсат болмаған жерде, ӛмірдегінің 
барлығы да қиын болып кӛрінеді.
Сізде үлкен түрткі (мотив) болмаса, онда әрі қарай оқуға қажеті 
жоқ. Мұның бәрі Сізге аса күрделі болып кӛрінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет