Эмоциялық интеллектінің қағидалары



Дата02.01.2022
өлшемі78.49 Kb.
#453407
ПиП ОМӨЖ7 Рамазанова А.М.


Эмоциялық интеллектінің қағидалары.
Эмоционалды интеллект деп қарапайым қазақи тілмен айтқанда адамның мінезі. Немесе адамның сезімдерін басқара алу қабілеті. Мінезі мен сезімін жақсы басқара алса, адам көркем мінезді болып саналады. Көркем мінез жайында дінімізде де, дəстүрімізде де, басқа ұлттық құндылықтарымызда да тікелей (жырау, ақындардың нақты мінезге қатысты өсиеттері) жəне жанама (ертегі, хикая, əңгімелерде басты кейіпкерлердің жағымды мінездері мен сол қасиеттері арқылы жақсылыққа немесе мұратына жетуі) түрде айтылып өтеді.

             Бұл тақырып батыс елдерінде алдыңғы орынға шыққалы қаншама уақыт өтті. Олардың бізден айырмашылығы осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуі. Яғни, мінез шынымен де адамның өміріндегі алатын орнын, одан бұрын, зерттеушілердің сезімнің рухани ғана емес, материалды, көзге көрінетіндігіне зерттеу жүргізулері. Мысалы, адам қорыққанда қан адамның аяғына жиналады екен, демек қашуға дайын болуы. Ашуланғанда қан адамның алақанына жиналады екен, яғни адам шабуыл жасауға ниеттеніп тұрады екен. Ашуланған адамның қолында қару болса, ол сол қаруды қолдану қаупі артады. Осы сияқты басқа да эмоцияға қатысты көптеген зерттеулер жүргізген. Демек, сезімге берілгенде денемізде белгілі бір дəрежеде химиялық жəне биологиялық құбылыс болады екен. 


               Батыс елдерінде бұл тақырыпты не үшін өте маңызды көрген? Себебі, адамның жетістікке жетуі үшін өте ақылды болу жетпейтінін байқаған. Мысалы, 1940 жылдары Гарвард университетінде оқыған 95 студентті зерттеген. Оларды университтерді бітіріп кеткеннен бірнеше жылдан кейін бақылап қараса, кезінде университет балдары мен IQ-ы (ақылы) жоғары болған студенттердің қаржылық, экономикалық жəне əлеуметтік статусы  IQ-і мен университет балдары төмен болған студенттерге қарағанда төмен болған. Жəне өздеріне көңілі толмайтын, өздерін бақытты санамайтынын айтқан. Осы сияқты зерттеулерден кейін бірнеше ғалымдар терең ойлана бастайды. Солардың арасында эмоционалды интеллектінің негізін қалағандардың бірі Даниел Гоулман болған. Даниел эмоционалды интеллектінің ақылдан бөлек нəрсе екенін көрсетіп кеткен. 


                 

          Сонымен, қазіргі кезде барлық дерлік атақты бай адамдардың (жетістікке өз күшімен жеткендер) немесе CEO-лардың (үлкен компания директорлары) эмоционалды интеллектісі жоғары екенін зерттеу жұмыстары көрсетіп берген. Ақылдан бөлек адамның мінезі жетістікке жетуге тікелей қатысы бары дəлелденді. Сол себепті, егер ақылы орташа адамның бай болғанын көрсеңіз, таңғалмаңыз. Себебі, ол адамның эмоционалды интеллектісі жоғары болуы мүмкін.


Енді, Эйл университетінің психологы Питр Саловейдің эмоционалды интеллектінің негізгі 5 қағидасына тоқталсақ:



1. Өзіміздің эмоциямызды тану. Бұл ұғым эмоционалды интеллектінің ядросы болып саналады.  Қазақи мағынада айтсақ, Шəкəрім атамыз айтқандай, өз нəпсімізді тану. Өз сезімімізді сырттан қарап тұрғандай көре білу. Ол дегеніміз  белгілі бір сəттегі (ситуацияда) сезіміңізді көре білуіңіз. Мысалы, ашуланып тұрсаңыз, өзіңіздің ашуланып тұрғаныңызды білу немесе қызғанып тұрсаңыз, қызғанып тұрғаныңызды сезе білу. Осылай істей білу өзімізді түсініп, тану үшін өте маңызды. Егер олай істей алмасақ, сезіміміз бізді билеп кетіп, өзіміздің не істегенімізді де байқамай қаламыз. Өз эмоциясын сырттай бақылай алған адам жақсы шешім қабылдайды екен. Мысалы, жұмыс немесе өмірлік жарын таңдау секілді маңызды істерде жақсы шешім қабылдай алады.



2.  Эмоциямызды (сезімді) бақылуда ұстау. Яғни, эмоциямызды басқара білу. Мысалы, ашуланғанда сабыр ете білу. Ашудың өкінішке алып барар салдары болатынын сезе біліп, дер кезінде тоқтата білу. Мұндай қабілеті төмен адамдар өмірде үлкен қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін. Ал, өз эмоциясын уысында ұстайтын адамдар өмірдегі қиыншылықтар мен келеңсіз жайттардан жол тауып,  шыға біледі екен.

3. Өзімізге мотивация беру. Эмоциямызды өзіміздің нақты мақсатымыз үшін қолданып, бағыттай білсек, зейініміз де, шығармашылығымыз да, біліктілігіміз де артады екен. Мұндай қабілетке ие адамдар жұмысты өнімді атқарады. Сол үшін эмоциямызды дұрыс басқару мақсатқа жетудің жолы екенін есімізге түсіріп отыру қажет.



4. Басқалардың эмоциясын байқай білу. Басқаша айтсақ, эмпатия. Эмпатия дегеніміз - басқа адамның сезіп тұрғанын сезе білу немесе сол адамның орнына өзімізді қоя білу қабілеттілігі.  Эмпатиясы жоғары адам жанындағы адамдардың не қалап тұрғанын немесе нені қажет ететінін сезе біледі. Мұндай қасиетке ие адамдар саудада, ұстаздықта, басқаруда үлкен жетістіктерге жетіп жатады. 






5. Жақсы қарым-қатынас құра білу. Бұл дегеніміз қоғамда, ортамызда, бетпе-бет сөйлесуде адамдармен жағымды, оң қарым-қатынас құра білу қасиеті. Бұл қасиеттің өміріміздің
əрбір сəтіндегі орнының ауадай маңыздылығына ешкімнің дауы жоқ деп ойлаймын.

           Соңғы айта кететін нəрсе, осы айтылған эмоциялық интеллектінің 5 негізі немесе қағидасы əр адамда əр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, өз сезімін басқара алуы мүмкін, бірақ басқа адамға сезімін басқаруына көмек бере алмауы мүмкін деген сияқты. Демек, өмірдегі əлеуметтік, қаржылық, рухани жетістікке жету үшін осы айтылған 5 қағидалардың бəрінің де рөлі маңызды. Мінезді жақсартуға болады, өйткені адамның миы созылмалы, өзгеруге бейім.


Алдағы уақытта басқа да қызықты жəне пайдалы ақпараттар болып жатса, сіздермен міндетті түрде бөлісемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет