Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Тамақ өнімдерін ультрадыбыспен өңдеу



Pdf көрінісі
бет20/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Тамақ өнімдерін ультрадыбыспен өңдеу.
Акустикалық тербелістерді келесі салаларға бөледі: инфрақызыл 0 – 20 
Гц; дыбысты 20— > 2-10 
4
Гц; ультрадыбысты 2-10
4
—10
8
Гц; 
гипердыбысты> 10
8
Гц. 
Дыбыс беру – толқынды процесс және тербелістердің таралу 
жылдамдығы с (см/с) толқын жиілігі (1/с) мен ұзындығына λ (см) 
байланысты. 
Сонымен қатар, жылдамдық белгілі бір деңгейде заттың химиялық 
құрылымына, орта бөлшектерінің үдеуі мен басқа факторларға да 
байланысты. Осылайша, газдарда дыбыс жылдамдығы сұйықтықтарға 
қарағанда аз, ал сұйықтықтарда қатты заттарға қарағанда аз. 
Энергияны беру сипаты орта элементтерінің қозғалысының 
траекториясына, яғни толқын типіне байланысты. Егер орта элементтері 
толқынның таралу бағытына бағыттас траекторияда қозғалса, онда бұл 
бойлық немесе L-толқын. Мұндай толқындар сұйықтықтарға тән. 
Өріс кернеулігі 400-600 В/см дейін жете алады. Егер бұл сәтте қуыс 
арасының қашықтығы үлкен еместігін, ал бу қысымы аз екенін ескерсек, 
онда электрлік тесілу пайда болуы мүмкін, ал бұл спектрдің ультракүлгін 
бөлігінде сәулеленуге алып келеді. Бұл ультрадыбыстың химиялық 
әрекетінің маңызды себептерінің бірі болып табылады. электрлік тесілу 
құбылысы кезінде сұйықтық жарқырайды (люминисценцияланады).
Ультрадыбыс көздері. Ультрадыбыстық тербелістердің көзі ретінде 
аэродинамикалық, 
механикалық, 
гидродинамикалық, 
электрмагнитті, 
электрдинамикалық, магниттістрикциялық және пьезоэлектрлік сәуле 
таратушыларды пайдаланады. Ультрадыбыс көзін таңдау қуаттылыққа, 
технологиялық, конструктивтік және басқа көрсеткіштерге, сондай-ақ 
процесстің қажетті жиілігіне байланысты.
Ең аз жиілік механикалық, электрмагнитті және электрдинамикалық 
өңдегіштерде болады. Пьзоэлектрлік көздер арқылы барынша үлкен жиілікке 
қол жеткізуге болады (>10 
8
Гц). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет