Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


БАСБАҚЫЛ сын. Ақылды, қу, аңғарымпаз. Жексен басбақыл қу жігіт екен  (Ж.Аймауытов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет103/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   348
18.08.2023 dis

БАСБАҚЫЛ сын. Ақылды, қу, аңғарымпаз. Жексен басбақыл қу жігіт екен 
(Ж.Аймауытов, Шығ.).  
111. 
БАСБІЛГІ зат. 1. Байсалды, ақылды басшы, жанашыр адам. Ол он алты-он 
жетіде. Ересек. Бізге басбелгі, аға орнында бола білді (“Қаз. әдеб.”). 2. Білікті, білгір, 
дана. Сөз терген талапкер ақынның басбелгі домбырашының әлі де екі-үш күн 
аялдағанын тілегендей бейілі бар (Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Есейіп қалған тәріздімін, 
Оқығым келеді-ақ, мектеп жоқ, басбелгі жанашыр жоқ (Ж.Орманбаев, Тұзақтал.).  
112. 
БАСЫҢҚЫ сын. Салмақты, байыпты. Хафиз басыңқы, мінәйі мінезді адам 
(Б.Кенжебаев, Асау жүрек).  
113. 
БАТЫЛ сын. 1. Ержүрек, қайсар, өжет (адам). Адам әп-сәтте өзгереді екен. 
Бұрынғы именшек Жәмила бүгін батыл, батыл Айдар – қорқақ (Ғ.Мұстафин, 
Миллионер). 2. Өткір, тура, шыншыл. Ол заманға батыл баға беру жаңа 
мемлекетіміздің идеология саласындағы негізгі міндеттерінің бірі («Түркістан»). Оның 
сөзі батыл, мінезі еркін. Сонысының өзі жарасымды, тартымды еді (З.Қабдолов, Өмір 
ұшқ.). 3. Жасқаншақтамай, бұла, еркін, бет қақпай. Жасық өспей, батыл өскен


158
Жабырқауды білмейді олар (А.Тоқмағанбетов, Сайра. бұлбұл). [Сырдақ Сәулеге] 
Сіздің облыстың алдында тұрған шаруашылық проблемаларынан хабарыңыз жоқ. 
Сөйте тұрып батыл-батыл ұсынысар жасайсыз (Т.Ахтанов, Дала сыры). 4. Ержүрек, 
өжет, қайсар адам. Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді (І.Есенберлин, Қаһар.). 
114. 
БАТЫЛДАУ сын. Өжеттеу, еркіндеу. Бір кезде батылдау біреуі түйенің екі 
өркешінің ортасына мініп алды (Ө.Қанахин, Жер бас.). Айым колхоз бастық Әмірәлінің 
ерке, шолжаң өскен қызы, басқа қыздарға қарағанда еркін, батылдау (Н.Сералиев, 
Қаңтар). Далада туарылып қалады екен деп қорықпай-ақ қой, – деді Исахмет манағыдан 
гөрі батылдау оның сөзін бөліп (М.Сүндетов, Ескексіз.). 
115. 
БАТЫМДЫ сын. Батыл, жасқаншақтанбайтын, өжет. Шерғазы қырға 
шығып көрінуге, сахарада не тілегенін істеп ақылды һәм батымды, жолы үлкен болған 
соң, Қаратай жүрген соң қорқушы еді («Айқап»). 
116. 
БАТЫР 1. сын. Ержүрек, қайтпас қайсар, өжет. Біздің қазақтың «жүректі кісі 
дегені», «батыр кісі дегені» онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды 
(Абай, Тол. жин.). Тайсалма, тәуекел қыл, батыр балам, Арсыға дұға асырар мен қарт 
бабаң, Еңіреген ерге серік жолдас болар, Балауса жас жолбарыс – інің Науан 
(М.Жұмабаев, Шығ.). Ішінде темір тордың шынжырлаулы Жатқанын көрмеймісің 
қайран халқың? Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды, Біздерге енді не бар аянатын? Біз 
онша сатып алған құл емеспіз әркімді төбемізге шығаратын (М.Дулатов, Шығ.). 2. ауыс. 
Батыл, өткір, тайсалмайтын. Жүрегінен төгілген Елімнің батыр жыры бар. Ана деген 
елім бар, Таусылмас алтын кенім бар (Айманкүл, Ана сыры). 3. жағымсыз. Қаскөй, 
есер. Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас, Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей 
(Ш.Құбайбердиев, Шығ.). 
117. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет