Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет300/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   348
18.08.2023 dis

МАНСАПШЫЛ сын. Шенқұмар, мансапқор, мансап сүйетін. Бақ құмар, мансапшыл, 
екі жүздінің образын көрсету үшін және оны жексұрын етіп суреттеу үшін Абай ең 
мысқыл, ең кекесін сөздерді таңдап алады (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.). Ажарлы алапатты 
оның беті, мансапшыл, ұлық сыйлау бар ниеті (І.Жансүгіров, Шығ.) 
693. 
МАҢҒАЗ сын. 1. Паң, керенау, кербез, тәкаппар. Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, 
Жетпеген қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы, Қырмызы қыз 
мінезді, қымбат басы (Ә.Найманбаев, Шығ.). Сауытты ерің зерігіп, Сері бойдағың ерігіп; 
Маңғаз байың балпаңдап, Мақтангөйің талтаңдап, Жас өспірім жар таңдап (Дулат 
Бабатайұлы, Замана сазы.). Өр тұлғасы маңғаз, кербез, сымбатты, Ұларлы жер баба сырьш 
тыңдатты. Бар қазаққа орда болған ақжолтай Жер табылмас Ұлытаудан қымбатты 
(К.Салықов, Жезкиік.). 2. Байыпты, байсалды, салмақты. Мен саған бас қоямын таңда өзі 
арай, Шам жағып, қиса азабын маңғаз Абай. Бейшара бей қазақтар оқ атқанда Намазын 
үзбей өлген Жанғожадай (Ж. Жақыпбаев, Ләйлә.). Күләш отыр сыпайы ғана үлбіреп, 
Жүсіпбек отыр маңғаз (И.Жақанов, Екі жирен). Бұрын көп сөйлейтін, орынды-орынсыз 
мақтана кетуге бейім, қалжақбас Бек салмақты, маңғаз жігіттердің қатарына қосылады 
(М.Мағауин, Ақша қар).  
694. 
МАРҒАУЛАУ сын. Селқостау, самарқаулау. Әдебиет-мәдениет жайынан мен ой-
тілектерімді ортаға салсам, тағы да Қаныштан басқасы марғаулау қалып танытқандай 
болады (М.Әлімбаев, Тәрбие тұр.). // Селқос, сылбыр адам. Бәріне де мақұлмыз
марғаулаумыз. Сол марғаулық езінді алдау нағыз, Өз еркіңде ерек боп көріну де, Өз еркіңде 
жата қап шаңға аунаңыз (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 
695. 
МАРДАТ сын. жерг. Өркөкірек, өзімшіл. Көп ортасында мардат қылық көрсету – 
адамның жеке басы үшін ыңғайсыз жағдайға қалдыру деген сөз (Диал. сөзд.). Осы ауданда 
кейбір мардат адамдар бар (Қазақ. тілі. аймақ. сөздігі). 
696. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет