80
табиғаты мен болмысына біте қайнасып кеткен сипаттар арнайы атаумен
ерекшеленбеуі мүмкін деген ойға да келеміз.
Сонымен, біз диссертацияда қазақ халқының бойындағы өзгеге және өзіне
қатысты жағымды мінез атауларын лингвомәдениеттанымдық концептілер
аясында қарастырдық. Олар аталым жүйесінің
байынан азына қарай былай
талданды:
ақкөңілділік, батырлық, ақылдылық, момындық, алғырлық, әдептілік,
байсалдылық, білімқұмарлық, шешендік, қайырымдылық, бауырмалдық,
жомарттық,
ұқыптылық,
намысқойлық,
ағайыншылдық,
әсершілдік,
әзілқойлық, имандылық, шыншылдық, жайлылық, шыдамдылық, жақсы,
сыйымдылық, кеңпейілділік, бірсөзділік, қонақжайлылық, еңбекқорлық. Талдау
нәтижесінде қазақ халқы өзіне емес, өзгеге қарым-қатынасына қатысты мінез
сипаттарын көбірек бағалайтыны белгілі болды. Екіншіден, қазақ мәдениетінде
біреудің «мендік»
шекарасынан аспау, өзгені өзі тұрғысынан бағалау алдыңғы
орында болатыны анықталды. Үшіншіден, қазақ құндылықтар жүйесінде орын
алатын концептілер адам мінезіне қатысты концептілер жүйесімен бірдей
болатыны айқындалды. Төртіншіден, қазақ ұлтының жағымды мінез сипаттары
исламдағы көркем мінез сипатымен сәйкес келетіні белгілі болды. Бесіншіден,
адамның табиғи болмысында бар сапалар –
шынайылық, салмақтылық,
ақылдылық – қазақ мәдениетінде бағаланатын сапалар болып шықты.
Сурет 1 – Жағымды мінез атауларының салыстырмалы сипаты
Ақкөңілділік (97), батырлық (75), ақылдылық (68), момындық (63),
алғырлық (60), әдептілік (58), байсалдылық (57), білімқұмарлық (49), шешендік
(34), қайырымдылық (33), бауырмалдық (28), жомарттық (28), ұқыптылық (27),
намысқойлық (24), ағайыншылдық (22), әсершілдік (20), әзілқойлық (19),
97
75
68
63
60
58
57
49
34
33
28
28
27
24
22
20
19
19
19
0
20
40
60
80
100
120
Достарыңызбен бөлісу: