жел мінезді, желбас, желбуаз, желбүйрек, желгек, желөкпе, желөкпелеу,
желөкпелі, желпілдек, ұшқалақ, ұшып қонған, ұшып-қонба), екіншіден, жеңіл
деген сөздің өзінен жасалады (жеңіл жүрісті, жеңіл мінезді, жеңіл, жеңілтап,
жеңілтек), үшіншіден сауық-сайранмен қатысты болады (дәлдір, думангер,
думаншыл, дүркіншіл, дырдушыл, дырқы, жарқыл-жұрқыл, күлегеш, ойынпаз,
сауыққой, сауықшыл), төртіншіден жеңіл жүрісті әйелдің сипатына қатысты көп
айтылады (дырқы, жезөкше, жүргіш, жындыбас, зинақор, сайқал, салдақ,
салдақы, салдаман, тыртақай)
Қазақ халқының момындық мінезінен шығатын КІНӘМШІЛДІК мінезі де
бар. Бұл топқа жинақтаған сөз бірліктер кінәмшілдікті әр қырынан сипаттайтыны
белгілі болды, жалпы саны 48 шақты. Мысалы, айыпшыл, бұлданғыш,
бұлданшақ, датқой, дықты, дықшыл, зілді, кейігіш, кексақтағыш, кекті, кекшіл,
көңілге алғыш, кіді, кідікшіл, кідірлеу, кілт етпе, кілтиме, кінәлағыш, кінәлаушы,
кінәмпаз, кінәмшіл, кінәтаққыш, кінәшіл, кірбіңшіл, кірпияз, қылт етпе,
қыртима, міндетшіл, мінегіш, міншіл, назданғыш, өкпелегіш, өкпеші, өкпешіл,
өшті, ренжігіш, сынағыш, сынампаз, сынға алғыш, сыншыл, табалағыш,
табашыл, шамданшақ, шамкес, шамшыл, шамырқанғыш, шамырыққыш,
шенегіш.
Дандайсу, асқындау, дарақылану, мақтаншақтыққа салыну – кез келген
ұлт өкілінде болатын мінез. Қазақ халқы бұл мінезді даттайтын алғашқы 10
мінездің біреуі етіп танитыны белгілі болды.
«Екі көзің еліріп, құр қарайсың аспанға» деп, Абай айтқандай,
мақтаншақтықтан еліріп ессізденушілік ел арасында біршама. «Егер басшы
мақтаншақ болса, қасындағылар оны құрғақ сөзбен қуантып, алдап-арбайды,
жағымпаздары жанын жалдап, «жалған» жақсылайды. Сөйтіп, мақтаншақ адам
бірте-бірте даңқұмарға айналады» [90, б. 34-35].
Қазақ тілінде МАҚТАНШАҚТЫҚқа, ДАҢҒОЙЛЫҚқа қатысты
мынадай сөздер мен тіркестер бар (51): адамсыған, айқайқұмар, айқайшыл,
бөспе, бөстекі, дабырашыл, далбақай, даңғаза, даңғазашыл, даңғой, даңғойлау,
92
даңққұмар, дарақы, дауқой, даурыққыш, даурықпа, дәлекі, дәндүріс, дәңгіл,
дәркілдек, дүм кеуде, дүр, есер, есірме, кеппе кеуде, кеудесі кепкен, көппе,
көпірме, күмпілдек, күпсіме, қау көрік, қопи, қуыс кеуде, құр кеуде, лепірме,
мағұр, мақтанқұмар, мақтаншақ, мақтау сүйгіш, тыраш, үркеппе, ауызбен
айды алған, ауызбен орақ орған, жел өкпе, кеппе кеуде, көбік өкпе, көнектей
болған, күбідей ісінген, қызыл сөзден бал жаққан, мақтанның құлы, ісіп-кепкен.
Профессор
Г.Смағұлованың
зерттеуі
бойынша
мағыналас
фразеологизмдер ортақ ұғымға біріктіріледі. Олар бір семантикалық өрісте
болады. Онда ұғым әр қырынан беріледі. Мысалы, ұялу → бетінен оты шығу →
өлмегенге қара жер → өлген жері осы → кір келтіру → беті күю + жер шұқу →
жүзі шыдамау → құлағының ұшына дейін қызару деген тіркестер әр тұрпаттан,
әр тілдік санадан, әр этикалық түсініктен туып, таңбаланған [69, б. 4]. Бір
ұғымның атауға бай болуы дегеніміз сол ұғым-түсініктің халық санасы мен
мәдениетінде терең танылып, әр қыры түстеліп, атау берілгені деген сөз
Мұнда да тәкаппарлықпен қатысты болған соң, кеуде сөзімен байланыста
болады. Мысалы, кеппе кеуде сөзі: Иесі батыраш бір кеппе кеуде, Ұр-көппе,
томырық мінез, намыс берме, Осы аста сағы сынып, бағы тайса, Ол өзін дап-
дайын тұр “өлдім” деуге (І.Жансүгіров).
Академик Ә.Қайдар қазақты дарақы халық деп алып, дарақы болу парқы
болмаудан, өзін көрсету, ел алдында атақ-даңқын қайткен күнде де бір шығару,
көбіне-көп ата-тегін, бабаларының қасиетін парықсыз айта беру – қазақ халқына
тән деген.
Қанағатсыздық, дүниеге құмар, көз тоймау, алған үстіне ала берсем деген
қасиет пенденің бойына берген Алла тағаланың сынауы. «Кедей байға жетем,
бай құдайға жетем деп» қанша жинаса да дүние аз болып көрінеті адамдар
баршылық. Қазақта осы ұғымды білдіретін сөз САРАҢДЫҚ деген концептіге
айналып барады.
Онбестомдық сөздіктен жинаған сөздер 48-ден асты. Олар мыналар: аузын
Достарыңызбен бөлісу: |