158
Жабырқауды білмейді олар (А.Тоқмағанбетов, Сайра. бұлбұл). [Сырдақ Сәулеге]
Сіздің облыстың алдында тұрған шаруашылық проблемаларынан хабарыңыз жоқ.
Сөйте тұрып батыл-батыл ұсынысар жасайсыз (Т.Ахтанов, Дала сыры). 4.
Ержүрек,
өжет, қайсар адам. Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді (І.Есенберлин, Қаһар.).
114.
БАТЫЛДАУ сын.
Өжеттеу, еркіндеу. Бір кезде батылдау біреуі түйенің екі
өркешінің ортасына мініп алды (Ө.Қанахин, Жер бас.). Айым колхоз бастық Әмірәлінің
ерке,
шолжаң өскен қызы, басқа қыздарға қарағанда еркін, батылдау (Н.Сералиев,
Қаңтар). Далада туарылып қалады екен деп қорықпай-ақ қой, – деді Исахмет манағыдан
гөрі батылдау оның сөзін бөліп (М.Сүндетов, Ескексіз.).
115.
БАТЫМДЫ сын.
Батыл, жасқаншақтанбайтын, өжет. Шерғазы
қырға
шығып көрінуге, сахарада не тілегенін істеп ақылды һәм батымды, жолы үлкен болған
соң, Қаратай жүрген соң қорқушы еді («Айқап»).
116.
БАТЫР 1. сын.
Ержүрек, қайтпас қайсар, өжет. Біздің қазақтың «жүректі кісі
дегені», «батыр кісі дегені» онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды
(Абай, Тол. жин.). Тайсалма, тәуекел қыл, батыр балам, Арсыға дұға асырар мен қарт
бабаң, Еңіреген
ерге серік жолдас болар, Балауса жас жолбарыс – інің Науан
(М.Жұмабаев, Шығ.). Ішінде темір тордың шынжырлаулы
Жатқанын көрмеймісің
қайран халқың? Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды, Біздерге енді не бар аянатын? Біз
онша сатып алған құл емеспіз әркімді төбемізге шығаратын (М.Дулатов, Шығ.). 2. ауыс.
Батыл, өткір, тайсалмайтын. Жүрегінен төгілген Елімнің батыр жыры бар. Ана деген
елім бар, Таусылмас алтын кенім бар (Айманкүл, Ана сыры). 3. жағымсыз.
Қаскөй,
есер. Тоқты сойып дәндеген тоқтай алмас, Жылқы ұрлағыш батыр боп о да елермей
(Ш.Құбайбердиев, Шығ.).
117.
Достарыңызбен бөлісу: