174
болды (С.Сейфуллин, Тар жол.). Бүгінгі жиын пысығы бар, жуас ы бар совхоздың бар
адамын желпінтіп, желік беріп тастаған секілді (Сауыншы шамшырақ).
236.
ЖУАС-ҚОҢЫР сын.
Моп-момақан, момын. Құрманғазының
әкесі Сағырбай
бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген жуас-қоңыр адам болатын (А.Жұбанов,
Құрманғазы).
237.
ЖУАСТАУ сын. 1.
Момындау, жібі бостау. Жігіттер мені айналдырды. Мен
олардың ортасына түспей шеттеп жүретінмін. Өзім сияқты жуастау орыс қызымен
жолдас боп, сонымен сөйлесетінмін (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бес жігіттің ішіндегі сырт
сөзге момыны,
былай айтқанда, жуастауы Жорабек Айдарбеков деген арық, ұзын
бойлы жігіт («Қаз. әдеб.»). 2.
Аздап бас білетін, жуасырақ. Жуастау көк бестіге мінген
Сағадат қанжығасына бір түйіншек байлады да адырға қарай кетті (М.Әуезов, Өскен
өркен).
Жығып кетер, жуастау атқа мінгіз! Таңдап жүріп осылай ел тағы да,
Қосылмаған талайдан той-тобырға (С.Жиенбаев, Таңд. шығ.). Қызыл айғыр бүдан гөрі
жуастау, мұндай аласұрған жоқ, (Қ.Қазыбаев, Ызғар). 3. ауыс.
Сәл басыңқы, солғындау.
Тегінде, алаңқай ашық даладан гөрі таулы жердің
бораны жуастау болатынын да
байқап келем («Қаз. әдеб.»)
238.
ЖҰҒЫМДЫ ауыс.
Жағымды, сүйкімді, ұнамды. Сыпайы адам сынық мінезді,
көпке жұғымды сүйкімді атанады (М.Әлімбаев, Тәрбие). Сағила ақ жарқын, жайдары
адам. Абысын-ажынға да, дос-жарға да жұғымды (М.Иманжанов, Алғашқы ай). Бет-
пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін қолдан түзетіп…
солардың арқасында
сынайы, жұғымды жігіт атанбақ (Абай, Тол. жин.). Дәл сол күні біздің үйде бір қонақ
қоньш отыр екен, аты – Мұса. Өзі домбыра тартып, ән салады. Мінезі жұмсақ, кісіге
жұғымды тәуір адам көрінеді (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).
239.
ЖҰҒЫМЫ БАР Икемді, епті, қыры бар. Басқарманың
әйелі кербез сылқым
емес, қолынан әжептеуір тірлік келетін, қазан-ошаққа
жұғымы бар адам екен
(О.Сәрсенбаев, Бақыт).
240.
ЖҮЗІ ЖАРҚЫН 1.
Ақжарқын, ақкөңіл, жақсылық ойлағыш, ниеті таза.
Құшақтап
қыз аяғын жатып алды, Сен үшін аузымызды ашпалық деп. Сонда қыз
айнасына қарап алтын, Жалт етіп, айна көзі жүзі жарқын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 2.
Мерейі үстем, ел бетіне қарайтын жағдайда. Біледі білімділер сөздің парқын, Күйеу-
қыз жақсы болса жүзің жарқын. Халыққа адал еңбек еткен адам Көреді кисем болып
елдің нарқын (К.Әзір, Таңд. шығ.).
241.
Достарыңызбен бөлісу: