Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет195/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   348
18.08.2023 dis

ҮЛКЕН АДАМ [КІСІ] Еліне елеулі, халқына қалаулы адам. Ойқастаған жақсы 
атпен Орта жолда қалмайсың. Кішігірім мақсатпен Үлкен адам болмайсың! 
(Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). Бірден сен бола алмайсың үлкен кісі, Жігіттің елге жағар 
икемдісі. Секілді қотыр ешкі кейбір бұзық Кеп тұрад көрінгенге сүйкенгісі (К.Әзірбаев, 
Таңд. шығ.). 


217
693. 
ҮЛПЕТТІ сын. жерг. Құрметті, сыйлы. Жұмысты жүдә жақсы көрген кісі 
үлпетті болады (Қаз. тілі. диалек. сөздігі). 
694. 
ҮМІТТЕС сын. Үміті, тілегі бір. Домбырасын күйші ата шертпес тегін, 
Қуаныштас, үміттес, дерттес көбі, Әрбір үйге бес құда, он құдағи, Әрбір үйде ең кемі 
төрт-бес келін (Қ.Мырзалиев, Домбыра). 
695. 
ҮМІТТІ сын. Белгілі бір нәрседен дәмелі. Оқуыңды жақсы бітіріпсің, үмітті 
жастың бірі екенсің (О.Сәрсенбаев, Сағым). Осы күнде-ақ теңеле бастаған жоқ па? 
Әуелде өзің қандай едің? … – Балташ үмітті сөздер айтады (Ж.Аймауытов, Ақбілек). 
Үмітті тілегім Орынсыз қалып тұр, Ақыл, қайрат, сабырдың бәрі кетіп, Адасқан асығың 
мұңлы әнге салып тұр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жастық, байлық, қол қусырып бос 
жүру Жас өспірім үмітті ерді бұзады. Тер ағызып, өліп-талып табылған Ата дәулет быт-
шыт болып тозады (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
696. 
ҮМІТШІЛ сын. Үміт еткіш, дәмеленгіш. Бүкіл мектеп маңындағы адамдардың 
бәрі де үмітшіл адамдар екен (Ә.Шәріпов, Алыс.). Әруақ үмітшіл көңіл жаманшылыққа 
баспайды (М.Қаназов, Арна.). Олардың өмірге көзқарасы үмітшіл деуге болады: бір 
денені өлгенше дәріптеуге де, жетесынауға да, сенбеуге де ыңғайы кем, басымырақ 
сезімдері: бауырмалдық, достық (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
697. 
ҮНДЕМЕГЕН ҮЙДЕЙ ПӘЛЕДЕН ҚҰТЫЛАДЫ Ешкімге тиіспей тыныш 
жүрген тиімді деген мағынада. Үндемеген үйдей пәледен құтылады деген, бөтен 
ауылдың сыртында ұрысысып тұру ұят болар деп ойлады (Х.Есенжанов, Көп жыл.). 
698. 
ҮНДЕУШІ зат. Халықты белгілі бір іске жұмылдырушы. Махамбеттің мінезі 
Исатайдікі секілді көптің басын құрастырып, бүтін елді соңынан жүргізетін мінез емес, 
Махамбет жақсы үндеуші (әгитетір), жақсы бастықтың қолында өте ыңғайлы қолбасы 
(Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Әдебиет әрқашан жаңаның, жақсылықтың жаршысы
үндеуші с і ғой (“Қаз. әдеб.”).  
699. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет