Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет209/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   348
18.08.2023 dis

АУСАР МІНЕЗ [МІНЕЗДІ] Мінезі ожар, дөкір. Өзінің аусар мінезінен бұл жігіттің 
жолы болмай жүргені рас (Алғашқы адым). Сүгірдің мұндай шойқара денесі маған 
ұнамайды. Осындай денесінесай келген оның аусар мінезі де көңілге қонып тұрған жоқ 
(Ж.Жұмақанов, Жазылм. кітап). Атқарушы өзіме таныс, аусар мінезді, ат жақты, қоңқақ 
мұрынды, жуан дауысты, қалжыңбас, көсе – Тоқбол дейтін жігіт екен (Ғ.Орманов, Жүрек). 
116. 
АУЫЗ БАҚҚЫШ Басқа біреу не айтады деп, өз ойын іркіп қалатын, сөз аңдағыш, 
байқағыш. Көкбай әдеттегі ауыз баққыш, қабақ танығыш қалпымен Абайдың жаңағы сөзін 
көтерген болды (М.Әуезов, Шығ.). Арманның оған мен де өмір бойы түсінер емеспін дегісі 
келіп еді, өздерінің ауыз баққыш әдеттерімен үндеген жоқ (Ә.Әбішев, Ғаламат).  
117. 
АУЫЗ ЖАППАС Әр нені айтып, көп сөйлей беретін. Әншейінде ауыз жаппас, той 
дегенде өлең таппас (Мақал). – Әншейінде «жаңалық, жаңалық» деп ауыз жаппайсыңдар, 
– деді қашан да аузы батыл, тіктеу Елена Савинская, – ал жаңалық керек болса! 
(Ә.Жәмішев. Дала шұғ.). 
118. 
АУЫМ-САУЫМ сын. жерг. Алаңғасар, есерсоқ. – Көкең көз жұмарда: «Несібелім...» 
деп қиналып еді. Осындай ауым-сауым ақымақ боларыңды білген екен, сабаз, – деді 
(Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). 
119. 
АУЫРДЫҢ ҮСТІМЕН, ЖЕҢІЛДІҢ АСТЫМЕН ЖҮРЕТІН Ауыр бейнеттен 
қашты, істің оңайын іздейтін. Бүгінгі жарқын қоғамымызда ішінара болса да кездесіп 
қалатын шаруашылыққа қырсыз, ауырдың үсті, жеңілдің астымен, жұмысқа жалтақ, 
өмірде өзімшіл, менмен жандарды шенейді (Б.Исаев.). 
120. 
АУЫТҚЫҒЫШ сын. Ауытқи беретін, толқығыш, тұрақсыз, айнымалы. Қыз жігітті 
қаншама сүйіп, үзіліп тұрса да, осындай жеме-жемге келгенде олар қатты толқығыш, 
ауытқығыш келеді (М.Дүйсенов, Қалыңдық). Күйгелектермен салыстырғанда, олар өте 
әсерленгіш емес, тым қозып желікпейді, көңілі қобалжи бермейді. Қайта жігермен жұмыс 


233
істеуге қабілетті келеді. Сол сияқты ашуланшақ, ауытқығыш мінездері де солғындау 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 
121. 
АУЫТҚЫМАЛЫ сын. Ауытқи беретін, толқымалы. псих. <франц. deviation>. Әдеткі 
мінез-құлық нұсқасынан өзгеріп отыратын, ауысқыш. ≈ Ауытқымалы мінез. ≈ 
Ауытқымалы тұлға. 
122. 
АШАДДЫ сын. Қатыгез, қатал адам. Көп ауылдың төрт адамын бірден шақыртып, 
жапқызғалы отырған көрінесің. Ойланшы осыны. Анау [Аман] ашадды жігіт. Қайта 
көтерілетін түрі бар ғой (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). Бұл аяздай шақылдаған, ашуы қатты
ашадды, бір жуан сары еді. Жігіттергезіркілдеп, көрмегенді көрсетті (I.Жансүгіров, Шығ. 
жин.). 
123. 
АШКӨЗ ауыс. Қанағатсыз, сұғанақ, алымсақ. Саттарова ойынынан байқалатын соңғы 
шешім – аналық жүрек пен ашкөз пайдакүнемдік іштей тартысады («Қаз. әдеб.»). Осы бір 
тақыс сақтықпен ашкөз сұғанақтық, екіншісі – айласыз құр айқаймен өңезелік бейнесі 
болып, Ақтаймен Адырбайдың көз алдарынан кетпей қойды (А.Қаражігітова, Шапақ). 
124. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет