Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КЕР АСҚАҚ поэт. Паң, менмен (адам). Кер асқақтың сөзін-ай! Құйқылжыған қырын- ай! (М.Әуезов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет265/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   348
18.08.2023 dis

КЕР АСҚАҚ поэт. Паң, менмен (адам). Кер асқақтың сөзін-ай! Құйқылжыған қырын-
ай! (М.Әуезов, Шығ.). 
461. 
КЕР ЕСЕК Керітартпа; қыңыр, бірбет. «Ой, тәңірайшыл» кер есек, Қулық, сұмдық 
не өсек, Болмаған соң, бір есеп – Мейлі қамқа, мейлі бөз (Абай, Тол. жин.). 


267
462. 
КЕР ҚАБАҚ поэт. Менмен, тәкаппар. Кер бұлақ тірлік кері тартып арытқанменен, Кер 
қабақ мінез танытқанменен не түрлі, Ғаламға қарайтын толық күш, толық қанменен
Ойнауға болмайды алыптарменен, Ұлы адамдар ұлы өзендер секілді (М.Шаханов, Ғасыр.). 
463. 
КЕР сын. Тәкаппар, қырсық, менменшіл. Танымайтын я сырын білмейтін адамдарға 
Сәкен барып тұрған кер, өр көкірек адам сияқты боп көрінетін (С.Мұқанов, Есею жыл.). 
Жақыным болам десе жатсынбаған, Астындағы аласын сатсын маған. Құйын қуған 
келімсек кер кедейді Алласы асыра деп тапсырмаған! (М.Мақатаев, Шығ.). Мекені жоқ, елі 
жоқ тұрақ қылған. Жерді төсек, жұлдызды шырақ қылған. Кезбе өмірі делбе етіп кер 
кедейді Кез келген қиырларға лақтырған (М.Мақатаев, Шығ.). Сұм тазша, олай айтсам, 
бұлай дерсің, Мінезің тіпті жаман, өзің керсің (Қозы Көрпеш). Кек қуған кер, ызақор, 
күншілдерге Жұтатын дұшпанының қаны арманда (Шәкәрім. Өлеңд.). // Қырсықтық. 
Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз, жолы толып жатқан кер мен кедергі, ісі шынжыр 
қатар тіркескен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау (А.Байтұрсынов, 
Шығ.). Досболдан келген керді көре жатармыз – деді. Шоңмұрын (Ақынжанов). 
464. 
КЕР ТАБАН Қияңқы, қырсық, тартыншақ. Нар жалқау кер табан Құсы күйшіл, ат 
шабан, Жырғалаң жоқ жобалаң (Д.Бабатайұлы). 
465. 
КЕРҒАЙЗАҢ сын. сөйл. Кертартпа. Қашан да қалпың керғайзаң, Түртпесе ықылас, 
ынтықтық. Қарарсың ойлап сен қайдан, Жатса да бітпей іс бықып (Ғ.Орманов, Көгілдір.). 
466. 
КЕРДЕҢ сын. Менмендігі күшті, керенау, паң. Арайды сырттан бөтен адам көрсе, 
мынау неткен кердең кемпір еді деп қалғандай (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). Нұрлы 
аспанға тырысып өскенсің сен, Мен-мен, кердең, қайғысыз, ер көңілмен (Абай, Тол. жин.). 
Сүйеу үйленді, ел қатарлы жұмыс істейді. Бірақ араға жыл салмай-ақ Нұрзия келіп кердең 
мінез аңғарта бастады («Лен. жас»). Молдеке, ісің қандай, сөзің – кердең, Мен тегін 
жүргенім жоң сонау өрден. Сенің де атың шығып, мыңнан озған, Теңім деп іздеп келдім 
сонша жерден (Айтыс). // Ақылсыз, зердесіз, жөнсіз, қисынсыз кісі. Менменсінген 
кердеңнің керген қасы, Ішімді күйдіреді сол ызасы. Жер тәңірсіп, кісімсіп желіксе де, 
Төбесінен бір түсер жайдың тасы (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Момынға залалым жоқ жалғыз 
тиын, Кегім кеткен кердеңнің бердім сыйын, Жалғыз-ақ ит әкеңе қыла алмадым, Маған 
сенің барлығың болды қиын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 
467. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет