Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет317/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   348
18.08.2023 dis

ПАРАҚОР [ир.] сын. Пара алғыш, парашыл, жемқор. Ал төренің өзі аса парақор кісі 
болатын-ды (М.Әуезов, Абай.). Халқымыздың жанын таза сақтау үшін, әділдікке сенген 
үмітін ақтау үшін, таңымыздың тыныш атуы үшін, күніміздің тыныш батуы үшін 
парақорлармен, жемқорлармен, қылмыскерлермен аяусыз майдан аштық («Егемен 
Қазақстан»). Рушылық дәуіріндегі рудан шыққан әділ билердің орнын байлар табынан 
шыққан, малға сатылған парақор билер басып, ол таластарды тексереді (А.Байтұрсынұлы, 
Жаңа низам.). Қайырсыз сараң малыңды, Еріншек есек жарыңды, Халыққа емес сыйымды 
Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді Улы тілмен улаттым (Дулат Бабатайұлы, 
Замана.). Бас ұрып, бөркін алып тұрды байға, Үлкенсіп, ұлықсымақ қалды жайға. Иттейін 
еркелеген жылмаң қақты, Бай көрсе парақорлар қандай майда? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).  
811. 
ПАРАСАТСЫЗ сын. Ақылсыз, ессіз, түйсіксіз, парықсыз. «Мына парасатсыз 
маскүнем неме істің жайына бір ми жүгіртіп ойлай ма екен, сірә! (X.Есенжанов, Ақ 
Жайық). Айт дегенде іркіліп, Бойымды балам тартайын. Парасатсыз жамандай, Жүрексініп 
саспайын (Ақберен). 
812. 
ПАРАШЫЛ сын. Парақор, пара алғыш. Ол кез – көп бидің парашыл кезі. «Сыбаға» 
деп, «Жол» деп мол параны бадырайтып алып жатады (М.Әуезов, Әр жыл.). Бұл күнгі 
қарашыл қарт, парашыл би Өткендер келгенмен де орын бермес. Сөйткенмен, қазақ көшін 
оңға бастап, Жүруді өздігінен тағы білмес (М.Дулатұлы, Шығ.). Байшыл болсам, парашыл 
болсам, тағы аяма! (С.Дөнентаев, Шығ.). 
813. 
ПАСЫҚ сын. Надан, топас, оңбаған, арам, адамшылықтан безген. – Неткен сорлы, 
неткен пасық едің!» – деймін оған естіртпей күбірлеп (Д.Исабеков, Бекет). Тек пасық 
жандар ғана басқалардың біріне бірі істеген опасыздығын, әділетсіздігін кешіре береді 
(I.Есенберлин, Айқас). Сахрада надандықпен ғұмыр сүріп, Жоқ екен құлық-сұмдық пасық 
кісі. Жүріпті мал өсіріп, көшіп-қонып, Болмаған онан басқа кәсіп-ісі (Кердері Әбубәкір, 
Қазағым.). Жақынсып жұртқа тегіс сене берме, Білдің бе, досың қандай, қасың қандай? 
Болмаңыз көрсе қызар көрінгенге. Байқаңыз: пасық қандай, асыл қандай? (М.Дулатов, 
Шығ.). Бәсекеменен бұл кезде Мал жиған пасық байлар көп Пейілі төмен жалшыдан. 
Жаздырмай қолын жоқшылық, Кетпеген кімдер кіжініп, Кемтаршылық зарпынан (Базар 
жырау, Шығ.). Мұның қайраткері көбінесесасық пікір, пасық ой, адалдықты білмейтін
арамдықтан жиренбейтін нашар құлықты, адамгершілігі жоқ, сана-саңлауы кем
босқалаққыш, жоққа нанғыш, битке пышақ суырғандай, көздей істі көлдей қылып, босқа 
пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін, өнерін жоққа сарп қылып, арам тер болып, 
босқа бусанып, босқа біленіп, босқа сабылатын адам (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
814. 
ПӘЛЕ сын. Еті тірі, пысық, пәлекет, қу. Өзі бар болғаны екі жаста. Соған қарамастан 
пәле бір (Қ.Мұқаметқалиев, Тоғай.). – Әй, осы Жаңбыршылар үндемей жүріп пәле ей, – 
деп қойды (С.Мұратбеков, Көкорай).  
815. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет